Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
++Музыка_1-4_каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
97.81 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы ___

№ ___ бұйрығына ___-қосымша  

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі

№ 115 бұйрығына 184-қосымша  

Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарына арналған «Музыка» пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы

1-тарау. Түсіндірме жазба

  1. «Музыка» пәнінің оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

  2. Оқу бағдарламасы оқушылардың жас ерекшеліктерінің танымдық мүмкіндіктеріне сәйкес пәннің мазмұнын және олардың білім, білік, дағдыларының көлемін анықтайтын оқу-нормативтік құжат болып табылады.

  3. «Музыка» пәнінің оқу бағдарламасы «шиыршық» қағидаты негізінде әзірленген, осыған сәйкес оқу мақсаттары мен тақырыптардың басым көпшілігі белгілі бір академиялық оқу кезеңі өткеннен кейін (оқу жылы барысында немесе келесі сыныптарда) білім көлемі және солар бойынша дағдылар біртіндеп тереңдетіле, күрделене және ұлғайтыла отырып қайта қарастырылады.

  4. Оқу бағдарламасы оқу жылы көлемінде бағдарлама бөлімдерін оқытудың бірізділігін анықтайтын ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. Тақырыптарға сағат санын бөлу, сондай-ақ, тоқсан көлемінде тақырыптарды оқытудың реті мұғалімнің қарауымен өзгеруі мүмкін.

5. Оқу бағдарламасы оқыту үдерісін оқушылардың «Музыка» пәнінің әдістемелік әлеуетін осы пәндік салалар бойынша оқушылардың саналы түрде білім алуы мен біліктерді меңгеруі үшін қолдануға, оқу, жоба, зерттеу іс-әрекеттері тәсілдерін, әлеуметтік-мәдени кеңістікте бағдарлай алу біліктерін меңгеру арқылы өздігінен әрекет етуін дамытуға бағыттайды.

6. Оқу бағдарламасы заманауи мектептегі білім беру үдерісін ұйымдастырудың инновациялық педагогикалық тәсілдемелері сипатталған оқу-нормативтік құжаттың дәстүрлі қызметтерін қамтиды. Оқытуға бағытталған тәсілдемелер пән бойынша оқу бағдарламасының түбегейлі жаңа құрылымын құруда негізгі бағдар болып табылады.

  1. Бағдарлама білім алушының белсенді іс-әрекетін ұйымдастыруға, қазіргі кезеңде білімге өздігінен «қол жеткізу» үшін, оқу үдерісіне қойылатын негізгі талаптардың бірі ретінде бағытталған. Мұндай тәсілдеме пәндік білімді, әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларды ғана емес, сонымен бірге өзінің жеке мүдделері мен болашағын ұғынуға, сындарлы шешімдер қабылдауына мүмкіндік беретін тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді.

  2. Білім беру үдерісіне қатысушыларының өзара қарым-қатынасында өктемшілікке жол бермей, ынтымақтастығына ықпал ететін оқытудың алуан интерактивті әдістерін қолдану тұлғалық-бағдарлық білім беруді нығайтуға мүмкіндік береді.

  3. Білім беру үдерісін ұйымдастырудың барлық инновациялық тәсілдемелері оқытуды білім, идеялар және іс-әрекет тәсілдерімен белсенді түрде алмасуды көздейтін оқушының шынайы шығармашылық үдерісіндегі қарым-қатынас моделіне айналдырады.

  4. Пәннің мазмұнын меңгеру және оқу мақсаттарына қол жеткізу үдерісінде оқушылардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, атап айтсақ: қажетті ақпаратты іздеу, өңдеу, алу, құру және көрсету, ақпараттар және идеялармен алмасу үшін бірлесіп әрекет ету, жабдықтар мен қосымшаларды кең ауқымда қолдану арқылы өз жұмысын бағалау және жетілдіру сияқты қолдану дағдыларын дамыту үшін алғышарттар/жағдайлар жасалады.

