Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД ҚР сыртқы саясаты.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
637 Кб
Скачать

Әдебиет: 1. Қ.Тоқаев. Қр дипломатиясы. Алматы, 2002. 337-343 б.

13апта

13 Кредит сағат

13 дәріс

Тақырып: Қазақстан және халықаралық ұйымдар

Дәрістің мақсаты: Қазақстанның халықаралық ұйымдарымен ынтымақтастығын ашып көрсету

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Біріккен Ұлтар Ұйымындағы Қазақстанның қызметі

2. БҰҰ қызметіндегі басымдықтар: БҰҰ-ның даму бағдарламасы /ПРООН/, БҰҰ-ның Әйелдер Қоры /ЮНИФЕМ/, БЖКБ, ЮНИСЕФ, ЮНИДО, ЮНКТАД, ХЕҰ, МАГАТЭ,ХТҰ, ФАО, ДДҰ, ДИМҰ, КЭБ, БҰҰ ЕБҚАБ, ЕЭК, СПЕКА.

Дәрістің мазмұны:

Саясаттың ғаламдануы ұлттық мемлекеттердің халықаралық қатынастардағы орны мен рөлін өзгертуге әкелді. Аймақтандыру және ғаламдастыру процестері жекелеген мемлекеттердің де, сондай-ақ тұтас алғанда халықаралық саяси жүйенің де рөлі мен функциясына үлкен ықпал етуде. Бірнеше ондаған жылдар бұрын ғана саясат (ішкі және сыртқы) бірыңғай ұлттық мемлекеттік функция ретінде қаралды. Халықаралық қатынастар саласында жекелеген мемлекеттер өздерінің мүдделерін іске асыру үшін бір-бірімен өзара қатынасқа түсті.

Қалыптасқан геосаяси өмір болмысын және әлемдегі геосаяси күштердің қатарындағы өзінің орнын байсалды бағалай келіп, Қазақстан ТМД, сондай-ақ бүкіл әлем шеңберінде әр түрлі интеграциялық топтардың жұмысына белсенді түрде қатысуда, осы арқылы ол әлемнің ғаламдық проблемаларын шешуге өз үлесін қосып ғана қоймай, сонымен бірге ұлттық мүдделерін де шешуге жол ашады.

1992 жылы 2 наурызда Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына кіруі өзінің маңызы жағынан тарихи акция болды, осы қадам біздің еліміздің шынайы тәуелсіз мемлекет ретінде әлемдік қоғамдастық қатарына қабылдануын рәміздік тұрғыдан рәсімдік.

БҰҰ- да босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссар басқармасының жұмысына зор маңыз беріледі. БҰҰ БЖКБ-ның Орталық Азияға келуі 1993 жылдың ақпан айынан бастау алды.

БҰҰ-ның Әйелдер Қоры (ЮНИФЕМ) әйелдердің құқығын қорғауға және олардың қоғамдағы экономикалық және саяси жағдайын жақсартуға арналған инновациялық бағдарламаларға қаржылық қолдаумен техникалық көмек көрсетеді.

БҰҰ-ның Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) БҰҰ жүйесінің жетекші ұйымыболып табылады, ол балалардың аман қалуын , олардың қорғалуы мен дамуын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді шешумен айналысады.

Өнеркәсіптік даму жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы(ЮНИДО) өнеркәсіп саласындағы БҰҰ қызметін үйлестіруді жүзеге асыру үшін Бас Ассемблеяның қарарымен 1996 жылы құрылды.

Қазақстан сонымен қатар басқа да беделді халықаралық ұйымдарға да мүше болды.

Әдебиет: 1. Қ.Тоқаев. Қр дипломатиясы. Алматы, 2002. 275-307 б.

