Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Методичка по технол нагула и откорма КРС.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.24 Mб
Скачать

3 Малдарды бордақылауды ұйымдастыру

Сиыр еті өндірісін арттыру және оның сапасын жақсарту көбіне, ірі қара мал шаруашылығы саласын қарқынды дамыту мәселесіне байланысты, атап айтқанда жас малдарды қарқынды өсіру, жайып семірту және бордақылау сұрақтарын дұрыс ұйымдастыруға байланысты болады.

Ірі қара мал етін өндірудің межелі сәті-бордақылау.

Бордақылау – сиыр етін өндіру технологиясының ең соңғы үрдісі. Нәтижесінде малдың тірідей салмағы мен қоңдылығы жоғарылап, етінің сапасы жақсарады. Бордақыланған малдардың етінің шығымы 55 – 60% және одан да көп болады да, етінің дәмділігі жақсарады.

Малдарды қорада байлап бордақылауға және жайылымда бағып семіртуге болады. Малдарды тұрақты түрде бордақылағанда азық – түлік өндірісінің қалдықтарын қоланады – сығынды, төп, сыра өндірісінің қалдықтары, қызылша, сүрлем және пішендеме. Бұл азықтарды ірі азықтармен және жеммен араластырып береді.

Малдарды арнайы мамандандырылған шаруашылықтар мен фермаларда бордақылаған жөн (7 - сурет). Бордақылауға ірі қара малдың жетілдірілген жас төлдері мен бонитировкадан кейін бракқа шығарылған сақа сиырлар қойылады. Жас төлдерді бордақылау ұзақтығы, қолданылатын технологияға байланысты 3 айдан 5 айға дейін созылады, ал сақа малдарды бордақылау ұзақтығы 2 айдан 3 айға дейін созылады.

Бордақылауға қойылатын малдарды жынысы, тірідей салмағы, қоңдылығы бойынша топтарға бөледі. Мал топтарындағы малдардың көрсеткіштері неғұрлым біркелкі болатын болса, бордақылау соғұрлым нәтижелі өтеді. Бордақылаудағы малдарды байлап және бос ұстап бағуға болады. Малдарды қыста байламай бордақылауға арналған қора – жайлардың маңайында серуендеу алаңдары болуы қажет, сондай-ақ, қора – жайларды малға жемшөп беруге арналған қондырғылармен, су беретін астаулармен, науалармен, жемшөпті таратуға және малдың көңін жинауға арналған құрал – жабдықтармен жабдықтау қажет. Малдарды байлап бордақылауға арналған қора - жайлар жақсы желдетілуі қажет.

Жазда малдарды қалқамен жабдықталған, едені қатты материалдардан жасалған, арнайы мамандандырылған бордақылау алаңдарында бордақылайды. Мұндай бордақылау алаңдарын да жемшөпке арналған астаулармен, автонауамен жабдықтайды, ал жемшөпті таратуды және көңді жинауды механикаландыру қажет.

Бордақылаудың нәтижесі ірі қара малдың тұқымына, мал азығының құрылымына және сапалылығына байланысты, әсіресе азық мәзіріндегі қант пен протеиннің «өз ара» қатынасының да маңызы зор.

Малдарды бордақылау кезінде азықтандырудың типі мен азық мәзірлерін қолда бар жемшөптен, малдардың тәулігіне қосатын салмақтары жоспарланған көрсеткіштерге және бордақылау мерзімдеріне сәйкес келетіндей етіп құру қажет. Малдың азық мәзірлерін протеин, минералды заттар, дәрумендер мен басқа да заттары бойынша үйлестіріп құру керек. Сондай-ақ, малдың азық мәзірлеріне негізгі жемшөптермен қоса азық – түлік және қайта өңдеуші өнеркәсіптердің қалдықтарын қосуға болады.

Бордақылаудың нәтижелі өтуі және қосылатын салмақтың бірлігіне жұмсалататын шығындарды төмендету - мал шаруашылығындағы мамандардың (зоотехник мамандар, мал дәрігері, барлық технологиялық үрдістерді атқаратын малшылар) біліктілігіне тікелей байланысты.

7 - сурет Қостанай облысы «Крымское» ЖШС