  5. «Музыка» пәнінің оқу бағдарламасында оқу пәнінің мазмұнын анықтаудың негізі болып табылатын оқу мақсаттарының жүйесі түрінде ұсынылған күтілетін нәтижелері қалыптастырылған. Оқу бағдарламасының мазмұндық көрінісі білім алушының өз білім алуының субъекті және тұлғааралық қарым-қатынас жасау субъекті ретінде тәрбиеленуіне пәннің үлесін айқындайды.

  6. Оқу бағдарламасы білім беру құндылықтары мен мектепті бітіру кезіндегі нәтижелердің өзара байланысы мен өзара шарттылығына негізделген тәрбиелеу мен оқытудың және осы пәннің оқу мақсаттары жүйесінің біртұтастығы қағидатын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

  7. «Музыка» пәнінің оқу бағдарламасы тек пәндік білім мен білікке ғана емес, сонымен қатар кең ауқымды дағдылардың қалыптасуына бағытталуы оның ерекше өзгешеліктері болып табылады. Бағдарламадағы құрылған оқу мақсаттарының жүйесі білімін функционалдықпен және шығармашылықпен қолдану, сыни тұрғыдан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, қарым-қатынас жасаудың түрлі тәсілдерін қолдану, топпен және жеке жұмыс істей алу, мәселелерді шешу және шешімдер қабылдау сияқты кең ауқымды дағдыларды дамытуға негіз болып табылады.

  8. Экономикадағы заманауи инновациялар, еңбек нарығындағы өзгерістер оқушыларға күрделі міндеттерді шешу үшін немесе оларды шешудің жаңа тәсілдерін табу үшін жағдаятқа, идеялар мен ақпараттарға талдау жасау және бағалауға, алған білімі мен тәжірибесін жаңа идея мен ақпаратты жинақтау үшін шығармашылық түрде қолдануға мүмкіндік беретін дағдылар жиынтығын меңгеру қажеттілігіне себепші болады. Жігерлілік, алғырлық, өзгерістерге дайындығы, байланысқа бейімділігі сияқты тұлғалық қасиеттер өзекті болып саналады.

  9. Жеке тұлғалық қасиеттердің кең ауқымды дағдылармен тығыз байланыста дамытылуы білім берудің «қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік», «құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек пен шығармашылық», «ашықтық», «өмір бойы білім алу» сияқты басты құндылықтарын бойына сіңіруіне негіз болады. Бұл құндылықтар оқушылардың мінез-құлқы мен күнделікті іс-әрекетіне ықпал ететін тұрақты тұлғалық бағдарына негіз болады.

2-тарау. «Музыка» оқу пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері

16. «Музыка» пәні адам өмірінің бөлігі ретінде, ұлттық және жалпыадамзаттық мәдениеттің бөлігі ретінде білім алушылардың музыкаға деген құндылықтық қарым-қатынасын қалыптастыруға бағытталған.

17. Пәнді оқытудың мақсаты – білім алушылардың музыка бойынша негізгі білімі мен біліктерін, музыкалық іс-әрекеттерінде шығармашылық пен өз ойын жеткізу және қарым-қатынас жасау тәсілдерін меңгеру, ұлттық және жалпыадамзаттық мәдениеттің адамгершілік-эстетикалық құндылықтары туралы түсініктерін қалыптастыру, музыкалық және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

18. «Музыка» пәнін оқытудың міндеттері:

1) музыкалық сауат негізі бойынша білімдерін қалыптастыру;

2) стиль, жанр, музыканың көркемдік құралдары туралы түсініктерді қалыптастыру;

3) музыкалық сауаттың негізгі терминдері мен ұғымдарын меңгеру;

4) музыкалық іс-әрекет үдерісінде білімдері мен дағдыларын, сонымен бірге музыканы өнердің басқа да түрлерімен кіріктіре отырып дамыту;

5) музыкалық орындаушылық дағдалырын, сонымен қатар ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (бұдан әрі – АКТ) қолдану арқылы қалыптастыру; 

6) қазақтың дәстүрлі музыкасы мен фольклорының, әлем халықтарының музыкалық шығармашылығының, классикалық және заманауи композиторлар шығармаларының озық үлгілерін білу;

