- •О рал қалалық білім беру бөлімі
- •(Математика пәні мұғалімдеріне арналган нұсқаулық)
- •Орал – 2014 жыл
- •Мазмұны:
- •Тақырыбы: 5,6 сыныптарға арналған қызықты математика
- •«Қызықты математика » 5-сынып пәнінің базалық мазмұны:
- •Математика пәнінен қосымша курс жоспары (34 сағат) 5- сынып
- •Математика пәнінен қосымша курсының жоспары (34 сағат) 6- сынып
- •7.Бұл қалай?
- •Іі. Мағынаны тану
- •Ііі. Толғаныс
- •2. Логикалық есеп
- •6. Қорытындылау
- •7. Үйге тапсырма:
- •Қазақтың байырғы есептері:
- •Ақбота» есептері:
- •«Кенгуру» есептері:
- •4. Викториналық сұрақтар:
- •Жауаптары
- •Курстың мазмұны
- •5 Сынып (аптасына 1сағат, барлығы 34сағат )
- •«Математикалық логика» факультативінің күнтізбелік жоспары
- •1.Ұйымдастыру.
- •2. Жаңа сабақ.
- •3. Қорытындылау.
- •Арифметикалық ребустар
- •Оқу курсы тақырыптарының мазмұны
- •Тақырыптық оқу жоспары (аптасына 2 сағат)
- •5 Сынып
- •Оқу курсы тақырыптарының мазмұны
- •Тақырыптық оқу жоспары (аптасына 1сағат)
- •5 Сынып
- •Оқу курсы тақырыптарының мазмұны
- •Тақырыптық оқу жоспары (аптасына 2 сағат)
- •6 Сынып
- •Оқу курсы тақырыптарының мазмұны
- •Тақырыптық оқу жоспары
- •Оқу курсы тақырыптарының мазмұны
- •Тақырыптық оқу жоспары
- •Курстың мазмұны
- •Математика пәні бойынша 7 сынып тақырыбы «Қоспа, ерітінді, пайызбен берілген есептер шығару практикумы» /аптасына – 1 сағат, барлығы 34 сағ/
- •Математика пәні бойынша 8 сынып тақырыбы «Қоспа, ерітінді, пайызбен берілген есептер шығару практикумы» /аптасына – 1 сағат, барлығы 34 сағ/
- •Аналитикалық тәсілмен шығару
- •Диагональдік әдіс (Пирсон конверті)
- •Мазмұнды есептер шығару ( 8-сынып )
- •Математика пәні бойынша 9 сынып тақырыбы «Арифметикалық , геометриялық прогрессия» /аптасына -1 сағат,барлығы 34 сағ/
- •3. Арифметикалық және геометриялық прогрессия
- •Арифметикалық және геометриялық прогрессия тарихы.
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
«Математикалық логика» факультативінің күнтізбелік жоспары
№ |
Мазмұны |
Сағат саны |
Өтетін мерзімі |
|
Математиканың шығу тарихынан |
11 |
|
1 |
Арифметиканың шығу тарихы |
1 |
|
2 |
Сандар туралы алғашқы түсінік |
1 |
|
3 |
Адамның сандарды алғашқы жазу тәсілі |
1 |
|
4-6 |
Логикалық есептер |
3 |
|
7 |
Гаусс әдісіне есептер шығару |
1 |
|
8 |
Көру иллюзиясына есептер шығару |
1 |
|
9 |
Көзбен мөлшерлеуге арналған викторина |
1 |
|
10 |
Жай және құрама сандар тарихы |
1 |
|
11 |
Бөлшектің шығу тарихы |
1 |
|
|
Математикалық тарихи есептер шығару |
13 |
|
12-13 |
Математикалық тарихи есептер шығару |
2 |
|
14-15 |
Математикалық ойындар |
2 |
|
16-17 |
Арифметикалық ребус |
2 |
|
18-19 |
Сандарды әртүрлі жүйеде жазу |
2 |
|
20-21 |
Математикалық софизм |
2 |
|
22-23 |
Математикалық фокустар |
2 |
|
24 |
Математикалық тарихи викториналар |
1 |
|
|
Теңдеу құруға есептер шығару |
10 |
|
25-26 |
Теңдеу құруға есептер |
2 |
|
27-28 |
Мәтінді есептер шығару |
2 |
|
29-30 |
Математикалық ойындар |
2 |
|
31 |
Процент тақырыбына есептер шығару |
1 |
|
32-33 |
Қиындығы жоғары есептер шығару |
2 |
|
34 |
Көңілді сайыс |
1 |
|
«Қызықты математика әлемінде»
Сыныбы: 5
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушылардың алған білімдерін өмірде, математикалық есептеулерде практикалық іс-әрекеттерде қолдана білу.
