Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
++АКТ_1-4_каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
239.1 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы « » ___________

№ ____ бұйрығына ___-қосымша  

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі

№ 115 бұйрығына ___-қосымша

Бастауыш білім беру деңгейінің 3-4-сыныптарына арналған «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар (акт)» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы

1-тарау. Түсіндірме жазба

  1. «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар (АКТ)» пәнінің оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

  2. Оқу бағдарламасы білім алушылардың жас ерекшеліктерінің танымдық мүмкіндіктеріне сәйкес әр оқу пәнінің мазмұнын және олардың білім, білік, дағдыларының көлемін анықтайтын оқу-нормативтік құжат болып табылады.

  3. Пәннің оқу бағдарламасы «шиыршық» қағидаты негізінде әзірленген, яғни оқу мақсаттары мен тақырыптардың басым көпшілігі белгілі бір оқу кезеңінен кейін (оқу жылы барысында немесе келесі сыныптарда) білім мен дағдының көлемі көбірек, тереңірек, күрделірек деңгейде қайта қарастырылады.

  4. Оқу бағдарламасы оқу жылы көлемінде бөлімдердің оқытылу ретін көрсететін ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. Тақырыптарға сағат санының үлестірілуі және тоқсан көлемінде тақырыптардың оқытылу реттілігін мұғалім анықтайды.

  5. Оқу бағдарламасы оқыту үдерісін білім алушылардың пән салалары бойынша білім мен біліктіліктерді саналы түрде меңгеруі үшін әр пәннің әдістемелік әлеуетін қолдануға, оқу, жоба, зерттеу іс-әрекеттері тәсілдерін меңгеру арқылы дербестігін дамытуға, әлеуметтік-мәдени кеңістікте орнын таба білуі үшін бағыттайды.

  6. Оқу бағдарламасында оқу-нормативтік құжаттың дәстүрлі міндеттері заманауи мектепте білім беру үдерісін ұйымдастырудың инновациялық тәсілдерін кіріктіреді. Оқытудағы тәсілдер пән бойынша оқу бағдарламасының түбегейлі жаңа құрылымын құруда негізгі бағдарлары болып табылады.

  7. Қазіргі кезеңде өздігінен білімді игеруі үшін білім алушының белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру оқу үдерісіне қойылатын негізгі талаптардың бірі болып табылады. Мұндай тәсіл пәндік білімді, әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларды ғана емес, сонымен бірге өзінің жеке мүдделері мен болашағын сезінуге, сындарлы шешімдер қабылдауына мүмкіндік беретін тұлғалық қасиеттерді де меңгеруге ықпал етеді. Мұғаліммен бірлесіп шығармашылықпен айналысу және серіктес, кеңесші ретінде мұғалімнің қолдауы кезінде білім алушының белсенді танымдық қабілеті тұрақты сипатқа ие болады.

  8. Тұлғалық-бағдарлық білім беруді күшейту білім беру үдерісіне қатысушылардың барлығының өзара қарым-қатынас жасауында өктемшілікке жол бермей, олардың ынтымақтастығы үшін алғышарттарды құрайтын оқытудың алуан түрлі интерактивті әдістерін қолдану есебінен жүзеге асырылады. Диалогтік және рефлексивті технологияларды қолдану білім алушылардың жоба және зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруымен сабақтасады.

  9. Білім беру үдерісін ұйымдастырудың барлық инновациялық тәсілдері оқытуды білім, идеялар және іс-әрекет тәсілдерімен белсенді түрде алмасуды көздейтін білім алушының шынайы шығармашылық үдерісіндегі қарым-қатынас моделіне айналдырады.

  10. Оқу бағдарламасы жергілікті сипаттағы материалдарды (нысандар, кәсіпорындар, ақпарат көздері) пайдалануға бағытталған оқу-жобалау іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы танымдық және әлеуметтік тұрғыдан білім алушының белсенділігін арттыруға бағытталған. Осы пәннің оқу мақсаттары аясында жүзеге асырылатын тәрбиелік сипаттағы жоба жұмысын ата-аналармен, жергілікті қауымдастық өкілдерімен бірлесе отырып, ұйымдастырылады.

  11. Оқу бағдарламасында үш тілде білім беруді жүзеге асыру қарастырылған, онда үш тілді меңгертіп қана қоймай, білім алушылардың сыныптан тыс жұмыстарын да үш (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде) тілде ұйымдастыру қарастырылған.

