- •Ойынның қабылдау техникасын үйрету
- •5.3.5.1 Басқа адамдардың дене жаттығуларының тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларды білу және орындау
- •5.2.5.1 Өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін білу және түсіну, сондай-ақ оны шешудің қарапайым балама жолдарын ұсыну
- •5.3.1.1 Денсаулықты сақтаудың маңыздылығын білу және түсіну
- •Тапсырма
- •Тапсырма
- •Көрсетеді
- •Тапсырма
ЖОБА
Қалыптастырушы бағалауға арналған
тапсырмалар жинағы
Дене шынықтыру
5-сынып
ЖОБА
Құрметті мұғалім!
Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге көмек құралы ретінде құрастырылды. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі. Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып табылады.
Жинақтың ұсынылған сипаты сізге білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін есепке ала отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге, бейімдеуіңізге мүмкіндік береді.
Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.), форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.
Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
Жинақ негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық емес мақсатта құрастырылған.
2
ЖОБА
Мазмұны
1-тоқсан 4
1-бөлім. Жүгіру, секіру, лақтыру дағдыларына оқыту 4
2-бөлім. Өзгертілген командалық ойын 10
2-тоқсан 17
3-бөлім. Гимнастика арқылы денсаулықты нығайту 17
4-бөлім. Қазақтың ұлттық және зияткер ойындары 24
3-тоқсан 29
5-бөлім. Шаңғы /кросс/коньки дайындығы 29
6-бөлім. Бірлескен іс-әрекеттегі ойын-сауық ойындары 35
4-тоқсан 42
7-бөлім. Ойын кезіндегі басып кіру дағдыларын түсіну және үйрету 42
8-бөлім. Жеңіл атлетика дағдысын дамыту және шолу 49
3
ЖОБА
1-тоқсан
1-бөлім. Жүгіру, секіру, лақтыру дағдыларына оқыту
Тақырып
Қауіпсіздік ережесі. Қысқа қашықтыққа жүгіру техникасын үйрету
Оқу мақсаты
5.3.4.1. Денсаулықты нығайту жаттығулары барысында қауіпсіздік техникасынан хабардар болу
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Қысқа қашықтыққа жүгірудің қауіпсіздік
техникасын сақтайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Төменгі сөреден шығудың техникасын көрсетіңіз және қауіпсіздік техникасын сипаттаңыз. Берілген команданы орындап, 60 метр қашықтықты максималды қарқынмен жүгіріңіз.
Дескриптор Білім алушы
− төменгі сөреден шығу техникасын көрсетеді; − берілген командаларды орындайды;
− 60 метр қашықтықты максималды қарқынмен жүгіреді.
4
ЖОБА
Тақырып
Орта және алыс қашықтық техникасын үйрету
Оқу мақсаты
5.3.3.1 Түрлі дене жүктемелерінің арасындағы айырмашылықты және олардың ағзаға тигізетін әсерін сыртқы белгілеріне қарап анықтай білу
Бағалау критерийі
Білім алушы
Қашықтықта жүгіру техникаларын көрсетеді
Орта және алыс қашықтықтағы дене жүктемелерінің айырмашылығын және оның ағзаға тигізетін әсерін анықтайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Орта және қысқа қашықтыққа жүгіру техникасын көрсетіңіз және дене жүктемелерінің айырмашылығы мен оның ағзаға тигізетін әсерін анықтаңыз.
Дескриптор Білім алушы
− орта және алыс қашықтыққа жүгіру техникасын көрсетеді; − қашықтықтағы дене жүктемелерінің айырмашылығын
ажыратады; − орта және алыс қашықтыққа жүгіру дағдысында ағзаға (тыныс
алу, бұлшық ет) тигізетін әсерді анықтайды.
5
ЖОБА
Тақырып
Орта және алыс қашықтық техникасын үйрету
Оқу мақсаты
5.3.2.1 Қыздыру және қалпына келтіру жаттығуларын орындау мен дайындау аясындағы негізгі компоненттерді білу және түсіну
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Денені қыздыру жаттығуларын орындайды
• Жаттығудан кейін денесін қалпына
жаттығуларын орындайды
келтіру
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Денені қыздыру жаттығулары мен қашықтыққа жүгіру техникасын орындап, демді қалыпқа келтіру жатығуларын жасаңыз .
