- •Оқу бағдарламасы
- •Физика-математика факультеті Ақпараттық технологиялар кафедрасы
- •Физика-математика факультеті Ақпараттық технологиялар кафедрасы
- •Курс бойынша білімді балмен бағалау көрсеткіші
- •Дәрістердің күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •Дәрістер кешені
- •Ықтималдылық және ақпарат.
- •2.1. Мысалдар
- •2.2 Детерминдік сигналдарды көрсету түрлері.
- •Бұл жағдайда базистік функция ретінде келесі функциялар алынған:
- •Сурет №6 а) ә)
- •1 .Үздіксіз модуляция.
- •Канал мен сигналдың физикалық мінездемелерінің келісімі
- •Эффективті кодтау (Фэно және Шеннон әдістемесі, Хаффмен әдістемесі).
- •1. Мысал
- •3. Мысал
- •Блоктық кодтар.
- •Дәріс №14. Ақпаратты кванттау
- •Тәжірибелік сабақтардың жоспары және әдістемелік нұсқаулар
- •Тапсырма
- •Студенттердің өзіндік жұмыс тапсырмаларын орындаудың күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •Осөж күнтізбелік - тақырыптық жоспары
- •«Ақпараттық жүйелер негіздері» пәнін оқытудағы методикалық нұсқаулар
- •Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыздандыруларының картасы
Дәрістер кешені
Дәріс №1. Ақпараттар теориясының негізгі түсініктері мен міндеттері.
Ақпараттар теориясы - ақпаратты тасымалдаудың сенімді және тиімді тәсілін зерттейтін ғылыми пән.
Ақпаратты тасымалдаудың мақсаты қандай да бір жердегі хабарламаны қажетті жерде шығару немесе тасымалдау болып табылады.
Хабарлама дегеніміз қандайда бір жағдайдың көрінісі. Хабарлама мысалы ретінде белгілі бір ретте орналасқан әріптер жиынтығы – текст болуы мүмкін. Телеграфияда, жіберушімен құрастырылған текст бір жерден, қажетті жерге жеткізіледі. Теледидарда жіберілетін объектілердің айқындылығының үлесуі, берілетін хабарлама болып табылады. Шығарылатын хабарлама – берілген үлестіруге жуығырақ сәйкес келетін, теледидарлық қабылдағыштың экранында, айқындылықтың үлестірілуі.
Хабарламаның басқа да мысалдары: 1) фототелеграмма, 2) телеөлшеулердің нәтижесі, 3) телебасқару жүйесіндегі командалар, 4) радиолакациядағы мақсаттық координаталар, 5) телефониядағы дыбысталатын сөз және т.б.
Қабылдағыш деп шығарылған хабарлама арналған объектіні айтамыз. Қабылдаушы адам (телефония, радиожеліс, телеграфия, теледидар және т.б.) немесе құрал (телебасқару және т.б.).
Ақпаратты тасымалдау, хабарламаның бір рет қана шығарылуына ғана алып келмейді. Ақпараттар теориясында өзгеріп тұратын хабарлама ағыны болады: телеграммалар, командалар, теледидарлық кадрлар тізбегі және т.б. Аталмыш типтегі хабарламаның нақты тізбегін түзетін әртүрлі мүмкіндіктегі хабарлама жиынтығы түрінде қарастыруға болады. Әртүрлі телеграммалар туралы айтуға болады (ескертетін жағдай, сөздер саны шектелген әртүрлі телеграммалар саны соңғы болып келеді, бірақ өте үлкен). Басқа мысал - әртүрлі теледидарлық кадрлар жиынтығы және т.б.
Ақпараттар теориясындағы хабарламаның нақты тізбегі – аталмыш түрдегі әртүрлі хабарламалар жиынтығынан кездейсоқ сұрыптаудың нәтижесі болып табылады, ол – ақпараттар теориясындағы жасалатын негізгі тұжырым. Бұл жағдайда әрбір нақты хабарламаның пайда болуы – берілген ықтималдылығы бар кездейсоқ шама.
