- •1 Әдебиеттерге шолу
- •1.1 Мұнай өндіретін аймақтардың жалпы сипаттамасы және қазіргі таңдағы экологиялық проблемалары
- •1.2 Мұнай және мұнай өнімдерінің қоршаған ортаға әсері
- •1.3 Мұнай және мұнай өнімдерімен ластанған топырақтарды жалпы тазалау әдістері
- •1.4 Көмірсутектермен ластанған топырақтарды биоремедиация процестерімен қайта қалпына келтіру әдістері
- •1.5 Мұнаймен ластанған топырақтарды фиторемедиация процестерімен қайта қалпына келтіру әдістері
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.2 Мұнай және мұнай өнімдерінің қоршаған ортаға әсері
Қоршаған ортаны қорғау мәселелері соңы уақыттарда техникалық және технологиялық ерекшеліктері бойынша қоршаған ортаны ластаушылардың ірілерінің бірі болып саналатын мұнай газ өнеркәсібі дамыған елдердің барлығында үңіліп қаралатын жағдай болып отыр. Бұл елдерге сонымен бірге Қазақстан Республикасын да жатқызуға болады, біздің еліміз бай 100 жылдық мұнай өнеркәсібі тарихына ие. Қоршаған ортаны қорғау іскерлігі ең алдымен техникалық процестердің техникалық және ұйымдастырушылық деңгейіне байланысты болады. Мұнай газ кешендернің құрамында 40 тан астам ластаушы көздер типтері бар, олар қоршаған ортаға әсер етуінің интенсивтілігінің әртүрлілігімен және ластаушы заттардың қасиеттерінің алуан түрлілігімен сипатталады. Өнідірістің дамыған сайын зиянды қалдықтардың да саны көбейіп барады.
Мұнай және мұнай өнiмдерiнiң қалдықтарынан табиғи экожүйелердiң ластануы, әсiресе атмосфераның, гидросфераның және топырақтардың ластануы күрделi экологиялық қауiп-қатер туғызады. Бұл қауiп қатер тек мұнай алынатын аймақтарда ғана емес, сонымен қатар алшақ аймақтарды да қамтиды. Топырақтың жоғарғы адсорбциялану қабiлеттiлiгiне қарай, мұнай ұзақ уақыт бойы осы топырақтарда сақталынады. Мұнай өнiмдерiнiң байқаусыз төгiлуi немесе әртүрлi апаттардың салдарынан, топырақтың физика-химиялық қасиеттерi өзгерiп, су-ауа режимi бұзылып, топырақтың микробиологиялық белсендiлiгi байқалады. Сонымен қатар, биоценоз құрылымы өзгередi. Едәуір үлкен қауіп мұнаймен газды отын ретінде пайдаланудан туады. Осы заттар жанғанда атмосфераға көмірқышқыл газ, түрлі күкіртті қоспалар, азоттың оксид және т.б. зиянды заттар тарайды [6].
Жыл сайын дүние жүзілік мұхитқа орташа есеппен 2 ден 10 млн.т дейін мұнай төгіледі. Аэрофото түсірумен мұхиттың бетінде 30 % мұнайлы қабыршақтың түзелгені көрінеді. 1 литр мұнай балықтарға қажет 40000 л. мұхит суын жарамсыз етеді. Мұнайдың 1 тоннасы 12 км² мұхиттың бетін ластайды. Көп балықтардың уылдырықтары судың беткі қабатында дамиды, сондықан мұнайдан келетін қауіп аса түседі. Мұнайдың 0,1-0,01 мл/л мөлшерінде шоғырланған жерінде уылдырықтар бірнеше тәуліктің ішінде өлген. Егерде мұхит бетінде мұнайлы қабыршақ болса 1 га көлеміндегі мұхит бетіндегі 100 млн. астам уылдырықтарды жарамсыз етеді. Мұнайдың теңіз бен мұхитқа түсуінің жолдары көп. Мысалы танкерлер мен бұрғылау тұғырларының апатынын немесе өзен суларымен мұнай қалдықтарының қосылуы. Қазіргі уақытта теңізде өндірілетін 10 т. мұнайдың 7-8 т. тұтыну орындарын теңіз көлігімен жеткізіледі. Кейбір теңіз аймақтарында мұнай тасымалдаушы көліктерге мұнай шайындысын суға төгуге рұқсат еткендіктен, мұхит тіршілігіне орасан зор зиян келтіріледі. Осындай аймықтарда балықтың молдығына қарамастын, оны мұнай дәмінің шығу есебінен тұтыну мүмкін емес. Және де көмірсутек әсері теңіздерің экологиялық тепе-теңдігін бұзады.
