- •Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарына арналған «Музыка» пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы
- •1) «Музыка тыңдау, талдау және орындау».
- •2) «Музыкалық-шығармашылық жұмыстар құру».
- •1) «Музыка тыңдау, талдау және орындау».
- •2) «Музыкалық-шығармашылық жұмыстар құру».
- •1) «Музыка тыңдау, талдау және орындау».
- •2) «Музыкалық-шығармашылық жұмыстар құру».
- •Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарына арналған «Музыка» оқу пәнінің үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ұзақ мерзімді жоспар
2) «Музыкалық-шығармашылық жұмыстар құру».
Қарапайым музыкалық шығармаларды шығару және импровизация жасау үшін музыкалық көркем құралдарды қолдану: нота ұзақтықтары, паузалар, екпін, ырғақ.
3) «Музыкалық-шығармашылық жұмысты көрсету және бағалау».
Меңгерілген музыкалық білімдері мен дағдыларын шығармашылық жұмыстар арқылы көрсету. Өзінің және басқалардың шығармашылық жұмыстарын бағалау.
39. 4-сыныптағы «Музыка» оқу пәнінің базалық мазмұнына келесі бөлімдер кіреді:
1) «Музыка тыңдау, талдау және орындау».
Музыкалық сауаттылық.
Ұғымдар: ұлттық оркестр, үрмелі оркестр, симфониялық оркестр, ұлттық, классикалық аспаптар, аспаптардың топтасуы: ішекті, үрмелі, соқпалы; классикалық музыкалық формалар: соната, рондо, вариация, симфония; музыка стильдері: халықтық, классикалық, заманауи (эстрадалық), жеке әншілік өнер. Музыкалық жанрлар: лирикалық (ән, романс, серенада, элегия, баркарола), қозғалыс әрекет түрлері (би, марш), баяндау түрлері (эпостық жыр, былина), синкреттік жанлар (опера, балет); аспаптық (симфония, рондо, вариация, сюита). Эпостық шығармаларды орындаушылар және шығарушылар: жырау, жыршы, сказитель. Музыка түрлері: вокалдық (жеке дауыспен, хор және ансамбль құрамында); аспаптық (жеке және оркестр құрамында); би музыкасы. Хор құрамындағы дауыс түрлері: ерлер (бас, баритон, тенор), әйелдер (сопрано, альт), балалар (дискант, сопрано).
Музыканы тыңдау және талқылау.
Түрлі орындаудығы музыкалық шығармаларды тыңдау және талқылау: вокалдық және аспаптық, жеке және оркестр құрамындағы орындау. Музыкалық шығармадағы көркем образдарын және жанр түрлерін анықтау және салыстыру.
Аспаптарда ойнау және ән айту.
Канонмен, қарапайым екі дауыстағы элементтерімен түрлі сипаттағы әндерді орындау. Ән орындау ережелерін сақтау. Дыбыстардың арасын үзбей жатық, пунктирлі ырғақтағы әндерді орындау; жеке дауыспен, топта, музыкалық аспатың сүйемелдеуімен және сүйемелдеусіз орындау. Қарапайым әуендерді, қайырмаларды нота арқылы орындау. Музыкалық аспаптар көмегімен (балаларға арналған шулы, ұлттық соқпалы аспаптар) өз партиясының ырғақтық сүйемелдеуін ансамбль, оркестр құрамында орындау.
2) «Музыкалық-шығармашылық жұмыстар құру».
Білім алушылардың идеялары негізінде, түрлі материалдар, ресурстар көмегімен музыкалық шығармашылық жұмыстарды құру. Меңгерілген білімдерін және дағдыларын шығармашылық қойылымдарда, ұжыммен ән орындауда, ансамбль құрамында, театрланған сахналауда көрсету.
3) «Музыкалық-шығармашылық жұмысты көрсету және бағалау».
Музыкалық шығрмашылық жұмыстарды, бағалау, көрсету, өз жұмыстарын жақсарту мақсатымен ұсыныстар айту.
40. Мұғалім бөлім және тиісті тоқсан аясында бөлімшелерді немесе оқу мақсаттарын өздігінен анықтайды.