Аталмыш түрдегі хабарлама жиынтығы, әрбір хабарламаның сұрыптау ықтималдылығымен бірге – хабарлама көзі деп те аталынады.
Жіберу орнынан қабылдау орнына ақпаратты тасымалдау байланыс жүйесі деп аталынатын техникалық құрылғылар жиынтығымен іске асады.
Байланыс жүйесі таратқыштан, байланыс жүйесінен және қабылдағыштан тұрады.
Таратқыш хабарламаны сигналға ауыстырады.
Сигнал дегеніміз өзгеріп тұратын физикалық шама (қандайда бір физикалық жүйенің жағдайы). Әдетте электромагниттік өріспен өзгеріп тұратын, электрлік сигналмен байланысты болады. Тасымалдау орнында туатын өрістің ауытқуы байланыс желісі деп аталынатын ортада таралады және қабылдау орнына жетеді. Табиғаты электромагниттік емес сигналдар да кездеседі (мысалы, гидроакустикалық жүйелерде).
Қабылдағыш қабылданған сигналды, хабарлама шығару арқылы түрлендіреді.
Байланыс жүйесінің барлық звеноларында кедергі болады (әдетте оларды шартты түрде тек байланыс желістеріне жатқызады. Кедергінің әсерінің нәтижесінде қабылданған сигнал жіберілген сигналдан өзгеше болады. Бұл өзгешеліктер кездейсоқ, алдын ала болжалынбайтын сипатта болады.
Қабылданған сигналды түрлендіру нәтижесінде алынған, қалпына келген хабарлама кедергінің болуына байланысты алғашқы хабарламадан өзгешелігі болуы мүмкін. Шығарылған хабарламаның алғашқы хабарламаға сәйкестік өлшемі ақиқаттылық деп аталынады. Ақиқаттылықты санмен өрнектеуге мүмкіндік беретін, ақиқаттылық критериі хабарламаны жіберуі мен хабарламаны қабылдаушының қасиеттерімен анықталынады. Себебі ақиқаттылық критериі сөзді тасымалдағанда анықтылық, ал телемеханикада телеөлшеудің орташаквадраттық қателік ауытқуының қызметін атқаруы мүмкін және т.б.
Кедергінің бар болуына қарамастан, байланыс жүйесі берілген ақиқаттылықты қамтамасыз ету үшін әрекет жасауы керек.
Байланыс жүйесінде кедергілер көп болған сайын, қажетті ақиқаттылықты табу қиынырақ. Кедергінің артуына байланысты, таратқыштың қуатын немесе тарату ұзақтығын арттыруға және жиілік жолағын кеңейтуге тура келеді.
Ақпараттар теориясының негізгі міндеті – оптималды байланыс жүйесінің принциптерін құру. Оптималды жүйе - жүйенің параметрлерінің (қуаттылығы, жиілік жолағы және т.б.) ең кіші мәндерінде берілген ақиқаттылықты қамтамассыз етеді немесе берілген параметрлерде ең үлкен ақиқаттылықты қамтамассыз етеді.
Бұл жағдайда ақпараттар теориясының міндеттері келісідей:
1. Ақпараттар көзі құрастыратын ақпараттың санын өлшеу. Ақпарат санын есептеу арқылы байланыс жүйесіне деген талапты тұжырымдауға болады;
2. Хабарламаны сипаттаудың қысқартылған тәсілдерін, яғни жалпыланған кванттау және статистикалық кодтауды құрастыру.
3. Берілген параметрлерімен байланыс жүйелері арқылы жіберілуі мүмкін ақпарат санының ең үлкен санын анықтау.
4. Теорияда көрсетілген, шектелген санмен, нақты байланыс жүйелері арқылы жіберілетін хабарламаның санын салыстыру.
Ақпараттың статистикалық өлшемі.
