- •Е.А. Юркова, н.М. Пермякова Дене шынықтыру Әдістемелік нұсқау
- •Isbn 978-601-01-3064-7
- •Курстың негізгі тұжырымдық идеясы, оның ерекшеліктері және қазіргі тәрбие мен білім берудің мақсаты мен міндеттеріне сәйкес келуі
- •Пәннің ғылыми-әдістемелік мақсаты
- •І. «Дене шынықтыру» ұйымдастырылған оқу қызметінің (ұоқ) ұзақмерзімді жоспары
- •3 Тарау. Менің айналамда кімдер бар?
- •Аустралия
- •Іі. «Дене шынықтыру» пәні бойынша таза ауада өткізілетін ұоқ-лардың ұзақмерзімді жоспары
- •Дене дайындығының деңгейі (нормативтер)
- •1 Кешен
- •2 Кешен
- •3 Кешен
- •4 Кешен
- •Гимнастикалық таяқпен орындалатын жаттығулар
- •1 Кешен
- •2 Кешен
- •3 Кешен
- •4 Кешен
- •5 Кешен
- •6 Кешен
- •7 Кешен
- •8 Кешен
- •Шағын доппен орындалатын жаттығулар кешені
- •1 Кешен
- •2 Кешен
- •3 Кешен
- •4 Кешен
- •5 Кешен
- •6 Кешен
- •Диаметрі үлкен доппен орындалатын жаттығулар
- •1 Кешен
- •2 Кешен
- •3 Кешен
- •Құралсыз орындалатын жаттығулар
- •Таспамен орындалатын жаттығулар
- •Секіртпемен орындалатын жаттығулар
- •«Басты қозғалту»
- •Гантельмен орындалатын жаттығулар
- •Аэробика элементтерімен орындалатын жаттығулар
- •Қимылы аз ойындар
- •Пайдаланылған әдебиет
- •Рефераттар
- •Құрметті мектепалды даярлық сыныбының педагогтері!
- •Кітаптарды «Кітап-пошта» бөлімдері арқылы алуға да болады:
- •010000, Астана қаласы, тел. (7172) 53 70 84, е-mail: Nasihat@almatуkitap.Kz
- •050035, Алматы қаласы, тел.: (727) 303 72 33, 374 98 59, e-mail: Jalyn@almatуkitap.Kz
- •050009, Алматы қаласы, тел. (727) 374 34 42, е-mail: Arman@almatуkitap.Kz
3 Кешен
«Өкшемен тұру». Б.қ.: н.т. құрсау иық тұста. 1-2 – құрсауды жоғарыға көтеріп, қарау, оң (сол) аяқты жанына қарай қойып, аяқтың ұшын созу; 3-4– б.қ. Басты тік ұстау. 5 рет қайталау.
Б.қ.: аяқты алшақтата отыру, құрсау иықта. 1-2 – оңға (солға) бұрылу, құрсау жоғарыда; 3-4 – б.қ. 6 рет қайталау.
«Аяқ құрсауда». Б. қ.: шалқадан жату, құрсау белде. 1-2 – құрсауды тігінен қою, аяқты бүгіп, құрсауға тіреп, тік жазу; 3-4 – б.қ. 4–6 рет қайталау.
Б.қ.: құрсау ішінде отыру, аяқты тіреу, қолды артынан тіреу. 1-2 – аяқты алға жазу; б.қ.; 3-4 – қайталау, жамбаспен оңға 90 градусқа бұрылу; сол жақпен қайталау. 3-4 рет орындау.
«Құрсауға аяқ тигізу». Б. қ.: шалқадан жату, құрсау бас жақта. 1–4 – аяқтың арасын сәл алшақтата жоғары көтеру, құрсауға аяқ ұшын тигізу; 5–8 – аяқты баяу төмен түсіру. Аяқты бүкпеу, аяқтың басын созып ұстау. 6–8 рет орындау.
«Өзіңнен айналдыру». Б.қ.: тізерлеп тұру, құрсау бір бүйірде. Құрсауды өзіңнен айналдыра домалату. Бағытты өзгерту. 5 рет қайталау. Тізерлеп отырып тынығу ұсынылады.
«Құрсау артта». Б.қ.: аяқ иық деңгейінде, құрсау төменде. 1-2 – құрсауды жоғары көтеру, жоғары қарау, тартылу. 3-4 – б.қ. 4 рет қайталау.
Б.қ.: б.қ. құрсау жерде бір бүйірде. Құрсауды айнала артпен секіру (үш айналым). Бағытты өзгерту. Жүрумен алмастыра отырып 4 рет қайталау.
4 Кешен
«Құрсау жоғарыда»
Б. қ. – аяқты иық деңгейінде қою, құрсауды қолды бүгіп иыққа кигізу. 1 – құрсауды жоғары көтеру, оған қарау; 2 – бастапқы қалыпқа көшу (8 рет).
«Құрсауды көтеру»
Б. қ. – құрсау ішінде аяқты аздап алшақ қойып тұру, қолды түсіру. 1 – отырып, құрсауды екі жанынан ұстау; 2 – бойды тіктеу, құрсауды белге дейін көтеру; 3 – отыру, құрсауды жерге қою ( 13-сурет); 4 – тұру, бастапқы қалыпқа көшу (8 рет).