2. Дамытушылық: Қабілетті оқушыларды шығармашылыққа баулу, олардың ізденушілік қасиеттерін, ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Еңбек сүйгіштікке, өзін - өзін басқаруға, ұйымшылдыққа және дәлдікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:топтық сайыс
Сабақтың әдістері:жарыс, сұрақ-жауап, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивтік тақта, команданың эмблемасы, таратпа материалдар.
Сабақтың барысы:
1-жүргізуші: Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар! Білім іздеп, инемен құдық қазғандар, Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді. Би билеп, ән де бүгін шырқалар - дегендей, қош келіпсіздер бүгінгі ойнымызға.
2-жүргізуші: Әркімнің өз бақыты талғамы да
Қасиетті де, бойдағы арманы да
Дана халқым қабыл ал сәлемімді
Математика сүйер жас қауым алдарыңызда!
Сайысуға келдік біз қуанышпен,
Өнер, білім көрсетіп жарысуға
Сынау үшін өздерінің бақтарын
Шықсын кәне, өнерімен ортамызға. Ортаға 5-ші сынаптар топтарын шақырамыз. Қошеметпен қарсы алыңыздар!
1-жүргізуші:
Мінеки залда тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк,
Мұны бізде қоштаймыз,
Кешіккенді тоспаймыз.
Ғылымдардың ғылымы
Математика жайында
Сайысты біз бастауға,
Әділ қазы сайлаймыз.
1. __________________________________________
2. __________________________________________
3. __________________________________________
Сайыс барысы:
І-тур. Топтың таныстыруы
ІІ-тур. «Кім алғыр?» ойыны
1. Шырпымен ойын.
2. Сөз құрастыру
3. «Адымда - ойлан» ойыны (математикалық терминдер)
ІІІ-тур. Ойнайық та, ойлайық «Мақал- мәтелді жалғастыр»
IV-тур.Математикалық фокус.
1. Сиқырлы сандар.
2. Сиқырлы шаршылар.
3. Көңілді көбейту.
V-тур. Математикалық лото ойыны
VI-тур. Топ басшылар сайысы. Семантикалық карта
1-жүргізуші: Бүгінгі шәкірт ертеңгі азамат. Сол азамат бойында тапқырлықты, алғырлықты қалыптастыру мектеп қабырғасынан басталады.
2-жүргізуші: «Білімді азамат –ел ертеңі», «Білікті бірді, білімді мыңды жығар» деген халықтың даналық сөзі бар- дей отырып сіздерге Ақ жол тілейміз.
1-жүргізуші:
І-тур.Топтың таныстыруы
Енді бірінші сайысымызда топтарға сәттілік тілеп, таныстыру сайысын бастаймыз. (Әр топ өздерін таныстырады)
2-жүргізуші:
ІІ-тур. «Кім алғыр?» ойыны:
1. Шырпымен ойын.
2. Сөз құрастыру.
3. «Адымда - ойлан» ойыны. Математикалық терминдер.
1. Шырпымен ойын.
а)11 шырпыны қолданып үш тең шаршы және 12 шырпымен екі шаршы құрастыру.
ә) 10 шырпыны қолданып үш тең шаршы және 12 шырпымен бес шаршы құрастыру .
2. Сөз құрастыру.
а) осуқ, аузйта, ретат, өйбутек, уөбл. (артық сөздің астын сызу)
ә) бершең, тремдиа, усиадр, тренц, тепмек. (артық сөздің астын сызу)
3. « Адымда - ойлан» ойыны. Математикалық терминдер.
а) П әрпінен басталатын математикалық термин сөздерді адымдап айту керек.
ә) С әрпінен басталатын математикалық термин сөздерді адымдап айту керек.
1-жүргізуші:
Өз ойыңды жүйелейтін,
Алған білімді түйіндейтін,
Әр нәрсенің жауабын тез
Есте сақтап күлімдейміз.-дей отырып, келесі сайысымызға көшелік.
Ойнайық та, ойлайық.
ІІІ-тур «Мақал-мәтелді жалғастыр» ойыны (әр топқа кезекпен мақал-мәтелдердің бастамасы оқылады).
1. Екі жақсы қас болмас, екі жаман дос болмас.
2. Бес бармақ жиналса, жұдырық болады.
3. Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге тарайды.
4. Бір кісі қазған құдықтан, мың кісі су ішеді.
5. Досыңды үш күн сынама, үш жыл сына.
6. Бір түйір дәнде, бір тамшы тері бар.
7. Алты аға бірігіп әке болмас, жеті жеңгең бірігіп ана болмас.
8. Ер бір рет өледі, қорқақ мың рет өледі.
9. Қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ.
10. Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
11. Бір тал кессең,он тал ек.
12. Алдыңа бір қарасаң, артыңа он қара.
2-жүргізуші:
Шыққанша құмардан
Талмай есеп шығарған
Дәл бүгінгі кездесуде
Білімменен сыналған деп, келесі сайысымызға көшелік.
IV-тур Математикалық фокустар.
1. Сиқырлы сандар (1 топқа екі тапсырмадан)
а) арифметикалық амалдар қолданып төрт 9 цифрын пайдаланып, 10-ды жаз.
ә) арифметикалық амалдар қолданып төрт 7 цифрын пайдаланып, 78-ді жаз.
а) арифметикалық амалдар қолданып үш 6 цифрын пайдаланып, 30-ды жаз.
ә) арифметикалық амалдар қолданып алты 7 цифрын пайдаланып, 100-ды жаз.
2. Сиқырлы шаршылар.
а)Тоғыз тордан тұратын сиқырлы шаршыға 20-ға дейінгі жұп сандарын қай бағытта алсақ та, қосындысы 30 шығатындай етіп орналастыру керек..
ә) Тоғыз тордан тұратын сиқырлы шаршыға 20-ға дейінгі тақ сандарын қай бағытта алсақ та, қосындысы 33 шығатындай етіп орналастыру керек.
3. Көңілді көбейту. Екі топ бір-біріне екі таңбалы екі санды айтады. Ол санды топтан бір оқушы шығып тақтада көзі байлаулы тұрғанда көбейтуді орындайды.
«Көрермендер көзайымы» ойыны (жұмбақ жасыру)
1-жүргізуш:
Жібермейміз есе біз,
Ғалым болып өсеміз.
Көзді ашып, жұмғанша ,
Есепті де шешеміз деп, кезекті Математикалық лото ойынына береміз.
V-тур Математикалық лото ойыны
Арифметика
1. Қоян мен түлкі жүгіріп бара жатыр. Қоян 100 дм, ал түлкі 10 м жүгіреді. Екеуінің қайсысы орманға бұрын жетеді? (10 ұпай)
2. 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 0 сандардың несі көп: көбейтіндісі ме, әлде қосындысы ма? (20 ұпай)
3. Сауда жасау үшін 19 теңге төлеу керек. Сенде тек қана 3 теңгелік ақшалар, ал сатушыда тек 5 теңгелік ақшалар бар. Ақшаны қалай төлейсіз? (30 ұпай)
Есепте
1. Егер ойлаған санды 3-ке көбейтіп, оны 70-тен азайтса, сонда 34 саны шығады. Ол қандай сан? (10 ұпай)
2. Бір сан екінші саннан 4 есе көп, ал олардың қосындысы 20-ға тең. Осы сандардың ең кішісін тап. (20 ұпай)
3. Сыныптағы 15 оқушы көркем өнерпаздар үйірмесіне қатысады. Олардың ішінде 9 оқушы домбра тартады, 10 оқушы өлең айтады. Неше оқушы өлең де айтады, домбыра да тартады? (30 ұпай)
Формула
1. Квадраттың ауданы 49 см2, оның периметрі нешеге тең? (10 ұпай)
2. Бірінші шаршының ауданы 16 м2, екінші шаршының ауданы одан 4 есе үлкен. Екінші шаршының периметрін тап. (20 ұпай)
3. Қағаздан үш шаршы кесілген. Бірінің қабырғасы 4 см, ал қалған екеуінің қабырғалары 2 см-ден. Олар бір-біріне төртбұрыш болатындай етіп қосылған. Осы төртбұрыштың периметрін тап. (30 ұпай)
Логика
1. 6 терек өсіп тұр, ал әр теректе үлкен 6 бұтақ бар, ал әр бұтақта 6 кіші бұтақ бар, ал әр кішкентай бұтақта 6 алма өсіп тұр. Барлығы қанша алма бар? (10 ұпай)
2. Екі адамның бірі ылғи жалған, екіншісі ылғи шын айтады. Екеуі бірдей жауап беру үшін, оларға қандай сұрақ қоюға болады? (20 ұпай)
3. Әкесінің жасы 27-де болғанда, ұлы небары 3 жаста еді. Ал қазір ұлының жасы әкесінің жасынан 3 есе кіші. Әрқайсысы неше жаста? (30 ұпай)
Әр нәрсенің бастауы
Жетекшіге тиісті.
Оның әрбір істері
Өз ісінің жемісі. -дей отырып Топ басшылармен сайысты бастайық.
VI-тур. Топ басшылар сайысы
Семантикалық карта (тапсырманы орындап, жасырылған сөзді табу) «Ұлыс оң болсын!», «Ақ мол болсын!» сөздері жасырылған.
|
жауап |
|||||||||||
Тапсырма |
2 |
3 |
7 |
5 |
24 |
64 |
99 |
10 |
6 |
90 |
425 |
10,25 |
5х=35 |
М |
К |
Ұ |
Ы |
В |
Ф |
Ц |
М |
К |
Д |
И |
Я |
4х=12 |
С |
Л |
У |
Д |
Ж |
Р |
Ч |
Я |
Ю |
Т |
Қ |
І |
7х=70 |
И |
Т |
Л |
Б |
Я |
У |
О |
Ы |
Ң |
Ғ |
Д |
Ц |
82 |
Ц |
У |
К |
П |
Р |
С |
А |
Л |
Д |
Щ |
Ш |
М |
25*17 |
Ң |
Н |
Г |
Щ |
З |
Ж |
Ю |
Б |
Т |
Ч |
