Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дукебаева Курация.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
30.51 Кб
Скачать

«Астана медициналық университеті» ақ

Интернатура бойынша Ішкі аурулар кафедрасы

Ауру тарихы

Диагноз:Ауруханадан тыс оң жақты төменгі бөлікті ошақты пневмония, ауырлық дәрежесі орташа. Тыныс жетіспеушілігі І дәрежелі

Орындаған: Дүкебаева Д

Қабылдаған: Абдахина Б.Б

Астана 2016ж і. Паспорттық бөлім

1.Аты-жөні: Төретаев А.Б.

2. Жасы: 17жас (19.03.1999ж)

3. Жынысы: ер

4. Отбасылық жағдайы: бойдақ

5.Ұлты: қазақ

6. Білімі: ЕНУ

7. Мамандығы: студент

8. Мекен-жайы: Абылай хан көшесі, 2/5 Студенттер үйі №2

9. Жіберген мекеме: жедел жәрдеммен жеткізілген

10. Ауруханаға жатқызу күні мен уақыты: 07.12.2016ж; сағ.10-00

II Науқастың шағымдары:

Негізгі:

  • Физикалық жүктемеге байланыссыз, ұзақтығы 1-2мин өздігінен басылатын ұстама тәрізді жөтел (тәулігіне 10-15рет) .

  • Иіссіз, сірлі-іріңді түсі сарғыштау, жиі таңертеңгілік уақытты жөтелмен бірге бөлінетін қақырық (тәулігіне шамамен 20-30мл).

  • Жоғары физикалық жүктемеден кейін, тұншығуға әкелетін ентікпе, тыныс шығарудың қиындауы

  • Терең тыныс, жөтелу кезінде кеуде тұсында, оң иыққа таралатын ауырсыну сезімі

  • Дене температурасының 37,8-39 °С дейін жоғарылауы .

Қосымша:

  • Басының тұрақты түрде ауруы

  • Жалпы әлсіздік

  • Тәбетінің төмендеуі

  • Жоғары тершеңдік

III Ауру тарихы:

Науқастың айтуы бойынша , өзін 2016 жылдың желтоқсан айының бірінші жұлдызынан бері ауру санайды. Ауру жедел дамыған, науқаста біріншіден әлсіздік және дене температурасының күрт жоғарылауы байқалған . Дене температурасы бұл кезде 38,5°С дейін жоғарылаған. Аурудың басталуын суық ауада көп жүрумен байланыстырады. Дәрігерге қаралмаған, өздігінен емделген . Парацетамол, ринзе, амбробене қабылдаған одан соң дене температурасы қысқа уақытқа 1-1,5°С төмендеген. Емнің еш эффект бермеуіне байланысты жағдайы нашарлаған. Жағдайының нашарлауына байланыста жедел жәрдем бригадасын шақыртып, Астана қаласының АО «ЖГМК» ургенттік клиникасына жеткізілген. Қабылдау бөлімшесінде қаралып, жағдайының ауырлығына байланысты пульмонология бөлімшесіне жатқызылған.

IV Өмір тарихы:

1999 жылы 19 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы , Шымкент қаласында дүниеге келген. Отбасында 3 баланың 2 шісі. Жасы және жынысына сәйкес дамыған. Жоғарғы оқу орнына түсу себебінен әскери қызметте болмаған. Жанұялық жағдайы: бойдақ.

Басынан кешкен аурулары: ешқандай ауыр аурулармен сырқаттанбаған.

Тұқымқуалаушылық аурулары жоқ.

Тұрмыс жағдайы қанағаттанарлық.

Зиянды әдеттері жоқ.

Ешқандай жұқпалы аурулармен ауырмаған.

Аллергоанамнез теріс.

Мектептен кейін Астана қаласына оқуға түскен. 2016 жылы оқу жағдайына байланысты Астанаға көшкен.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]