- •1 Лекция. Нейропсихология туралы түсінік
- •2 Лекция. Нейропсихология ғылымының басқа ғылымдар үшін маңыздылығы.
- •4 Лекция. Жпф түрлері зақымдықтары.
- •5 Лекция. Нейропсихология ғылымына үлес қосқан ғалымдар
- •6 Лекция. Психологиядағы бихевиоралды бағыт
- •7 Лекция. Нейропсихология-мүмкіншіліктер мен шекаралар
- •8 Лекция. Бас ми тамырлары зақымданғандағы нейропсихологиялық синдромдар
- •9 Лекция. Клиникалық нейропсихология
- •10 Лекция. Жалпы ми ауруының симптомдары және бас ми тамырларының патологиясы кезіндегі олардың өрбуі, динамикасы
- •11 Лекция. Субарахноидты қан құйылуға төмендегі жалпы ми ауруларының симптомдары
- •12 Лекция. Артериовенозды аневризм кезіндегі нейропсихологиялық синдромдар
- •13 Лекция. Ми тамырларының спазмасы кезіндегі нейропсихолгиялық синдром
- •14 Лекция. Вертебро-базилляр жүйесінде спазмасы негізінде көптеген есте сақтау қабілетінің бұзылуы
- •15 Лекция. Ми тамырларының окклюзилланған жарақаты кезіндегі нейропсихологиялық синдромдар
7 Лекция. Нейропсихология-мүмкіншіліктер мен шекаралар
Батыс нейропсихологиясында ең басты мәселе
Отандық нейропсихология
Нейропсихологияның жалпы танымал анықтамасы – ол ми және психика іс-әрекетінің байланысы, мимен адам мінез-құлқының байланысы жөніндегі ғылым.
Батыс нейропсихологиясында ең бастысы мінез-құлық мидың жұмыс істеуімен жүзеге асырылатын формула болып табылады. Отандық нейропсихологияда мінез-құлықтың орнына, нақты психикалық функция жөнінде қарастырады. А.Р.Лурий клиникалық материалдар негізінде, әрбір психикалық қызмет, бір жүйеге жиналатын мидың әртүрлі бөлігінің жұмыс істеуімен байланысты болуы мүмкін және де бұл жүйе кез-келген психикалық қызмет жұмысын қамтамасыз етеді деген ойды көрсете білді. Сондықтан Лурийлік нейропсихология ми жұмысының мінез-құлықпен жалпы байланысын ғана емес, мидың әр бөлігінің әртүрлі психикалық функцияны қамтамасыз етуде әрқайсысының рөлін зерттеумен айналысады. Мидың әрбір бөлігі «өзінің бір» затына жауап береді және осы «өзінің бір» дегенді Лурий «нейропсихологиялық фактор» деп айқындады.
Отандық нейропсихологияның мақсаты осы барлық факторларда тауып, мидың әр бөлігінің қызметтерін суреттеп, мидың қалай психикалық қызметі қамтамасыз ететіндігін түсіну немесе ұғыну.
Лурийлік және батыс нейропсихологиясының айырмашылығы неде?
Батыс нейропсихологиясы, психология сияқты тестология негізінде қалыптасты, өсті. Белгілі бір диагноз қою үшін бірқатар тесттер бойынша тексеру жұмыстары жүргізіледі. Тесттік тапсырмаларды орындаудың сандық көрсеткіштері статистикалық нормаларға теңестіріліп және осытеңестіру негізінде диагноз қойылады. Кез-келген батыс клиникасында нейропсихологиялық зерттеулер жүргізілетін жерлерде қатаң тестік әдістер қолданылады. Тексеруден кейін барлық сандық көрсеткіштер жазып алынады және зақымдалған жермен теңестіріледі.
Осындай нақты теңестіру негізінде, нақты ми жүйесінің қандай психикалық функцияның бұзылғандығымен қандай байланысы бар екендігі туралы шешім қабылданды. Отандық нейропсихология басқа принцип бойынша жұмыс істейді. Ол байқалған дефект, симптомның сапалы анализін жасау принципі. Ең алдымен, не, қалай және не үшін зақымдалды, ауырды деген айқындалады. Осы айқындалғаннан кейін, сандық баға беруге болады.
