- •Мектепке дейінгі мекемелерде тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
- •2.Жеке тұлғаны жан-жақты үйлесімді дамытудың маңызы.
- •3 Жеке тұлғаны жан-жақты дамыту міндеттері.
- •4. Жеке тұлғаны жан-жақты үйлесімді дамуы - әлеуметтік- педагогикалық мәселе
- •Тақырып 2. Тұлғаның дамуы мен тәрбиесі жөнінде теориялар
- •Тақырып 3. Тәрбиенің заңдылықтары мен принциптері
- •4. Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы
- •Тақырып 4. Тәрбие үрдісі мен нәтижесі ретіндегі адамның өзін-өзі тәрбиелеуі
4. Жеке тұлғаны жан-жақты үйлесімді дамуы - әлеуметтік- педагогикалық мәселе
Қазіргі нарықтық экономика жағдайында тәрбие процесінің тиімділігін одан әрі жетілдіру ерекше маңызға ие болып отыр. Бұл, әсіресе бүгінгі ғылыми-техникалық өрлеу кезеңінде айқын басымдылыққа ие. Осы бағытта педагогика ғылымы тұлғаның барлық жағынан жарасымды болып дамуын қамтамасыз етуді өзінің басты мәселесі деп қарастырады. Ол халыққа білім беру мен кәсіптік даярлық жүйесін үздіксіз жетілдіруді, теориялық білімді өнімді еңбекпен, қоғамдық өмірмен үнемі байланыстырып отыруды міндеттейді. Мұндағы мақсат - өскелен жас ұрпақты қоғам жұмысына белсене қатысуға әзірлеу. Ендеше тұлғаның адами қасиеттерін барлық жағынан дамыту, оның тек жеке басының қажеттілігін ғана қамтамасыз етуді көздемейді, сонымен бірге өзі өмір сүріп отырған қоғамның мүддесін де қорғайды.
Бүгінгі танда тәрбие жұмысын ұйымдастыруды нақтылы көзқарастар жүйесін басшылыққа алу манызды. Педагогикада – тұлғалы – бағдарлық, іс-әрекеттілік, мәдениетшілдік, жүйелілік, кешенділік, ықпалдастық, біртұтастық, этнопедагогикалық, антропологиялық секілді әдіснамалық принциптерінің жүйесі қалыптасқан.
Тұлғалық- бағдарлық қозқарас адамның тұлға ретінде әлеуметтік, әрекеттілік және шығармашылық мәні туралы принципті баяндайды. Ол тұлғаны тарихи- қоғамдық даму нәтижесі және мәдениет жаршысы таниды.
Тұлғалық- бағдарлық қозқарас дегеніміз педагогикалық процесті жобалап, бағдарлауда тұлғаны мақсат, субъект, оның нәтижесі және негізгі өлшемі ретінде қарастырады.
Іс-әрекеттілік қозқарас тәрбие процесінде тұлға дамуының негізі, құралы және шешуші факторы болып есептелінеді. Бұл сана және әрекеттің бірлігі идеясына негізделіп, тәрбиеде жаңа жүйені қалыптастырды.
Мәдениетшілік көзкарас. Бұл нақтылы - ғылыми әдіснамалық таным ретінде және педагогикалық ақиқатты жаңғыртуда өзінің негізгі аксиологиясы – жалпы адамзаттық мәдени құндылық (заттық және рухани) жайында оқу болып табылады.Ол жалпы адамзаттық мәдени құндылыққа негізделіп, оған қайшы келмейтін ұлттық мәдениет және аймақтық дәстүрлерді құрайды.
Жүйелік көзкарас бірден бір әдіснамалық принцип болып есептеледі.
Оның мәні педагогиканың жекелеген элементтерін бір-бірінен оқшау қарастыратырмайды, керісінше олардың бір бірімен өзара байланысын қамтамасыз етіп, бірынғай жүйе құрады. Жүйелік көзкараста педагогикалық жүйе келесі компоненттердің өзара байланысының жиынтығы ретінде қарастырылады: білім берудің мақсаты, педагогикалық процестің субъектісі (мұғалім және оқушы), білім беру мазмұны (жалпы,базалық және кәсіби мәдениеттілік), педагогикалық процестің формалары және әдістері және материалдық база.
Ықпалдық көзкарас немесе біртұтастық көзқараста тұлғаны қалыптастыру тәрбие әрекетінің негізгі компоненттерінің өзара тығыз байланысын қамтамасыз етуді қарастырады.
Бүгінде тәрбиедегі тұлғаны жан-жақты дамыту идеясына жалпы адамзаттық мәдениетті меңгеру, соның ішінде ақыл-ой мәдениеті, зияттық мәдениет, политехникалық және еңбек мәдениеті мен тұлғаның кәсіби бағдары, адамгершілік мәдениеті, саяси және құқық мәдениеті, эстетикалық және дене, экологиялық, экономикалық мәдениет, дәстүрлі және этнопедагогикалық мәдениетті қамтиды. Олай болса, жоғарыда аталған мәдениеттің барлық түрі, олардың өзара байланысы адамның өмірді, табиғатты, қоғамды, өндірісті, өнерді біртұтастық тұрғыдан қабылдауының негізгі көзі болып, оның ғылыми дүниетанымының тұтастай қалыптасуына әсер етеді.
Этнопедагогикалық көзкарас қазіргі тәрбие теориясы мен практикасы үшін аса қажет. Педагогика мен халықтық тәрбиенің бірлігін, этностық тәрбиенің сипаты мен өзгешелігін және оны мазмұндау, адамзаттың көп ғасырлық тәрбие әрекеті нәтижесінде жинақталған педагогикалық құндылықтарды практика жүзінде қолдана алу қажеттілігін айқындайды.