Дескриптор Білім алушы
− денені қыздыру жаттығуларын жасайды;
− қашықтыққа жүгіргенде қол мен аяқты үйлестіру техникасын орындайды;
ұзақ жүгіргеннен кейін денесін қалыпқа келтіру жаттығуларын жасайды.
6
-
Тақырып
ЖОБА
Жүгіріп келіп және бір орында ұзындыққа
секіру техникасын үйрету.
Оқу мақсаты
5.1.2.1 Қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың
кейбір жаттығулардағы реттілігін білу және орындау
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Жүгіріп келіп, секіру техникасын қолданады • Жаттығуларды реттілігімен орындайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Жүгіріп келіп ұзындыққа секірудің 4 фазасын қолданып, 3 рет секіріңіз.
«Жүгіріп келіп секіру» фазасы
Дескриптор Білім алушы
− ұзындыққа секіру техникасын қолданады; − реттілігімен орындайды; − жүгіріп келіп, аяқты бүгіп секіреді.
7
|
|
|
|
ЖОБА |
Тақырып |
Әр түрлі снарядтарды нысанаға, қашықтыққа лақтыру |
|||
|
техникасы |
|
|
|
Оқу мақсаты |
5.1.1.1 Аздаған ауқымдағы арнайы спорттық спецификалық |
|||
|
қозғалыс әрекеттерінің дәлдігін бақылауды және |
|||
|
үйлесімділікті |
дамытуға |
арналған |
қимыл-қозғалыс |
|
дағдыларын білу және түсіну |
|
|
|
Бағалау критерийі |
Білім алушы |
|
|
|
Снарядтарды лақтыру техникасын көрсетеді
Лақтыру кезеңдеріндегі жіберілген қателіктерді анықтайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Төменде берілген 150 гр кіші допты лақтыру техникасының сипаттамасына сәйкес орындалуын көрсетіңіз. Допты лақтыру кезінде жіберілген қателіктерді талқылаңыз.
Дескриптор Білім алушы
− лақтыру бағытына қарап лақтырады; − оңға жартылай бұрылып лақтырады;
− лақтыру бағытына бүйірін қаратып тұрып лақтырады;
− лақтыру бағытына (бір қырымен) тұрып, сол аяқтан
оң аяққа жеңіл секіріп ауысу арқылы лақтырады; − лақтыру кезеңдерінің реттілігіне сәйкес лақтырады; − жіберілген қателіктерін талқылап айтады.
8
ЖОБА
Тақырып
Топтық эстафеталық жұмыс
Оқу мақсаты
5.3.5.1 Басқа адамдардың дене жаттығуларының тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларды білу және орындау
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Эстафеталық жұмыс техникасын орындайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Шағын топтарға бөлініп, шеңбермен жүгіру кезінде эстафеталық таяқшаны беру техникаларын көрсетіңіз.
Дескриптор Білім алушы
− шеңбер бойынша жүгіреді;
− бір орында таяқшаны береді/алады; − қозғалыста таяқшаны береді/алады; − жеңіл жүгіріп таяқшаны береді/алады.
9
|
|
|
|
ЖОБА |
|
|
2-бөлім. Өзгертілген командалық ойын |
|
|||
Тақырып |
Ойынның қабылдау техникасын үйрету |
|
|||
Оқу мақсаты |
5.1.1.1 Аздаған ауқымдағы арнайы спорттық |
||||
|
спецификалық |
қозғалыс |
әрекеттерінің |
дәлдігін |
|
|
бақылауды және үйлесімділікті дамытуға арналған |
||||
|
қимыл-қозғалыс дағдыларын білу және түсіну |
|
|||
Бағалау критерийі |
Білім алушы |
|
|
|
|
Командалық ойынның техникасын орындайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Волейбол ойынының допты төменнен және жоғарыдан беру техникаларын көрсетіңіз.
Білім алушылар екі қатарға бір-біріне қарама-қарсы тұрады (жұптық жұмыс).
Дескриптор Білім алушы
допты төменнен қабылдау техникасын орындайды;
допты жоғарыдан қабылдау техникасын орындайды.