41. Бағдарламада оқу мақсаттарын тиімді қолдану үшін кодтық белгілеу енгізілді. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші сан бөлімді, үшінші сан бөлімшені, төртінші сан оқу мақсаттарының реттік санын білдіреді. Мысалы, код белгісіндегі 1.2.1.1: «1» сынып, «2» бөлім, «1» бөлімше, «1» оқу мақсатының реттік саны.
42. Оқу мақсаттар жүйесі:
Білім алушы білуі тиіс:
1-бөлім «Музыканы тыңдау, талдау және орындау» |
||||
Оқыту мақсаттары жүйесінің бөлімшелері |
1-сынып |
2-сынып |
3-сынып |
4-сынып |
|
||||
1.1 Музыка тыңдау және талдау |
1.1.1.1- есту қабілетіне сүйеніп таныс дыбыстарды, музыканы тану |
2.1.1.1- музыкалықкөркемдеуші құралдарыңкөмегімен музыканың сипатын анықтау |
3.1.1.1- тыңдалған әуеннің сипатын, мазмұнын, жанрын, көркемдеуші құралдарын анықтаужәне салыстыру |
4.1.1.1- музыкалық көркемдеуші құралдардың көмегімен, әуеннің жанрын, көркемдік образдарынанықтау және салыстыру |
|
1.1.1.2 - шулы және музыкалық дыбыстарды ажырату |
2.1.1.2 - әуеннің вокалдық, аспаптық түрін ажырату және анықтау |
3.1.1.2 - музыкалық шығармаларды интонация, әуен арқылы танып ажырату
|
4.1.1.2 - музыкалық шығарманың дыбыстауын түрлі орындауда тыңдатып анықтау және салыстыру |
1.2 Музыкалық-орындаушы лық іс- әрекет |
1.1.2.1 - ән айтуда оның сипатына және әндету ережелеріне сәйкесорындау
|
2.1.2 1- түрлі сипатты әндерді жеке, ансамбль және хор құрамындаән айту ережесін сақтапорындау
|
3.1.2.1 - көркем образдарды аша отырып,түрлі сипатты әндерді орындау
|
4.1.2.1 - ән айту ережесін сақтай отырып, түрлі сипаттағы екі дауысты қарапайым элементтері бар әндерді орындау |
1.1.2.2 - әнді орындау барысында негізгі дирижерлық қимылдарды түсіну |
2.1.2.2. – әнді негізгі дирижерлық қимылдар көмегімен орындау |
3.1.2.2. – әнді негізгі дирижерлық қимылдар көмегімен орындау |
4.1.2.2 - түрлі сипаттағы әндерді айтуда жеңіл, созып орындау дағдыларын көрсету |
|
1.1.2.3 - музыкалық аспаптардың көмегіменшығармалардысүйемелдеу |
2.1.2.3 - ансамбльде музыкалық аспаптардың көмегімен шығарманы қарапайым ырғақпен сүйемелдеп орындау |
3.1.2.3 - музыкалық штрихтарды қолдана отырып, аспаптарда ойнау дағдыларын көрсету
|
4.1.2 .3 - музыкалық көркемдеуші құралдарды қолдана отырып, аспаптарда ойнау дағдыларын көрсету |
|
1.3 Музыкалық сауаттылық Музыкалық көркемдеуші құралдар |
1.1.3.1 - есту қабілетіне сүйене отырып музыкалық көркемдеуші құралдарды анықтау
|
2.1.3.1- музыкалық көркемдеуші құралдарды анықтау және салыстыру
|
3.1.3.1 - музыкалық көркемдеуші құралдарды анықтау және оларды орындауда қолдану
|
4.1.3.1- музыкалық көркемдеуші құралдардың көмегімен шығарманы орындау және импровизациялау |
Музыкалық шығарманың құрылымы және формасы |
1.1.3.2 - әннің құрылымын ажырату: шұмақ, шумақ - қайырма |
2.1.3.2 - музыкалық шығармадағы негізгі әуенді, музыкалық фраза, музыкалық сөйлемді анықтау |
