- •Ғимараттарды, құрылымдарды және құрылымдарды жобалау жұмыстарының орындалу тәртібі
- •Ғимараттарды, құрылымдарды және құрылымдарды жобалаудың элементтері, конструктивті желілері және оларды топтастыру
- •Жобалардың сараптау жұмыстарын жүргізудің реті
- •Ғимараттарды, құрылымдарды және құрылымдарды жобалау жұмыстарының орындалу тәртібі
- •2. Ғимараттарды, құрылымдарды және құрылымдарды жобалаудың элементтері, конструктивті желілері және оларды топтастыру
- •Жобалардың сараптау жұмыстарын жүргізудің реті
- •Қорытынды
Жобалардың сараптау жұмыстарын жүргізудің реті
Әртүрлі тағайындалынатын барлық құрылыс объектілерінің инвести-циялық жобалары, құрылыс қаржыландыру қайнарларынан (мемлекеттік не-месе экономика жеке секторынан) тәуелсіз міндетті түрде сарапталуға жата-ды. Бұл жағдай «Алдын ала жобалау құжаттың бөлек түрлері, сонымен қатар жобалау (жобалау-сметалық) құжаты бойынша сараптау өткізу ережелері», №918 19 тамыз 2002 жылы Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен бекіткен құжатта бекітілген. Бұл Қазақстан Республикасында құрылыс объектілеріне және кешендерге алдын ала жобалау құжаттың бөлек түрлері, сонымен қатар жобалау (жобалау-сметалық) құжаты бойынша сараптау өткізу ережелері Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында сәулеттік, қалақұрылыс және құрылыс қызметтері туралы» Заңына және басқа нормативтік заңға сүйінген актілерге сәйкес өңделген.
Ережелер құрылысқа, қайта құруға, қалпына келтіруге, кеңейтуге, техникалық қайта жабдықтауға, жаңартуға, объекттер мен олардың кешендерін күрделі жөндеуге, коммуникациялар салуға, аумақты инженерлік дайындауға, сәулеттендіруге және көгалдандыруға алдын ала жобалау және жобалау (жобалау- сметалық) құжаттарын сараптауды ұйымдастыру және іске асыру ретін қондырады.
Ережелер Қазақстан Республикасы көлемінде барлық сәулеттік, қала құрылыстық және құрылыстық қызметтер субъекттері үшін міндетті болып табылады.
Жобалар сараптауын, мемлекеттік сараптаудың ерекше хабардарлықтарына жатпайтын, сараптау жұмыстардың лайықты түрлерін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар аттестацияланған жеке тұлғалар (сарапшылар) және аккредиттелген заңды тұлғалар (сараптау орталықтары) жүзеге асырады.
Сарапшыларды аттестаттау және сараптау орталықтарын аккредиттеу құрылыс істері жөніндегі экономика және сауда министірлігінің Комитеті жүзеге асырады.
Мемлекеттік сараптауды Қазақстан Республикасының үкіметі уәкіл етіп сайлаған заңды тұлға жүзеге асырады. Уәкіл етіп сайланған заңды тұлға (мемлекеттік сараптау) анықталған ретте құрылыс істері жөніндегі Комитеттің ведомствоға қарасты ұйымдар тізіміне қосылады.
Жобаларды сараптау жобаларды бекітуге дейін өткізіледі. Жобаларды сараптау шығындарын келісім-шарт негізінде қаралатын жобаның құнына жатқызуымен жүзеге асырылады .
Мемлекеттік тапсырыс есебінен орындалатын сараптау жұмыстарына бағалар мен тарифтерді, уәкіл етіп сайланған орган - құрылыс ісі жөніндегі Комитет, сонымен қатар табиғи монополиялар мен бәсеке қорғауға уәкіл етіп сайланған мемлекеттік органмен келісу бойынша Мемлекеттік сараптау орнықтырады.
Қорытынды
Жобаның (оның бөлек бөлімдерінің немесе тарауларының), өңдеу-шілері болып табылатын, физикалық және заңды тұлғалар, сараптаушылар (сараптау орталықтары) ретінде берілген жобалық (жобалық-сметалық) құ-жаттарға сараптау өткізе алмайды, сонымен қатар берілген жобаға сараптау баға беруге қатысу үшін мемлекеттік сараптаушы ретінде шақырыла алмай-ды.
Мемлекеттік сараптау, сонымен қатар сараптау орталықтары және
сараптаушылар қаралатын жобалар бойынша жасырын міндетті сақтау және сауда құпиясын қамсыздандырулары керек.
Мемлекеттік сараптау, сонымен қатар сараптаушылар және сараптау
орталықтары, бекітуді қабылдауға немесе қабылдамауға ұсынатын, жобалық шешімдер және техника-экономикалық көрсеткіштер бағалау сенімділігіне Қазақстан Республикасының заңдарында қарастырылған, жауапкершілікке тартылады.
Мемлекеттік сараптау, сонымен қатар сараптаушылар немесе сараптау орталықтары жүзеге асыратын, сараптау қызметы, тапсырыс берушіден (меншік иесінен), жоба өңдеушілерінен, келісуші сатылардан, құрылыс-монтаж жұмыстарын іске асыратын мердігерлерден (бас жалдаушыдан), берілген объект құрылысында қолданылатын, құрылыс материалдарын (бұйымдарын, конструкцияларын) өндірушілерден жобалық және келешек құрылыс өнім сапасы үшін жауапкершіліктен босатылмайды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1 СНиП РК 3.02.-01-2001 «Жилые здания».
2 ГОСТ 21.501-93 Правила выполнения архитектурно – строительных рабочих чертежей
3 Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2