Сандық баға дегеніміз, ол дефекті көрінісінің деңгейі. Мәселен, бір науқас тестте екі қате жіберді, ал екіншісі бес қате жіберді, екеуі де тесттен өте алмады. Біріншісінің аз қате жасауы, ал екіншісінің көп қате жіберуі-нақты зақымның деңгейін көрсетеді. Сондықтан, нейропсихологиялық зерттеулер отандық нейропсихологияда ол тек әдістерді сақтау емес, сонымен қатар, әрбір науқаспен жеке жұмыс істеу. Сондықтан Лурийдің зерттеу әдістерін- «нейропсихология романтигі» деп атауы және де ол басқа нейропсихологиялық әдістердің ішінде ең көре көрінері.
8 Лекция. Бас ми тамырлары зақымданғандағы нейропсихологиялық синдромдар
Тамырлардың зақымдануынан туатын психикалық арулар
2. Нейропсихологиялық синдромдар
Соңғы жылдары тамырлардың зақымдануынан туатын психикалық қызметтердің бұзылуын зерттеумен айналысатын клиникалық нейропсихикалық арнайы мамандандырылған жаңа жеке сапасы пайда болды. Ол саланың өзіндік зерттеу ерекшеліктері бар және психикалық процестердің бұзылуының ерекше синдромына емдеу жұмыстарын жүргізеді. Клиникада бас миының тамырларына осындай нейропсихологиялық тәсілді қолдану, ол тек тамырлардың сезімталдығын ғана емес, сонымен қатар гемодинамикалық өзгерістерге яғни тамырға қан келуінің өзгеруіне әсер ететіндігін көрсетті.
Бас миы тамырларының зақымдалуына артериалды және артеривенозды аневризмдер, бас миы тамырларының спазмасы (гемодинамиканың ерекше бұзылуы немесе қан құюда гемодинамикалық реакция), инсульттер жатады, нәтижесінде тамырлардың қысылып, қан жүрмеуі ми қан айналымының бұзылуына және дисциркуляторлық энцефалопатияға алып келеді.
Жоғарыда аталған ми қан айналымының бұзылуының клиникалық синдромдарының нәтижесінде психикалық функцияның бұзылуының күрделі сиптомдары пайда болады. Бұл нейропсихологиялық синдромдардың пайда болуының бірнеше себептері бар.
Біріншіден, бір тамырдың қан алатын ми жүйесіне тән топтың қызметінің бұзылуы. Мәселен, орта ми артериясынан, қабақ және артқы конверенталды ми бөлігі қан алады, сондықтан осы тамыр патологиясы мен байланысы зақымдану комплексі жоғары аталған барлық ми зоналарының симптомдарын қамтуы мүмкін. Бұл мысалдан көріп отырғандай, клиникадағы мидың ісіктік зақымдануынан туған синдромдардың классификациясы тамырлар патологиясы болған жағдайда зақымданған белгілі ошақты көрсете бермейді.
Осыған орай клиникалық нейропсихологиялық негізгі мақсаты алдыңғы орта және артқы ми артерияларында қан айналымының бұзылуынан туындайты нейропсихологиялық синдромдарда зерттеу болып табылады.
Екіншіден, қан айналымының бұзылуы әртүрлі патогенетикалық механизмге алып келуі мүмкін. Қан айналым түгелдей тамырлаз окклюзиясы кезінде тоқтап қалуы мүмкін (тромбоз, тромбоэмболил), немесе спазяд (ауыр жағдайды) кезінде, стеноз кезінде азайып кетуі мүмкін. Сондықтан мұндай жағдайлардың жеткілікті мөлшерде қанмен қамтамасыз етілмеген нейтропсихикалық симптомдар мен аймағымен байланысты болады.
Сонымен, нейропсихологияның екінші міндеті мен гемодинамикасының бұзылуы нәтижесінде туған психикалық функцияларжың бұзылу симптомдарын классификациялау немесе бөлу болып табылады.
Үшіншіден, бас миы тамырларының зақымдануы тек оларға беретін қан тамырлары мен зоналардың бұзылуынан ғана емес, сонымен қатар өзге ми тамырларының дисгемиясы салдарынан да пайда болады.
Өйткені, тамырлар жүйесінің өзіндік басқарылуы өте жылдам, ж/де олардың әртүрлі қосымша механизмдері бар. Ол мида бір кезде қосымша, субқосымша және деқосымшалық қан айналым зоналардың болуына алып келеді. Нәтижесінде нейропсихологияның тағы бір міндеті туындайды – түгел мидағы және оның жеке зоналарындағы қанайналым шарттарының бұзылуына байланысты туындайтын психикалық функцияның бұзылуын айқындау қажеттілігі. Осындай мәселені шешуде қазіргі таңда эндокваэкуляторлық араласу /тәсіл өте тиімді, ол қанның келуін қалпына келтіреді/.