3.1.3.2 - музыкалық форманың құрылымын анықтау: шумақ, шумақ-қайырма, бір бөлімді, екі бөлімді |
4.1.3.2 - музыкалық форманың классикалық түрлерін ажырату:соната, рондо, вариация, симфония |
Музыкалық ұғымдар |
1.1.3.3 - негізгі музыкалық ұғымдарды білу
|
2.1.3.3 - негізгі музыкалық ұғымдарды анықтау және ажырату
|
3.1.3.3 - музыкалық шығармаларды талдау барысында негізгі музыкалық ұғымдарды анықтау және ажырату |
4.1.3.3 - ауызша және жазбаша жұмыстарда негізгі музыкалық ұғымдарды қолдану |
Музыканың жанрлары мен стильдері |
1.1.3.4 - музыкалық жанрларды білу
|
2.1.3.4 - музыкалық жанрларды анықтау
|
3.1.3.4 - музыкалық жанрлар мен стильдерді анықтау және ажырату |
4.1.3.4 шығармаларды түрлі жанрлармен стильдерде орындау
|
Музыкалық аспаптар |
1.1.3.5 - түрлі музыкалық аспаптардың дыбысталуын анықтау |
2.1.3.5 - ұлттық және классикалық аспаптардың дыбысталуын салыстыру |
3.1.3.5 - ұлттық, үрмелі, симфониялық оркестр аспаптарын ажырату |
4.1.3.5 - орындау тәсілдеріне қарай музыкалық аспаптардың тобын ажырату |
Нота сауаттылығы |
1.1.3.6 - нота сауаттылығының негіздерін білу
|
2.1.3.6 - нотамен қарапайым әуендер орындау
|
3.1.3.6 - нотамен қарапайым әуендер орындау |
4.1.3.6 - ауызша және жазбаша жұмыстарды орындау барысында нота сауаттылығының негіздерін қолдану |
2-бөлім «Музыкалық-шығармашылық жұмыстар құру» |
||||
Оқыту мақсаттары жүйесінің бөлімшелері |
1-сынып |
2-сынып |
3-сынып |
4-сынып |
2.1 Музыкалық шығармашылық |
1.2.1.1 - музыкалық шығармашылық жұмыс арқылы шығарманың сипатын жеткізу
|
2.2.1.1 - музыкалық шығармашылық жұмыс арқылы шығарманың сипатын жеткізу
|
3.2.1.1- музыкалық шығармашылық жұмыстар жасау үшін өз идеясын ұсыну музыкалы
|
4.2.1.1- музыкалық шығармашылық жұмыстарды жасау үшін өз идеясын ұсыну және түрлі материалдар мен ресурстар таңдау |
1.2.1.2 - қарапайым музыкалық-шығармашылық жұмыстарды шығару
|
2.2.1.2 - қарапайым музыкалық-шығармашылық жұмыстарды шығару үшін музыкалық көркемдеуші құралдарды қолдану
|
3.2.1.2 - қарапайым музыкалық-шығармашылық жұмыстарды шығару және импровизация жасау үшін музыкалық көркемдеуші құралдарды қолдану |
4.2.1.2 - қарапайым музыкалық-шығармашылық жұмыстарды шығару және импровизация жасау үшін музыкалық көркемдеуші құралдарды қолдану |
|
3 бөлім «Музыкалық-шығармашылық жұмысты көрсету және бағалау» |
||||
Оқыту мақсаттары жүйесінің бөлімшелері |
1-сынып |
2-сынып |
3-сынып |
4-сынып |
3.1 Музыканы көрсету және бағалау |
1.3.1.1 - өз шығармашылық жұмысын көрсете білу |
2.3.1.1 - өз шығармашылық жұмысын көрсету және бағалай білу |
3.3.1.1 - өз шығармашылық жұмысын көрсету, өзінің және өзгелердің жұмыстарын бағалай білу |
4.3.1.1– өз шығармашылық жұмысын көрсету және бағалай білу, жұмысын жақсарту үшін ұсыныстар енгізу
|
Бастауыш білім беру деңгейінің
1-4-сыныптарына арналған
«Музыка» оқу пәні бойынша
үлгілік оқу бағдарламасына
6 қосымша