  12. Пән мазмұнын меңгеру және оқу мақсаттарына қол жеткізу үдерісінде білім алушылардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, атап айтсақ: қажетті ақпаратты іздеу, өңдеу, алу, құру және көрсету, ақпараттар және идеялармен алмасу үшін бірлесіп әрекет ету, жабдықтар мен қосымшаларды кең ауқымда қолдану арқылы өз жұмысын бағалау және жетілдіру сияқты қолдану дағдыларын дамыту үшін алғышарттар, жағдайлар жасалады.

  13. Оқу бағдарламасында оқу пәнінің мазмұнын анықтаудың негізі болып табылатын оқу мақсаттарының жүйесі түрінде ұсынылған күтілетін нәтижелері қалыптастырылған.

  14. Оқу бағдарламалары білім беру құндылықтарының өзара байланысы мен өзара шарттылығына негізделген тәрбиелеу мен оқытудың біртұтастығы қағидатын және нақты пәнді оқу мақсаттарының жүйесі бар мектепті бітіргеннен кейінгі нәтижелерін іске асыруды қамтиды.

  15. Оқу бағдарламаларының тек пәндік білім мен білікке ғана емес, сонымен қатар кең ауқымды дағдылардың қалыптасуына бағыттылғаны оның ерекше өзгешелігі болып табылады. Оқу мақсаттарының құрастырылған жүйесі: білімін функционалдық және шығармашылықта қолдану, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, қарым-қатынас жасаудың түрлі тәсілдерін қолдану, топпен және жеке дара жұмыс істей алу, мәселелерді шешу және шешімдер қабылдау сияқты кең ауқымды дағдыларды дамытудың негізі болып табылады.

  16. Экономикадағы заманауи инновациялар, еңбек нарығындағы өзгерістер білім алушылардың күрделі міндеттерді шешу үшін, оларды шешудің жаңа тәсілдерін табу үшін жағдаятқа, идеялар мен ақпараттарға талдау жасау және бағалауға, алған білімі мен тәжірибесін жаңа идея мен ақпаратты жинақтау үшін шығармашылық түрде қолдануға мүмкіндік беретін дағдылар жиынтығын меңгеру қажеттілігін шарттайды. Жігерлілік, алғырлық, өзгерістерге дайын болу, байланысқа бейімділік сияқты тұлғалық қасиеттер өзекті болып келеді.

  17. Күнделікті білім беру үдерісінің мазмұны оқу мақсаттарына бағынады және білім алушылардың меңгерген білім, білік және дағдыларын кез келген оқу үдерісінде және өмір жағдаяттарында шығармашылықпен пайдалану даярлылығын қалыптастыруға, жетістікке қол жеткізуде қажырлылықты дамытуға бағытталған, өмір бойы білім алуға ынталандырады.

  18. Кең ауқымды дағдылармен бірлікте жеке қасиеттердің дамуы «қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік», «құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек пен шығармашылық», «ашықтық», «өмір бойы білім алу» сияқты білім берудің басты құндылықтарды білім алушыларға дарыту негізі болып табылады. Бұл құндылықтарды білім алушының тәртібі мен күнделікті іс-әрекеттерін ынталандыратын тұрақты тұлғалық бағдары болуы тиіс.

2-тарау. «АКТ» оқу пәнінің мақсаты мен міндеттері

  1. Ақпараттық технологиялар күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналып, уақыт өткен сайын адам іс-әрекетінің барлық салаларына еніп келеді. Ақпараттық технологияларды қолдану сандық формаларда көрсетілген түрлі ақпаратпен жұмыс істеу үдерісін тездетеді және жеңілдетеді.

  2. Ақпараттық технологиялар әр түрлі білім беру салаларын кіріктіру үшін ресурстарды және техникалық құралдарды ұсына отырып, басқа оқу пәндерін оқытуда жаңа құралға айналып отыр.

  3. «АКТ» пәнін оқытудың мақсаты білім алушыларды оқуда және күнделікті өмірде тиімді қолдану үшін қазіргі ақпараттық технологиялардың базалық білімімен, білік және жұмыс жасау дағдыларымен қамтамасыз ету болып табылады.