2. Внешняя политика РК. Под общ. ред. К.И.Байзаковой. Алматы, 2006. Стр.26-35

14 Апта

14 Кредит сағат

14 дәріс

Тақырып: Қазақстанның өзекті халықаралық проблемалар бойынша позициялары

Дәрістің мақсаты: Қазақстанның өзекті халықаралық проблемалар бойынша позициялары ашып көрсету

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау проблемасына Қазақстанның көзқарасы

2. Аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстанның күш-жігері және бастамалары, АӨСШК және Шанхай ынтымақтастық ұйымы

Дәрістің мазмұны:

Ірі ядролық ИСПО –ның ыдырауына байланысты жаппай қырып –жоятын қаруларды жою мәселеріне басты көңіл бөледі. 1991 жылы Беларусьтің, Қазақстан, Ресей, Украйнаның басшылары Алматыда Стратегиялық ядролық күштер туралы декларацияның қабылдануы. Оның нәтижелері. Қазақстанның атом арсеналын сақтауы ондаған жылдар бойы қалыптасып келе жатқан ядролық қаруды таратпау жүйесіне үлкен соққы болумен қатар, республика үшін ерекше теріс саяси салдарлар туғызатын. Осындай жолмен Қазақстан халықаралық қауіпсіздікті нығайту жөніндегі әлемдік қоғамдастықтың күш-жігеріне белсенді түрде қосылып, ядролық қаруды таратпау туралы ұстанымын ашық түрде жария етті. 1991 жылы Беларусьтің, Қазақстанның, Ресейдің, Украйнаның басшылары Алматыда Стратегиялық ядролық күштер туралы декларация қабылдады, онда ядролық қауіпсіздікті тиісті деңгейде ұстауда қандайда да бір болмашы кемшілікке де жол бермеу мақсатында бұрынғы КСРО-ның ядролық арсеналына бірлесіп бақылау жасаудың тетігін белгіледі, сол арқылы олар стратегиялық шабул жасау қару-жарағын қысқарту саласында КСРО-ның халықаралық міндеттемелеріне адалдығына қуаттады. 1992 жылы 17-23 мамырда Елбасы АҚШ-қа тұңғыш рет ресми сапары кезінде келіскен келіссөздердің бірі КСРО мен АҚШ арасында Стратегиялық шабул жасау қару-жарағын қысқарту және шектеу туралы қол қойылған шарттың құқықтық мәртебесі болды. 1992 жылғы 23 мамырда Лиссабонда Беларусьтің, Қазақстанның, Ресейдің, Украйнаның және Ақш-тың өкілдіктері бес жақты Хаттамаға қол қойылды. Хаттама төрт республиканың аумағында орналасқан стратегиялық ядролық күштерге қатысты СНВ туралы шарттың ережелерін іске асыруда аталған мемлекеттердің жауапкершілік саласын нақтылады. 1993 жылы 13 желтоқсанда ҚР-сы Үкіметі мен Атом қуаты жөніндегі Халықаралық агенттік арасында Кепілдіктер туралы келісімге қол қойылды. Келісім Президент Жарлығымен бекітілгеннен кейін 1995 жылы күшіне енді. 1994 жылы 5 желтоқсанда ЕҚЫҰ-ның Будапешт Саммиті кезінде Ресей, АҚШ және Ұлыбритания ядролық қаруы жоқ мемлекеттер ретінде Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылуына байланысты Беларусьтің, Қазақстанның, Украйнаға қауіпсіздік кепілдіктерін беру туралы меморандумға қол қойды. Осы құжатқа қол қою 1992 жылы Лиссабон Хаттамасына сәйкес өз аумағынан ядролық қаруды аластау жөніндегі міндеттемелерін Қазақстанның толық және мүлтіксіз орындау фактісін халықаралық қоғамдастықтың тануын білдіреді.

