- •Мектепке дейінгі мекемелерде тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
- •2.Жеке тұлғаны жан-жақты үйлесімді дамытудың маңызы.
- •3 Жеке тұлғаны жан-жақты дамыту міндеттері.
- •4. Жеке тұлғаны жан-жақты үйлесімді дамуы - әлеуметтік- педагогикалық мәселе
- •Тақырып 2. Тұлғаның дамуы мен тәрбиесі жөнінде теориялар
- •Тақырып 3. Тәрбиенің заңдылықтары мен принциптері
- •4. Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы
- •Тақырып 4. Тәрбие үрдісі мен нәтижесі ретіндегі адамның өзін-өзі тәрбиелеуі
Тақырып 4. Тәрбие үрдісі мен нәтижесі ретіндегі адамның өзін-өзі тәрбиелеуі
Тәрбие оқу процесі секілді нақтылы қалыптасқан, мақсатты, жүйелі процесс. Егерде тәрбие жүйесінің формасы жайында әңгіме қозғасақ, қазіргі педагогика практикасында бірнеше ұғым қалыптасқан: «тәрбие жұмысының формасы», «тәрбие шаралары», «тәрбие ісі» т.б. Соған орай «Педагогикалық энциклопедия» сөздігінде «форма» ұғымына қатысты бірнеше түсініктеме берілген:
1. заттың нұсқасы, сыртқы көрінісі, сыртқы кескіні;
2. белгілі бір мазмұнның сыртқы көрінісі;
3. бір нәрсенің белгіленген үлгісі;
4. бір нәрсеге белгілі бір көрініс беруге бейімделу т.с.с.
Сірә, солардың әрқайсысының мағынасы «тәрбие жұмысының формасы», және «тәрбие процесін ұйымдастыру формасы», деген ұғымдарды бейнелейтін секілді. Соған орай оны педагогикалық тұрғыдан қарастырсақ, онда тәрбие жұмысының формасы деп – бұл тәрбие процесінің мазмұнында өмір сүретін және көрініс беретін ұйымдастыру тәсілі. Онда белгілі бір құндылық ретінде (зияттық, құқықтық, азаматтық, саяси, эстетикалық, адамгершілік) пәнге, құбылысқа, оқиғаға, адамдарға және олардағы әрекеттестіктің қарым-қатынастары ашық жарияланады.
«Тәрбие жұмысының формасы» оқушылардың нақты тәрбие әрекетін ұйымдастыру нұсқасын, олардың үлкендер мен өзара әрекеттестігін, нақтылы істің композициялық құрылымын, оның мазмұнын, атрибуттарын, әдістемесін, дайындық және өткізу технологиясын, педагогикалық талдауын анықтайды.
«Тәрбие шарасы» топтық (ұжымдық) әрекет ретінде ұйымдастырыылған тәрбие жұмысының жеке бір актсы ретінде қарастырылады. (Н.Е. Щуркова бойынша).
«Тәрбие ісі» ұжымдық шығармашылық әрекеттің әдістемесінде шығармашылық әрекеттің субъектісі тұрғысынан қарастырылады – үлкендердің (мұғалімдер, ата-аналар, жәй қатысушылар) және тәрбиеленушілердің (И.П. Иванова бойынша).
Қазіргі тәрбиені ізгілендіру, мектепті демократияландыру, тұлғалық-бағыттаушылық көзқарас жағдайында тәрбие процесінің тек мақсаттылығы, мәні және мазмұны ғана өзгермейді, сонымен бірге тәрбиенің ұйымдастыру формасына тікелей қатысты оның әдістемесі де өзгереді.
Ол өзімен бірге дәстүрлі формаларды қайта қарау және қайта құруға, дәстүрлі емес формаларды шығармашылықпен іздестіруге ықпал етеді.
Сондықтан оқушылардың оқудан тыс әрекеттері нақты мақсатты көздейді – белгілі бір нәрсеге қатысты нақтылы қарым-қатынасты дамыту: музыкаға, қылқалам (живопись), табиғат, кітап оқуға т.б.
Осыған байланысты ұйымдастыру формасы таңдалады: тәрбие сағаты, пікірталас, оқырмандар конференциясы, лектория, саяхат, мектеп балы т.с.с.
Содан кейін барып оқушылардың жас және дара ерекшелігіне, сынып жағдайына байланысты нақтылы тақырып атауы анықталады.
Сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстарының маңызы, тәрбие процесінің бірізділігін қамтамасыз ету. Бұл бағыттағы тәрбие жұмыстарын жоспарлауда сынып жетекшісіне оның қоғамдық бағытының болуын, балалардың жас және дара қасиеттерін, ұйымдастыру жұмыстарындағы іс-әрекеттері түрлерінің ерекшеліктерін ескеру талап етіледі.
