- •Тәжірибе мәліметтерін статистикалық өңдеу
- •Теориялық бөлім
- •Шамалар арасындағы функционалдық тәуелділіктерді зерттеу
- •Эмпириялық формула түрін анықтау
- •Эмпириялық формуланың параметрлерін анықтау
- •Өзіндік жұмыстың нұсқалары
- •Әдебиеттер тізімі
- •Ұзындықтың шекті өлшемдері. Штрихты, рычагты – механикалық және рычагты – оптикалық приборлар
- •1.Теориялық бөлім
- •Теориялық бөлім
- •Әдебиеттер тізімі
- •Стандарттау және оның экономикалық тиімділігі
- •1. Теориялық бөлім
- •Теориялық бөлім
- •Әдебиеттер тізімі
- •Тесіктер мен біліктердің жіберу және қондыру шектеріне негізгі түсінік
- •1.Теориялық бөлім
- •Теориялық бөлім
- •Шекті ауытқу өлшемдерін сызбамен көрсету
- •Өз бетімен шығаруға арналған нұсқалар
- •Әдебиеттер тізімі
- •Беттердің кедір-бұдырлығы және толқындылығы
- •1.Теориялық бөлім
- •Теориялық бөлім
- •Кедір-бұдырлықты сызбада белгілеу
- •Тегісеместілік пен кедір – бұдырлықтың машина ұзақтылығы мен сенімділігіне әсері
- •Әдебиеттер тізімі
- •Бұйымдардың эксплуатациялық көрсеткіштерінің дәлдігінің есептелу әдісі мен олардың механикалық және электрлік параметрлері бойынша өзара алмасуы
- •1.Теориялық бөлім
- •Теориялық бөлім
- •Есептеуге арналған нұсқаулар
- •Әдебиетте тізімі
Практикалық жұмыс №1
Тәжірибе мәліметтерін статистикалық өңдеу
Жұмыс мақсаты:
1. Тәжірибе мәліметтерін статистикалық өңдеудің негізгі түсінігін үйрену
2. Есеп шығару кезінде алған білімдерді қолдану
Жұмыс жоспары:
Теориялық бөлім
Шамалар арасындағы функционалдық тәуелділіктерді зерттеу
Эмпириялық формула түрін анықтау
Эмпириялық формуланың параметрлерін анықтау
Кілт сөздер: мәлімет, тәжірибе, кездейсоқ тәуелді шамалар, кездейсоқ емес тәуелді шамалар.
Бақылау сұрақтары:
Кездейсоқ тәуелді шамаларға анықтама бер
Кездейсоқ емес тәуелді шамаларға анықтама бер
Эмпириялық формулалар деген не?
Жүйелік қателер ше?
Коррелятивті байланыс деген не?
Глоссарий:
Эмпириялық формулалар тәжірибелік жолмен анықталған функционалдық тәуелділіктер.
Статистикалық немесе коррелятивті байланыстар кездейсоқ тәуелді шамалар арасындағы байланыс.
Теориялық бөлім
Тәжірибе кезінде кездейсоқ және кездейсоқ емес тәуелді шамаларды өлшеу ісімен жұмыс жасауға тура келеді.
Кездейсоқ емес тәуелді айнымалы шамаға қоршаған орта температурасының өзгеруіне байланысты туындайтын белгілі бір дене көлемінің өзгерісі, цилиндрлік валдың оның дайындалмауына байланысты ұзындығы бойынша диаметрінің өзгерісі және бағыттың бұрылу бұрышына байланысты индикатор көрсеткішінің шектемесі мысал бола алады.
Бұл мысалдарға физикалық шамалар кездейсоқ емес болып табылады: олардың арасында функционалдық (белгілі және белгісіз) байланыс бар. Бұл кезде физикалық шамалардың бірі - тәуелді айнымалы, екіншісі - тәуелсіз айнымалы болады. Келтірілген мысалдарда тәуелді айнымалы шамаларға дене көлемі, вал диаметрі және құрал көрсеткішінің шектемелері жатады. Бұл шамалар қоршаған орта температурасы, вал диаметрі өлшенетін ұзындық индикатор бағыты бұрылысының бұрышы сияқты тәуелсіз айнымалы шамалардың функциялары болып табылады. Өлшеу әдістерінің жүйелік қателерінің барлық түрлері кандай да бір айнымалы, мысалы уақыт, ұзындық, температура, қысым т.б. тәуелді шамалар болатынын айтса да жеткілікті. Осыған байланысты оларды жүйелік қателер деп те атайды. Бұл кезде функционалдық түрі белгілі, бірақ оның түрі белгісіз болып қалады. Функционалдық тәуелділік түрін және оның параметрлерін анықтау үшін берілген тәуелсіз шамалар мәніндегі тәуелді айнымалы шамалар мәнін білу қажет. Бұл мәліметтер тек қана тәжірибелік жолмен берілген тәуелсіз шама мәніндегі тәуелді айнымалы шаманы өлшеу нәтижесінде анықталады. Мысалы: дұрыс өлшеу әдісін қолданбағандықтан болатын жүйелік қатенің өзгеріс заңдылығын тәжірибе жолмен ғана анықтауға болады.
Шамалар арасындағы функционалдық тәуелділіктерді анықтау әртүрлі айнымалы шамалар өзгерісінің заңдылықтарын, технологиялық процесс және өлшеу әдісі мен құрылғыларының дәлділігін зерттеу кезінде қажет.
Тәжірибелік жолмен анықталған функционалдық тәуелділіктерді эмпириялық формулалар деп атайды.
Бұйымның, құрылғының өлшеу әдісінің және т.б. жүйелік шектемелерінің өзгеріс заңдылығын сипаттайтын эмпириялық формулалар өлшеу нәтижесінде құрылғы көрсеткішіне сәйкесінше түзетулер енгізе алады.
Бекітілген заңдылықтар сараптамасы тек процестің құрылғысының жүйелік шектемесінің пайда болу көзін анықтап, техникалық процеске, өлшеу әдісіне қажет түзетулер енгізуге көмектеседі.
Айнымалы шамалардың келесі түрі – кездейсоқ тәуелді шамалар. Олар бірқатар кездейсоқ факторлармен анықталады, сондықтан да кездейсоқ сипатта болады.
Бұл жағдайда шамалар олардың арасындағы белгілі бір байланысты бұзатын әртүрлі кездейсоқ факторлармен бүркеледі. Бұл кездейсоқ факторлар өте күрделі және көптеген себептерге байланысты туындайды, сондықтан оларды тіркеу статистикалық жолмен бақылау арқылы ғана жүргізіледі.
Егер екі кездейсоқ емес тәуелді шамалар арасындағы байланыс функционалдық болса, яғни әрбір Х мәнге белгілі бір ғана емес, бірқатар Y мәні сәйкес болады және де Y мәні Х мәнімен бірге өзгеріп отырады. Шамалар арасындағы мұндай байланыс функционалдық байланыс болмайды. Себебі мұнда әрбір Х мәнге бірқатар Y мәні сәйкес келеді. Алайда бұл бірқатар Y мәндері барлық Х мәндері үшін тұрақты болмайды, Х- пен бірге өзгеріп отырады.
Х- те де солай. Кездейсоқ тәуелді шамалар арасындағы байланысты статистикалық немесе коррелятивті деп атайды. Ол шамалар арасындағы тәуелділік деңгейін анықтайды.