О |
Ф |
10+0,25 |
У |
К |
Т |
Н |
Д |
В |
С |
Ү |
Ю |
Ү |
Ө |
Ң |
9,6*2,5 |
А |
Ф |
С |
Т |
Б |
Ч |
К |
Қ |
Ө |
У |
Т |
Я |
80:16 |
Ы |
Қ |
Ө |
О |
И |
С |
Б |
Ю |
Я |
К |
Т |
Ф |
Ең кіші жай сан |
Л |
Ц |
У |
Т |
Н |
Ш |
З |
Х |
Ү |
Ң |
Ғ |
М |
Ең үлкен екі таңбалы сан |
И |
Б |
Ш |
А |
Я |
Ц |
С |
Р |
Л |
Д |
М |
Ү |
Тік бұрыш шамасы нешеге тең? |
К |
Д |
Ц |
Х |
Ж |
Ч |
Ф |
Б |
З |
Ы |
Ң |
Ұ |
5х+14=16 |
М |
О |
Ө |
В |
Т |
А |
Щ |
Ұ |
Н |
Я |
Ж |
З |
|
жауап |
|||||||||||
Тапсырма |
10 |
1 |
330 |
4 |
121 |
7,5 |
26 |
5 |
12 |
100 |
17,25 |
180 |
7х=35 |
Ц |
К |
Е |
У |
Р |
О |
Ө |
А |
Л |
С |
Т |
Д |
3х=12 |
Ф |
В |
Ы |
Қ |
Л |
У |
Ц |
Е |
Ғ |
І |
Ң |
Ю |
8х=80 |
М |
Ф |
С |
И |
Ч |
Я |
Ю |
Н |
Ң |
Ү |
К |
Й |
112 |
Й |
У |
Е |
К |
О |
Р |
Л |
Г |
Щ |
З |
Х |
Қ |
22*15 |
В |
А |
Л |
Ы |
У |
Й |
Т |
Щ |
З |
Э |
Қ |
Ү |
15+2,25 |
Й |
К |
Н |
Г |
Щ |
З |
Р |
Т |
К |
Қ |
Б |
Ө |
1,25*6 |
Р |
Ш |
И |
М |
Ы |
О |
К |
Б |
Ю |
Ш |
Ң |
І |
78:3 |
М |
О |
Е |
У |
И |
С |
Л |
Д |
Х |
Ө |
Ұ |
Қ |
Ең кіші натурал сан |
Ч |
С |
И |
Б |
Ш |
Щ |
З |
Ү |
Ұ |
І |
Ғ |
Ң |
Ең кіші үш таңбалы сан |
+ |
Қ |
О |
С |
К |
Қ |
Ө |
Б |
М |
Ы |
Щ |
Э |
Жазыңқы бұрыш нешеге тең? |
М |
* |
Т |
Ж |
Ч |
/ |
В |
Ф |
Я |
Щ |
Ө |
Н |
8х-29=67 |
Ш |
Л |
Ю |
Э |
- |
Ц |
Й |
В |
! |
Я |
Э |
Г |
1-жүргізуші:
Көрермендермен ойын
Музыкалық сәлем. Қазылар алқасы сайыс қорытындысын шығарғанша, музыкалық номерді тамашалайық. «Ертегілер» әнінің әуеніне келтіріп, «Есептер» әнін орындайды.
Қорытынды. 2-жүргізуші:
Жарыс заңы ежелден
Жеңімпазды анықтау
Женімпаз болу шарты сол
Еңбектеніп, жалықпау.
Сөз әділ-қазылар алқасына беріледі.
Қанып сандар сырына,
Шықсақ білім шыңына.
Деп алаулап жүрегі
Қосқан әуен жырына,
Математиктер жасасын!-дей отырып, топтарды ортаға шақырамыз.
1-жүргізуші:
Ғылым жолы бірде жеңіл, бірде қатты.
Ақыл-ойлар әлемді арбап алды.
Математика ғылымдар патшасы атты
Таңырқатып, аңыз қылған адамзатты.
Келер ұрпақ даналарға ұқсап туса,
Омар Хайям, Әл – Фараби жолын қуса,
Елімнің болашағы гүлденеді.
Ғылымның шамшырағы жанып тұрса.
Алдыңызда жайнаған жүздер әні
Сіздерменен кездерсеміз біздер әлі.
Әділ –қазы көрермен сау тұрыңыздар
Күтеді бізді жарқын күндер әлі.
Осымен «Қызықты математика әлемінде» атты көңілді тапқырлар сайысы аяқталды. Келесі кездескенше, сау – саламат болыңыздар!
