- •1 Лекция. Нейропсихология туралы түсінік
- •2 Лекция. Нейропсихология ғылымының басқа ғылымдар үшін маңыздылығы.
- •4 Лекция. Жпф түрлері зақымдықтары.
- •5 Лекция. Нейропсихология ғылымына үлес қосқан ғалымдар
- •6 Лекция. Психологиядағы бихевиоралды бағыт
- •7 Лекция. Нейропсихология-мүмкіншіліктер мен шекаралар
- •8 Лекция. Бас ми тамырлары зақымданғандағы нейропсихологиялық синдромдар
- •9 Лекция. Клиникалық нейропсихология
- •10 Лекция. Жалпы ми ауруының симптомдары және бас ми тамырларының патологиясы кезіндегі олардың өрбуі, динамикасы
- •11 Лекция. Субарахноидты қан құйылуға төмендегі жалпы ми ауруларының симптомдары
- •12 Лекция. Артериовенозды аневризм кезіндегі нейропсихологиялық синдромдар
- •13 Лекция. Ми тамырларының спазмасы кезіндегі нейропсихолгиялық синдром
- •14 Лекция. Вертебро-базилляр жүйесінде спазмасы негізінде көптеген есте сақтау қабілетінің бұзылуы
- •15 Лекция. Ми тамырларының окклюзилланған жарақаты кезіндегі нейропсихологиялық синдромдар
10 Лекция. Жалпы ми ауруының симптомдары және бас ми тамырларының патологиясы кезіндегі олардың өрбуі, динамикасы
Жалпы ми аурулары
Бас ми тамырларының патологиясы
Жалпы ми ауруының симптомдары тамырлардың зақымдануы өрбіп кеткен кезде пайда болады, және де оны субарахноидты қан құйылуда байқауға болады (СҚҚ).
Жалпы ми ауруының симптомдарын күрделі симптомкомплекстен ажырату:
1) субарахноидты қан құйылумен ауыратын адамдардың нейропсихологиялық зерттеу анықтамаларымен субарахноидты қан құйылудан бөлек, осыған ұқсас қатарлы аневризм аурулардың анықтамаларын салыстыру арқылы болады;
2) субарахноидты қан құйылудың ең күрделі стадиясынан айыққан аурулардың нейропсихологиялық симптоматикасында өзгерістерді бақылау арқылы болады.
Субарахноидты қан құйылуының ең алғашқы белгілері ол есінен тану, алайда ондай естен тану науқас адамда бола бермейді. Біздің зерттеп отырған тобымыздың 66% - да есінен тану, яғни Виллизиева шеңберінің оң жағындағы аневризм байқалған, ал 33% мидың сол жақ бөлігінде аневризм болған. Ал, есін жинаған кезде 30% науқас адамдарда амнестикалық синдром байқалған. Дегенмен, осындай синдром субарахноидты қан құйылумен ауырмаған 22% адамда болған.
Бұл деректер субарахноидты қан құйылу кезінде адамның есте сақтау қабілетінің бұзылуын оның есінің бұзылуымен байланысты деп айтуға болады, өйткені қысқы уақытта естен тану кезінде 33% адамда амнестиялық синдром байқалған, ал ұзақ уақыт естен танған адамдар арасында - 54% жағдайлар кездескен.
Есін жинағаннан кейін барлық науқас адамдарда кідіру, ұйқышылдық, әрекетсіздік психикалық қызметтің кідіруі байқалған. Тапсырмаларды дұрыс орындай бастап, бірден қателер жібере бастаған, ал соңында тіпті тапсырманы орындаудан бас тартқан. Психикалық процесстер өте баяу жүрген. Мұндай кезеңде науқастардың өзіне, өзінің жағдайына деген қызығушылық болмайды. Кейбір науқастарда қимыл іс-әрекеттері белсенді болып, жан-жаққа алаңдаушылық пайда болады. Ал бұл жағдайлар психомоторлық жағынан адам психикасындағы процесстерге еш көмегін тигізбейді.
Динамикалық бақылау – адамның әрекетсіздігі салдарынан бірте-бірте төмендеуінен , аурулардың қарапайым, жеке әрекеттерді істеуіне алып келді.