Тәрбие жұмысының формасында оның мазмұны жүзеге асады. Сондықтан сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының мазмұны оқушылардың жеке қабілетін дамыта түсерліктей болғаны жөн. Оңдағы материалдың мазмұндылығы, идеялық және әдістемелік сапасы мұғалімнің шеберлігіне, ұйымдастыру тәсіліне байланысты.
Сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстарының дәстүрлі қалыптасқан түрлері өте көп.
Осы орайда В.А. Сухомлинский былай дейді: «Балалар әсемдік, ойын, ертегі, музыка, сурет, фантазия, шығармашылық әлемінде өмір сүруі міндетті».
Оны тандау негізінен тәрбиенің жалпы немесе жекеленген мақсат, міндеттеріне, қызметінің тәрбиелік маңызына және оқушылардың нақтылы өмір жағдайларына, сыныптағы немесе жекеленген оқушылардың тәрбие міндеттеріне сай жетістіктері мен кемшіліктері байланысты атқарылады.
Сондықтан оны жіктеуде белгілі бір дәрежеде қиындық туады. Яғни, нысанаға әсер етуге сай (жеке-дара, топтық, көпшілік формалары) және тәрбиенің бағыты мен міндеттеріне байланысты (ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, дене, еңбек, экологиялық, экономикалық, құқықтық) жіктеу ұсынылады. Ол мынадай болады:
1. Тақырыптық сынып сағаттарын өткізу және оған дайындық жұмыстарын ұйымдастыру: қабырға газетін шығару, альбом жасау, плакаттар, ұрандар әзірлеу, нақыл сөздер жазу, оқушыларға ән, би, күй, тақпақ оқуды үйрету.
2. Қызықты кездесулер, кештер, ертеңгіліктер өткізу (ақын-жазушылармен, әртістермен, еңбек озаттарымен, халық қалаулыларымен, соғыс ардагерлерімен және интернационал жауынгерлермен).
3. Сыныптағы саяси хабарламаның жүргізілуін ұйымдастыру: тақырыптық, шолулық, жедел хабар.
4. Әртүрлі тақырыпта ән айту, би билеу, өлең оқу, сурет салуға арналған байқауларды ұйымдастыру.
5. Оқушылардың қолымен жасалған шығармашылық жұмыстарына сай көрмелер өткізу.
6. Көнілділер мен тапқырлар клубы байқауларының жұмысын жүргізу.
7. Оқушылармен тоқ-шоу, доңгелек үстел, пікірталас, әнгіме түрінде тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру.
8. Спорттық жарыстар өткізу: шахмат, дойбы, тоғыз құмалақ, волейбол, баскетбол, футбол, шаңғы тебу т.с.с.
9. Оқушылардың оқудан тыс қызықты кітап, газеттер мен журналдар оқуын, оны өзара талқылауын, пікір алысуын ұйымдастыру.
10. Әдебиет пәні және мектеп кітапхана қызметкерімен бірлесе отырып оқырмандар конференциясын өткізіп отыру.
11. Мектептегі үйірме жұмыстарына оқушылардың талап-тілектері, қабілеттеріне сай қатынасуын ұйымдастыру: пәндік, көркемөнер, спорттық, өлке тану, жас техниктер т.б.
12. Үйірме жұмыстарының нәтижесіне сай байқаулар, олимпиада, жарыстар өткізу.
13. «Атамекен» бағдарламасына сай жұмыстарды жүргізу.
14. Мейрам күндерін, Республиканың атаулы мерекелерін тап өту.
15. Сынып жиналыстарын өткізу.
16. Оқушылардың сыныптағы, мектептегі кезекшілігін, жалпы тазалыққа қатысуын, кабинетті жабдықтау, темір сынықтарын жинау, оқу-өндірістік аланың жөндеу, мектеп маңайын тазалау, безендіру, сенбіліктерге қатысу секілді қоғамдық пайдалы жұмыстарын ұйымдастыру, олардың нәтижелеріне талдау жасап отыру.
17. Мұражайларға, көрмелерге, демалыс-мәдени орындарға, кино, театр, өндіріс орындарына саяхат жасау.
18. Соғыс, еңбек ардагерлеріне, жалғызлікті қарттарға көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастыру.
19. Оқушылардың қысқы, жазғы демалыстары кезінде мәдени жорықтарын ұйымдастыру.
20. Мектептен тыс тәрбие мекемелерінің жұмысына қатысу.
Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыста әр шәкірттің ерекшелігі мен бейімді, талабы еске алынады.