Сабақтың тақырыбы: «Математикалық эстафета»
Сыныбы: 5
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың математикадан алған білімдерін тереңдету, өткен тақырыптар бойынша білімдерін пысықтау, оқушының ой-өрісін кеңейту;
Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыра отырып, есте сақтау қабілетін дамыту арқылы өз ойын еркін жеткізе білу дағдысын қалыптастыру;
Тәрбиелілік: Оқушыларды ұқыптылыққа, тапқырлыққа, жауапкершілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Қатысушылар: 5-ші сынып оқушылары 6 топ (4оқушыдан)
Сабақтың түрі: топтық сайыс
Сабақтың әдістері: жарыс, сұрақ-жауап, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: слайд, плакат, эмблема, дидактикалық материалдар, топшамалар, доп
Сабақтың барысы:
1-жүргізуші:
Асыл тастан, өнер жастан
Шығады деп дарынды,
Халық айтса қалт айтпайды,
Әр қашанда нанымды, – деп Абай атамыз айтқандай 5-ші сыныптар арасында өткелі тұрған сайысымызды бастаймыз.
2-жүргізуші:
Математика ғылымдар патшасы деп,
Мойындаған бар ғылым жер шарында.
Сол қағида тағы да дәлелденбек,
Бүгінгі кеш бағдарлы жоспарында.
1-жүргізуші:
Математика, математика қандай қиын,
Оқымасаң шешілмейді ешбір түйін.
Амалдардың тек қана көмегімен,
Орындалар сансыз көп байлам түйін.
2-жүргізуші:
Болашақ білім – ғылым тұтқасыда,
Мұны әркім әрқашан ұстасында.
Заманның компьютердей кезеңінде
Математика тағы тұр көшбасында.
1-жүргізуші:
Ендеше құрметті ұстаздар мен оқушылар бүгінгі «Математикалық эстафета» атты сайысымызға қош келдіңіздер. Сайысымызды бастамастан бұрын, әділ төрелік ететін, топтардың еңбектеріне баға беруші ұстаздарымызды таныстырып өтейік.
2-жүргізуші:
І кезең. Бүгінгі сайыстың алғашқы кезеңі «таныстыру». Әр топ өз топтарының аттарымен, ұрандарымен, эмблемаларымен таныстарады. Бірінші болып 5 «а» сыныбын ортаға шақырамыз (барлық топтар таныстыруларын аяқтаған соң, әділ қазылар әр топқа берген өз ұпай сандарын айтады).
1-жүргізуші:
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жетелер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер – деп келесі кезеңіміз «викторина» кезеңін бастаймыз.
ІІ кезең «Викторина сайысы».
Мұнда тақтада әр топқа төрт-төрттен тапсырмалар жазылған. Топ басшысы өз камандасына белгілі бір түсті математикалық фигура таңдайды, содан соң әр сайыскер аяғына допты қыстырып алып, тақтадағы тапсырмаларды орындайды. Бір оқушы болған соң екінші оқушыға допты береді. Келесі сайыскер ортаға шығады, солай жалғасып кете береді. Бұл кезеңде ең бастысы шапшаңдық, әрі тапсырмаларды дұрыс орындау.
Бірінші болып 5 «а», 5 «в», 5 «д» топтары жарысады, содан соң келесі үштік жарысады. 1-ші болған командаға – 3 ұпай, әр дұрыс жауап 1 ұпай.
1-ші топ:
Ең кіші екі таңбалы сан. (10)
Егіз сандар дегеніміз не? (Айырмасы 2-ге тең екі жай санды егіз сандар деп атаймыз)
15 санының барлық бөлгіштерін ата. (1, 3, 5, 15)
Радиусы 4 см шеңбердің диаметрін табыңыз. (Диаметрі – 8 см)
2-ші топ:
Ең кіші үш таңбалы сан. (100)
Жұп сандар дегеніміз не? (2-ге бөлінетін натурал сандарды жұп сандар деп атайды)
12 санының барлық бөлгіштерін ата. (1, 2, 3, 4, 6, 12)
Радиусы 5 см шеңбердің диаметрін табыңыз. (Диаметрі – 10 см)
3-ші топ:
Ең үлкен екі таңбалы сан. (99)
Тақ сандар дегеніміз не? (2-ге бөлінбейтін натурал сандарды жұп сандар деп атайды)
16 санының барлық бөлгіштерін ата. (1, 2, 4, 8, 16)
Радиусы 8 см шеңбердің диаметрін табыңыз. (Диаметрі – 16 см)
4-ші топ:
Ең үлкен үш таңбалы сан. (999)
Құрама сандар дегеніміз не? (Екіден көп бөлгіштері бар натурал сандарды құрама сандар деп атаймыз)
18 санының барлық бөлгіштерін ата. (1, 2, 3, 6, 9, 18)
Радиусы 7 см шеңбердің диаметрін табыңыз. (Диаметрі – 14 см)
5-ші топ:
Бір ғасырда неше жыл? (100)
Натурал сандар дегеніміз не? (Санау үшін қолданылатын сандарды натурал сандар деп атаймыз)
10 санының барлық бөлгіштерін ата. (1, 2, 5, 10)
Радиусы 3 см шеңбердің диаметрін табыңыз. (Диаметрі – 6 см)
6-шы топ:
Бір киллометрде неше метр (1000м)
Жай сандар дегеніміз не? (1-ге және өзіне ғана бөлінетін натурал сандарды жай сандар деп атаймыз)
14 санының барлық бөлгіштерін ата. (1, 2, 7, 14)
Радиусы 6 см шеңбердің диаметрін табыңыз. (Диаметрі – 12 см)
Әділ қазылар топ ұпайларын санап айтады.
