Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Методичка по технол нагула и откорма КРС.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.24 Mб
Скачать

Азықтандыру

9 - сурет Пішпелерді ірі азықтармен азықтандыру

3.1 Малдарды сығындымен бордақылау

Малдарды сығындылармен бордақылау қызылша өсірумен айналысатын аймақтарда кеңінен таралған. Жалпы құнарлығы бойынша сығындылар қызылша мен шалқанға теңеледі. Сығынды көмірсуларға бай, бірақ ақуызы бен фосфоры аз, ал майын жоқ деуге де болады. Сондықтан сығындылармен бордақыланатын малдардың азық мәзіріне протеиндік азықтар, сүйек ұны, тұз және преципитат, фосфорға және ақуызға бай азықтарды қосу қажет. Әйтпесе, малдардың қосатын салмағы азаяды.

Сығындылар мал үшін – энергияға бай, өте шырынды, арзан, құрамында ақуызбен, минералды заттары аз, жақсы сүрленетін азық. Сығындыларды ірі қара малдар, шошқалар және жылқылар сүйсініп жейді. Азықтандырудың тиімділігін жоғарылатады.

Малдарды сығындыларды жеуге біртіндеп, 6 -7 күн аралығында үйретеді. Осы уақытта малдарды сығындыларды жеуге үйретіп, бірте – бірте беретін сығындылардың мөлшерін көбейтеді. Сақа малдарға тәулігіне 65 -80 келіге дейін, ал жас малдарға – 40 -50 келіге дейін сығынды беруге болады. сығындымен бордақылауды екі кезеңге бөледі: бірінші бордақылаудың ұзақтығы 30 - 40 күн, екінші бордақылаудың ұзақтығы 40 – 60 күн. Бордақылау аяқталар кезде азық мәзірінің құрамындағы сығындылардың мөлшерін азайтып, шөп пен жемді көбірек береді. 2-ші кестеде ұсынылған азық мәзірін қолданып, бордақылауда тұрған малдардан тәулігіне 900 – 1000 грамм қосымша салмақ алуға болады.

2 - кесте Сақа малдарды қызылша сығындысымен бордақылау үшін ұсынылатын үлгі ретіндегі азық мәзірі (бір бас малға тәулігіне беріледі, кг)

№р/р

Азықтардың атауы

Өлшем бірлік

Азықтың көлемі, кг

Азық мәзірінің құрамында

а. ө.

қоры-тылатын

протеин, г

каль-ций,

г

фос-фор,

г

каро-тин,

мг

1

Қызылша сығындысы

кг

40

4,8

240

60

5,6

-

2

Сабан

кг

4

0,88

36

13,2

3,6

20

3

Дәнді азықтардың пішені

кг

2

0,9

86

10

0,8

20

4

Жем

кг

3

3,0

270

6,0

11,7

3

5

Бор

г

80

6

Тұз

г

80

Барлығы

кг

49

9,59

632

89,2

22,7

43

Малдардың ас қорытуын қалыпты жағдайда сақтау үшін, малдарға сығындылармен қоса ірі азықтар (пішен немесе сабан) беру қажет. Қышқыл сығындының әрбір 10 келісіне 0,5 келі ірі азықтан келетіндей етіп есептеу қажет. Ірі азықтарды бұдан аз мөлшерде бергенде малдардың ас қорытуы бұзылуы мүмкін. Жемді малдың жасына қарай алғашқыда 1,5 – 2,0 келіден берсе, екінші бордақылау уақытында 2,0 – 3,0 келіден береді. Тұзды малдың әр бір 100 келі тірі салмағына 20 – 30 г тұздан келетіндей етіп есептеу қажет.

Малдарды сығындымен бордақылау кезінде сығындыны неғұрлым көбірек беруге тырысу қажет. Сығындыны малға тәулігіне үш рет береді. Мал сүйсініп жеу үшін сығындыға 4 – 5 рет араласқан сірне қосады. Сығындымен бордақылаудың тиімділігі азық мәзірінің құрамында ақуыз, дәрумендер және минералды заттар жеткілікті болғанда арта түседі.

Қыста малдарды сығындылармен бордақылағанда суармауға болады. Жазда, малдарды жазғы бордақылау алаңдарында күтіп – баққанда бір бас жас малға 5 -8 л су, ал сақа малға – 12 – 15 л су қажет. Малдарды сығындылармен бордақылағанда байлап ұстаған жөн.