- •Е.А. Юркова, н.М. Пермякова Дене шынықтыру Әдістемелік нұсқау
- •Isbn 978-601-01-3064-7
- •Курстың негізгі тұжырымдық идеясы, оның ерекшеліктері және қазіргі тәрбие мен білім берудің мақсаты мен міндеттеріне сәйкес келуі
- •Пәннің ғылыми-әдістемелік мақсаты
- •І. «Дене шынықтыру» ұйымдастырылған оқу қызметінің (ұоқ) ұзақмерзімді жоспары
- •3 Тарау. Менің айналамда кімдер бар?
- •Аустралия
- •Іі. «Дене шынықтыру» пәні бойынша таза ауада өткізілетін ұоқ-лардың ұзақмерзімді жоспары
- •Дене дайындығының деңгейі (нормативтер)
- •1 Кешен
- •2 Кешен
- •3 Кешен
- •4 Кешен
- •Гимнастикалық таяқпен орындалатын жаттығулар
- •1 Кешен
- •2 Кешен
- •3 Кешен
- •4 Кешен
- •5 Кешен
- •6 Кешен
- •7 Кешен
- •8 Кешен
- •Шағын доппен орындалатын жаттығулар кешені
- •1 Кешен
- •2 Кешен
- •3 Кешен
- •4 Кешен
- •5 Кешен
- •6 Кешен
- •Диаметрі үлкен доппен орындалатын жаттығулар
- •1 Кешен
- •2 Кешен
- •3 Кешен
- •Құралсыз орындалатын жаттығулар
- •Таспамен орындалатын жаттығулар
- •Секіртпемен орындалатын жаттығулар
- •«Басты қозғалту»
- •Гантельмен орындалатын жаттығулар
- •Аэробика элементтерімен орындалатын жаттығулар
- •Қимылы аз ойындар
- •Пайдаланылған әдебиет
- •Рефераттар
- •Құрметті мектепалды даярлық сыныбының педагогтері!
- •Кітаптарды «Кітап-пошта» бөлімдері арқылы алуға да болады:
- •010000, Астана қаласы, тел. (7172) 53 70 84, е-mail: Nasihat@almatуkitap.Kz
- •050035, Алматы қаласы, тел.: (727) 303 72 33, 374 98 59, e-mail: Jalyn@almatуkitap.Kz
- •050009, Алматы қаласы, тел. (727) 374 34 42, е-mail: Arman@almatуkitap.Kz
Қимылы аз ойындар
«Тыныш – қатты»
Ойын бастаушы балаларға теріс қарап тұрады. Педагог балалардың біріне жасыруға болатын зат береді. Балалардың барлығы заттың кімде екенін біледі. Ойын бастаушы затты жасырған балаға жақындағанда балалар қол шапалақтайды, ал затты жасырған баладан алыстағанда шапалақ азая бастайды. Егер ойын бастаушы зат кімде екенін ұзақ уақыт таба алмаса, басқа ойыншымен ауысады.
225
«Тап та, үндеме»
Педагог бір затты алдын ала жасырып, оны табуды ұсынады. Затты көрген бала педагогтің жанына келіп басқаларға естіртпей айтады. Балалардың көпшілігі тапсырманы орындаған кезде, педагог ең зейінді кім болғанын айтады. Бір баладан саппен жүру.
«Ойын бастаушы»
Ойын бастаушы таңдап алынады да, дөңгелене шеңбер құрған балалардың ортасына тұрады. Балалар қол ұстасып, бірде оңға, бірде солға шеңбер бойымен айнала жүріп:
«Қатар-қатар шеңбер құрып,
Адымдаймыз біз алға.
Тұр орныңда! Кәне, қалма
Бізбен бірге қайтала!» – деп тоқтай қалады да, қолдарын түсіреді. Ойын бастаушы қандай да бір қимылды көрсетеді, балалар бәрі қалмай қайталауы тиіс. Ойын бастаушылар алмасып, ойын жалғасады.
«Пішін»
Бір баладан саппен (немесе шашыраңқы) жүру. Педагог: «Тоқта» деп белгі бергенде, тоқтап, қандай да бір пішінді қалыпты келтіреді. Жылдам, анық, әрі қызықты орындалған пішін атап өтіледі.
«Жаңғырық»
Ойынға қатысушылар шеңбер жасап тұрады. Бірінші ойыншы өз есімін атап, кез келген қимылды жасайды (бұрылады, шапалақтайды, секіреді т.б.). Балалар бәрі бірге хормен оның дауыс ырғағын келтіріп, оның есімі мен қимылын үш рет қайталайды. Содан кейін келесі бала атын атап, қимыл көрсетеді. Бәрі оны қайталайды. Осылайша барлық бала есімін айтып шыққанға дейін ойын жалғасады.
«Доп кімде?»
Балалар қолдарын артқа жасырып, дөңгелене тұрады. Ортада көзі жұмулы ойын бастаушы тұрады. Ол кішкентай допты шеңберде тұрған балалардың біріне береді. Балалар байқатпай допты арқадан қолдан-қолға өткізеді. Ойын бастаушы көзін ашып, доптың кімде екенін табуға тырысады. «Сәуле, қолыңды көрсет!» – деп балалардың бірінен сұрайды. Ол қолын көрсетеді де, қайтадан арқаға жасырады. Допты қолда ұзақ ұстауға болмайды, ойын бастаушыға балалардан қатарынан сұрауға болмайды. Егер бастаушы доптың кімде екенін тапса, сол ойыншы ортаға шығып ойынды жалғастырады.
«Айгөлек»
Балалар бірі екіншісінің ішінде орналасқан екі шеңбер құрып, қол ұстасады. Педагогтің белгісі бойынша, олар белгіленген жаққа қарай қозғалысты бастайды (жүру немесе баяу жүгіру). Музыка үнімен ырғақпен жүруге болады.
«Мұқият бол!»
Педагог балаларға өзі айтқан барлық қимылдарды орындауды ұсынады, бірақ ол кезде өзі мүлде басқа қимыл көрсетуі мүмкін. Мәселен, педагог: «Қолды екі жаққа жайыңдар!» – дейді де, өзі қолын жоғары көтереді. Бұл ойынды шеңберде немесе кез келген саппен орындауға болады.
226
«Орын алмастыр»
Балалар шеңбер құрып тұрады. Педагог өзара ұқсастықтары бар: шашы сары, футболкасы ақ, үй жануарлары және т.б. бірдей балаларға орын алмасуды ұсынады. Мәселен, былай дейді: «Велосипеді бар балалар орын алмастырсын». Балалар орын ауыстырады.
«Соқпақ жол, қар ұшқыны және омбы қар» (зейін)
Балалар бір сапқа тұрады. «Соқпақ жол» дегенде, олар алдындағы баланың иығына қолдарын қояды. «Қар ұшқыны» дегенде, бір орындарында шыркөбелек айналады, ал «Омбы қар» дегенде отырады.
«Алыптар мен ергежейлер»
Біреуден сап құрып жүру. Педагог: «Алыптар!» дегенде, балалар қолдарын жоғары көтеріп аяқтың ұшымен жүреді, содан кейін жай жүреді. «Ергежейлілер!» дегенде, жартылай отырып жүреді. Осылай жүру алма-кезек орындалады.
«Ара»
Ойынға қатысушылар шеңбер жасап отырады да, доп домалатады. Олар допты қолмен бар екпінмен домалатып, басқа баланың аяғына тигізуге (шағып алуға) тырысады. Доп тиген (араның тұмсығы кірген) бала теріс қарап отырады да, келесі бір баланы ара шаққанша ойынға қатыспайды. Ол доп тиген келесі бала теріс қарап отырғанда қайта ойынға қосылады.
Ереже: допты тек қолмен домалату керек, допты ұстап алуға, тоқтатуға болмайды. «Мүсіндер»
Ойынға қатысушылар дөңгелене тұрып, бір-біріне қос қолдап доп лақтырады. Допты ұстай алмаған бала айып тартады: бір аяқпен ойынды жалғастырады. Егер ол осылай тұрып доп ұстай алса, айыбы алынып, екі аяқпен тұрады. Егер тағы бір қате жіберсе, бір тізерлеп тұрады. Үшінші рет қателессе, екі тізерлеп тұрады. Егер ойыншы осылай тұрып доп қағып алса, оның барлық айыбы алынып, екі аяққа тұрып ойынды жалғастырады. Ал жолы болмаса, ойыннан шығады.
227