Мұнайдағы кейбір фракциялар өте улы болып табылады және де олардың шоғырлануы сумен араласқанда улылығы одан сайын арта түседі. Төмен қайнар қаныққан көмірсутектер және кейбір ароматты қоспалар улы, әрі түрлі дәрежеде суда ерігіш келеді және тіршілік көзіне қауіп төндіреді.
Мұнай өнімдердің су саласына әсері 5 санатқа бөлінеді: өліммен аяқталар улау арқылы тіршілік көзін жою, физологилық белсенділікті орасан зор бұзу, мұнай өнідерінің тірі ағзаларға тікелей әсері, ағзаға көмірсутектің ену себептерінен ауыр өзгерістер, сонымен қатар тіршілік ортаның биологиялық ерекшеліктеріндегі өзгерістер. Өліммен аяқталар улау көмірсутектердің жасушаларға тікелей әсерінен болады, әсіресе жасуша арасындағы процестерге ықпал етеді.
Суда еритін хош иісті көмірсутектер теңіз тіршілігіне ең үлкен кауіп келтіреді. Бар мәліметтерге сүйенсек ірі теңіз жануары 10-4-10-2 % мөлшердегі еритін хош иісті көмірсутекремен байланысқа түссе бірнеше сағаттың ішінде өледі. Ал уылдырық пен кіші балықтар үшін 10-5 % мөлшерінде. Уылдырық пен кіші балықтар ересек су жануарларына қарағанда 10-100 есе сезгіш болып келеді.
Су құстары теңіздің мұнайдан ластануының нәтижесіндегі бірінші құрбандары. Үйрек, шағалалар және тағы басқа құстар су бетіндегі мұнайға сүңгіп шыққанда олардың қауырсындары қатты былғанған. Көмірсутектер құстардың қауырсындарын қаптап, олардың су қорғанышын бұзып, қауырсынның қорғанышын жоққылғандықтан, құстар тоңып гипотермиялардан қырылған. Және қауырсындарын тазарту кезінде мұнай қалдықтары ағзаға түсіп отырған. Соның салдарынан эндокриндік жүйе бұзылған, әсірісе бүйрек безінің жұмысы. Сонымен қатар, мұнай өнімдері құстардың жұмыртқаларына және өмір сүру ортасына әсер етеді. Мұнайдың орташа төгілуі әдетте 5000 құстың өліміне алып келеді. Көп уақыт суда жүретін құстар мұнай өнімдеріне осал болып келеді. Төгілген мұнай өнімдері құстарға аз уақытта немесе ұзақ уақыт бойы әсер етуі мүмкін. Дымқыл тұнбалы ойпатты жерлердің мұнаймен қатты ластануы биоценозды ұзақ жылға өзгертіп жібереді.