2. Тәрбие жұмысының формасын топтап бөлу
Олай болса сынып жетекшісі өзінің негізгі қызметін жүзеге асыруда оқушылармен сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстарының формасын таңдайды.
Олар, ең алдымен оқушылардың әр түрлі әрекеттерін ұйымдастырумен байланысты болып келеді. Яғни, тәрбие жұмысының формасын әрекеттің түрлері арқылы бөліп қарастыруға болады.
Сабақтан тыс тәрбие жұмыстарында оқушылардың практикалық әрекеттері теориялық аспектіге қарағанда басымдылық жағдайда болатыңдықтан, оның мазмұнын анықтауда баланың әлеуметтік тәжірибені меңгеруіндегі әрекеттің манызына ерекше мән берген жөн.
Оның бірнеше түрі бар: танымдық, көніл көтерушілік, спорттық-сауықтыру, еңбек, шығармашылық.
Сабақтан тыс тәрбие жұмысының танымдық әрекеті баланың танымдық қызығушылығын, оқуға жағымды уәждемесін тудыру, оқу дағдысын жетілдіруді көздейді.
Ол оқу әрекетінің жалғасы ретінде тек басқадай формада қолданылады.
Мысалы, «Не? Кашан? Қайда?» - викторина ойыны немесе мұражайға, көрмеге саяхат т.с.с.
Көніл көтеру әрекеті. Ол балалардың құнды демалысын ұйымдастыру жағымды эмоция тудыру, ұжымда жылы шырай көңіл күйі, жолдастық-ынтымақтастық жағдай орнату, жүйке шиеленісуін болдырмау үшін нәтижелі. Дегенмен де сабақтан тыс тәрбие жұмысының танымдық және көніл көтерушілік әрекеттері өзара жиі байланыста болады.
Мысалы: әртүрлі байкаулар, конкурстар, викториналарды атауға болады.
Спорттық-сауықтыру әрекеті. Балалар үшін сабақтан тыс тәрбие жұмысының осындай әрекеті олардың толыққанды денсаулығы мен дене бітімінін үйлесімді дамуы үшін қажет.
Спорттық-сауықтыру әрекеті табиғатқа саяхат жасау, спорттық, жылжымалы ойындар, спартакиада, туризм, жорықтар арқылы жүзеге асады.
Еңбек әрекеті. Ол еңбектің әр түрінің мазмұны арқылы көрініс береді: тұрмыстық, қол еңбегі, қоғамдық пайдалы, өзіне-өзі қызмет көрсету. Әрекеттің бүл түрі мұғалімдер үшін біршама қиындықтар туғызады.
Дегенмен де оның күш қайрат жұмсауы оқушылардың әртүрлі жүйелі еңбек әрекетін ұйымдастырудағы тәрбие жұмысының нәтижесіне бағытталады.
Нәтижесінде, балада еңбек ету қажеттілігін және өзін танып білуге деген құштарлығын қалыптастырады. Еңбек әрекеті көбінесе сыныпта кезекшілік ету, оның тазалығын сақтау, мектеп шеберханасында жұмыс істеу, сенбіліктерге қатысу, сыныптың, болмаса мектептін құрделі жөндеу жұмыстарына қатысу, сабақтар жүйесінде көрнекі құралдарын жасау, шефтік жұмыстарын атқару барысында атқарылады.
Шығармашылық әрекеті оқушылардың бейімін, қызығушылығын дамытуды, олардың шығармашылық күшін жетілдіруді көздейді.
Шығармашылық әрекет концерттік қойылым, көркемөнерпаздар байқауы, көркемсөз оқу, қолөнер шеберлері және сурет көрмесінің байқауын ұйымдастыру формасында көрініс береді. Осындай әрекет барысында оқушылардың адамгершілік, әсерленушілік және ерік-жігер қасиеттерін тәрбиелеу міндеттері атқарылады.
Адамгершілік сала адамгершілік түсінікті және мінез-құлық нормасын меңгеруде әңгіме, пікір талас, ойын, т.б. формалар арқылы қалыптасады.
Тәрбие жұмысының әртүрлі формасын дайындау және өткізу барысында оның белгілі бір үлгісі жасалуы шарт.
Ол тәрбие процесін сауатты және тиімді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Оның элементтері мынандай болып келеді.
1. Мақсаты мен міндеттерін анықтау. Мақсат – педагогтардың ұйымдастыруымен арнайы белгіленген істің нәтижесінің болжамы.
Мысалы, «Жаңа жыл бал-маскарады», «Қайырымдылық акциясы», «Ғылыми апталық» т.с.с.
