Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТӘРБ ЖУМ ТЕОР ӘДИСТ_схема.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
356.13 Кб
Скачать

25.Мектепте оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының бағыттары мен мазмұнын кесте арқылы сипаттау.

       Мазмұны

Бағыттары

Балалар мен жастардың азаматтық патриоттық, құқықтық мәдениетінің әлеуметтік мәртебесін көтеру әрі азаматтық патриоттық, құқықтық тәрбие бойынша ғылыми негізделген саясат жүргізу; білім беру ұйымдарында азаматтық құқықтық, патриоттық тәрбие беру мақсатында жүргізіледі.

1. Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие

Денсаулық туралы, әр адамның денсаулығын сақтау және нығайтудың нақты мүмкіндіктері туралы кешенді ғылым ретінде салауатты өмір салты туралы түсінікті жинақтау мақсатында жүргізіледі.

 2. Дене тәрбиесі мен салауатты өмір салты

Рухани адамгершілік құндылықтар мен білім жүйесін дамытып қалыптастыру; Кәсіптік және адамгершілік әдептерге байланысты білімдерді оқу, өндірістік және қоғамдық іс әрекеттерде іске асыру мақсатында жүргізіледі.

 3. Рухани-адамгершілік тәрбие

оқушылардың табиғатқа сүйіспеншілігін және оған қарым-қатынасын тәрбиелеу мақсатында экологиялық ойлауын қалыптастыруға себепші болу мақсатында.

 4. Экологиялық тәрбие

 Өзін-өзі тану жастарға қоршаған ортаны түсінуге, оған өзінің қатыстылығын саналы сезінуге, қоршаған ортаға өзінің көзқарасын жалпы адамзаттық құндылық ұстанымында жүйелеуге мүмкіндік береді.

 5. Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту қажеттілігін алыптастыру

 Рухани – адамгершілік құндылықтарды әсемдік арқылы, көркем мәдениет арқылы, халықтар мен дәуірдің әлемдік көркем құндылықтары арқылы, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарын зерделеу арқылы қалыптастыруды көздейді. 

 6. Эстетикалық тәрбие

 оқушылардың табиғатқа сүйіспеншілігін және оған қарым-қатынасын тәрбиелеу мақсатында экологиялық ойлауын қалыптастыруға себепші болу мақсатында

 7. Еңбек және экономикалық тәрбие

 ата-аналар қауымын мектептің тәрбие үдерісіне қатыстыру мақсатында

8. Отбасы тәрбиесі

 

26. Сынып жетекшісінің міндеттері мен қызметін кесте арқылы сипаттау

Сынып жетекшісінің негізгі міндеттері:

Бірінші топ міндеттері – әлеуметтік міндеттер: баланы қорғау, көмек көрсету, әлеуметтік байланыстар жүйесіне енгізу, Отбасымен және тәрбие институттарымен баланың дамуына және оның даралық қасиеттерін калыптастыруға қолайлы жағдай жасау үшін байланыс орнату. Екінші топ міндеттері – диагностикалық-әдептік-этикалық: сыныппен тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру, өз оқушыларын, олардың ерекшеліктерін, дара қасиеттерін білу. Үшінші топ міндеттері — адамгершілік міндеттер: баланың жақсылық пен жамандықтың белгілерін ажырата алуына, белгілі жағдаяттарда оқушының адамгершілік шешімдер қабылдай алуына мүмкіндік беру. Төртінші топ міндеттері — жеке-дара тәжірибелік сипаттағы міндеттер: оқушылармен жұмыс ұйымдастыруға тиімді педагогикалық құралдарды таңдап алу, өз жұмысын жоспарлау, талдап түзету және педагогикалық рефлексия.

Сынып жетекшісінің негізгі қызметі-оқушы тәрбиесі мен оларды бір ұжымға біріктіру, өзін-өзі жетілдіруге, тәрбиелеуге және іске асыруға жағдай жасау. Ол оқушылардың жан-жақты дамуы, патриоттық сезімдерін қалыптастыру тәрбиесі туралы, еңбексүйгіштігін, ұжымшылдығын, оқу үлгерімінің жақсаруы мен тәртіптің нығаюын және еңбекке дайындығы бағытындағы жұмыстарды ұйымдастырады.

Сынып жетекшінің қызметтері:

Тәрбиелік-түзетушілік:

·         мемлекеттің әлеуметтік және рухани тәжірибесіне қатыстыру

·         креативті қабілеттерін дамыту

·         жалпы адамзаттық құндылықтарды тәрбиелеу

·         қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу

Жеке жұмыс

·         психологиялық педагогикалық жұмыс

Карталары

·         Тестілеу

·         Сауалнама жүргізу

·         Бала денсаулығын қадағлау

·         Ауырған балаларға қамқорлық көрсету

·         Баланың жеке денсаулық картасының талапқа сай жүргізілуін қадағалау

·         Психологиялық қызметпен бірлесе жұмыс істеу

·         Медициналық қызметпен бірлесе жұмыс істеу

 

Ұйымдастырушылық

·         түрлі қоғамдық пайдалы шаралар ұйымдастыру

·         оқушы, мұғалім, ата-ана байланысын ұйымдастыру

 

Бақылаушылық

·         оқушыларының сабаққа қатысуын бақылап отыру

·         оқушы үлгерімін есепке алып отыру

·         оқу кабиентінің санитарлық жағдайын қадағалап отыру

·         оқушылардың сырт киімдерінің талапқа сай болуын қадағалау

·         тамақтануды ұйымдастыру

Коммуникативтік

- балалар арасындағы қатынастарды реттеу

- «Оқушы-мұғалім » , «Оқушы-ата-ана», «Мұғалім –ата-ана» өзара тиімді қарым-қатынасын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізу

- оқушылардың айналасындағы адамдармен дұрыс қарым-қатынас қалыптастыруына көмек көрсету

 

Аналитикалық

- әр оқушының жеке ерекшеліктерін зерттеу

- сынып ұжымының қалыптасуын зерттеу және талдау

- әр баланың отбасы тәрбиесі жағдайын зерттеу және талдау

 

Дамытушылық

·         ақыл –ой дамыту ойындарын ұйымдастыру

·         оқушылар үшін ДИ тәжірибесі

·         ТЖ сабақтарында белсенді жұмыс түрлерін енгізу

·         Халықтық, классикалық жаңашыл әдістері