Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Франция мемлекеті Экономикасы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
57 Кб
Скачать
☆

2. Франция өнеркәсібі

Екінші дүниежүзілік соғыстан соң Франция үкіметі соғыста күйзелген экономикасын қалпына келтірумен қатар,өндірістің мүлдем жаңа салаларын дамыта бастады. 1950 жылдан бері өнеркәсіп өндірісі 4 есеге жуық өсіп,өнеркәсіпте жұмыс істейтіндердің саны соңғы 20 жылда 1,5 млн адамға қысқарды. Мұның өзі еңбек өнімділігінің артуы мен өнеркәсіп жүйесінің құрылымдық өзгерістері нәтижесінде мүмкін болды. Елдің экономикалық қуаттылығын символы болып келген дәстүрлі өнеркәсіп салалары соңғы онжылдықтарда өзінің жетекші рөлінен айырылып, жаңа салаларға жол беруде. Лотарингия темір кені алабының қорын пайдаланатын қара металлургия өнеркәсібі 20 ғасырдың 70-жылдарынан бастап дағдарысқа ұшырады. Оған Еуропа мен дүние жүзі нарығында неғұрлым қуатты бәсекелестердің Бразилия, Шығыс Еуропа елдері, Корея және т.б. пайда болуы әсер етті. Еуропалық Одақ шеңберінде өнеркәсіптің осы саласын дамытуға бағытталған шаралар нәтижесінде өндірісті неғұрлым тиімді ұйымдастырып, қайта жабдықтауға мүмкіндік туды. Орталық аудандардағы тиімсіз кәсіпорындар жабылып, негізгі металлургиялық кешендер солтүстіктегі Дюнкерк маңы мен Лотарингиядағы Мозель өзені аңғарындағы шоғырланған.Қазіргі кезде жылына 19 млн т болат өндіріледі.

Алюминий өндірісінде де аумақтық өзгерістер болды бұрын олар, негізінен, Альпы мен Пиреней аудандарындағы су электр станциялары маңында орналасса ,қазіргі кезде шеттен әкелінетін шикізатты қабылдап алатын портты қалаларға көшірілген. Құрамына тоқыма, бояулар жасау, кілем тоқу,еден төсеніштерін шығару өндірісі енетін Францияның мата өнеркәсібі дүние жүзіндегі жетекші орнын жоғалтқан жоқ. Бұл салада әсіресе жүн маталарын шығарудан дүние жүзінде бірінші орын алатын «Шаржер – текстиль», мақта маталарын шығаруға маманданған DMC компаниялары көзге түседі. Қазіргі кезде сырттан әкелінетін жүн мен мақтадан басқа, бұл кәсіпорындарда жасанды талшықтар да кеңінен пайдаланылады. Негізгі орталықтары – Мюлуз,Труа, Лион және Париж маңы. Машина жасау өнеркәсібінде көлік қатынасындағы машиналар мен электр техникасын жасау салалары күшті дамыған. Дүниежүзілік автомобиль өндірісінің дамуында елдің айрықша орны бар. 1898 жылы ағайынды Рено негізін салған фирма алғашқы автомобилін жасап шығаратын болатын, арада 15 жыл өткен соң бұл шағын кәсіпорын алуан түрлі машина шығаратын аса ірі концернге айналды. Қазіргі кезде бұл концерн мемлекеттік болып саналады. Мұнда жүк автомобильдері, автобустар, ауыл шаруашылығы машиналары, сондай – ақ кемелер мен ұшақтардың қозғалтқыштары жасалады. Францияда жылына 3,5-4 млн автомобиль жасалса , соның 9/10 бөлігі жеңіл көлік болып табылады. Қазіргі кезде жеңіл автомобильдер , негізінен , Рено кәсіпорны мен жеке меншік Пежо – Ситроен концернде жасалады. Француз компаниялары дүние жүзінің 30 елінде автомобиль тетіктерін жинайтын зауыттар ашқан .

Елде жасалған автомобильдердің 60 ы шетке шығарылады. Көбінесе француз жеңіл көліктерін Португалия, Испания , Бразилия және Оңтүстік – Шығыс Азияелдері сатып алады .