Ал, топыраққа түскен мұнай гравитациялық күштердің әсерінен төмен қарай сіңеді де, сыртқы және капиллярлық күштердің әсерінен кеңінен таралады. Топырақтың мұнай қалдықтарымен және әр түрлі химиялық реагенттермен, өндіріс қалдықтарымен, радионуклидтермен ластануы, олардың техногенезді бұзылуы, эрозия, дефляция, топрақтың тұздануы- техногенез өршуінің тікелей жолдары болып табылады. Қатты ластанған аймақтарда топырақтың тығыз карбонатты-иллювиалды горизонты жалаңаштанады, нәтижесінде тақыр баттар түзіліп, топырақтың қуаңдануы мен тұздануына әкеліп соғады. Топырақ құрамындағы мұнай көмірсутектері химиялық және фотототығу үрдісіне қатысады, яғни әртүрлі факторлардың әсерінен (ультракүлгін сәулелердің, температураның өзгеруінен және т.б.) өзінің химиялық құрамы мен қасиетін өзгертеді, нәтижесінде ұшқыш, зиянды және химиялық белсенді заттар түзеді [7, 8].
Мұнай өндіру аймақтарында топырақ қабатының экологиялық бұзылуының негізгі себептері болып:
мұнай өндіру орындарында қолданылатын техника мен технологияның коррозияға ұшырауы;
қауіпсіздік талаптарына жауап бермейтін ескірген техниканы пайдалану;
технологиялық үдерістің әртүрлі кезеңдерінде болатын ақаулар;
мұнай төгілумен байланысты болатын аварияларлар кезінде оперативті түрде қызмет жасамау, аварияны ликвидациялау жоспарының болмауы;
мұнай төгілу аварияларын алдын алатын құралдар мен күштердің жеткіліксіз болуы;
мазутталған топырақ-грунттың қамбаларда (амбар) сақталуы [9].
Мұнаймен ластанған топырақтың маңызды генетикалық көрсеткіштері нашарлайды: гумус, азот, фосфор, микроэлементтер, топырақты-жұтқыш кешеннің құрамы мен құрылымы өзгереді, көлемдік массасы ұлғайып, аэрация мен су өткізгіштік қабілеті төмендеп, өсімдіктерге қажет ылғал мөлшері азаяды. Сонымен қатар, хлорид-сульфатты типті (1,1-5,2 %) тұздану орын алады және жылжымалы қорғасын түрлері (40-57 және 7-18 мг/кг) деңгейі шекті рұқсат етілген концентрациядан (ШРК) 1-6 есе асатын, молибден (20-25 мг/кг) - ШРК-дан 7-12 есе асатын және кобальт (15 мг/кг-ға дейін) жиналуы мүмкін. Мұндай ауыр металдардың көп мөлшерде жиналуы экологиялық жағдайды нашарлатады, халықтың денсаулығына кері әсерін тигізеді [10].
Топырақта шоғырланған көмірсутектердің әсерінен топырақ экожүйесінің өзгеруі байқалады. Топырақ қасиеттерінің өзгеруі мен көмірсутегілердің тікелей әсер етуі өсімдіктердің басым көпшілігін өсуі мен дамуының толық ингибирленуіне алып келеді. Топырақ фитотоксинді бола бастайды.
Мұнай және мұнай өнімдерінің табиғи ортаға таралуы салдарынан жалпы экологиялық жағдай қалыптасады:
а) топырақтың құрамы және оның беткі қабатының қасиеттері өзгереді;
б) жер бетіндегі және жер асты сулары ластанады, түбінде тұнбалар түзіледі;
в) өсімдіктердің химиялық құрамы және сыртқы түрі өзгереді;
г) ландшафтар жалпы деградацияға ұшырайды.
Топырақ концентрациясы төмендегі деңгейге жеткенде, бұл топырақтарды мұнай және мұнай өнімдерімен ластанған деп есептелінеді:
- өсімдіктер солып, өзгерістерге ұшырауы;
- экологиялық тепе-теңдік бұзылып, флора мен фауна түрлерінің жоғалуы;
- судың физико-химиялық қасиеттері және топырақ құрылысының өзгеруі;
- карбонатты емес сутекті топырақтарда мұнай өнімдеріндегі сутегі мөлшерінің көбеюі;
- ауылшаруашылық жерлерінің өнімділігінің төмендеуі;
- мұнай өнімдері топырақ арқылы сіңіп жер үсті және жер беті суларына таралуы [11].
Қоршаған ортаға зияндылығы бойынша мұнай ластаушылар «бірден» (мұнайдың авариялық төгілуі) және «біртіндеп» (мұнай-газ кешенінде мұнай және мұнай өнімдерін өндіру кезіндегі шығын және әртүрлі кемшіліктер) болып бөлінеді.
Мұнайдың авариялық төгілулері топырақ экожүйесіне бірден максималды зияндылық тигізеді. Мұнайдың авариялық төгілулері шұғыл түрде жою жұмыстарын жүргізуді, арнайы техникаларды, технологияларды қолдануды, көптеген жоюшы-жұмысшыларды қажет етеді. Ластанудың бұл түрін жою екі кезеңге бөлінеді: біріншісі - төгілген мұнайды жинау, екіншісі-аймақты ластаушылардан тазалау. Мұндай ластанудан кейін экожүйе тұрақты қалпына келеді ме, әлде қайтымсыз кері бұзылатыны туралы болжам жасау мүмкін емес.
Мұнай ластаушылардың екінші түрі біртіндеп, яғни мұнай және мұнай өнімдерінің көп жылдар бойы топыраққа түсуі. Мұндай ластанулар мұнай іздеу және барлау жұмыстарында, мұнай кәсіпшілігінде, мұнай өңдеу зауыттарының аймақтарында, жанғыш-майлағыш материалдар қоймаларында, жанармай құю орталықтарында, мұнай тасымалдау жолдарында және т.б. жағдайларда байқалады.
Мұнай және мұнай өнімдерінің көп жылдар бойы біртіндеп топыраққа терең сіңуі, ондағы экологиялық тепе-теңдікті бұзады. Топыраққа өте терең енуі жер асты суларының ластануына, ал нақты жағдайларда көмірсутектердің техногенді жинақтауына алып келеді.
Мұнай ластаушыларын ағзалық орта инертті күйде қалдырмайды-геохимиялық, агрохимиялық, физико-химиялық, топырақ биоценозының белсенділігінде, топырақтың газды күйінде өзгерістер болады. Бұл шарттардың өзгерісінің сипаттары мен динамикасын анықтау мұнай ластаушыларының зиянды әсерін анықтауға мүмкіндік береді. Мұнай ластаушылардың әсерінен топырақтың негізгі сипаттамаларының өзгерісі топырақты рекультивацияға күмән келтіретіндей қайтымсыз және қауіпті болуы мүмкін.
Республикалық нормативті документте химиялық заттармен, мұнай және мұнай өнімдерімен ластану көрсеткіштері келтіріледі:
- 1-деңгей жіберілетін - < ШРК;
- 2-деңгей төмен – 1000-нан 2000 мг/кг-ға дейін;
- 3-деңгей орташа – 2000-нан 3000 мг/кг-ға дейін;
- 4-деңгей орташа – 3000-нан 5000 мг/кг-ға дейін;
- 5-деңгей жоғары – > 5000 мг/кг.
Жоғарыдағы 2-ші деңгей төмен көрсеткішті (1000-нан 2000 мг/кг-ға дейін) есепке ала отырып топырақ-грунттағы мұнай және мұнай өнімдерінің ШРК-сы 1000 мг/кг аспауы керек [12, 13].
Мұнай-газ саласының нысандарындағы топырақтың химиялық ластануының негізгі себептері келесідей [14]:
мұнай-газ өндіретін кәсіпорындарда: мұнай және газ фонтандарының пайда болуы, газдың өздігінен тұтануы, жоғары минералды жерастысулардың тасталуы, ластанған ағынды сулардың рельефке төгілуі, бұрғылау сұйықтығының төгілуі, қамбалардың ликвидациясы, регенерация құрылғысынан түсетін метанолдың төгілуі, газдың диффузиялық миграциясы, отынның жану өнімдерінің тасталуы және т.б.;
мұнай-газ тасымалдаушы кәсіпорындарда: көмірсутек конденсатының, коррозия ингибиторының төгілуі, турбинді жанармайдың, метанолдың, органикалық қышқылдардың, беттік активті заттардың (БАЗ), компрессорлы жақпа майлардың төгілуі;
мұнай-газ өңдейтін кәсіпорындарда: конденсат пен жақпа майлардың, сонымен қатар химреагенттердің (метанол, диэтиленгликоль, диэтаноламин және т.б.) төгілуі мен ағып кетуі (1-кесте).
