- •1 Лекция. Нейропсихология туралы түсінік
- •2 Лекция. Нейропсихология ғылымының басқа ғылымдар үшін маңыздылығы.
- •4 Лекция. Жпф түрлері зақымдықтары.
- •5 Лекция. Нейропсихология ғылымына үлес қосқан ғалымдар
- •6 Лекция. Психологиядағы бихевиоралды бағыт
- •7 Лекция. Нейропсихология-мүмкіншіліктер мен шекаралар
- •8 Лекция. Бас ми тамырлары зақымданғандағы нейропсихологиялық синдромдар
- •9 Лекция. Клиникалық нейропсихология
- •10 Лекция. Жалпы ми ауруының симптомдары және бас ми тамырларының патологиясы кезіндегі олардың өрбуі, динамикасы
- •11 Лекция. Субарахноидты қан құйылуға төмендегі жалпы ми ауруларының симптомдары
- •12 Лекция. Артериовенозды аневризм кезіндегі нейропсихологиялық синдромдар
- •13 Лекция. Ми тамырларының спазмасы кезіндегі нейропсихолгиялық синдром
- •14 Лекция. Вертебро-базилляр жүйесінде спазмасы негізінде көптеген есте сақтау қабілетінің бұзылуы
- •15 Лекция. Ми тамырларының окклюзилланған жарақаты кезіндегі нейропсихологиялық синдромдар
12 Лекция. Артериовенозды аневризм кезіндегі нейропсихологиялық синдромдар
Артериалды аневризм – ол тамыр ауруы патологиясының бір формасы.
Артериалды аневризм психикалық функцияның бұзылуы
Артериалды аневризм – ол тамыр ауруы патологиясының бір формасы. Ол кезде тамыр стенкаларында дефектілер байқалады, яғни қысылып және біртіндеп тартылады. Артериалды аневризм Виллизиев шеңберінде немесе мидың негізгі бөлігінде орналасады.
Әдетте, тамыр жиналу көлемі жағынан, өзінің жанындағы нерв ткандеріне әсер етпейді. Ол аневризм, яғни қан кету кезінде ми қызметінің бұзылуына алып келеді, ол әдетте субарахноидты түрде болуы мүмкін, алайда кейбір жағдайларда мидағы қатпарларға қан кетуі мүмкін (паренхиматозды қан кету). Аневризммен қан кету тамыр спазмасымен байланысты, оның соңы аневризмге алып келеді.
Артериалды аневризм психикалық функцияның бұзылуына алып келмейді.
Көріп отырғандай, артериалды аневризм кезінде енйропсихологиялық симптомдар, олар субарахноидты қан кету немесе тамыр спазмасы немесе ми ткандеріндегі ишемикалық ошақ кезінде пайда болатын өзгерістер.
Артериовенозды аневризм (АВА) ми тамыр жүйесінің туа біткен ең төмен сатыдағы кемтік, яғни ол артериялардың капилляр жүйесінен асып өтіп, венаға өткен, тамырлар патологиясының ісігінен тұрады.
Артериовенозды аневризм кезіндегі клиникалық синдром екі патофизиологиялық фактормен көрсетіледі. Біріншіден, тамыр конгломераты миды қоршап тұрған ткандерге әсер етеді, сонымен қатар артериовенозды аневризмнан қан кету арқылы болады. Екіншіден, артериовенозды аневризмнің өзі гемодинамиканың өзгеруіне алып келеді, оны қанмен қамтамасыз етіп отырған тамырмен артериалды қанның артериовенозды аневризмге құйылуы арқылы көрінеді.
Артериовенозды аневризм кезіндегі психикалық процестердің бұзылуы, әдетте, онша да қатаң емес, тек қан кетуді ескермесек. Іс жүзінде апраксия, агнозия және афазия сияқты, естің немесе есте сақтау қабілеттің бұзылуы сияқты көріністер болмайды. Сондықтан да бұл форма басқа түрлерден өзгеше болады.
Артериовенозды аневризммен ауырған адамдардың мидың оң жақ және сол жақ бөлігін тексергенде, психикалық функцияның бұүзылуы әртүрлі болатындығын көрсетті. Артериовенозды аневризмның сол жақ бөлігі зақымданғанда ауру адамның уақыт, орын, өзінің ауруы жөнінде білуі сақталады, алайда инерттігі, бір нәрседен екіншісіне көшуде қиыншылық қозғалыссыз болуы (екі қолдың қимылдамауы), есте сақтау қабілетінің бұзылғандығы көрінеді. Ал эмоционалдық реакциясы болымсыз жаққа ауысады (негативизмге).
Артериовенозды аневризмның оң жақ бөлігінде орын алғанда (хроногозия) уақыт бағдарын білмеу, өз ауруы жөнінде ойлаудың бұзылуы, тапсырма орындауында әрекетсіздігі байқалады.
Эмоционалды монотондық, бейқамдылық, өзінің болашағы жөнінде ойламау тағы сол сияқты. Динамикалық праксис артериовенозды аневризмнің контралатериалды бөлігінде, яғни қолда бұзылады.
Сөйлеудің бұзылуы да байқалады, есте сақтаудағы дефектілер модалды-спецификалық емес, артериовенозды аневризмнің сол жақ бөлігінен ерекшелігі, ол есте сақтау қабілетінің қысқаруы, элемент тәртібін сақтаудағы қиыншылықтар. Ал, ойдың бұзылуына келетін болсақ, онда есту және есте сақтау көлемінің қысқаруы, қарапайым заттардың ұмытылуы байқалады.
Сол жақ маңдай бөлігінде орта және латералды тамыр конгломератының орналасуы, артериовенозды аневризмның ошағы жүйесінде де симнтомдары кездеседі. Динамикалық праксис, сөйлеу моторикасы, интеллектуалды процесстер артериовенозды аневризмның латералды орналасуынан бұзылады; ал сөйлеу инициативасы, эмоционалды-жеке сфера-орталық бөлігінде артериовенозды аневризмның орналасуынан бұзылады. Ал оң маңдай жағындағы дисфункцилда ондай ерекшеліктер байқалмайды.