3. Франция экономикасы

Франция — жоғары дамыған индустриялы-аграрлы ел. Өнеркәсіп  өндірісінің жалпы көлемі бойынша дүние жүзінде 4-орын (АҚШ,  Жапония, Германиядан кейін), Еуропада я жылдық мөлшелері 24990 АҚШ долларына тең (2003 ж). Франция автомобильдер шығару жөнінде дүние жүзінде 3-орын, авиациялық және ғарыштық техника өндірісі бойынша Еуропада 1-орын алады. Сондай-ақ экспортқа көп мөлшерде қару-жарақ, АЭС-тер үшін құрал-жабдықтар, химикаттар, маталар мен киім-кешек шығарады. Француз өнеркәсібінің жетекші салаларына автомобиль жасау, химия мен мұнай химиясы, ұшақ жасау (аэробустар мен әскери ұшақтар), электроника, металлургия, темір жолы техникасын шығару жатады. Парфюмерия — косметикалық сала мен жоғары талғамды сәнді киімдер шығаруда Франция дүние жүзінде бірінші орынды иеленеді. Жылына шамамен 3,5 млн. автомобиль шығарса, оның жартысына жуығы экспортқа жіберіледі. Автомобильдердің 90%-дан астамын “Рено” мен “Пежо-Ситроен” компаниялары шығарады. Кеме және станок жасау, ауыл шаруашылық машиналары өндірісі де жақсы дамыған. Химия өнеркәсібі минералды тыңайтқыштар, синтетикалық каучук пен пластмасса, парфюмерия, дәрі-дәрмектер жасауға маманданған. Ірі мұнай, химиялық кәсіпорындары көп. Химия өнеркәсібі биотехникалық және гендік инженериямен тығыз байланысты. Тоқыма өнеркәсібі өзінің бұрынғы маңызынан айрылса да, Франция киім-кешек пен маталар шығарудан Еуропада алдыңғы орындардың бірін иеленеді (мақта-мата, жібек, синтетикалық, жүн, кендір, зығыр маталары өндіріледі). Француз кәсіпорындары шығарған ірімшік, шараптар, кондитерлік бұйымдар дүние жүзіне танымал. Өнеркәсіп өнімдерінің 1/5-іне жуығы Париж бен оның айналасында, сондай мөлшері Лион мен солтүстік аудандарда өндіріледі. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндірудің көлемі бойынша Франция дүние жүзінде АҚШ пен Канададан кейін 3-орынды иеленеді. Ол ауыл шаруашылық өнімдерімен өзін-өзі толық қамтамасыз етіп, 40%-ын экспортқа шығарады. Франция — Еуропадағы астық, сары май, ірі қара етін, ірімшікті ең көп мөлшерде өндіретін ел. Өсімдік шаруашылығының негізгі саласы — дәнді дақылдар өсіру (негізгілері — бидай, жүгері, қара бидай, арпа, күріш). Картоп, қант қызылшасы, күнбағыс, рапс та көп мөлшерде өсіріледі. Ницца өңірінде гүл өсіру дамыған. Жүзімнің негізгі бөлігі шарап дайындауға (жылына 60 млн-дай л) жұмсалады, неғұрлым белгілі түрлері шампан, кагор, коньяк. Жеміс-жидек (алма, алмұрт, шабдалы, Жерорта теңізі жағалауларында цитрустық жемістер мен қара өрік) пен көкөніс өсіру дамыған. Ірі қара (20,6 млн. бас), шошқа, қой, жылқы өсіріледі. Балық аулау кәсібінің негізгі порттары Атлант мұхиты жағалауларында (Булонь, Лорьян, Ла-Рошель) орналасқан. 2005 ж. елде 70 млн-нан аса шетелдік туристер демалды. Экспортының негізін өнеркәсіптік құрал-жабдықтар, тұрмыстық бұйымдар, ауыл шаруашылық өнімдері, химиялық тауарлар мен шикізаттар, тігін бұйымдары, киім-кешек, аяқ киім, парфюмерия мен косметика, автомобильдер құрайды. Сырттан тұтыну тауарларын, өнеркәсіптік шикізаттар алады. Негізгі сауда серіктестері: Германия, Италия, Бельгия, Люксембург, Ұлыбритания мен АҚШ. Франция Қазақстанның сауда серіктестері ішінде 12-орын алады. Француз кәсіпорындары Қазақстандағы өз қызметінің қарқынын біртіндеп арттырып келеді. 2005 ж. ҚР мен Франция арасындағы тауар айналысы 2665,1 млн. долларды құрады. Қазақстан Францияға мұнай, кентастар, химия өнеркәсібінің шикізаттарын, тері мен астық береді. Франциядан негізінен дәрі-дәрмектер, азық-түлік өнімдерін, қосалқы бөлшектер, автомобильдер, тұрмыстық электроника, шарап, теңіз өнімдерін, ірімшік, парфюмерия мен косметикалық бұйымдар, жоғары сән киімдерін алады. Қазіргі кезде Қазақстанда француз кәсіпкерлері араласқан 19 шағын кәсіпорын тіркелген. 4 француз банкі Қазақстанмен бірлесіп жұмыс атқаруда, мұнай-газ, тау-кен, энергетикада, көлік пен қызмет көрсету салаларында көптеген француз компаниялары еңбек етуде. 2004 ж. 10 наурызда Парижде экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-француз үкіметаралық комиссиясының кезекті, алтыншы мәжілісі болып өтті.