10
ЖОБА
Тақырып
Ойынның қабылдау техникасын үйрету
Оқу мақсаты
5.1.3.1 Қарапайым арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті білу және анықтау
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Спорттық техникалардың орындалуын ойын
барысында көрсетеді
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Волейбол ойынындағы допты беру техникаларын көрсетіңіз.
Білім алушы волейбол алаңының бүйір сызығына тұрады (жұптық жұмыс)
Допты үстінен беру, жеке жұмыс (допты жерге түсіріп алмай 20 рет қағу).
Серіктесі допты «тастағаннан» кейін жоғарыдан беру (15-20 рет қайталап орындау және білім алушылардың ауысуы).
Допты үстінен 5 рет қағу және серіктесіне беру, екінші білім алушы допты қағып алып, ары қарай жеке жұмыс жасайды (5-7 рет қайталау).
Волейбол добын серіктесі «тастағаннан» кейін төменнен беру (10-15 рет қайталау).
Дескриптор Білім алушы
допты берер алдында бастапқы позицияны қадағалайды;
допты ойынға қосқанда қолды сермеп бағыттайды;
допты жоғарыдан беру техникасын орындайды;
допты төменнен беру техникасын орындайды.
11
ЖОБА
Тақырып
Ойынның қабылдау техникасын үйрету
Оқу мақсаты
5.2.4.1 Дене жаттығулары аясындағы іс-әрекеттерді оңтайландыру және балама түрлерін құруға қажет ережелер мен құрылымдық тәсілдерді білу және түсіну
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Дене жаттығуларын орындау барысында
техникалық тиімді тәсілдерді анықтайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Баскетбол ойынындағы допты алып жүру техникаларын қолданып, тиімді тәсілдерін анықтаңыз.
Екі қатар саппен сапты қайтадан түзеу (доппен жаттығу)
Допты бел деңгейінде айналдырып, серіктесіне пасс беру (10-15 рет орындау).
Баскетбол добын серіктесіне оң жақ қолымен айналдырып, сол жақ аяқтың астымен беру (10-15 рет орындау).
Допты сол аяқтың және оң аяқтың астымен «сегіздік» қылып өткізіп пасс беру (10-15 рет орындау).
Допты оң қолмен және сол қолмен бір орында жүргізіп, серіктесіне пасс беру (10-15 рет орындау).
Дескриптор Білім алушы
допты алып жүру техникаларын орындайды;
допты алып жүрудің тиімді тәсілдерін анықтайды.
12
ЖОБА
Тақырып
Негізгі қабылдау тактикасын үйрету
Оқу мақсаты
5.1.2.1 Қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың кейбір жаттығулардағы реттілігін білу және орындау
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Қимыл-қозғалыс комбинацияларын орындайды
• Жаттығулардағы қимыл-қозғалыс комбинацияларын
реттілікпен қолданады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Баскетбол ойынындағы берілген қимыл-қозғалыс комбинацияларын орындаңыз.
а. Баскетбол добын кедергі араларымен жылан тәрізді сол қолымен алып жүру.
ә. Баскетбол добын кедергі араларымен жылан тәрізді оң қолымен алып жүру.
б. Екі қолымен алма кезек допты алып жүру.
Шағын топта баскетбол добын алып жүріп, торға дәл салу үшін қимыл-қозғалыс комбинацияларының реттілігін құрастырып көрсетіңіз.
Дескриптор Білім алушы
сол қолымен алып жүреді ;
оң қолымен алып жүреді;
шығыршыққа дәл салу үшін қимыл-қозғалыс комбинацияларының реттілігін құрастырады және көрсетеді.
13
ЖОБА
Тақырып
Негізгі қабылдау тактикасын үйрету
Оқу мақсаты
5.1.5.1 Аздаған ауқымдағы тактикасын, стратегиясын және білу және сипаттау
дене жаттығуларының құрылымдық идеяларын
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Қимыл-қозғалыс техникасын орындайды
• Физикалық жаттығулардың қызметін оңтайландыру
үшін, құрылымдық тәсілдерін сипаттайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Жаттығудағы допты тоқтату/беруді орындаңыз (футбол).
Білім алушылар 8-10м қашықтықта бір-біріне қарама–қарсы тұрады (жұптық жұмыс).
Табанының ішкі жағымен допты беру және допты табанының ішкі жағымен тоқтату.
Серіктесіне дейін допты жүргізу. Допты тоқтату және бастапқы орынына тоқтап, серіктесіне допты беру.
Табанының сыртқы жағымен серіктесіне допты беру.
Дескриптор Білім алушы
жаттығудағы допты тоқтату/беруді орындайды;
қозғалыс комбинацияларының реттілігімен орындайды.
14
ЖОБА
Тақырып
Ойын кезінде көшбасшылық дағдыны қалыптастыру
Оқу мақсаты
5.2.2.1 Көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істей білуді түсіну
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Ойын кезінде
көшбасшылық
дағдыларын
көрсетеді
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Кешенді эстафетаны орындаңыз (допты алып жүру/допты беру, допты шығыршыққа лақтыру, жұптасып допты беру).
Білім алушылар санына қарай 3-4 командаға бөлінеді. Әр команда өзіне капитан тағайындайды. Сол капитан әр ойыншынының мүмкіндігіне қарап станцияларға бөледі. ( Әр білім алушы кезекпен капитан болады).
Кешенді эстафета
Бірінші білім алушы 10 м қашықтыққа дейін допты алып жүруді орындайды және екінші білім алушыға допты береді.
Екінші білім алушы допты 5 рет нәтижелі соққымен шығыршыққа тастайды, одан кейін допты алып жүру арқылы 10 м қашықтықты қайта жүріп, сөреге жетіп, допты үшінші білім алушыға береді.
Үшінші және төртінші білім алушылар допты жұпта оң және сол бүйірлерімен 10 м қашықтықты қозғалыс арқылы жүріп отырып, бесінші білім алушыға береді.
Бесінші білім алушы допты алып жүріп, екі қадам жасау арқылы шығыршыққа допты салады. Добы шығыршыққа түскен жағдайда орнына оралады, сонымен эстафета аяқталады.
Егер добы шығыршыққа түспесе, шығыршыққа доп нәтижелі түскенше 3 рет допты лақтырады, 3 ретте де добын шығыршыққа түсіре алмаған жағдайда орнына қайта оралады.
Дескриптор Білім алушы
допты алып жүруді орындайды;
доппен пас беруді орындайды;
допты шығыршыққа тастауды орындайды;
жұпта қозғалыс арқылы доп беруді орындайды;
тапсырманың ретімен орындалуын бақылайды.
15
ЖОБА
Тақырып
Ойын кезінде көшбасшылық дағдыны қалыптастыру
Оқу мақсаты
5.2.1.1 Өзгермелі жағдайға жауап қайтара білу, қимыл-әрекеттермен байланысты білімді білу және түсіну
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Командалық ойында қимыл-қозғалыс әрекеттерін
орындайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
«Футбол» ойынын ойнаңыздар.
Білім алушылар екі командаға бөлініп, футбол ойнайды. Білім алушылар белгілі уақыт бойынша өздерінің ойнаған позицияларын өзгертеді. Әр білім алушы қақпашы, қорғаушы, шабуылшы рөлдерінде ойнайды.
Дескриптор Білім алушы
футбол ойнында техника қауіпсіздігін сақтайды;
ойын позицияларын өзгертеді;
футбол ойынындағы ойыншылардың атқаратын қақпашы/қорғаушы/шабуылшы рөлдерін орындайды.
16
ЖОБА
2-тоқсан
3-бөлім. Гимнастика арқылы денсаулықты нығайту
Тақырып
Қауіпсіздік ережесі.
Кешенді
жалпы
дамыту
жаттығуларының негізін
құру
Оқу мақсаты
5.3.4.1. Денсаулықты нығайту жаттығулары барысында қауіпсіздік техникасынан хабардар болу
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Гимнастика кешенінің элементтерін орындау барысында, қауіпсіздік ережелерін сақтайды
Ойлау дағдыларының деңгейі Тапсырма
Қолдану
Төменде берілген гимнастика кешенінің жаттығуларын орындаңыздар.
Білім алушылар жеткен жетістіктері мен қателіктерін талқылайды.
Дескриптор Білім алушы
гимнастика кешенінің жаттығуларын орындауда техника қауіпсіздігін сақтайды;
жаттығуларды реттілікпен орындайды;
жеткен жетістіктері мен қателіктерін талқылайды.
ЖОБА
Тақырып
Акробатикалық жаттығулар орындау
Оқу мақсаты
5.1.2.1 Қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың кейбір жаттығулардағы реттілігін білу және орындау
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Қимыл-қозғалыс комбинацияларын, реттілікпен
орындайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Гимнастика жаттығуларындағы қимыл-қозғалыс комбинацияларын, реттілікпен орындаңыздар.
Қолымызды тіреп отырамыз, тіземізді кеудеге жинақтаймыз. Жаттығуды 10-15 рет орындаймыз.
Гимнастикалық төсенішке жатып, аяғымызды кеудеге жинап жинақталыңыз. Жаттығуды 10-15 рет орындаймыз.
Алақанымызды бір-біріне қарама-қарсы бағытта ұстаймыз, осы күйде, тез отырып топтасамыз. Жаттығуды 10-15 рет орындаймыз.
Гимнастикалық төсенішке жатып, тез арада отырып топтасамыз. Жаттығуды 10-15 рет орындаймыз.
18
ЖОБА
Дескриптор Білім алушы
қолын тіреп отырып, тізесін кеудеге жинақтайды;
гимнастикалық төсенішке жатып, аяғын кеудесіне жинақтайды;
алақанын бір-біріне қарама-қарсы бағытта ұстап, тез отырып топтастырады;
гимнастикалық төсенішке жатып, тез арада отырып топтастырады;
гимнастика жаттығуларын реттілікпен орындайды.
19
ЖОБА
Тақырып
Снарядтарда гимнастикалық жаттығудың техникасын үйрету
Оқу мақсаты
5.1.5.1 Аздаған ауқымдағы дене жаттығуларының тактикасын, стратегиясын және құрылымдық идеяларын білу және сипаттау
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Гимнастика снарядында
жаттығуларды орындайды
орындалатын
Жаттығу тактикасын, стратегиясын және құрылымдық идеяларын сипаттайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Төменде берілген сурет бойынша кіші ат снарядынан секіру техникасын орындаңыз.
Кіші ат ені мен ұзындығын сақтай отырып аяқты алшақ қойып секіру.
Гимнстикалық көпірді снарядтан ығыстыру (1 м дейін).
Жұптық жұмыс.
Жаттығу барысында тактиканы, стратегия мен құрылымдық идеяны талқылаңыздар.
Дескриптор Білім алушы
гимнастика жаттығуларын орындағанда техника қауіпсіздігін сақтайды;
гимнастикалық аттан секіру жаттығуының орындалу реттілігін орындайды;
аяғын бүкпейді және бақай ұштарын созады;
кеудесін тік, басын көтеріңкі, қолын түзу ұстайды;
гимнастика жаттығуын толық орындайды;
жаттығудың тактикасын, стратегиясын және құрылымдық идеясын жұпта талқылайды.
ЖОБА
Тақырып
Снарядтарда гимнастикалық жаттығудың техникасын үйрету
Оқу мақсаты
5.1.4.1 Қимыл-қозғалысты орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің қолынан не келетінін білу және анықтау
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Гимнастикалық элементтерден қимыл-қозғалыс
техникасын көрсетеді
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Гимнастикалық бөренеде тепе-теңдік жаттығуларын орындаңыз.
Екі қолды екі жаққа соза қарлығаш бейнесін жасау;
Қолды жайып, аяқтың ұшымен жүру;
Жартылай отырып, өкшені көтеріп бұрылу;
Тізені жоғары көтере жүру;
Басына зат қойып, гимнастикалық бөрене үстімен жүру.
Білім алушы жаттығуларын бірнеше рет жасағаннан кейін, орындарын алмастырады.
Сыныптасының көмегімен жаттығуларды орындайды.
Дескриптор Білім алушы
тепе-теңдік жаттығуларын орындайды;
қарлығаш бейнесін жасайды;
қолды жайып, аяқтың ұшымен жүреді;
жартылай отырып, өкшені көтеріп бұрылады;
тізені жоғары көтеріп жүреді;
басына зат қойып, гимнастикалық бөрене үстімен жүреді.
21
ЖОБА
Тақырып
Гимнастикалық жиынтықтың негізін құру
Оқу мақсаты
5.2.2.1 Көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істей білуді түсіну
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Гимнастикалық жаттығу элементтерін
құрастыруда, көшбасшылық дағдысы мен
топпен жұмыс істейтіндіктерін көрсетеді
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Топта гимнастикалық жаттығу элементтерін құрастырыңыздар. Құрастырған гимнастикалық жаттығу элементтеріңізді, көшбасшылық дағдыларыңызбен топта орындаңыздар.
Мысалы:
Дескриптор Білім алушы
гимнастикалық жаттығу элементтерін құрастырады;
жаттығуларды реттілікпен және синхронды орындайды;
көшбасшылық қасиеттері мен шығармашылық дағдыларын топта көрсетеді.
22
ЖОБА
Тақырып
Гимнастикалық жиынтықтың негізін құру
Оқу мақсаты
5.2.5.1 Өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін білу және түсіну, сондай-ақ оны шешудің қарапайым балама жолдарын ұсыну
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Гимнастикалық билерді құрастыру арқылы
шығармашылық қабілеттерін көрсетеді
• Өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін қолданудағы жақсы жақтары мен кемшіліктерін және оны шешу жолдарын талқылайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
«Заманауи гимнастикалық билердің түрлері» тақырыбында гимнастикалық билерді құрастырыңыз.
Әр топ өздері бір заманауи гимнастикалық биді таңдап, құрастырады.Білім алушылар биді синхронды, көркем, мәнерлеп орындайды.
Өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін қолданудағы жақсы жақтары мен кемшіліктерін және оны шешу жолдарын талқылайды.
Дескриптор Білім алушы
әр топ заманауи гимнастикалық биді орындайды;
шығармашылық қабілеттерін көрсетеді;
заманауи гимнастикалық биін синхронды орындайды;
заманауи гимнастикалық биін көркем орындайды;
заманауи гимнастикалық биін мәнерлеп орындайды;
өзінің және басқалардың шығармашылық қабілеттерінің жақсы жақтарын сипаттайды;
өзінің және басқалардың шығармашылық қабілеттерінің кемшіліктерін сипаттайды;
жақсы жақтары мен кемшіліктерінің шешу жолдарын талқылайды.
23
ЖОБА
4-бөлім. Қазақтың ұлттық және зияткер ойындары
Тақырып
Қазақтың ұлттық ойындары
Оқу мақсаты
5.2.7.1 Жарыс кезінде әділ ойнау, патриотизм және ынтымақтастыққа жататын мінез-құлық көрсету және түсіндіру
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Қазақтың ұлттық ойындарының түрлерін ажырата
алады және балама ұқсас ойындар құрастырады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Қазақтың ұлттық ойындарының түрлерін ажыратыңыз.
Ұлттық ойындарға қазіргі заманауи құралдармен балама ойын құрастырыңыз.
Жарыс кезінде әділ ойнау, патриотизм және ынтымақтастық туралы ақпаратты талқылаңыздар.
Дескриптор Білім алушы
ұлттық ойын түрлерін ажыратады;
қазіргі заманауи құралдармен балама ойын құрастырады;
жарыс кезінде әділ ойнауды, өз тобының жеңуіне патриоттық қолдау көрсетуді және ынтамақтастыққа шақыру туралы ақпаратты талқылайды.
24
ЖОБА
Тақырып
Қазақтың ұлттық ойындары
Оқу мақсаты
5.2.3.1 Қолайлы оқу ортасын қалыптастыру бойынша, біріккен әрі тиімді жұмыс дағдыларын түсіну және анықтау
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Ойнауға қолайлы орта қалыптастырады
• Ойынның орындалуының тиімді
көрсетеді
жолдарын
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
«Жаяу көкпар» ойынын ойнаңыздар.
Берілген ойынның орындалуының тиімді жолдарын топта талқылаңыздар.
Дескриптор Білім алушы
«Жаяу көкпар» ойынын ойнайды;
ойынның шартын орындайды;
ойынның тиімді жолдарын топта талқылайды;
өзі алған ақпаратты басқаларға жеткізеді.
ЖОБА
Тақырып
Қазақтың ұлттық ойындары
Оқу мақсаты