7) музыкалық іс-әрекеттер үдерісінде білім алушылардың көркемдікті қабылдау қабілеттерін қалыптастыру;

8) музыкалық іс-әрекеттер үдерісінде зерттеушілік, шығармашылықпен және сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыру;

9) білім алушылардың өмір тәжірибесі негізінде іс-әрекеттерінің танымдық және эмоционалдық өрісін, адамгершілік-эстетикалық сезімдерін, ассоциациялық және бейнелеп ойлау дағдыларын, музыкалық іс-әрекеттер арқылы қоршаған ортаға өзінің қарым-қатынасын білдіруге деген талап-тілектерін қалыптастыру.

19. Бастауыш мектептегі «Музыка» пәнінің мазмұны:

1) қазақтың музыкалық фольклорының, дәстүрлі, классикалық және заманауи музыканың озық үлгілерін;

2) музыкалық сауат негіздерін;

3) орындау және тәжірибеде музыкамен айналысу үшін музыкалық материалды (композиторлар, халықтық және классикалық музыкалық аспаптар, музыкалық жанрлар мен стильдер туралы мағлұматтар); 

4) музыка шығару мен суырып-салмалылыққа арналған музыкалық-шығармашылық тапсырмаларды, сонымен қатар АКТ қолдануды;

5) өнердің басқа түрлерімен және өзге пәндермен пәнаралық байланыс орнатуды қамтиды.

3-тарау. Оқу үдерісін ұйымдастырудағы педагогикалық тәсілдемелер

  20. Құндылыққа бағытталған тәсілдеме:

1) оқытудағы құндылыққа бағытталған тәсілдеме – ол оқу әрекетін белгілі бір құндылықтар тұрғысынан ұйымдастыру және жүзеге асыру, нәтижелерге қол жеткізу және пайдалану әдісі. Құндылыққа бағытталған оқу үдерісі білім алушы тұлғасының құндылықтар жүйесін мақсатты түрде қалыптастырады.

2) орта білім беру құндылықтары «Мәңгілік ел» ұлттық идеясына негізделген. Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық, ашықтық және өмір бойы білім алу – орта білім берудің құндылықтары ретінде белгіленді.

21. Тұлғалық-бағдарлы тәсілдеме: тұлғалық-бағдарлы тәсілдеменің мақсаты оқу үдерісін дараландыру, оқу үдерісінде тұлғаны, оның жеке психикалық және физиологиялық ерекшеліктерін, қажеттіліктері мен жүріс-тұрыс уәждерін, әлеуетті қабілеттіліктерін ескере отырып үйлесімді қалыптастыру және жан-жақты дамыту, оның шығармашылық қабілеттерін толық ашу.

22. Іс-әрекеттік тәсілдеме:

1) іс-әрекеттік тәсілдеменің негізгі мазмұны – оқушы білімді дайын күйінде алмай, оны өзі табады, өзінің оқу әрекетінің мазмұны мен түрлерін ұғынады, оның ережелер жүйесін түсінеді және қабылдайды, жетілдіруге белсенді қатысады; ол өз кезегінде білім, біліктері мен дағдыларының және кең ауқымды дағдылардың белсенді әрі сәтті қалыптасуына ықпал етеді;

2) оқушылардың оқу әрекеттері: «біледі», «түсінеді», «талдайды», «жинақтайды», «бағалайды» санаттар бойынша топтастырылған.

23. Сараланған тәсілдеме:

1) сараланған тәсілдеме білім алушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, оқу топтарына әр түрлі мүмкіндіктер туғызатын дербес оқу үдерісі болып табылады..

2) күрделілігі, танымдық қызығушылығы, мұғалім тарапынан көмек көрсету сипаты бойынша айырмашылығы бар сараланған тапсырмаларды қолдану саралап оқыту жұмысын ұйымдастырудың шарты болып табылады. Білім алушылардың түрлі топтағы арнайы дайындалған құралдар мен іс-әрекетті саралау тәсілдерінің көмегімен оқу әрекетін ұйымдастыру сараланған тәсілдемеге жатады

24. Коммуникативтік тәсілдеме:

1) білім берудегі коммуникативтік тәсілдеме дегеніміз ақпаратты тарату мен жариялауда, білім, білік және дағдылармен алмасуда кем дегенде екі адамның сөйлесуі арқылы атқарылатын әрекеттесу үдерісі. Тіл арқылы қарым-қатынас жасау қабілеттігі, яғни тілдік және сөйлеу нормаларын дұрыс пайдалана отырып және қарым-қатынас жағдайына сай тиімді коммуникативтік дағдылары таңдай отырып, түрлі жағдайларда қатынас әрекетінін басқа қатысушыларымен ой бөлісу және алмасу қабілеттілігі коммуникативтік тәсілдеменің нәтижесі болып табылады.

2) коммуникативтік тәсілдемеге сәйкес ұйымдастырылған оқу үдерісіне қарым-қатынас жасау қабілетін қалыптастыратын тапсырмаларды және шынайы қатынас жағдайларына сай жұмыс режімдері (жұптық және топтық жұмыстарды) енеді.

25. Ойын іс-әрекеттері арқылы оқыту:

1) ойын түрлерін оқыту әдісі ретінде қолдану білім алушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыруға ықпал етеді.

2) оқытудың ойын технологияларының басты элементтері: ойын басталар алдында оқушыларға нақты оқу мақсаты қойылады; ойын арқылы белгілі бір педагогикалық нәтижеге қол жеткізіледі, оқу әрекеті ойын ережелеріне бағынады; оқу материалы ойынның құралы болып табылады. Ойынды музыкалық іс-әрекет үдерісінде қолдану білім алушылардың музыканы есте сақтау, ассоциациялық-бейнелікпен және шығармашылықпен ойлау, музыкалық түйсікті, ырғақтылықты, орындау дағдылары мен музакалық білімдерін дамытуға ықпал етеді.

26. Көркемдік-музыкалық тәсілдеме:

1) бастауыш мектеп білім алушының жас ерекшеліктеріне сәйкес түрлі музыкалық іс-әрекет (орындаушылық, музыкалық-шығармашылық, коммуникативтік және сөйлеу іс-әрекеті) үдерісінде музыкалық сауат негіздерін қолдану бойынша нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған оқушының немесе оқушылар топтарының оқу-танымдық іс-әрекеттері.

27. Берілген тәсілдемелер:

1) әрбір білім алушының музыкалық білімін одан әрі дамыту мақсатында әрқайсының жеке пікірін құрметтеу және меңгерген білімдері мен дағдыларын қолдану маңыздылығын түсіну;

2) мұқият іріктелген тапсырмалар мен педагогикалық іс-әрекет түрлері арқылы білім алушылардың ынталандыра және дамыта оқыту;

3) оқушыларға өмірден алынған мысалдар арқылы мәселелерді шешу стратегияларын модельдеу; 

4) білім алушыларды зерттеу әрекеттеріне және белсенді оқуға тарту;

5) түрлі музыкалық іс-әрекеттерге қатысу арқылы білім алушылардың сыни тұрғыднан және шығармашылықпен ойлау дағдыларын дамыту;

6) білім алушылардың жеке, топтық және ұжымдық жұмыс түрлерін ұйымдастыру;

7) білім алушылардың әртүрлі музыкалық іс-әрекет түрлеріне белсенді қатысуы;

8) білімді өз бетімен ізденуге деген ықыласын қалыптастыру;

9) «оқыту үшін бағалау» арқылы оқушылардың білім алуына қолдау көрсету;

10) одан әрі дамыту үшін бағалаудың әртүрлі тәсілдерін қолдану;

11) әрбір білім алушының шығармашылық дағдыларын ашу үшін қолайлы орта құру;

12) білім алушыларды белсендіру және ынталандыру мақсатында оқытуды саралау;

13) пәнаралық кіріктірілуі арқылы жүзеге асырылады.

4-тарау. Оқу жетістіктерін бағалау

28. «Музыка» пәнін меңгеру нәтижелері критериалды бағалау жүйесін қолдану арқылы жүзеге асырылады.

