- •О рал қалалық білім беру бөлімі
- •(Математика пәні мұғалімдеріне арналган нұсқаулық)
- •Орал – 2014 жыл
- •Мазмұны:
- •Тақырыбы: 5,6 сыныптарға арналған қызықты математика
- •«Қызықты математика » 5-сынып пәнінің базалық мазмұны:
- •Математика пәнінен қосымша курс жоспары (34 сағат) 5- сынып
- •Математика пәнінен қосымша курсының жоспары (34 сағат) 6- сынып
- •7.Бұл қалай?
- •Іі. Мағынаны тану
- •Ііі. Толғаныс
- •2. Логикалық есеп
- •6. Қорытындылау
- •7. Үйге тапсырма:
- •Қазақтың байырғы есептері:
- •Ақбота» есептері:
- •«Кенгуру» есептері:
- •4. Викториналық сұрақтар:
- •Жауаптары
- •Курстың мазмұны
- •5 Сынып (аптасына 1сағат, барлығы 34сағат )
- •«Математикалық логика» факультативінің күнтізбелік жоспары
- •1.Ұйымдастыру.
- •2. Жаңа сабақ.
- •3. Қорытындылау.
- •Арифметикалық ребустар
- •Оқу курсы тақырыптарының мазмұны
- •Тақырыптық оқу жоспары (аптасына 2 сағат)
- •5 Сынып
- •Оқу курсы тақырыптарының мазмұны
- •Тақырыптық оқу жоспары (аптасына 1сағат)
- •5 Сынып
- •Оқу курсы тақырыптарының мазмұны
- •Тақырыптық оқу жоспары (аптасына 2 сағат)
- •6 Сынып
- •Оқу курсы тақырыптарының мазмұны
- •Тақырыптық оқу жоспары
- •Оқу курсы тақырыптарының мазмұны
- •Тақырыптық оқу жоспары
- •Курстың мазмұны
- •Математика пәні бойынша 7 сынып тақырыбы «Қоспа, ерітінді, пайызбен берілген есептер шығару практикумы» /аптасына – 1 сағат, барлығы 34 сағ/
- •Математика пәні бойынша 8 сынып тақырыбы «Қоспа, ерітінді, пайызбен берілген есептер шығару практикумы» /аптасына – 1 сағат, барлығы 34 сағ/
- •Аналитикалық тәсілмен шығару
- •Диагональдік әдіс (Пирсон конверті)
- •Мазмұнды есептер шығару ( 8-сынып )
- •Математика пәні бойынша 9 сынып тақырыбы «Арифметикалық , геометриялық прогрессия» /аптасына -1 сағат,барлығы 34 сағ/
- •3. Арифметикалық және геометриялық прогрессия
- •Арифметикалық және геометриялық прогрессия тарихы.
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
Мазмұнды есептер шығару ( 8-сынып )
P∕c |
Өтілетін тақырыптар мазмұны |
Сағат саны |
Өтілетін мерзімі |
Кіріспе бөлімі 2 сағат |
|||
1 |
Мәтін есептер және оны шешу туралы |
1 |
|
2 |
Байырғы есептер |
1 |
|
Сандық тәуелділік есептері 18 сағат |
|||
3-4 |
Сандар мен оның цифрларының өзара байланысына қатысты есептер |
2 |
|
5-6 |
Санның бөліктеріне қатысты есептер |
2 |
|
7-8-9 |
Санның пропорционалдық қатынастарға байланысты есептері |
3 |
|
10-11 |
Бүтін сандық мәселе есептер |
2 |
|
12-13 |
Санның пайызын табу. Пайызы бойынша санды табу |
2 |
|
14-15 |
Шамалардың өзгеруін пайызбен көрсету |
2 |
|
16-17-18 |
Пайызға байланысты қиындатылған есептер |
3 |
|
19 |
тест |
1 |
|
20 |
Тест жұмысын талдау |
1 |
|
Іс әрекеттік тәуелділік есептері 30 сағат |
|||
|
Қозғалысқа байланысты есептер |
11 |
|
21-22 |
Түзу бойымен бірқалыпты қозғалысқа есептер |
2 |
|
23-24 |
Өзен ағысына байланысты есептер |
2 |
|
25-26-27 |
Жұмысқа байланысты есептер |
3 |
|
28-29 |
Бірлесіп істеген жұмысқа берілген есептер |
2 |
|
30 |
Тест |
1 |
|
31 |
Тест жұмысын талдау |
1 |
|
Экономикалық мағыналы есептер 7 сағат |
|||
32-33 |
Өндірістік мазмұнды есептер |
2 |
|
34-35-36-37 |
Өнім, кіріс, шығысқа арналған есептер |
4 |
|
38 |
Өзіндік жұмыс |
1 |
|
Әр түрлі қоспаларға арналған есептер 12 сағат |
|||
39-40 |
Таразылауға қатысты өлшеу есептері |
2 |
Талдау |
41-42-43 |
Химиялық концентрацияға байланысты мазмұнды есептер,(таблица арқылы) |
3 |
|
44-45-46 |
Химиялық концентрацияға байланысты мазмұнды есептер (графиктік тәсіл) |
3 |
|
47-48 |
Химиялық концентрацияға байланысты мазмұнды есептер ,(алгебралық тәсіл) |
2 |
|
49 |
тест |
1 |
|
50 |
Тест жұмысын талдау |
1 |
|
Аралас есептер 18 сағат |
|||
51-52-53 |
Геометриялық мағыналы мәтін есептер |
3 |
|
54-55 |
Теңдеулер жүйесін құру арқылы шығаратын есептер |
2 |
|
56-57 |
«Бассейн» туралы мазмұнды есептер |
2 |
|
58-59 |
Логикалық есептер |
2 |
|
60-61 |
Ақбота есептері |
2 |
|
62-63 |
Пиза есептері |
2 |
|
64-65 |
Кенгуру есептері |
2 |
|
66 |
тест |
1 |
|
67 |
Тест жұмысын талдау |
1 |
|
68 |
Қорытындылау сабағы |
1 |
|
Түсінік хат.
