- •1 Лекция. Нейропсихология туралы түсінік
- •2 Лекция. Нейропсихология ғылымының басқа ғылымдар үшін маңыздылығы.
- •4 Лекция. Жпф түрлері зақымдықтары.
- •5 Лекция. Нейропсихология ғылымына үлес қосқан ғалымдар
- •6 Лекция. Психологиядағы бихевиоралды бағыт
- •7 Лекция. Нейропсихология-мүмкіншіліктер мен шекаралар
- •8 Лекция. Бас ми тамырлары зақымданғандағы нейропсихологиялық синдромдар
- •9 Лекция. Клиникалық нейропсихология
- •10 Лекция. Жалпы ми ауруының симптомдары және бас ми тамырларының патологиясы кезіндегі олардың өрбуі, динамикасы
- •11 Лекция. Субарахноидты қан құйылуға төмендегі жалпы ми ауруларының симптомдары
- •12 Лекция. Артериовенозды аневризм кезіндегі нейропсихологиялық синдромдар
- •13 Лекция. Ми тамырларының спазмасы кезіндегі нейропсихолгиялық синдром
- •14 Лекция. Вертебро-базилляр жүйесінде спазмасы негізінде көптеген есте сақтау қабілетінің бұзылуы
- •15 Лекция. Ми тамырларының окклюзилланған жарақаты кезіндегі нейропсихологиялық синдромдар
5 Лекция. Нейропсихология ғылымына үлес қосқан ғалымдар
Нейропсихологияның жеке ғылым ретінде дамуы
Нейропсихологияның негізін қалаушылар
Нейропсихология жеке ғылым ретінде ХХ ғасырдың екінші жартысында жаңа пәннің негізгі мазмұны мен шекарасын айқындап берген бірқатар зерттеушілердің жұмысы арқасында пайда болды.
Оның негізін қалаушылары Д.Хебб, Г.Гекен, А.Р.Лурия, Б.Милнер, К.Лешли, Х.Л.Тойбер, К.Прибрам, Р.Сперри және О.Зангвилл.
Біріншіден, олардың барлығы ауру салдарынан немесе эксперименталды бақылаудан пайда болған мидың бұзылуын суреттеумен айналысты, екіншіден, әртүрлі тесттер мен зерттеулер арқылы мінез-құлықтың өзгеруіне объективті анализ жасаушы шұғылданды.
Лешли, бастапқыда зоолог, Дж.Уотсон жасаған бихевиоралды зерттеу әдісін қолданды. Оның Хебб, Сперри және Прибрам сынды ғалымдармен бірлесуі, жаңа пәннің дамуының гүлденген кезеңіне дәл келді.
Кеңес уақыты кезінде клиникалық дәстүрді А.Р.Лурия даммы. І дүниежүзілік соғыстан кейін Лурия Л.С.Выготский және А.Н.Леонтьевпен бірлесе отырып, жаңа психологиялық теорияны жасап шығарды. Онда баланың мінез-құлқы өскен сайын ішкі сөйлеу бақылауына көбірек түседі деген тұжырым жасады. Кейінірек Лурия және Тойбер осындай бақылаудың дамуы мен жүзеге асырылу самай ми бөлігінің әрекетімен байланысты екендігін көрсетті.
Прибрам, нейрохирург жыл сайын мыңдаған адамдар фронталды лоботомияға шалдыққанда зерттеу жұмысымен айналыса бастады. Мұндай операцияларда самайдағы мидың артқы бөліктері қалған мимен байланыстырып тұратын талшықтары бөлінетін. Прибрам лоботомиядан кейін адамның мінез-құлқы мен психикасындағы өзгерістерді зерттеді жәнеде сол самай қыртысының артқы ьөлігі гипоталамуспен және алдыңғы мидың лимбикалық жүйесімен тығыз байланысты болу салдарының әсері екендігін анықтады. (лимбикалық жүйе лат. Limbus- шеті, өйткені ол орта шеттен үлкен жартышар аралығында орналасқан). Ол сонымен қатар, (маймылдарға сынақ жасағанда) сол кезде зерттелмеген мидың басқа да жүйелерін зерттеген. Прибрам және оның шәкірттерінің арқасында нейропсихология эксперименталды ғылым ретінде қалыптасты.
Дамудың бұл сатысында Сперри өз зерттеулері үшін 1981 жылы Нобел премиясымен марапатталды. Сперри мидың екі жартышарын қызметіндегі өзге ерекшеліктерді анықтады. Науқастардың ауызша берген есептерін сараптау арқылы, ол операцияның таңғажайып әсерін тапқан. Ондай науқастарды екі дербес психикасы болған және де олар бір-біріне қарама-қарсы болған. Осындай бақылаулар ақыл-есті зерттеуде әкелген.
6 Лекция. Психологиядағы бихевиоралды бағыт
Бихевиоралды бағыт туралы түсінік
Вербалды мәліметтің маңыздылығы
Бұл жаңа бағыт ХХ ғасырдың ортасында психологияның «бихевиоралды» (ағылшын тілінен алынған, behavior- мінез-құлық) бағыты бойынша дүниеге келді. Алайда, вербалды мінез-құлықтан бас тарту арқылы, ғалымдар өте маңызды ақпарат қорынан айрылатыны анық болды. Зерттеулер көрсеткендей, мінез-құлықтың инструменталды және вербалды типтері мүлдем өзгеше психологиялық процестерді көрсететіндігі анықталды. Ал, осы ерекшеліктер психика деп атайтын тереңірек ұғымға алып келді. Мысалы ретінде, псевдосоқырлық феномені («көз көрмеу»), мидың артқы бөлігінің бұзылуы нәтижесінде пайда болады.
Дененің көптеген бөлігі нерв жолдары арқылы байланысқан мидың қарама-қарсы бөлігімен байланысты. Көру жолдары да осымен түйісіледі, сондықтан мидың желке жақтағы бөлігі зақымданғанда, науқас жан-жағындағын көрмейді. Дегенмен осындай науқастар заттың тұрған жерін дәл көрсете алады немесе оның пішіні мен түсін айта алады. Ал, олардан қалай білдіңіз деп сұрасаңыз, олар тек сұрағанда, олардан- сондай деп ойладық деп таңқаларлық жауап аласыз.
Сонымен, объективті тұрғыдан науқастар көре алады, ал субъективті жағынан олар «көрмейді». Бихевиористер осындай фактілерді түсіндіруде қиналады. Бұған қоса, дәл осындай жағдайда жануарларға тәжірибе өткізгенде және оларды белгілізаттардың суреті бар панелді басуға үйретілгендей етсе, онда олардың интсрументалды мінез-құлқы негізінде қате тұжырым жасаған болар едік, олардың пікірінше, субъективті түрде көру болатын еді.
Вербалды мәліметтің маңыздылығы (эпилепсияның ауыр түрін емдеуде қолданылатын, үлкен жарты шарды байланыстыратын қатпарлы денені бөлу операциясы) мидың жартышарының бірігіп кеткендігімен ауыратын науқастарды зерттеуде көрінді. Науқасқа оң жақтағы затты көрсеткенде, ол оны дұрыс суреттеген, өйткені батыс мәдениетіне жататын, ересектердің көп бөлігінде, сөз сөйлеу сол жақтағы ми бөлігімен бақыланады. Ал затты сол жақта көрсеткенде, науқас оны сөзбен айтуға қиналған, бірақ сол жақта суретті көрсете білген. Олар «сол жақтағы» затты «көре алмағандығын» атап өткен.
