Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Dene_shynyktyru_Metodika_Kaz_6_let.DOCX
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.5 Mб
Скачать

Курстың негізгі тұжырымдық идеясы, оның ерекшеліктері және қазіргі тәрбие мен білім берудің мақсаты мен міндеттеріне сәйкес келуі

Әдістемелік нұсқауда «Дене шынықтыру» бойынша ҰОҚ ұйымдастырудың заманауи тәсілдері қамтылған.

Әдістемелік нұсқауда педагогтерге ұзақмерзімді (күнтізбелік-тақырыптық жоспар) және қысқамерзімді жоспар ұсынылған.

Өзекті тақырыптар

Қысқамерзімді жоспар ұзақмерзімді жоспарға негізделе отырып әзірленген. Қысқамерзімді жоспарға ҰОҚ-ның оқыту мақсаты, тілдік мақсат, алдын ала алған білімі,

тапсырмалар көрсетілген жоспарланған іс-әрекет, қажетті ресурстар, пәнаралық байланыс қамтылған.

Әрбір тапсырма үшін балаларды ұйымдастыру түрі әріптермен көрсетілген (Ұ – ұжым,

  • – топ, Ж – жұптық, Ө – өздік, ПК – педагогтің көрсетуі). «Қосымша мәлімет» педагогке күтілетін нәтижеге сәйкес ҰОҚ-да саралауды қалай ұтымды пайдалануды түсіндіреді.

Берілген өлшемдер педагогтерге әрбір ҰОҚ-ның мақсаты мен міндетін күтілетін нәтижемен және ұзақмерзімді жоспармен ұтымды байланыстыруға мүмкіндік береді. Бұған қоса берілген әдістер икемді және педагогке сыныптың дайындық деңгейіне қарай түзету мүмкіндігі қарастырылған.

Пәннің ғылыми-әдістемелік мақсаты

«Дене шынықтыру» пәнінің мақсаты – қимыл-қозғалыс дағдыларын дамыту және қимыл мәдениетін меңгеру.

Осы мақсаттың жүезе асырылуы сауықтыру, білім беру және тәрбиелеу міндеттерін шешумен байланысты.

Сауықтыру тапсырмалары ішінде өмірді қорғау және бала денсаулығын нығайту, жан-жақты физикалық даму, организм қызметін жетілдіру, белсенділік пен жалпы еңбекке қабілеттілікті арттыру ерекше орын алады.

Жас ерекшелігін ескере отырып, сауықтыру тапсырмалары барынша нақты түрінде айқындалады: омыртқа иілімдерінің қалыптасуына, табан ойысының дамуына, сүйек-буын аппаратының нығаюына көмектеседі; барлық бұлшық ет тобын, әсіресе бүгу – бұлшық еттерді дамытуға; дене мүшелерінің дұрыс қалыптасуына; жүрек-қантамырлар қызметі мен тыныс алу жүйесін жетілдіруге ықпал етеді.

Тәрбиелеу тапсырмалары балалардың жан-жақты дамуына, олардың жүйелі ҰОҚ-ға, денені шынықтыру жаттығуларына қызығушылығы мен қажеттілігін қалыптастыруға, балаларда салауатты өмір салтын ұстану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

4

Баланың үнемі ширақ, көтеріңкі көңіл күйде болып, физикалық және психикалық дамуы қамтамасыз етілетіндей жағдайлар жасап, оқытуды ұйымдастырудың маңызы өте зор.

Оқыту келесі дидактикалық қағидаларға негізделеді:

– саналы әрекет және белсенділік;

– көрнекі болу;

– қолжетімді және дараландырылу;

– жүйелілік;

– ілгерілеушілік.

Дене шынықтыру сабағын ұйымдастырудың негізі оның құрылымы: ҰОҚ-да жаттығулар мен қимыл-қозғалыс ойындарын іріктеу және бөлудің болжамды жоспары. ҰОҚ құрылымы дене жаттығуларының физиологиясы мен гигиена талаптарына сәйкес әзірленген және дене жүктемесі кезінде 6-7 жасар бала организмінің шаршауы мен жұмыс қабілеті заңдылықтарына байланысты болады.

Дене шынықтыру ҰОҚ-ның сызба жобалары үш бөлімді қамтиды: кіріспе, негізгі және қорытынды. Бұл шартты бөлу. Барлық ҰОҚ біртұтас және ортақ мақсатқа бағынады бала организмінің физиологиялық қызметінің барынша әрекетін тудыру, дене қуаты қасиеттерін дамытуға және қимыл-қозғалыстар қалыптастыру. Бұл ортақ мақсатқа ҰОҚ-ның өзара ұштасып отыратын әрбір бөлімінің нақты тапсырмаларын кезеңмен орындау арқылы қол жеткізіледі.

ҰОҚ-ның бірінші бөлімінің мақсаты организмді негізгі бөлімге дайындау. ҰОҚ-ның бірінші бөлімінде жүру, жүгіру, сап құру, қайта сап құру, жеңіл ойын тапсырмалар ұсынылады. Педагог жүру мен жүгіруге арналған жаттығулардың алма-кезек орындалуына ерекше назар аударуы тиіс: тапсырмалар біркелкі болса, балаларды жалықтырып, жаттығу сапасын төмендетеді, сондай-ақ жағымсыз салдарлар туғызуы мүмкін (дененің қисаюы, табанның жалпаюы және т.б.).

Екінші бөлім (негізгі) ҰОҚ-дары ұзағырақ және жалпы дамыту сипатындағы жаттығу-ларды, қимыл-қозғалыстың негізгі түрлерін, қозғалыс ойындарын қамтиды. Баланың тез өсіп отырған организміне барлық жаттығу түрлерін орындаған маңызды. Бұл бөлім көбірек дене жүктемесімен ерекшеленеді.

Жалпы дамыту жаттығулары организмге, жекелеген бұлшық ет топтары мен буындарға тікелей ықпал етеді, сондай-ақ қимыл-қозғалыс үйлесімділігінің жақсаруына, кеңістікте бағ-дарлай алуына, жүрек-қантамырларға және организмнің тыныс алу қызметіне оң әсер етеді. Жалпы дамыту жаттығуларын дұрыс орындау үшін бастапқы қалыптың маңызы зор. Әртүр-лі бастапқы қалыптар қолданылады: тұру, отыру, тіземен тұру, шалқасынан жату, етпетінен жату. Бастапқы қалыпты өзгерте отырып, педагог қозғалыс тапсырмасын күрделендіре немесе жеңілдете алады.

ҰОҚ-ның негізгі бөлімінде оқу материалын дұрыс орналастырудың ерекше маңызы бар. Көп назар аударуды және орындау дәлдігін қажет ететін жаңа материал мен жаттығуларды үйрену ҰОҚ-ның негізгі бөлігінің басында және таныс жаттығулар мен ойындардың алдында жүргізіледі. ҰОҚ-ның негізгі бөлігінің жаттығулары, организмге айтарлықтай физикалық жүктеме келтіретін жаттығулар әдетте жүктемесі аз жаттығулардан кейін орындалады. Осылайша жүктемені біртіндеп арттыруға қол жеткізіледі. Алысқа көздеп лақтыру жаттығулары да жүгіру және секіруге байланысты белсенді ойындарға дейін өткізіледі. Сондай-ақ әр 3-бөлімде рефлексия жүргізіліп, ҰОҚ қорытындыланады.

Көбірек қимыл-қозғалыстан тұратын және бір мезетте барлық балалар бірігіп ойнайтын ойындар (жүгіру, секіру, лақтыру, еңбектеу және т.б.) ҰОҚ-ның негізгі бөлігінде өткізіледі.

Үшінші, қорытынды бөлім көлемі жағынан шағын болады; онда қимыл белсенділігін біртіндеп азайтуға ықпал ететін қарқындылығы азырақ ойын жаттығулары, денені босаңсытып, тынығуға арналған жаттығулар өткізіледі. Ол баланың белсенді қалыптан тыныш, сабырлы қалыпқа көшуін, өзге әрекетке өтуін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ әр 3-бөлімде рефлексия жүр-гізіліп, ҰОҚ қорытындыланады.

5

6-7 жасар балалармен апта сайын дене шынықтыру бойынша үш ҰОҚ өткізіледі, оның екеуі спортзалда, біреуі таза ауада өткізіледі. ҰОҚ-ның ұзақтығы – 30 минут.

Таза ауада өткізілетін ҰОҚ-лардың негізіне алты-жеті жастағы балаларға қолжетімді және пайдалы болып табылатын спорттық ойындар мен жаттығулар техникасының жекелеген эле-менттері, денсаулық сақтау әдістері енгізілген. Олар баланың дене бітімін жетілдіруге, қимыл жүйесін дамытуға, организмнің өміршеңдікті қамтамасыз етуші жүйелерінің функционалдық мүмкіндіктерін арттыруға, өзгермелі өмірлік жағдайларға бейімделуіне бағытталған. Спорт-тық ойындар қозғалысты дамытуға, өз мүмкіндігін шамалай алу дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі, келешекті болжау және ойын жағдайларын талдай алуын жақсы дамытады, тіпті баланың дұрыс шешім қабылдауына ықпал етеді.

Спорт ойындарының амалдары мен жаттығуларды бастапқы оқыту мазмұнын таңдаудың маңызды қағидасы – кез келген спорт ойындары техникасының негізін құрайтын, алты-же-ті жасар балалардың шамасы келетін, ойын тапсырмаларын шешуде барынша тиімді нәтиже беретін қимыл-қозғалыстарды бөліп алу. Үйрету үшін іріктеп алынған қимыл-қозғалыстар ба-лалар меңгеруі тиіс күш жүктемесінің олардың даму деңгейімен сәйкес болуын қамтамасыз етеді.

Қауіпсіздік техникасы ережелері

Қауіпсіздік техникасын ҰОҚ барысында сақтау:

  1. ҰОҚ барысында өзінің хал-жайын қадағалап отыру қажет.

  1. Педагогтің нұсқауы мен кеңестерін міндетті түрде орындау қажет.

  1. Жаттығуларды орындау барысында және сапта арадағы қашықтықты сақтау қажет.

  1. Аяқкиім бауын саптан шығып байлау қажет.

  1. Досымен ҰОҚ-дан тыс тақырыпта әңгімелесуге, педагогтің сөзін бөлуге, бірін-бірі итеруге, досының аяғын шалуға болмайды.

Гимнастикалық қабырғада өрмелеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы:

  1. Еденге міндетті түрде жұмсақ мат (төсеніштер) төселеді.

  1. Қауіпсіздік пен демеу баланың арқасынан оған қолайлы жақтан көрсетіледі. Үнемі шарбақтарды ұстау техникасына назарды аудару қажет: төрт саусақты жоғары жақтан, бас бармақты төмен жақтан қысып ұстап, сондай-ақ шарбаққа табанның ортасымен тұрады. Қауіпсіздік техникасы мен өзін-өзі қорғау деңгейі осыған байланысты болады.

Лақтыру барысындағы педагогке арналған қауіпсіздік техникасы:

Жаттығуды орындамас бұрын лақтыру алаңында балалар мен басқа да заттар болмауын қадағалау керек. Топ болып лақтыру кезінде лақтырушының сол жағында тұру қажет. Ылғалды ауа райы кезінде снарядты әбден құрғатып сүрту қажет. Лақтыру аймағына жақын жүріп, лақтырушыға теріс қарамай оның әрбір қимылын қадағалау қажет. Дәлдеп лақтыру кезінде снарядтың жерге және нысанаға тиіп қайтадан ыршығанында қауіпсіздікті ескеру қажет.

Лақтыру барысындағы балаларға арналған қауіпсіздік техникасы:

Лақтырушының оң жағында оған жақын тұрмау қажет. Жаттығу барысында лақтыру аймағында жүруге, снарядтарды педагогтің рұқсатынсыз жинауға, лақтыру аймағын кесіп жүгіруге, бір-біріне снарядтарды лақтыруға, лақтыру траекториясын рұқсатсыз өзгертуге, қауіпті іс-әрекеттер жасауға болмайды.

Биік отырғыш үстінде орындалатын тепе-теңдік жаттығулары:

Қажетті уақытта қауіпсіздік шараларын сақтау.

Күш қасиеттерін дамытуға арналған жаттығулар тәрбиеленушілердің мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін ескеріп, жеке өткізіледі. Балалардың дене жүктемесін мұқият қадағалау қажет.

Акробатикалық жаттығулар балалардың денсаулығына зиянын тигізбейтіндей бірқалып­ ты қимылмен тәрбиеленушілердің жеке мүмкіндіктері мен ерекшеліктері ескеріліп үйретіледі.

6

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]