2-жүргізуші:
Оймен кәне көк теңізін кешіңдер,
Жарқ-жұрқ еткен неше түрлі есімдер.
Айтылғанда математикалық есептер,
Зейін салып, зердеменен шешіңдер – деп келесі кезекңіміз «логика» кезеңін бастаймыз.
ІІІ кезең «Логика». Әр түрлі тақырыптар бойынша күрделілігі әр түрлі бірнеше логикалық есептер беріледі. Алғашқы 2 кезең бойынша ұпай саны жағынан алда тұрған топ бірінші болып сұрақты таңдайды, содан соң керісінше ұпай саны аз топ бірінші болып сұрақ таңдайды. Әр топқа 2 сұрақтан келеді, ойлануға 5 минут уақыт беріледі. 5 минуттан соң таңдау кезегі бойынша оқушылар өз жауаптарын айтады, әділ қазылар ұпай сандарын белгілеп отырады.
Көңілді сұрақтар:
5 – Тәулік қай мезгілде қысқарырақ. Қыста ма, әлде жазда ма?
10 – Бір жанұяда 5 ұл бар, олардың әрқайсысының 1 қарындасы бар. Жанұяда неше бала бар?
15 – Бес май жанып тұр. Екеуін сөндіріп тастаса, неше май шам қалады?
Қазақтың байырғы есептері:
5 – Түйеқұс екі аяғымен тұрғанда бір пұт тартса, бір аяғымен тұрғанда канша тартады?
10 – Он-оннан асығы бар үш бала өзара асық ойнады. Ойыннан соң біріншісі екіншісіне карап канша асык ұттык - дейді. Ол онша көп ұтқыза коймаппың, сегіз асығым калыпты, - деді.
- Онда сендегі барлык асык менің ұтып алған асығыма тең екен, - дейді. Үшінші бала асыктарын түгендеп түрып,
- Ен көп асыктан ұтылган мен болдым, -дейді мүңайып бірінші бала. Ойыннан кейін кімде неше асык болды?
15 – Жайылымда бұзаулар мен қаздар жүр. Бұзаулардың аяқтарының жалпы саны 392, ал қаздардың аяқтарының саны бұзаулардың санынан 94-і кем. Жайылымда неше қаз және неше бұзау жайылып жүр?
Қанша екенін тап:
5 – Бір-бірімен жарысқан,
Бес аю, бір арыстан
Екі қой мен үш түлкі
Бәрі нешеу кім білді?
10 – Бес бұтақты ағашта,
Бұтақ сайын бес алма,
Біреуін бер Алашқа,
Қалады сонда қанша алма?
15 – Екі бұтақта 15 торғай отыр. Бірінші бұтақтан 3 торғай ұшып кетті. Екінші бұтақтағы 2 торғай ұшып бірінші бұтаққа қонғанда, екі бұтақтағы торғайлар саны бірдей болды. Алғашқыда бұтақтардың әрқайсысында қанша торғай болды?