Бұл «Прогрессия» факультативті сабақ аптасына 1 реттен 34 сағат 9-сыныпқа арналған. Мектеп курсында үлкен тарау есеп түрлері мен шығару жолы кеңірек мазмұнда қарастырылған. Әрбiр жаңа ұғымды енгiзгенде оның маңызы мен мазмұнын ашып-көрсетуге мүмкiндiк беретiн белгiлi бiр iс-әрекет (практикалық жұмыс, есеп шығару) жүзеге асырылып отырады. Есеп шығарудың әртүрлi тәсiлдерiмен таныстыру – олардың ең тиiмдiлерiн оқушылардың өздерi өз беттерiмен iздестiрулерiне жағдай жасайды.
Математиканы оқытуда жинақталған бiлiмдi, бiлiктердi өзгертiлген жағдайда қолдана алу маңызды рөл атқарады. Ол үшiн тапсырмалар жүйесi алдымен жеңiлдеулерiн, одан кейiн бiртiндеп күрделiлерiн орындауда оқушылар сәйкес бiлiм мен бiлiктердi меңгеретiндей, оларды есеп шығаруға жаттықтыратындай етiп құрылды.
Мақсаты:
оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыру;
оқушылардың математикалық білімдерін кеңейту және тереңдету;
оқушылардың өз бетімен оқулықтармен, ғылыми- әдістемелік әдебиеттермен жұмыстануына бағыт беру;
қазіргі қоғамда құнды өмір сүруге қажет эвристикалық ой саласын дамыту;
Міндеті:
оқушыларға жан- жақты терең білім алуға дағдыландыру;
оқушылардың математикалық қабілеттерін және логикалық ойлауларын дамыту;
түрлі олимпиадалар мен сайыстарға оқушыларды алдын- ала дайындау;
Сабақты өткізудің формалары: традициялық сабақтар, лекциялық, семинарлық, математикалық ойындар, интеллектуалдық ойындар, практикалық сабақтар.
Оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыру формалары: жекелей, топпен.
Курста оқушылардың шығармашылық және зерттеушілік іс-әрекеттері үшін төмендегі тақырыптарды ұсынуға болады.
Прогрессия –өмірде
Прогрессия тарихы.
Күтілетін нәтиже:
Прогрессиялардың негізгі формулаларын біледі;
Есептің шартын жүйе түрінде жазып, шығара алады;
Прогрессияның негізгі қасиеттерін пайдаланып, стандарт емес есептерді шешеді;
Арифметикалық және геометриялық прогрессияға берілген кіріктірілген есептерді шеше алады;
Оқушыға ұсынылатын әдебиеттер:
1. А.Г.Әлсейтов 3 бөлім
Рустюмова И.П., Рустюмова С.Т. «Тренажер для подготовки к единому национальному тестированию».
Мұғалімге ұсынылатын әдебиеттер:
1. А.Г.Әлсейтов 3 бөлім
2.Рустюмова И.П., Рустюмова С.Т. «Тренажер для подготовки к единому
национальному тестированию».
Курстың мазмұны
Аптасына 1 сағат.Барлығы 34 сағат.
І тарау. Тарихи шолу. Прогрессияның шығу тарихы (1 сағат)
ІІ тарау. Тізбек. Тізбек және оның берілу тәсілдері (1 сағат)
ІІІ тарау. Арифметикалық прогрессия (12 сағат)
Арифметикалық прогрессия, п-ші мүшесінің формуласы, арифметикалық прогрессияның алғашқы п мүшесінің қосындысы, теңдеулер жүйесін құру арқылы арифметикалық прогрессияның белгісіз мүшесін табу, арифметикалық прогрессияға берілген стандарт емес есептер, арифметикалық прогрессияны жалпы қайталау
ІҮ тарау. Геометриялық прогрессия (14 сағат)
Шахмат туралы аңыз, геометриялық прогрессия, арифметикалық және геометриялық прогрессияны салыстыру, геометриялық прогрессия, п-ші мүшесінің формуласы, геометриялық прогрессияның алғашқы п мүшесінің қосындысы, теңдеулер жүйесін құру арқылы геометриялық прогрессияның белгісіз мүшесін табу, геометриялық прогрессияға берілген стандарт емес есептер, формулалар эстафетасы, шексіз кемімелі геометриялық прогрессияға берілген есептер
Ү тарау. Практикалық сабақтар (6 сағат)
Арифметикалық , геометриялық прогрессияға аралас берілген есептер, деңгейлік тапсырмалар,математикалық домино, жылдық қорытынды
