Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Dene_shynyktyru_Metodika_Kaz_6_let.DOCX
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.5 Mб
Скачать
  • 4 Кешен

    1. Б.қ.: н.т.: доп оң қолда. Допты жоғары лақтырып, шапалақтау, қайта қағып алу – үзіліс. Тағы қайталау, екі рет шапалақтау. 10 рет қайталау.

    1. Б.қ.: аяқ иық деңгейінде, доп оң қолда. 1–6 – еңкейіп, допты оң (сол) аяқтың ұшынан сол (оң) аяқтың ұшына және кері бағытта допты домалату; 7-8 – б.қ. Аяқты бүкпеу. 6–8 рет қайталау.

    1. Б.қ.: н.т.: доп оң қолда. 1-2 – қол екі жақта; 3-4 – оң (сол) аяқты сермеу, допты тізе астына қысу. 6 рет қайталау.

    1. Б.қ.: ішпен жату, қолға доп алып иек астында ұстау.1-2 – денені көтеріп, доп тұрған оң қолды шынтаққа сүйене отырып алға созу; 3-4 – оңға бұрылу, оң қолды артқа созу; 5–8 – б.қ. Сол жақпен қайталау ( 4 рет).

    1. Б.қ.: шалқадан жату, доп оң қолда. 1 – аяқты тік көтеру; 2 – аяқты бүкпеу, тізе астынан допты сол қолға ауыстыру; 3-4 – б.қ.: сол қолмен қайталау. (4 рет).

    1. Б.қ.: отыру, аяқты алшақтата қою, қолды екі жаққа жаю. 1-2 – оңға (солға) бұрылу, арттан доп беру (арқаны тік ұстау); 3-4 – б.қ. 5-6 рет қайталау.

    1. Б.қ.: отыру, доп екі тобық арасында, қолды артқа тіреу. 1-2 – допты қысқан күйі аяқты тік көтеру; 3-4 – б.қ. басты тік ұстау. 6–8 рет қайталау.

    1. Б.қ.: н.т.: доп оң қолда. Оң (сол) қолмен жерге доп соға отырып, оң (сол) аяқпен 2 рет қарғу. Жүрумен кезектестіріп 4 рет қайталау.

    1. Б.қ.: қайталанады. 1-4 – қолды жанынан жоғары көтеру, допты бірқалыпты екінші қолға ауыстыру; 5–8 біртіндеп б. қ. көшу.

206

  • 5 Кешен

    1. Б.қ.: н.т.: доп оң қолда. 1-2 – оң қол мен оң аяқты жанына қарай созу, доп алақанда; 3-4 қол төменде, допты сол қолға ауыстыру, аяқты ұшымен қою. Сол қолмен қайталау. 5 реттен қайталау.

    1. Б.қ., аяқ иық деңгейінде, доп қолда. 1 – оңға (солға) бұрылу; 3-4 – допты жоғары лақтыру, екі қолмен ұстау; 4 – б.қ., тұрақты қалыпты сақтау. 5 реттен қайталау.

    1. Б.қ.: н.т.: доп оң қолда. Допты жерге соғу, тез отыру, екі қолмен тізеден шапалақтау, тұру, допты қос қолдап қағып алу. Сол қолмен де осылай қайталау. (5 рет).

    1. Б.қ.: аяқ иық деңгейінде, доп оң қолда. 1 – қол екі жақта; 2 – оң аяққа қарай иілу; 3 – допты оң аяқтан сол аяққа домалату, сол қолмен ұстау; 4 – б.қ. Допты сол қолға алып осылай қайталау (5 рет).

    1. Б.қ.: отыру, доп оң қолда. 1 – қол екі жақта; 2 – аяқты тік көтеру, аздап шалқаю, допты аяқтың астынан сол қолға ауыстыру; 3 – қол екі жақта; 4 – аяқты тік көтеру, допты аяқтың астынан оң қолға ауыстыру; 4–6 рет қайталау.

    1. Б.қ.: шалқадан жату, допты екі тобық арасына қысу, қолды біріктіріп желкеге қою. Жанына, арқаға бұрылу, екінші жанына бұрылу – б.қ. Аяқты бүкпеу, допты жібермеу. 3 рет.

    1. Б.қ.: н.т. Допты оң (сол) қолмен жерге соға отырып, орнында тұрып 10 рет адымдау, 10 рет секіру. Орнынан қозғалмауға тырысу. 5-6 рет қайталау.

    1. Бірінші жаттығуды қайталау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]