Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Dene_shynyktyru_Metodika_Kaz_6_let.DOCX
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.5 Mб
Скачать
  • 1 Кешен

  1. «Құрсау иықта». Б.қ.: аяқты алшақ, құрсауды төмен ұстау. 1-2 – құрсауды иықтан асыра көтеру, басты тік ұстау; 3-4 – б.қ. 8 рет қайталау.

  1. «Құрсауды үрле». Б.қ.: аяқ иық деңгейінде, құрсау кеуде тұста. 1-2 – алға сәл иілу, құрсауды бетке жақындату – демді созып сыртқа шығару: 3-4 – б.қ. – демді ішке тарту. 8–10 рет қайталау.

  1. «Құрсауға жет». Б. қ.: шалқадан жату, құрсау бас жақта. 1-2 – аяқты сәл екі жаққа созып, жоғары көтеру, құрсауға тигізу; 3-4 – біртіндеп төмен түсіру. Тізені бүкпей, аяқтың ұшын созу. 6–8 рет қайталау.

  1. «Құрсауды көтер». Б.қ.: етпетінен жату, құрсауды ұстап қолды артқа қарай созу, тізені бүгіп, аяқ ұшымен құрсауды ілу. 1-2 – аяқ пен қол жоғарыда, жоғары тартылу; 3-4 – б.қ. 6–8 рет қайталау.

  1. «Аяқтың басын көрсет». Б.қ.: негізгі тұрыс, қол белде, құрсау жарты адым жерде жатады. 1 – оң (сол) аяқ жоғарыда, аяқтың ұшын созу; 2 – аяқтың ұшын құрсауға апару; 3 – жоғары; 4 – б.қ. 6 рет қайталау.

  1. Б.қ.: тізеге сүйене отырып төрттағандап тұру, қол құрсауда, алға қарау. 1 – оң (сол) қолды екі жаққа жаю, қолға қарау; 2 – б.қ. 3-4 рет қайталау.

  1. «Қарғып кір, қарғып шық». Б.қ.: н.т., құрсау жерде. Құрсау бойымен айнала жылжи отырып, ішіне қарғып кіру, қарғып шығу, (екі айналым), екі айналым қарама-қарсы бағытта. Осы жаттығуды екінші жанымен қайталау. Қозғалыс қарқыны еркін түрде. 4-5 рет қайталау.

  1. Бірінші жаттығуды баяу қарқынмен қайталау.

199

  • 2 Кешен

    1. Б.қ.: аяқты алшақ қою, құрсауды артқа ұстау. 1-2 – құрсау артқа-жоғары, оң аяқты алға созып аяқ ұшымен тұру; 3-4 – б.қ. Сол аяқпен осылай қайталау. Басты тік ұстау. 6 рет қайталау.

    2. Б.қ.: н.т.: құрсау оң қолда. 1-2 – отыру, құрсауды жерге қойып, ұстап тұрып ішінен өту; 3-4 – сол қолмен қайталау (5 рет).

    1. Б.қ.: н.т.: құрсау жерде. Құрсаудың үстіне аяқты қою, башпайларды және өкшені жерге қарай жақындатып, жанымен бір жағына қарай, содан кейін екінші жанымен қарсы бағытта айнала жүріп шығу – б.қ. 4–6 рет қайталау.

    1. Б.қ.; құрсаудың ішінде отыру, қолды артқа тіреу. 1-2 – аяқты алға тік жазу: б.қ.; 3-4 – қайталау, жамбасты оңға 90 градусқа бұру; 5-6 – қайталау, тағы 90 градусқа бұру; 7-8 қайталау, тағы 90 градусқа бұру. Басты түсірмеу. 3-4 рет қайталау.

    1. Б.қ.: н.т.: қолды бүгіп, құрсауды тігінен кеуде тұсында ұстау. 1 – оң аяқты бүгіп жоғары көтеру, аяқтың ұшын созу, құрсауды тізеге ілу; 2 – аяқ алдыда, құрсау сол қалыпта; 3 – аяқты бүгу; 4 – б.қ. Сол аяқпен осылай қайталау (4-5 рет).

    1. Б.қ.: тізерлеп тұру, құрсауды жоғары көтеру. 1-2 – оң жаққа жантая отыру, құрсауды иыққа қарай апару; 3-4 – б.қ. сол жақпен қайталау. 5 рет қайталау.

    1. Б.қ.: аяқты біріктіру, құрсау жерде. 9 рет құрсау жанында секіріп, оныншысында құрсау ішіне секіру, 180 градусқа бұрылу. Осыны тағы қайталап, құрсаудан секіріп шығу. Жүрумен алмастыра, 4 рет қайталау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]