Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД ҚР сыртқы саясаты.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
636.93 Кб
Скачать
  1. Дәрістік кешен (дәріс тезистері, көрнекілік, таратылу материалдары, қажетті әдебиет тізімі).

1 апта

1 Кредит сағат

1 дәріс

Тақырып: Қазіргі заманғы геосаясат және Қазақстан сыртқы саясатта ден қоятын басымдықтар.

Қарастырылатын сұрақтар:1. Қазақстанның геосаяси орналасуы

2. Дипломатиялық қызметтің міндеттері мен мақсаттары

Дәрістің мақсаты: Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі ҚР-ның геосаясат және сыртқы саясаттағы нақты басымдықтарын анықтау.

Дәріс мазмұны:

Еліміз толыққанды егемендікке қол жеткізгеннен кейін елдің тарихының жаңа кезеңі басталды. Бұрынғы Одақ кезінде жетпіс жыл бойы елдің сыртқы саясатын жүргізуде еш хабары болмаған қазақ елі үшін бұл өте күрделі құбылыс еді. КСРО-ның күйреуі елдің жалпы маманданған әлеуметтік-экономикалық саласынада тым кері әсер етсе ал, халықаралық қатынастар немесе сыртқы саясатта қалыптасқан дәстүр не тәжірибе не болмаса қажетті мамандарда болған жоқ. Бұл жағдаймен тек Қазақстан бетпе-бет келген жоқ, Одақ құрамында болған барлық мемлекеттер осындай күй кешті. Отандық дипломатияның іргетасын қалау жаңа бағытта жүргізілді. Әлемде аумағы бойынша 9 орынды иеленген Қазақстан сияқты ірі еуразиялық мемлекет өзінің сыртқы саясатын қалай жолға қояды және қандай жетекші бағыттарға басымдық береді немесе әлемдік әр түрлі бағыттағы дамыған беделді қоғамдастықтар мен қалай, қандай жолмен тіл табысады деген сұрақтар пайда бола бастады. Елдегі ядролық-қару жарақтарды таратапу жөнінде Президент Н.Ә.Назарбаев ашық айтты. Ол сол кездегі қоғамда болып жатқан оқиғаларды тиянақты саралап, республиканың одан әргі дамуындағы сыртқы саясаттың негізгі бағыттарын тұжырымдады. Олар –еліміздің әлемдік қоғамдастықтарға мүше болуы, елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Қазақстанның экономикалық дамуына жәрдемдесу, шетелде жүрген ел азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау,мүдделік білдірген барлық елдермен өзара тиімді қарым-қатынасты дамыту. Тәуелсіз елдің дамыған елдермен алғашқы келіссөзі АҚШ пен арада болды. Ол 1992 жылы 23 мамырдағы Лиссабон хаттамасына қол қоюды айтуға болады. Міне осындай жолмен Қазақстан халықаралық қаупсіздік режимін нығайтуда, қазіргі бар әлемдік тәртіпті сақтауда жауапкершіліктің жоғары деңгейін көрсете білді.

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:

1.ҚР сыртқы саясатының негізгі бағыттары

2. Қазақстанның геосаяси орналасуының ерекшелігі

3.ҚР дипломатиясына қатысты заң актілері

Әдебиет: 1. Қ.Тоқаев. Қр дипломатиясы. Алматы, 2002. 19-50 б.

2. Амрекулов Н., Масанов Н. Казахстан между прошлым и будущим. Алматы, 1994. Стр. 155-157.

3. Внешняя политика РК. Под общ. ред. К.И.Байзаковой. Алматы, 2006. Стр.6-25.

2 апта

2 Кредит сағат

2 дәріс

Тақырып: Қазақстан Ресей мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынастары.

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Қазақстан мен Ресейдің көп қырлы ынтымақтастығын факторлары.

2. Қазақстан-Ресей қарым-қатынастарын кезеңдерге бөлу мәселесі.

Дәрістің мақсаты: Қазақстан- Ресей қатынастарын ашып көрсету.

Дәріс мазмұны:

Қазақстанның Ресей елімен саяси байланысы сонау қазақ хандығы құрылғаннан кейінгі кезеңде бастау алды. Содан бергі мемлекет арасындағы қарым –қатынас үзілген емес. Қазақстан Одақ құрамында болған жылдары тек бір жақты. Саясаттың негізінде жүргізілсе, кейін тәуелсіздікке ие болғаннан соң жаңаша сипатала бастады. 1992 жылғы 25 мамырда ҚР мен РФ арасындағы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа қол қойды. Бұл құжатта КСРО ыдырағаннан кейін болған іргелі өзгкрістер және екі мемлекеттің қарым-қатынасы сапалы жаңа геосаяси деңгейге көтерілгені көрініс тапты. Шарт екі жақты ынтымақтастықтың берік құқықтық негізін қалап, Қазақстанмен Ресейдің ресми мемлекетаралық өзара қарым-қатынасының жаңа беттері ашылды. Қазақстанмен Ресейдің көп қырлы ынтымақтастығына жол ашатын көптеген факторлар бар. 1994 жылғы науырызда Қазақстан Президентінің Ресей Федерациясына жасаған тұнғыш мемлекеттік сапары екі жақты қарым-қатынасты кеңейту мен тереңдетуде елеулі рөл ойнады, оның барысында 22 ірі ауқымды құжаттарға қол қойылды. Байқоңыр ғарыш айлағының мәртебесіне қатысты құжаттардың тарихи маңызы ТМД аумағында болған оқиғалардың тұрғысында осы күндері айрықша көзге түседі. 1994 жылғы наурызда екі елдің арасындағы экономикалық ынтымақтастыққа қозғау салынды.1995 жылы Қазақстан-Ресей қарым-қатынасты жемісті түрде дамуын жалғастырды. Осы жыл ішінде екі ел басшылары арасында кездесу болды. 1995 жылы 20 қаңтарда екі елдің Президенттері аса маңызды үш құжатқа қол қойды, олар: Ресей-Қазақстан ынтымақтастығын кеңейту және тереңдету туралы декларация; РФ-ның аумағында тұрақты тұратын ҚР-сы азаматтарының және РФ-на тұрақты тұру үшін келген Қазақстан азаматтарының және ҚР-на тұрақты тұру үшін келген РФ азаматтарының азаматтық алуының жеңілдетілген тәртібі туралы келісім.

1996 жылы сәуірде Қазақстанға Ресей басшысы арнайы сапрмен келді. Қазақстан- Ресей қатынастары олардың мүдделерінің толық сәкес келетінін айқындайтын. Қазақстан- Ресей арасындағы тұрақты тату көршілік қатынас Еуразияның ұлан-ғайыр кеңістігіндегі ұзақ мерзімді және берік қауіпсіздіктің салмақты факторы болып табылады.