Мақал-мәтелдер:
5 – Жеті жұрттың тілін біл , ...
10 – Білгенің бір тоғыз, ...
15 – Досыңның мың болғанына мақтан, ...
Әділқазылар ұпай сандарын айтады.
1-жүргізуші:
Келесі кезеңімізді бастамастан бұрын ортаға әр топтың сынып жетекшілері мен мұғалімдері шақырылады.
ІY кезең «Сөз тіркесі» деп аталатын бұл кезеңде әр топ басщысы математикалық термин жазылған қағаз таңдайды. Топ мүшелері сол сөздің соңғы әріпінен басталатын жаңа математикалық термин жазып осылай 1 минут ішінде жалғасады. Мысалы: Квадрат – төрт – төртбұрыш т.с.с.
Бөлгіш, Еселік, Жұп, Дөңгелек , Диаметр, Қасиет
Қанша терминнен құралған сөз тіркес болса, сонша ұпай саны беріледі.
2-жүргізуші:
V кезең « Жаңылдырып көр!» деп аталады. Бұл кезеңде ортаға топ басшылары шақырылады. Бірінші оқушы бір сан айтады, келесі оқушы бірінші оқушының айтқан санына өзінің санын қосып айтады, келесі оқушы бірінші және екінші оқушылардың санына өзінің санын қосып айтады. Бір оқушы жаңылғанша солай жалғаса береді. Бірінші шығып кеткен оқушының тобына 1 ұпай, екіншісіне 2, үшіншісіне 3, төртінші шыққан оқушының тобына 4 ұпайдан , бесінші шыққан оқушының тобына – 5 ұпай қосылады. Жеңген оқушының тобына 6 ұпай қосылады.
1-жүргізуші:
VІ кезең « Танграмма ойыны» деп аталады.
Танграм – шамамен 4000 жылдық тарихы бар қытай ойыны. Белгілі бір қатынаста кесілген 7 әртүрлі фигуралар арқылы алдын ала білетін немесе жаңадан ойлап қалаған бейненің кескінін келтіру.
Ойын шарты: Әрбір құрастырылатын бейне ойының барлық жеті фигурасымен құрастырылуы тиіс, яғни жетіден аз таспен құрастырылған бейне Танграм ойыны болып есептелмейді.
- Фигуралар бірінің үстіне бірі шығып кетпеу керек, бір жазақтықтың бойымен ғана орналасады.
- Фигуралар бір – біріне толықтай немесе белгілі бір бөлігі тиіп тұрады. Ең болмағанда бір нүктеде жанасып тұруы тиіс. Яғни, қандай да бір фигура қалғандарына алшақта тұра алмайды. Бұлай болса ойын шарты бұзылады.
2-жүргізуші:
Біреу озса жарыста,
Біреу артта қалады.
Ренжімей тараса,
Озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол,
Еңбектену жалықпау.
1-жүргізуші:
Жарыстың соңғы сәті таяп қалды,
Демеңіздер біз өнерді аяп қалды.
Әділқазы сіздерге сөз береміз
Жеңімпаздар кім болып сарапталды?!
Қорытынды сөз әділқазыларға беріледі.
Соңында жеңімпаз топ марапатталады.
Сабақтың тақырыбы: Математикалық, арифметикалық ребустар
Сабақтың мақсаты:
Білімдік мәні: Оқушыларға арифметикалық ребустар және оны шешу жолдары туралы ақпарат беру.
Дамытушылық мәні: Алған білімдерін өмірде қолдана білуге, топпен жұмыс істеуге үйрету.
Тәрбиелік мәні: Оқушыларды ұйымшылдыққа, өз ойын еркін жеткізе білуге, жан-жақты азамат болуына тәрбиелеу.
Көрнекілік құралдар:арифметикалық ребустар, тапсырмалар, слаидтар, интерактивті тақта.
Сабақтың түрі: ойын,сайыс сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері:көрнекілік, сұрақ-жауап.
Сабақ барысы:
