- •О рал қалалық білім беру бөлімі
- •(Математика пәні мұғалімдеріне арналган нұсқаулық)
- •Орал – 2014 жыл
- •Мазмұны:
- •Тақырыбы: 5,6 сыныптарға арналған қызықты математика
- •«Қызықты математика » 5-сынып пәнінің базалық мазмұны:
- •Математика пәнінен қосымша курс жоспары (34 сағат) 5- сынып
- •Математика пәнінен қосымша курсының жоспары (34 сағат) 6- сынып
- •7.Бұл қалай?
- •Іі. Мағынаны тану
- •Ііі. Толғаныс
- •2. Логикалық есеп
- •6. Қорытындылау
- •7. Үйге тапсырма:
- •Қазақтың байырғы есептері:
- •Ақбота» есептері:
- •«Кенгуру» есептері:
- •4. Викториналық сұрақтар:
- •Жауаптары
- •Курстың мазмұны
- •5 Сынып (аптасына 1сағат, барлығы 34сағат )
- •«Математикалық логика» факультативінің күнтізбелік жоспары
- •1.Ұйымдастыру.
- •2. Жаңа сабақ.
- •3. Қорытындылау.
- •Арифметикалық ребустар
- •Оқу курсы тақырыптарының мазмұны
- •Тақырыптық оқу жоспары (аптасына 2 сағат)
- •5 Сынып
- •Оқу курсы тақырыптарының мазмұны
- •Тақырыптық оқу жоспары (аптасына 1сағат)
- •5 Сынып
- •Оқу курсы тақырыптарының мазмұны
- •Тақырыптық оқу жоспары (аптасына 2 сағат)
- •6 Сынып
- •Оқу курсы тақырыптарының мазмұны
- •Тақырыптық оқу жоспары
- •Оқу курсы тақырыптарының мазмұны
- •Тақырыптық оқу жоспары
- •Курстың мазмұны
- •Математика пәні бойынша 7 сынып тақырыбы «Қоспа, ерітінді, пайызбен берілген есептер шығару практикумы» /аптасына – 1 сағат, барлығы 34 сағ/
- •Математика пәні бойынша 8 сынып тақырыбы «Қоспа, ерітінді, пайызбен берілген есептер шығару практикумы» /аптасына – 1 сағат, барлығы 34 сағ/
- •Аналитикалық тәсілмен шығару
- •Диагональдік әдіс (Пирсон конверті)
- •Мазмұнды есептер шығару ( 8-сынып )
- •Математика пәні бойынша 9 сынып тақырыбы «Арифметикалық , геометриялық прогрессия» /аптасына -1 сағат,барлығы 34 сағ/
- •3. Арифметикалық және геометриялық прогрессия
- •Арифметикалық және геометриялық прогрессия тарихы.
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
О рал қалалық білім беру бөлімі
5-9 сыныптарға арналған математика пәнінен гимназия сағаттары, факультатив және гимназия үйірмелерінің бағдарламаларының жинағы
(Математика пәні мұғалімдеріне арналган нұсқаулық)
Орал – 2014 жыл
Қалалық эксперттік кеңестің шешімімен қала көлемінде таратуға ұсынылды.
Хаттама №2 «26» желтоқсан 2014 жыл.
Құрастырған:
Тулеуова Н.Х., Ергалиева А.С., Есенгалиева Н.Б.,
Оразгалиева Г.М., Тулегенова М,Г. – №42 «Ақ ниет» гимназиясының математика пәні мұғалімдері
Пікір жазғандар:
Альсейтов А.Г. – «Альсейтов» білім беру орталығының директоры, математика пәнінің аға оқытушысы
Адылгазина Г.С. – Орал қаласы, №42 «Ақ ниет» гимназиясының жоғары санатты математика пәні мұғалімі
5-9 сыныптарға арналған бағдарламалар мектептегі математика пәнінің стандарт бойынша бағдарламасына қосымша берілетін үйірме, факультатив, гимназия сағаттарына арналған.
Бұл жинақ математика пәні мұгалімдеріне көмек ретінде, сонымен бірге оқушылардың нақты математикалық білімдерін тереңдету, оқушыны өзіндік білім алуға бағыттау мақсатында пайдалануға тиімді деп қала деңгейінде таратуға ұсынылады. Әр мұғалім оқушылардың деңгейіне байланысты есептер мен тапсырмаларды таңдай алады.
Мазмұны:
5,6-сынып «Қызықты математика» .....................................................4
5 -сынып «Логикалық есептер» .......................................................... 17
5-сынып «Математикалық логика»................................................... 20
5-сынып «Бөлшектерге амалдар» ....................................................... 39
6- сынып «Теңдеулер мен теңсіздіктер» ............................................... 47
7-сынып «Көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеу» .............................. 52
7,8-сынып «Қоспа, ерітінді, пайызбен берілген есептер» .................. 57
8-сынып «Мазмұнды есептер».............................................................. 65
9-сынып «Прогрессия»......................................................................... 69
Пайдаланған әдебиеттер тізім................................................................ 77
Тақырыбы: 5,6 сыныптарға арналған қызықты математика
(5,6-сыныпқа арналған қосымша курсының бағдарламасы)
Түсінік хат
Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, шығармашылық қабілеттерін дамытып, математикаға қызығушылығын арттыру мақсатында 5,6-сынып оқушыларына арналып құрылған қосымша курстың тақырыбы «5,6 сыныптарға арналған қызықты математика » деп аталады.
Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырудың негізгі жолы қызықты тапсырмаларды пайдалану, ол тапсырмалар зерделілікке, қиялдауға, тапқырлыққа шапшаң есептеу қаблеттерін дамытуға тәрбиелейді.
Мақсаты:
Оқушылардың теориялық білімін нығайтып, өздігінен іздендіре отырып, шығармашылыққа жетелеу. Математикалық ой-өрісін, танымын кеңейту.
Жалпы логикалық –ойлау мәдениетін дамыта отырып, оқушының математикаға деген қызығушылығын арттыру. Оқушылардың байқағыштық және қорытынды жасай алу қабілеттерін дамыту.
Міндеттері:
Математикалық білімге қызығушылығын арттыру.
Өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру.
Математикалық ойлау, тапқырлық, білімдарлық қаблеттерін дамыту.
Математиканың өмірмен байланысын көрсету.
Пәнаралық байланыс: тарих
Күтілетін нәтиже:
Логикалық есептерді шығару;
Тапқырлыққа, зеріктікке берілген есептерді шығара білу;
Оқушыларды есепті талдап, шығару жолының жоспарын құрып, есепті шығарып қорытынды жасай алу керек;
Ұжыммен, жеке жұмыс жасап үйренеді;
Математикалық ой-өрісін, танымын кеңейтеді;
Математикалық білімін толықтырады.
Уақыт көлемі, сабақтың жиілігі: Сағат саны 34, аптасына 1 сағат
Пәнаралық байланыс: алгебра, геометрия
Сабақты өткізудің формалары: Математикалық ойындар, интеллектуалдық ойындар, практикалық сабақтар, ізденіс сабақтар.
Оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыру формалары: жекелей, жұппен, топпен.
Қорытындылау формасы: Сыныптан тыс іс-шара өткізу, шығармашылық сабақтар, «Жас математиктер» газетін шығару, тест өткізу, математикалық олимпиада өткізу.
Оқушылардың математикалық даярлық деңгейлеріне қойылатын талаптар.
Қызықты математика жөніндегі ғылыми, көпшілік кітаптардан мәліметтер , материалдар жинақтау;
Теорияны меңгеріп, нәтижесін талдап ала білу;
Оқушылар есепті талдап, шығару жолының жоспарын құрып, есепті шығарып қорытынды жасай алу керек;
Жинақтаған материалдардан реферат жазып дағдылану, оқушы презентациясын жасау;
Игерген білімдерін өмірде пайдалана білу керек;
Оқушыға ұсынылатын әдебиеттер:
Логикалық сұрақтар, есептер, ойындар мен құрастырмалар. Құрастырған
Рамазан Омаров.-Алматы: «Өлке».2012ж.
Логикалық сұрақтар. Қазақ-түрік лицейлерінің қабылдау емтиханына
дайындыққа арналған. Рамазан Баяр. Алматы: Шың кітап 2011ж.
Мұғалімге ұсынылатын әдебиеттер:
Логикалық сұрақтар, есептер, ойындар мен құрастырмалар. Құрастырған Рамазан Омаров.-Алматы: «Өлке».2012ж.
Я.И.Перельман. Жанды математика. Алматы «Мектеп» баспасы 1978ж.
Тердікбай Күшай. Олимпиадалық математика және ой дамыту V-VIII.Оқу әдістемелік құрал.- Астана, 2012ж.
Т.И.Қуанышқалиев. Негізгі мектепте олимпиада есептерін шығару арқылы оқушылардың математикалық қабілеттерін дамыту. Орал, 2008 ж.
Логикалық сұрақтар. Қазақ-түрік лицейлерінің қабылдау қабылдау емтиханына дайындыққа арналған. Рамазан Баяр. Алматы: Шың кітап 2011ж.