Мақсат - тәрбие жұмысының формасында нақтыланады, өйткені бір актімен тәрбиелік ықпалды қалыптастыруда болмайды. Яғни тәрбиеші мақсатқа жетуде бірнеше міндеттерді белгілейді. Мысалы, «Адамға музыка не үшін керек?» тақырыбының мақсаты – оқушылардың музыкалық мәдениетін дамытуды көздесе, оның міндеттеріне:
1) оқушылардың музыкалық талғамы және қызығушылығын айқындау
(сауалнама, әңгіме жүргізу, шығарма жаздыру, үнтаспа тындату арқылы т.с.с.);
2) музыка жайында көзқарастарын және түсініктерін қалыптастыру (кеш өткізу, кездесу ұйымдастыру, театрға саяхат жасау, байқау ұйымдастыру);
3) әр түрлі музыка жанрларына белгілі бір қатынастарын орнықтыру (мұғалімнің сөзі, оқушылардың пікірі, әнгіме жүргізу, мәдени жорық, кездесу өткізу).
2. Тәрбие жұмысының формасын тандау, шараның тақырыбын анықтау.
Мысалы, пресс-конференция, оқырмандар конференциясы, тақырыптық сағат, демалыс кеші, көнілділер мен тапқырлар клубы, пікірталас, кездесу, дөнгелек үстел т.с.с.
3. Алдын ала дайындық жұмыстарын жүргізу: шараның мазмұнын, құралдарын анықтау, қонақтарды шақыру, тапсырмаларды бөлу, безендіру жұмыстары, хабарландыру, жоспарын құру, оқушыларды психологиялық тұрғыдан даярлау.
4. Тәрбие шарасын өткізу. Оның кезендері:
- шараның басталуы, психологиялық көніл-күйді орнықтыру: әдеби-музыкалық, поэзиялық, драмалық безендіру, күйтабақ немесе үнтаспа ойнату;
- ұйымдастыру кезеңі: ұйымдастырушының сөзі, шараны ашу, мақсатын, барысын баяндау;
- негізгі бөлім: шараның міндеттері, жоспарына сай мазмұның баяндалуы, оқушылардың шығармашылық әрекеттері;
- қорытынды бөлім: шараны қорытындылау, оқушылардың алған әсерін талқылау, шешім қабылдау, марапаттау, тапсырма беру т.с.с.
5. Педагогикалық талдау жұмысы: шараның өту нәтижесін және оқушылардың белсенділігін бағалау, алдағы уақытқа бағдар құру, қолданылған тәрбие құралдары, амал-тәсілдерінің нәтижелілігіне талдау жүргізу т.с.с.
Біз жоғарыда тәрбие жұмысын ұйымдастырудың әртүрлі формаларын келтірдік. Бірақта оларды тәртіпке салу мақсатында кейінгі кезде педагогикалық әдебиеттерде оқушылардың сабақтан тыс әрекеттерін ұйымдастыру формасының картотекасын құру ұсынылуда. Атап айтсақ:
Таным әрекетін ұйымдастыру: ауызша жорнал, білім байқауы, викторина «Не? Кайда? Кашан?», ғылыми апталық, психологиялық практикум т.б.
Құндылық-бағдарлық әрекет: қызықты кездесулер (әдебиет және өнер адамдарымен), түрлі бағыттағы конкурстар, шығармашылық кештер, тәрбие сағаттары (мораль-этика тақырыбына), интеллектуалдық шоу, дебаттар т.б.
Еңбек әрекеті. Мектептегі кезекшілік, техникалық шығармашылық көрмесі, көғалдандыру жұмыстары, сембіліктер, сынып бөлмелерің жөндеу жұмыстары, мектеп участклерінде жұмыс
Қоғамдық пайдалы еңбек: дәрі-дәрмек шөптерін, қағаз, темір қалдықтарын жинау, қайырымдылық, ынтымақтастық акциясын ұйымдастыру, балалар бақшасы және үйін қамқорлыққа алу т.с.с.
Көркемөнер – шығармашылық әрекет: Жаңа жыл, күзгі және көктемгі бал кеші, көркемөнерпаздар кеші, этикалық театр, әдеби-музыкалық композиция, авторлық өлең кеші, театр, мұражай, көрмелерге бару, пікірталас және т.б.
Ден шынықтыру және спорттық әрекет: Денсаулық күні, туристік жорық, «Жүгірушілер күні», «Көнілді старт», «Кіші олимпиадық ойындар», ауызша журнал «Спорттық калейдоскоп», «Спорттық огонек», «Салауатты өмір салты» т.с.с.
- ата-аналар комитетінің сайлауын өткізу.