Сонымен, мұнай және газ саласында топырақтың негізгі ластаушылары келесідей болып табылады: сұйықтықтар (мұнай көмірсутектері, минералданған пластты сулар, химреагенттер, бұрғылау сұйықтықтары); газдар (табиғи және жолай газ және оның жану өнімдері); қатты заттар (шламдар, күкіртті тозаң). Топырақтың химиялық ластануы оның физикалық, химиялық, ионалмасу қасиеттері мен биологиялық белсенділігіне кері әсер етеді.
Мұнайдың табиғи фракциялану мен ыдырау үрдістері жердің бетіне түскен мезеттен басталады. Мұнайдың топырақтағы трансформациясының ең жалпы үш кезеңін бөліп айтуға болады [15]:
алифатты көмірсутектердің физико-химиялық және жартылай микробиологиялық ыдырауы;
әр түрлі кластардың төменмолекулалық құрылымының микробилогиялық ыдырауы, шайырлы заттардың жаңадан пайда болуы;
Мұнай-газ
ұңғымаларын
бұрғылау
Мұнай-газ
кен орындарының эксплуатациясы
Мұнай-газ
құбырлары коммуникациясының зақымдануы
немесе бұзылуы
Мұнай тасымалдау
транспорттарындағы мұнай сақтау
шарттарының орындалмауы
Мұнай өңдеу
барысында өндірістік технологияның
қажетті дәрежеде дамымағандықтан,
мұнай шламдарының жер бетіне тасталуы.
Кесте 1 - Мұнаймен ластанудың топырақтағы микробиологиялық үрдістерге әсері
Мұнайдың табиғи фракциялану мен ыдырау үрдістері жердің бетіне түскен мезеттен басталады. Мұнайдың топырақтағы трансформациясының ең жалпы үш кезеңін бөліп айтуға болады:
алифатты көмірсутектердің физико-химиялық және жартылай микробиологиялық ыдырауы;
әр түрлі кластардың төменмолекулалық құрылымының микробилогиялық ыдырауы, шайырлы заттардың жаңадан пайда болуы;
жоғары молекулалық қосылыстардың трансформациясы: шайырлар, асфальтендер, полициклды көмірсутектер.
Әр түрлі топырақ-климаттық зоналарда мұнайдың барлық трансформация үрдісінің ұзақтығы әртүрлі (бірнеше айдан бірнеше жылға дейін) болып келеді [16].
Мұнаймен ластану топырақтың физикалық, химиялық және биологиялық қасиеттеріне кері әсер етеді. Мұнай мен оның компоненттерінің әсерінен негізгі физиологиялық топ микроорганизмдерінің саны, топырақтың агрохимиялық қасиеттері өзгереді, тотықтырғыш-тотықсыздандырғыш және гидролиттік ферменттердің белсенділігі төмендейді. Топырақта шоғырланған көмірсутектердің әсерінен топырақ экожүйесінің өзгеруі байқалады. Топырақ қасиеттерінің өзгеруі мен көмірсутегілердің тікелей әсер етуі өсімдіктердің басым көпшілігін өсуі мен дамуының толық ингибирленуіне алып келеді. Топырақ фитотоксинді бола бастайды.
Мұнаймен ластанған топырақ қасиеті көптеген физико-химиялық өзгерістерге ұшырайды. Әлсіз топырақ құрамының бұзылуы және топырақ бөлшектерінің суды сіңіру қасиеті төмендейді. Мұнаймен ластанған топырақта көміртегі мен азоттың арасындағы салыстырмалы көрсеткіші жылдам өсіп кетеді, ол топырақтың азот режимін нашарлатады және өсімдіктің тамырымен қоректенуін бұзады. Бұдан басқа, мұнай жерге төгілгенде және топырақ қыртысына сіңе отырып оттегіні ығыстырады, ал оттегі өсімдік және микроорганизмдердің өмір сүруі үшін қажет.