29. Критериалды бағалау оқыту, оқу және бағалаудың өзара байланысына негізделген. Критериалды бағалаудың нәтижелері білім беру үдерісін тиімді жоспарлауға және ұйымдастыруға қолданылады.

30. Критериалды бағалау қалыптастырушы және жиынтық бағалаудан тұрады.

31. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүзеге асырылады, білім алушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және оқу үдерісін дер кезінде реттеуге мүмкіндік береді.

32. Жиынтық бағалау оқытудың белгілі бір кезеңіндегі оқу ақпараты блогын оқуды аяқтағанда жүргізіледі, оқушыларға пән бойынша кері байланыс беру үшін, тоқсандық және жылдық бағаларды қою үшін қолданылады.

5-тарау. «Музыка» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру

33.«Музыка» пәні бойынша оқу жүктемесінің мөлшері:

1) 1-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 33 сағат;

2) 2-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

3) 3-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

4) 4-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

34. «Музыка» пәні бойынша оқу бағдарламасының мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылады. Оқу бөлімдері сыныптар бойынша күтілетін нәтижелер түріндегі оқу мақсаттарынан тұратын бөлімшелерге бөлінген.

35. Әр бөлімшеде белгіленген оқу мақсаттары мұғалімге білім алушылардың жұмысын жүйелі түрде жоспарлауға, сол сияқы олардың жетістіктерін бағалауға және оқудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.

36. 1-сыныптағы «Музыка» оқу пәнінің базалық мазмұнына келесі бөлімдер кіреді:

1) «Музыка тыңдау, талдау және орындау».

Музыкалық сауаттылық.

Ұғымдар: ән, би, күй, марш, тыңдаушы, орындаушы, әнші, ақын, күйші, музыкант, композитор, оркестр, дирижер; халық музыкасы, композиторлық музыкасы, нота, нота сызызықтары, скрипка кілті, такт, такт сызығы, төрттік, сегіздік; әуен, жоғары, төмен, бір биіктіктегі әуен, ырғақ, екпін, регистр, динамика; аккомпанемент; әннің құрылымы: шұмақ, шұмақ-қайырма.

Музыканы тыңдау ережесі. Дирижерлық негізгі қимылдар: зейін, тыныс алу, әндетудің аяқталуы. Аспаптардың атаулары: фортепиано, скрипка, домбыра, асатаяқ, қоңырау, тұяқтас, дауылпаз; балаларға арналған шулы аспаптар: ксилофон, металлофон, барабан, үшбұрыш, маракастар, бубен.

Музыканы тыңдау және талқылау.

Қоршаған ортадағы дыбыстарды тыңдау және тану (шулы және музыкалық). Музыканың сипатын талқылау: көңілді, мұңды, қуанышты, қайғылы. Музыкалық көркем құралдарды анықтау: регистр, екпін, динамика, әуеннің бағыты.

Аспаптарда ойнау және ән айту.

Ән айту ережелері, ән салу тәсілдері: дұрыс тыныс алу, дикция, таза орындау. Әнді ән айту ережелеріне сәйкес орындау. Балаларға арналаған, тақырыптық, қазақ халық және әдет-ғұрып әндерін орындау. Әнді дирижерлық қимылдардың көмегімен, бір дауыста орындау. Ре, ля ноталары аралығындагы дыбыс көлеміне қарай карапайым әуендерді таза орындау. Қазақ ұлттық және балаларға арналған шулы музыкалық аспаптарда ойнау.

2) «Музыкалық-шығармашылық жұмыстар құру».

Музыкалық шығарманың сипатын түрлі музыкалық-шығармашылық жұмыстар арқылы көрсету: ән, би, сахналанған ән. Қарапайым музыкалық-шығармашылық жұмыстарды шығару: белгілі мәтінге, тыңдалған музыкаға ырғақтық суреттер.

3) «Музыкалық-шығармашылық жұмысты көрсету және бағалау». Меңгерілген білімдері мен дағдыларды музыкалық-шығармашылық жұмыстар арқылы көрсету.

37. 2-сыныптағы «Музыка» оқу пәнінің базалық мазмұнына келесі бөлімдер кіреді: