- •Содержание
- •Введение
- •1 Биологические особенности роста и развития молодняка крупного рогатого скота
- •2 Организация нагула скота
- •3 Организация откорма скота
- •3.1 Откорм на жоме
- •3.2 Откорм на барде
- •Р исунок 10 – Откорм бычков-кастратов на пшеничной барде
- •3.3 Откорм на отходах хлопкового производства
- •3.4 Откорм на силосе
- •3.5 Концентратный тип откорма
- •4 Откорм кастрированных и некастрированных бычков
- •Заключение
- •Список использованной литературы
- •Мазмұны
- •1 Ірі қара мал төлінің өсуі мен дамуының биологиялық ерекшеліктері
- •2 Малдарды жайып семіртуді ұйымдастыру
- •3 Малдарды бордақылауды ұйымдастыру
- •Асыл тұқымды зауытындағы бордақылаудағы пішпелер
- •Азықтандыру
- •3.1 Малдарды сығындымен бордақылау
- •3.2 Малдарды төппен (бардамен) бордақылау
- •3.3 Малдарды мақта өндірісінің қалдықтарымен бордақылау
- •3.4 Малдарды сүрлеммен бордақылау
- •3.5 Малдарды жеммен бордақылау
- •4 Пішпелер мен піштірілмеген бұқашықтарды бордақылау
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
4 Пішпелер мен піштірілмеген бұқашықтарды бордақылау
Мамандандырылған етті ірі қара мал шаруашылығының малды байламай ұстау жүйесі - ең тиімді әдіс болып саналады, себебі малды осылай күтіп – бағу еңбек өнімділігін жоғарлатуға мүмкіндік береді. Бірақ, етті ірі қара мал шаруашылығы жақсы дамып келе жатқан шаруашылықтардың барлығында еңбекті ұйымдастырудың үдемелі формаларын пайдалануға объективті шарттар жасалып жатыр деп кесіп айту қиын.
Жас малдарды етке тапсыру үшін өсіру кезінде малды күтіп – бағуға шығындалатын қосымша шығындардың орны үстеме өніммен өтелетін әдістерді таңдаған жөн. Осыған байланысты піштірілмеген бұқашықтарды етке өсіру мәселесі қызығушылық туғызып отыр.
Соңғы уақыттарда еліміздің және шетелдердің шаруашылқтарында осы сұраққа көп көңіл бөлініп жүр (12 - сурет).
Осы сұраққа тиісті мәліметтер, піштірілмеген бұқашықтарды қарқынды бордақылағанда, олардың қосылған салмағының көлемі пішпелердің көрсеткіштерімен салыстырғанда 12 – 15 пайызға жоғары екендігін және қосылатын салмағына шығындалатын азықтардың шығынының төмендейтінін дәлелдейді. Пішпелерді 3 – 5 айлығында піштірудің нәтижесінде олардың тірідей салмақтарының өсімі мен зат алмасуы төмендейді, денеде азоттың жиналуы азаяды, ал май ұлпалары үдемелі дамып, еттің жалпы құнарлығы артады. Пішпелер мен піштірілмеген бұқашықтардың ет өнімділіктерін салыстыратын болсақ, пішпелердің етінде піштірілмеген бұқашықтардың етіне қарағанда майдың көлемі 1,5 – 2 есеге дейін көбірек болады. Бірақ төлдерді етке 15 – 16 айлығына дейін ғана өсіру қажет, себебі піштірілмеген бұқашықтардың етінің сапасы уақыт өткен сайын төмендейді, ал пішпелерді бұдан да ұзағырақ уақыт бордақылауға болады, себебі оларды өсіру жүйесінің қарқындылығы піштірілмеген бұқашықтардың өсу қарқындылығынан төмендеу.
12 - сурет Бордақылаудағы бұқашықтар
Көп жылдық тәжірибе піштірілмеген бұқашықтарды 12 – 18 айлығына дейін, жыл бойы байлап ұстап, етке өсіргенде экономикалық тиімді болатындығын дәлелдейді. Егер шаруашылықтың жайылымдық жерлер мол және малдарды жайып семірту бойынша іс-тәжірибелері болатын болса, онда бұндай шаруашылықтарда пішпелерді өсіру тиімдірек.
Еркек бұзауларды өте ерте немесе өте кеш піштіруге болмайды. Ең тиімді кезең – 2 айлық жастарына дейін піштіру, себебі, еркек бұзаулар бұл жастарында енелерімен бірге фермада болады, сондықтан бұзаулар піштіру процедурасын жеңілірек қабылдайды.
Қорытынды
Ірі қара малдың төлдерін етке өсіру және етке союға дайындаудың тиімді, заманауи технологияларын орынды пайдалану, қаржылай шығындарды үнемдей отырып, етті ірі қара мал тұқымдарына ғана тән биологиялық қасиеттерді толығымен пайдалану арқылы сиыр етін өндірудің тиімділігін арттыруға мүмкіндік туғызады. Ет өндіру өндірісіне қарқынды технологияларды еңгізу 18 - 20 айлық жастағы малдан қоңдылығы жоғары сойыс малын алуға, ал пішпелерді соңғы екі айында қарқынды бордақылауға қойып, байлауда-жайылымда бағу жүйесі арқылы күтіп – бағып, 20 -22 айлық жастарында, жоғары қоңдылықпен сойысқа жіберуге мүмкінді береді
Етінің сапасы бойынша ең құнды малдарға ұшасы мен таза етінің шығымы жоғары, құнарлы заттардың байланысы жақсы сойыс малдары жатады. Сол себепті ірі қара малдың төлдерін етке тапсыру үшін өсіру кезінде ең негізгі мақсат - қысқа мерзім ішінде малды бордақылау және жайып семірту арқылы тірідей салмағын жылдам арттырып, тез қоң жинай алатын мал өсіру. Етке тапсырылуға өсірілетін малдың өсіру тиімділігін анықтаудың ең негізгі зоотехниялық талабына, малдың желінген азықты өніммен қайтарымдылығы көрсеткіші жатады. Малдың бұл белгісі ұрпақтан – ұрпаққа тұрақты түрде тұқым қуалап отырады және өсу үдемелігі белгісімен тығыз он шамалық байланыста болады. Ағзасы үдемелі өсіп келе жатқан жас төлдерді құнарлы, толық құнды азықтармен азықтандыру мәселесін дұрыс ұйымдастыру арқылы, келешекте өнімділігінің сапасы мен сандық көрсеткіштері жоғары сойыс малын өсіре аламыз. Барлық жақсы нәтижелер нақты шаруашылық негізінде жүзеге асуы тиіс, сол себепті біз өз әдістемелік ұсыныстарымызда біріншіден, бордақылау және жайып семірту кезінде малдарды азықтандырудың шаруашылықтық типіне неғұрлым ұқсас типпен азықтандыруды, ал екіншіден азықтандырудың ет өнімділігінің жақсы көрсеткіштерін ала – алатындай деңгейін ұстануды ұсынамыз.