«Бұрыш»
200
Б. қ. – құрсау ішінде тізені бүгіп отыру, қолды артқа тіреу. 1 – аяқты жазып, жоғары көтеру; 2 – аяқты екі жаққа алшақтатып, құрсаудың екі жанына қарай жерге түсіру; 3 – екі аяқты біріктіріп, тік ұстап жоғары көтеру; 4 – бастапқы қалыпқа көшу (8 рет).
«Адымдау»
Б.қ. – бойды жазып тұру, құрсауды төменде екі қолмен ұстау. 1 – сол аяқпен адымдау, құрсауды кигізу, 2 – б.қ. 3 – сол аяқпен де орындалады. 8 рет.
«Айналдыру»
Б.қ. – тұру, құрсау жерде тұрады. Құрсауды бір қолмен үш рет айналдыру.
«Массаж»
Б.қ. – тұру, құрсау жерде. Оны оң аяқтың башпайларымен жерден көтеру, сол аяқпен де солай қайталау. 3 рет.
«Табанды уқалау»
Б.қ. – құрсау ішінде тұру. Құрсау үстімен башпайлармен жүру, өкшемен жүру. 2 айналым.
«Секіру»
Б. қ. – құрсау алдында тұру, аяқ арасы алшақтата қойылады, қолды түсіру. Құрсауды айнала екі бағытта қос аяқтап секіру, арасында үзіліс жасау.
№ 5 кешен
(Жұптасып құрсаумен орындалатын жаттығулар)
Б.қ.: шеңбер ортасында бір-біріне арқамен тік тұру, құрсау иықта. 1-2 – құрсауды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен тұру – демді ішке тарту; 3-4 – б.қ. 6–8 рет қайталау.
Б.қ.: қайталанады. 1-2 – құрсауды жоғары көтеру, оңға (солға) иілу, демді ішке тарту; 3-4 – б.қ. 6 рет қайталау.
Б.қ.: біреуі отырып, құрсауды тігінен ұстайды (шамамен жерден 30 см), екінші бала құрсаудан бір адым жерде тұрады. Құрсауға тиіп кетпей, төрттағандап кіру, тұрып екінші жаққа бұрылу. 3–5 рет қайталау. Орын алмастыру.
Б.қ.: құрсауды башпайлармен және өкшемен қысып ұстау. 1-2 – аяқтың ұшына ақырындап көтерілу, қолды екі жаққа жаю; 3-4 – өкшемен тұрып, қолды төмен түсіру. 8–10 рет қайталау.
«Айналу» Б.қ., н.т.: бір-бірінің артында құрсауға бүйірімен тұру, бір қолды белге қойып, екінші қолмен құрсауды ұстау. Аяқтың ұшымен отырып, құрсауды айналып шығу (үш айналым). Денені тіктеп, бағытты өзгерту. 3-4 рет қайталау.
Б.қ.: қайталау. Тізені жоғары көтеріп, құрсауды айнала ырғақпен жүгіру (үш айналым), бір орында адымдау. Бағытты өзгерту. 3-4 рет қайталау.
№ 6 кешен
(Жұптасып құрсаумен орындалатын жаттығулар)
Б.қ.: құрсаудың шетінде бір-біріне теріс қарап тұру. 1–4 – қол артта, екі жаққа жаю, оң (сол) аяқ сәл алдыда, құрсауға қарай қою – демді ішке тарту; 5–8 қайталау, б.қ. – демді сыртқа шығару. 8–10 рет қайталау.
Б.қ.: бір-біріне бетпе-бет қарап тұру, құрсау екі баланың ортасында – жерде. Біреуі еңкейіп құрсауды орнынан жылжытады, екіншісі құрсауды өзіне қарай тартады. 4-5 рет қайталау.
Б. қ.: құрсау ортасында бір-біріне теріс қарап тұру, н.т.: құрсау қолда. 1-2 құрсауды көтере отырып арқаны түзу ұстап отыру. Денені тік ұстау, тізені сәл алшақтату. 8–10 рет қайталау.
Б. қ.: шалқасынан жату, өкше құрсаудың үстінде. 1–4 – аяқты жоғары көтеру; 5–8 – аяқтың басын бірқалыпты соза отырып, құрсауға қою. 8 рет қайталау.
201
Б.қ.: бірі тіземен тұрып, құрсауды еденнен шамамен 40 см көтеріңкі ұстайды, екіншісі құрсаудың жанында тұрады. Екінші бала құрсау астынан өтіп, аттайды. 6 рет қайталау. Орын алмастыру.
Б. қ.: тұру, әрқайсысы оң қолмен құрсаудан ұстайды. Оңға айналады да, тоқтайды. Сол жақпен осылай қайталау. 4-5 рет қайталау.
Б.қ.: н.т.: қол артта, құрсау жерде. Құрсауды айнала қос аяқтап артпен секіру (үш айналым) – тоқтау. Бағытты өзгерту. Жүрумен алма-кезек орындай отырып, 2-3 рет қайталау.