1992 жылғы 20 қазанда БҰҰ Бас ассамблеясының 47-сессиясында Н.Назарбаевтың Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім білдіру шаралары жөніндегі кеңесті өткізу туралы ұсынысын Азия құрлығындағы халықаралық қатынастарда болып жатқан сапалы өзгерістердің заңды көрінісі ретінде қарауға болады. Қазақстандық дипломатияның алдына Азиядағы қауіпсіздік пен тұрақтылық проблемаларын шешуге қызмет ететін АӨСШК идеясын өмірге енгізу сияқты күрделі міндет қойылды. Ұйымның жоспарланған істерін екі кезеңге бөлді.І-кезең 1992-1995 жылдың наурыз аралығында Қазақстанның күш-жігері осы ұсынысқа қатысты ұсынысқа қатысты халықаралық қолдау алуға бағытталды.

ІІ-кезең 1995 жылдың наурызынан-1999 жылғы қыркүйек аралығына дейін жұмыстың негізгі мазмұны АӨСШК-ге мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің кездесуін әзірлеу болды. Оның айқын он міндеті негізделген. 1999 жылдың 14 қыркүйегінде Алматыда сыртқы істер министрлерінің кеңесі болды. Кеңеске АӨСШК-ге мүше 15 мемлекеттің сыртқы саяси ведомстваларының басшылары қатысты. Ондағы негізгі мақсат ұйымның жұмысын жан-жақты кеңейту.Нәтижесінде «АӨСШК-ні шақыру тұрғысындағы азиялық қауіпсіздік» атты халықаралық коллоквиумның өткізілді.

Ғасырлар бойы Азияда аймақтық проблемаларды тиімді шешу ортақ ұйым құрудың алғы-шарттары. Шанхай құрылуы, оның негізгі қызметі, нәтижелері. 1992 жылғы 20 қазанда БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында Елбасы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім білдіру шаралары жөніндегі кеңесті өткізу туралы ұсынысын Азия құрлығындағы халықаралық қатынастарда болып жатқан сапалы өзгерістердің заңды көрінісі ретінде қарауға болады. Олардың ішнде неғұрлым басымдық белгілері айқындалды. «Шанхай бестігіне» қатысушыларға оң сипаттағы іс-қимыл жаңа деңгейдегі қарым-қатынастарының символына айналды. 1996 жылдың және 1997 жылға тиісінше Шанхай мен Мәскеуде шекара ауданында сенім білдіру шараларын нығайту және қарулы күштерді қысқарту туралы келісімдерге қол қойылды. Қазақстанның пікірі бойынша, бес елдің (ҚХР, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан) қол жеткізілген уағдаластығы әлемдік дипломатиялық практикада бірегей болып табылады. 1996 жылғы 7-8 ақпанда Алматыда сыртқы саяси ведомстволар басшылары орынбасарларының кеңесі өткізілді.

Сыртқы істер министрлері аймақтық форум ретінде АӨСШК процесін одан әрі дамытуды өздерінің қолдайтындықтарын білдірді. Алматыда 2002 жылғы маусымда өткен АӨСШК Саммитін шын мәнінде қазақстандық дипломатияның көп жылғы күш-жігерінің жемісі деп есептеуге болды. «Шанхай» бестігінің қызметі 2001 жылдың маусымында қыза түсті. 1998 жылғы 3 шілдеде Алматыда Шанхай және Мәскеу келісімдеріне қатысушы бес мемлекет басшыларының кездесуі өтті. 1999 жылғы тамызда болған «Шанхай бестігінің» Бішкек мәжілісі тарихта маңызды саяси оқиға болып саналады. 2000 жылғы сәуірде Астанада өткен Қорғаныс министрлерінің кездесуі және 2000 жылы Душанбеде өткен «бестіктің» саммиті жаңа қауіп-қатерге қарсы іс-қимыл жасау жөнінде тиісті елдердің батыл шараларға бару дайындығын паш еткен маңызды оқиғалар болды. 2001 жылдың 15 маусымында «бестіктің» басшылары кездесіп, маңызды деген мәселерге көңіл аударды. Осы форумда алғашқы рет Өзбекстан Президенті қатысты. ШЫҰ-ға қатысушы мемлекеттер Ауғаныстандағы жағдайға да алаңдаушылық білдірді. Форумның әр кездесуінде қоғамдағы маңызды шаралар шешілді.