Мұнай және мұнай өнімдері топыраққа түсіп, оның физикалық құрылымын түгелдей өзгертеді. Ластаушылардың гидрофобты қасиеттері топырақ бөлшектеріне беріледі. Мұнаймен ластанған топырақтың жоғарғы горизонтында гидрофобтылықтың жоғарылауы терең жатқан горизонттың ылғалдылығының артуына алып келеді. Ол анаэробты процестердің (денитрификация, сульфатредукция және т.б.) дамуына, ауа және су айналымының бұзылуына алып келеді. Топырақ тығыздығы мен кеуектілігі және оның химиялық қасиеттері өзгереді. Топырақ сіңіру кешеніне натрийдің енуі және топырақ қышқылдығын анықтайтын катиондарды ығыстыруы рН мәнінің шамадан тыс артуына алып келеді.
Мұнайдың топыраққа түсуі құрамындағы Сорг көбеюіне алып келеді, нәтижесінде микроорганизмдер мен өсімдіктердің дұрыс дамуының қолайлы жағдайы 10:1 орнына, (400-420):1 жететін С:N сандық қатынасының бұзылуы байқалады. Мұнаймен ластану кезінде топырақ құрамындағы битуминозды заттарында және гумустық топтың құрамында, терең горизонтта орналасқан органикалық көміртектің негізгі қорының таралуында өзгерістер болады.
Ластанған топырақта тіршілікке қажетті маңызды элементтер-калий, фосфор, азот құрылысының өзгерісі, яғни агрохимиялық қасиеттерінің өзгерісі байқалады.
Мұнаймен ластану кезінде топырақ микробиотасында түбегейлі өзгерістер туындайды, микроорганизмдердің әртүрлі топтары түрлі әсер береді: біреулерінінің саны (азотфиксирлеушілер, аммонифицирлеушілер, денитрифицирлеушілер, көмірсутек тотықтырғыштар, гетеротрофтылар, споротүзушілер, саңырауқұлақтар, бактериялар, ашытқылар, актиномицидтер) көбейеді, басқалары (нитрофицирлеушілер, целлюлозаыдыратушылар, актиномицидтер) төмендейді, үшіншілері тұрақты болып қалады [17].
Мұнаймен ластанған топыраққа ауаның қиын жететін зонасына енуі мұнай ластаушысының төмен орналасқан горизонтқа терең сіңуінен немесе ауаның топырақ бетінен өтуіне кедергі келтіретіндей мұнайдың авариялық төгілуінен туындайды. Осындай және басқа да жағдайларда жүйедегі оттегінің тепе-теңдігінің бұзылуы топырақтағы процесс бағытының өзгеруіне алып келеді.
Ластанған топырақтағы биохимиялық процестің тежелуін топырақ биоценозына дизельді жанармайдың токсикант ретінде әсерімен байланыстыруға болады. Сонымен қатар, ластаушының концентрациясы маңызды рөл атқарады.
Топырақтың өзін-өзі тазалу потенциалды шегі-топырақтың өзін-өзі тазалау мүмкіндігін сақтайтын көмірсутекпен ластаушының шекті концентарциясы. Көмірсутекпен ластаушының құрамы мен оны пайдалану жағдайына байланысты топырақтың әрбір түрінің өзінің тазалау потенциалды шегі бар. Өзін-өзі тазалау потенциалды шегінің нақты дәрежесін ШРК-мен теңестіруге болады. Алайда, қазіргі таңда көмірсутекпен ластаушының нақты түрлері мен әртүрлі топырақтарға арналған ШРК-ның және өзін - өзі тазалау потенциалды шегінің нақты мәндері жоқ.
Ұсақ түйіршіктелген құмнан басқа, мұнаймен ластанған топырақтарда аздаған мөлшерде биохимиялық газдардың генерациясы жүреді. Ластанбаған топырақпен салыстырғанда, ластанған топырақтарда оттегі жүйесінде көп шығын болатыны байқалған.
Басқа газ қоспаларының генерацияға бағытталуы, жоғарыда айтылғандай, топырақ түріне байланыста.
Әртүрлі топырақ түрлеріне дизельді жанармай әсер еткенде, келесі процестер байқалады:
- саңырауқұлақ санының төмендеуі;
- метантүзуші (гетеротрофтар) микроорганизмдердің жылдам төмендеуі.
Дизельді жанармаймен ластау (ауалы-құрғақ топырақтарда), сонымен қатар май және спирт-бензолды қара майдың құрамының жоғарылауымен қоса жүреді. Топырақта бензолды қара май құрамы төмендейді.
Ластанбаған құммен салыстырғанда, ұсақ түйіршіктелген ластанған құммен жүргізілген тәжірибеде бос газдардың бөлінетіндігі анықталмады [18].
Дизельді жанармаймен ластанған басқа топырақ түрлерінде биохимиялық газдардың генерациясымен қатар СО2, CH4, N4 генерациясының төмендеуімен қоса жүреді. Ластанған топырақтарда бөлінетін газ құрамындағы оттектің мөлшері төмендейді.
Жоғарыда айтылғандарды және мұнай экологиясы саласындағы әртүрлі жарияланған материалдарды ескере отырып, келесідей ой түйіндеуге болады:
- мұнаймен ластаушының құрамына байланысты топырақтар антропогенді жүктемеге сөзсіз әсер етеді;
- минералды құрамымен, органикалық заттардың құрамымен, топырақ микробиоценозының құрамымен және санымен ерекшеленетін топырақтар мұнаймен ластаушыларға әртүрлі әсер береді;
- ластанған топырақтардағы тотықтырғыш - қалпына келтіргіш заттар көмірсутек ластаушылары мен топырақтың өзгеру бағыттылығына да әсер береді;
- ауа жеткіліксіз жағдайда ластанған топырақтың қайта қалпына келу жүйесінде - көмірсутекпен ластаушы биохимиялық газдардың (СО2, CH4, N2, метанның шекті және шексіз гомологы)генерациясымен қоса жүреді.
Модельдеу кезінде аймақтың ландшафты-геохимиялық түрін, топырақ түрін, мұнаймен ластаушының топыраққа сіңу тереңдігі мен дәрежесін, топырақ экожүйесі мен мұнаймен ластаушыларды сипаттайтын басқа да өлшемдерін білу қажет.
Бүкілресейлік мұнай ғылыми-зерттеу геологиялық барлау институты (БМҒЗГБИ) концепциясының жадында жасалған мұнай экологиясының мониторингін жасауда, топырақ экожүйесінің мұнаймен ластаушының әсерінен өзгеруін бақылау маңызды, соған байланысты келесі өлшемдер ұсынылған:
- топырақтағы мұнай және мұнай өнімдерінің концентарциясы;
- ластаушылардың құрамы;
-ластану аймағының өзгеруі және ластаушының топыраққа сіңу тереңдігі.
Топырақтың негізгі сипаттамаларына келесі өлшемдер жатады:
- pH, Eh, T, ылғалдылығы, тығыздығы, кеуектілігі;
- органикалық көміртек, ерімейтін қалдықтар;
- гумус, калий, фосфор, азот;
- ауыр металдар, радиоактивті элементтер және олардың ыдыраған өнімдері;
- микроорганизмдер, бірінші кезекте-көмірсутек тотықтырғыштар;
- газ қоспалары, бірінші кезекте-көміректің қос тотығы.
Жоғарыда аталған өлшемдер топырақ экожүйесінің сандық және сапалық өзгерісіне алып келетін ең негізгі өлшемдер болып табылады [12].