  4. Негізгі міндеттер:

  1. компьютер туралы алғашқы ұғымдар, қазіргі заманауи цифрлық технологиялар және олардың қоғам өміріндегі алатын рөлі туралы білім алушыларға мәлімет беру;

  2. ақпараттық-комуникациялық технологияларды пайдалана отырып, ақпаратты іздеу, жинақтау, өндеу, сақтау және әр түрлі формаларда жіберу дағдыларын қалыптастыру;

  3. әр түрлі программалық қосымшаларды пайдалана отырып, білім алушылардың идеяларын ұсынуға мүмкіндік беру;

  4. бір-бірімен сөйлесу, ақпарат алмасу және бірлесе жұмыс істеу мақсатында АКТ құралдарын пайдалануға әрекет жасау;

  5. білім алушыларды авторлық құқықтарды сыйлауды және компьютермен жұмыс істеу барысында техникалық қауіпсіздік ережесін сақтауды үйрету.

  1. Бастауыш сыныпта «АКТ» пәнін оқыту информатика бойынша негізгі мектептің базалық курсын меңгертудің пропедевтикалық міндеттерін шешеді, білім беру үдерісін тиімді ұйымдастыруға қажетті базаны құрайды.

3-тарау. Оқу үдерісін ұйымдастырудағы педагогикалық тәсілдемелер

  1. Білім берудің басым бағыттарына сәйкес білім алушылар «қалай оқып үйрену қажеттігін білулері» және дербес, ынталы, қызығушылығы жоғары, сенімді, жауапты және зейіні дамыған тұлға болулары қажет.

  2. Мұғалім білім алушылардың бойында аталған қасиеттерді тәрбиелеуде және дамытуда оқытудың төменде көрсетілген түрлі әдіс-тәсілдерін пайдаланады:

  1. білім алушының дамуы үшін оның жеке пікірін тыңдау және бұрыннан меңгерген бойындағы білімін, білік және дағдысын әрі қарай дамыту мақсатында қолданудың маңыздылығын мойындау;

  2. мұқият іріктелген тапсырмалар мен іс-әрекет түрлері арқылы ынталандыра және дамыта оқыту;

  3. есептерді шешу стратегияларын білім алушыға түсінікті тәсілмен модельдеу және мысалдармен сүйемелдеу;

  4. «оқыту үшін бағалау» арқылы білім алушыларды қолдау;

  5. білім алушылардың зерттеу іс-әрекеттерін және есептерді шешу мен талдауға негізделген оқу белсенділігін ынталандыру;

  6. білім алушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту;

  7. білім алушылардың жеке, жұптық, топтық іс-әрекетін және бүкіл сыныптың жұмысын ұйымдастыру.

  1. Педагогикалық әдіс-тәсілдер:

  1. саралау тәсілі білім алушылардың шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін белсенді дамытады, оқуға ынталандыруды қамтамасыз етеді, тұлғаны шығармашылық тұрғыдан дамытады;

  2. іс-әрекет тәсілі оқытуды білім алушылардың барынша дербес танымдық іс-әрекеттерінің негізінде ақпараттық және коммуникациялық құзыреттіліктерін қалыптастыратын атқарушы әрекетіне бағыттайды;

  3. жеке тұлғаға бағдарланған тәсіл білім беру мақсаттарын іске асыру барысында мұғалім мен білім алушының тең дәрежеде ықпалдасуын көздейді, білім алушы мен мұғалім арасындағы кедергіні жою, диалогтік қарым-қатынасты орнату, тұлғалық, шығармашылық қабілеттерін айқындалуына, ынтымақтастық пен әлеуметтік белсенділікке талпынуға жәрдемдесу сияқты білім беру мақсаттарын шешеді.

  4. құзыреттілікті дамыту тәсілі білім алушылардың білім мен біліктерді жеке-жеке емес, кешенді түрде меңгеруін көздейді;

  5. кіріктіру тәсілі «АКТ» пәнін басқа оқу пәндерімен тығыз байланыстыруға мүмкіндік береді;

  6. жүйелілік тәсілі «АКТ» пәні бойынша курс бөлімдерін өзара байланыстыра оқытуды қарастырады.

  1. Осы тәсілдерді жүзеге асыруда келесі жолдар ұсынылады:

  1. білім алушылар жалпы жобамен жұмыс істейтін топтық жұмыс;

  2. ғылыми-зерттеу іс-әрекетін ынталандыру: практикалық міндеттерді шешу үшін теорияларды, әдістер мен қағидаларды пайдалану және аналитикалық, практикалық, коммуникациялық дағдыларды дамытуына ықпал ететін нақты оқыту мысалдарын игеру;

  3. ақпаратты жинауда, өндеуде, сақтауда және жіберуде сын тұрғысынан ойлауды қолдану;

  4. жобалық жұмыс: әрі қарай жұмысты жоспарлау, мақсат қою, әр түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты алу, болжамды ұсыну және дәлелдеу, эксперимент жүргізу, істелінген жұмыстың нәтижесін беру, оны талдау және бағалау, өз жұмыстарын қорғай білуге қабілетілігі;

  5. меңгерген дағдыларын әр түрлі өмірлік жағдайларда қолдана білуге ынталандыру;

  6. шығармашылық көзқарасты және дәйектемені талап ететін ашық сұрақтарды және мәселелерді қоя білу.

  1. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларын қолдану құзіреттiлiгі. АКТ-ны қолдану дағдыларын білім алушылар курсты меңгеру барысында ақпаратты іздеу, құру және өңдеу, ынтымақтастық, ақпарат және идеялармен алмасу, өз жұмысын бағалау және жетілдіру арқылы дамытады.

  2. «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәні компьютерлерді оқытуда пайдаланудың үлгілерін көрнекті көрсетеді.

  3. Білім алушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту. «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәні бойынша оқу бағдарламасының мақсаттарының бірі – жеке тұлғаны әлеуметтендіру, яғни тыңдаушылардың түрлі аудиториясымен тиімді қарым-қатынас орнатуға қабілетті азаматтарды тәрбиелеу. Осы мақсатқа жету үшін қажетті дағдыларды дамыту білім алушылардың өз ойын еркін білдіре алатын ынталандырушы және қолдаушы орта қамтамасыз етумен бірге жүргізіледі.

  4. Оқыту үдерісінде «АКТ» пәнінің ғылыми тілі мен ұғымдар аппаратын, түрлі байланыс құралдарын сауатты пайдалана отырып, сыныптастармен, мұғалімдермен және көпшілікпен ауызша немесе жазбаша түрде қарым-қатынас жасауға ынталандырады.

  5. «АКТ» пәнін оқыту үдерісінде білім алушылардың тыңдалым дағдылары дамиды:

  1. білім алушылар сабақты түсінбеген жағдайда сұрақтар сауатты қояды;

  2. қажетті ақпараттарды ажыратады;

  3. білім алушылар дұрыстығын тексермей тұрып, қорытынды жасамауды үйренеді.

  1. Білім алушылардың айтылым дағдыларының дамуына көпшілік алдында топтық жұмыс қорытындысын қорғай білуі әсер етеді. Қорғау қорытындысының сапасы басқа білім алушылардың пікірлерімен анықталады.

  2. «АКТ» пәнін оқыту барысында білім алушылардың оқылым дағдылары дамиды:

  1. мәтіндегі тірек сөздерді белгілеу;

  2. мәтіндерді оқу, семантикалық құрамын анықтау.

  1. Білім алушыларда жазылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін жұмыс түрлері:

  1. тапсырмаларды орындау үшін нұсқаулықтарды, алгоритмдерді құру;

  2. есептерді шешу тәсілдерін сипаттау және түсіндіру;

  3. тапсырманы орындау барысына талдау жасау (ауызша және жазбаша).

4-тарау. Оқу жетістіктерін бағалау

  1. «АКТ» пәнін меңгеру нәтижелері критериалды бағалауды қолдану арқылы жүзеге асырылады.

  2. Критериалды бағалау оқыту және бағалаудың өзара тығыз байланысына негізделген. Критериалды бағалау нәтижелері білім беру үдерісін тиімді жоспарлау және ұйымдастыру мақсатында пайдаланылады.

  3. Критериалды бағалау қалыптастырушы және жиынтық бағалаудан тұрады.

  4. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз өткізіледі, білім алушы мен оқытушы арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік береді.

  5. Жиынтық бағалау белгілі оқу мерзімінде оқу блогын оқып бітіргенде өткізіледі, білім алушыларға кері байланысты қамтамасыз ету үшін, пән бойынша тоқсандық және жылдық бағаларды қою үшін колданылады.

5-тарау. «АКТ» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру