Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Dene_shynyktyru_Metodika_Kaz_6_let.DOCX
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.5 Mб
Скачать

Таспамен орындалатын жаттығулар

«Басты қозғалту»

  1. Б.қ. – аяқ иық деңгейінде, таспа төменде; 1 – басты еңкейту, 2 – басты шалқайту. 8 рет.

«Таспа жоғары»

  1. Б.қ. – н.т.: таспа төменде. 1 – таспаны жоғары көтеру, оң аяқты артқа созып ұшымен қою., 2 – б.қ. 3 – сол аяқпен осылай орындау. 8 рет.

«Күн»

  1. Б.қ. – н.т.: 1 – 4 қолды оң жаққа айналдыру, екі қолды қатар ұстау. 1 – 8 осылай сол жақпен орындалады. 4 рет.

«Сулар»

  1. Б.қ. – аяқ иық деңгейінде, таспа төмен түсірілген; 1 – қолды алға кеуде тұсынан созу, 2 – 8 – қолды кеуде тұсынан жоғары, төмен сермеу. 9-10 – б.қ. 4 рет.

«Иілу»

  1. Б. қ. – аяқты алшақ қою, таспа төмен түсіп тұрады. 1-2 – алға еңкею, таспа жоғары, иілу; 3-4 – бастапқы қалып (5-6 рет).

«Жанына иілу»

  1. Б.қ. – аяқ иық деңгейінде, қолды жоғары көтеру, 1 – оңға иілу, 2 – б.қ. 3 – солға иілу, 4 – б.қ. 5-6 рет.

«Әткеншек»

  1. Б.қ. – жерде жату, таспаны алға созу, 1 – аяқты және қолды көтеру, 2 – б.қ. 8 рет.

«Секіру»

  1. Б.қ. – алға-артқа секіру. 8 рет.

209

Секіртпемен орындалатын жаттығулар

  1. «Басты қозғалту»

Б.қ. – н.т.: 1 – басты алға еңкейту; 2 – б.қ.; 3 – басты артқа шалқайту; 4 – б.қ. – 8 рет.

  1. «Секіртпені жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен тұру»

Б. қ. – негізгі тұрыс, секіртпені екі қабаттау, төменде ұстау. 1-2 – аяқтың ұшымен көтерілу, секіртпе жоғарыда; 3-4 – бастапқы қалыпқа көшу (9 рет).

  1. «Еңкею»

Б. қ. – аяқты иық деңгейіне қою, секіртпені төмен ұстап тұру. 1 – секіртпені жоғары көтеру; 2 – оңға (солға) иілу; 3 – денені тіктеу, секіртпені жоғары көтеру; 4 – б.қ. (8 рет).

  1. «Отыру»

Б. қ. – аяқты қатар қою, секіртпе төменде. 1-2 – отыру, секіртпені алға созу; 3-4 – б.қ.

(9 рет).

  1. «Бір қадам иілу»

Б. қ. – аяқты алшақтату, секіртпе төменде. 1 – оңға аттау, секіртпе жоғарыда; 2 – оңға иілу; 3 – денені тіктеу, секіртпе жоғарыда; 4 – б.қ. (9 рет).

  1. «Табанға жеткіз»

Б. қ. – аяқ иық деңгейінде, секіртпе төменде. 1 – секіртпені жоғары көтеру; 2 – алға еңкейіп, секіртпені оң (сол) табанға жеткізу; 3 – тұру, секіртпені жоғары көтеру; 4 – бастапқы қалыпқа көшу (9 рет).

  1. «Секіру»

Б. қ. – аяқты алшақ ұстау, секіртпе артта. Арасында үзіліс жасай отырып, секіртпені айналдыра қос аяқтап секіру.

Гантельмен орындалатын жаттығулар

  1. «Басты қозғалту»

Б.қ. – н.т. 1 – басты алға еңкейту; 2 – б.қ.; 3 – басты артқа шалқайту; 4 – б.қ. – 8 рет.

  1. «Гантель жоғарыда»

Б. қ. – н.т., гантельді қолға алу, қолды төмен түсіру; 1 – қолды екі жаққа жайып, жоғары көтеру.

  1. «Айналу»

Б. қ. – н.т.: гантель төменде; 1 – қолды алға; 2 – қолды жоғары; 3 – қолды екі жаққа созу; 4 – б.қ. – 9 рет.

  1. «Гантель иықта»

Б. қ. – негізгі тұрыс, гантель төменде; 1 – қолды бүгіп гантельді иыққа апару; 2 – б.қ. –

  • рет.

  1. «Гантель екі қапталда»

Б. қ. – н.т. 1 – қолды екі жаққа созып көтеру; 2 – б.қ. – 9 рет.

  1. «Тізе астынан шапалақтау»

Б.қ. – н.т., гантель төменде; 1 – аяқты бүгу, оның астынан гантельді бір-біріне соғу; 2 – б.қ.; 3 – екінші аяқпен осылай қайталау; 4 – б.қ. – 9 рет.

  1. «Еңкею»

Б. қ. – аяқ иық деңгейінде, қолды түсіру; 1 – алға еңкею, гантельдерді жерге қою; 2 – б.қ.; 3 – еңкею, гантельді алу; 4 – б.қ. – 9 рет.

  1. «Секіру»

Б. қ.– н.т. 1–8 – бір аяқпен секіру.

210

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]