Бұл кезеңде – психикалық әрекеттің төмендеуіне байланысты нерв процесстерінің патологиялық инерттігі түрінде нейродинамикалық бұзылуы көрініс тапты. Қандай да бір графикалық немесе қимылдық тапсырма орындағанда, науқастардың жаңа ережеге өтуі мүмкін емес еді, оның орындалуы үшін инертті стереотиппен ауыстырды.
Біртіндеп науқастардың қимылдары белсендірек болды, алайда олардың тұрақсыздығы, іс-әрекет параметрлерінде айқын кідірулер байқалды. Қиын бағдарламаларды орындау дұрыс басталып, бірақ орындай келе қателіктер жасалына басталды, нәтижесінде бастаған ажыраманың аяқтайтын формасы ретінде кездейсоқ жауаптар берілетін. Бұл есте сақтау процесін еркін бақылай алмаушылықты көрсетеді.
11 Лекция. Субарахноидты қан құйылуға төмендегі жалпы ми ауруларының симптомдары
1. Субарахноидты қан құйылу
2. Жалпы ми ауруларының симптомдары
Субарахноидты қан құйылудың күрделі стадиясындағы интерференция жағдайында кідірушілік белгісі, ол есте сақтаудың бұзылу белгілерімен үстем болғандығын көрсетеді.
Жоғарыда атап өткендей естен тану ұзақтығы мидың оң жақ және сол жақ бөлігінде қан құйылудың салдарынан болады. Мидың сол жақ бөлігінде аневризм кезінде науқастар тек бірнеше минутқа есінен танған, тек 25% науқастарда естен тану бір күн немесе одан көп уақытқа созылған, ал мидың оң жақ бөлігінде аневризм кезінде 72% науқастарда естен тану ұзақ уақытқа (12 сағ.көп) созылған, тек 12%-і қысқа уақыт естен тану болған. Бұл нәтижелер мидың оң жақ және сол жақ бөліктері геморрагикалық факторға деген сезімталдығының әртүрлі екендігін көрсетеді.
Сонымен, субарахноидты қан құйылуға төмендегі жалпы ми ауруларының симптомдары мынаған тән: әртүрлі уақытта естен тану, оның дәрежесі және салдары; психикалық процесстермен қоса белсенділік деңгейінің төмендеуі; эмоционалды қажеттілік саласының бұзылуы, жұмыс істеу қабілетінің төмендеуі, тапсырма орындау кезінде кідіру, зейіннің бұзылуы, бағдарлама әрекеттеріне төзімді болмау, оның оңай тапсырмамен ауыстыруға алып келу, немесе стереотиптермен ауыстыру, ми жұмысының нейродинамикалық параметрлерінің бұзылуы және соның салдарынан патологиялық инерттілік түрінде көрініс табуы.
Соңғы кездері аневризиммен байланысты амнестикалық синдромның дефекті, яғни дұрыс сөйлей алмау түрі де кездеседі.
Субарахноидты қан құйылудың суреттеліп отырған түрлері жалпы ми ауруларының синдромының комплексі бас миының травмалық немесе ісік пайда болған кезіндегі психикалық функцияның бұзылу синдромына жатқызуға болады. Әсіресе, ауыр бас ми травмаларын басынан өткізген науқасты, әсіресе есінен тану жағдайлары байқалған кезде осындай ми функциясының бұзылуы көрініс табады. Ал мидағы ісік туралы айтатын болсақ, онда жалпы ми ауруларының симптомдары ішкі бас гипертензиясындағы, яғни ми ткандерінің ісінуінің салдарынан, сонымен қатар нашар ісік кезінде болады.
Жалпы ісіктік немесе тамыр генезистеріндегі жалпы ми ауруларындағы айырмашылық, олардың қарама-қарсы дамуында. Субарахноидты қан құйылу ауыр ми ауруларында пайда болады жәнеде ол біртіндеп жоғала бастайды, ал мидағы ісік жайлап өсіп, тек ми қызметіндегі өзгерістің соңғы стадиясында көрініс табады.
