Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Методичка по технол нагула и откорма КРС.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.24 Mб
Скачать

3.2 Малдарды төппен (бардамен) бордақылау

Маңайларында спирт өңдіретін зауыттары бар шаруашылқтар малдарын төппен (бардамен) бордақылай алады. Төптердің ішінде ең құнарлысы бидай (3 - кесте, 10 - сурет) мен картотың төбі. Балауса төптің құрамында 94 %-ға дейін су болады, ал құрғақ затының құрамына ақуыз кіреді. Төпті балауса күйінде немесе кептірілген күйінде пайдалануға болады. Төппен бордақылау екі мезгіл бойы өтеді, алғашқыда малды төпке үйретеді, содан соң бірте – бірте беру мөлшерін көбейтеді. Малдарды төпке біртіндеп 6 – 7 күн аралығында үйретеді.

Тәулігіне барданы 3 рет берсе, әр бергенін екі бөліп береді және берген сайын ұсақталған ірі азық қосады.

Сондай-ақ, балауса төпті туралған сабан мен пішенді сүрлеуге қолдануға болады. Туралған сабанмен (төптің 100 бөлігіне сабанның 6 - 8 бөлігі қосылады) немесе жүгерінің ұсақтап туралған сабағымен сүрлейді. Мұндай азықты малдар сүйсініп жейді. Тұз бен азықтық бордың мөлшерін нормаламайды. Малдарды тәулігіне әрбір 100 келі тірідей салмағына 10 – 15 келі балауса төптен келетіндей есеппен азықтандырады. Ірі азықтарды жақсы жегізу үшін малдардың азықтарына ыстық төп құяды.

Малдарды төппен бордақылауға 250 – 270 келі тірідей салмақпен қояды, бордақыланатын 90 – 100 күннің ішінде малдардың тірідей салмақтары 340 – 360 келіге дейін жоғарылайды. Тірідей салмақтары 250 – 270 келіден төмен малдарды төппен бордақылау тиімді емес, себебі бұндай малдардың тірідей салмақтары қажетті салмаққа (320 -330 келіден кем емес) жетпейді, қоңдылығы мен етінің сапасы төмен болады.

3 - кесте Сақа малдарды бидайдың төбімен бордақылау үшін ұсынылатын үлгі ретіндегі азық мәзірі (бір бас малға тәулігіне беріледі, кг)

№р/р

Азықтардың атауы

Өлшем бірлік

Азықтың көлемі, кг

Азық мәзірінің құрамында

а. ө.

Қорытылатын

протеин, г

кальций,

г

фосфор,

г

каротин,

мг

1

Бидайдың төбі

кг

50

5,5

1050

10

30

-

2

Дәнді дақылдардың пішені

кг

2

0,9

86

10

0,8

20

3

Жем

кг

2

2,0

180

4,0

7,7

2

4

Сабан

кг

7

1,54

63

23,1

6,3

35

5

Бор

г

80

6

Тұз

г

80

Барлығы

кг

61

9,94

1379

47,1

44,8

57

10 – сурет Пішпелерді бидайдың төбімен (барда) бордақылау

Наннан жасалған төп жақсы сүрленеді. Картоптан жасалған төпке, салмағына қарай 6 – 8 % ұсақталып туралған сабан қосады.

Барданың құрамында көміртегі мен кальций аз болғандықтан, азық мәзіріне көміртегіге бай азықтар мен (арпа, жүгері, сұлы), құрамына кальций кіретін минералды заттар (бол, трикальцийфосфат) қосады.

Төппен бордақыланатын сақа малдарға тәулігіне 9 келі сабан, ал жас малдарға – 4 – 6 келі пішен береді. Ең жақсы құрама жемдерге жүгері мен арпаның жемі жатады. Малдардың салмағына және бордақылау мерзіміне қарай тәулігіне 2 келіден 6 келіге дейін жем береді, жас малдардың жеміне 80 г бор, ал сақа малдардың жеміне 100 г бор қосады.

Төпті малға берген уақытында, оларды суармайды, ал сүрленген төп берсе тәулігіне бір рет суарады.

Төпті малға шамадан тыс көп бергенде – төп ақбасы ауруы пайда болуы мүмкін. Осы аурудын алдын алу мақсатында малдардың азық мәзірлеріне төптің әр бір 10 литріне 1 келіден кем емес ірі азық қосып отыру қажет. Сондай-ақ, малдардың астындағы төсеніші әрдайым құрғақ болуы тиіс.