- •Е.А. Юркова, н.М. Пермякова Дене шынықтыру Әдістемелік нұсқау
- •Isbn 978-601-01-3064-7
- •Курстың негізгі тұжырымдық идеясы, оның ерекшеліктері және қазіргі тәрбие мен білім берудің мақсаты мен міндеттеріне сәйкес келуі
- •Пәннің ғылыми-әдістемелік мақсаты
- •І. «Дене шынықтыру» ұйымдастырылған оқу қызметінің (ұоқ) ұзақмерзімді жоспары
- •3 Тарау. Менің айналамда кімдер бар?
- •Аустралия
- •Іі. «Дене шынықтыру» пәні бойынша таза ауада өткізілетін ұоқ-лардың ұзақмерзімді жоспары
- •Дене дайындығының деңгейі (нормативтер)
- •1 Кешен
- •2 Кешен
- •3 Кешен
- •4 Кешен
- •Гимнастикалық таяқпен орындалатын жаттығулар
- •1 Кешен
- •2 Кешен
- •3 Кешен
- •4 Кешен
- •5 Кешен
- •6 Кешен
- •7 Кешен
- •8 Кешен
- •Шағын доппен орындалатын жаттығулар кешені
- •1 Кешен
- •2 Кешен
- •3 Кешен
- •4 Кешен
- •5 Кешен
- •6 Кешен
- •Диаметрі үлкен доппен орындалатын жаттығулар
- •1 Кешен
- •2 Кешен
- •3 Кешен
- •Құралсыз орындалатын жаттығулар
- •Таспамен орындалатын жаттығулар
- •Секіртпемен орындалатын жаттығулар
- •«Басты қозғалту»
- •Гантельмен орындалатын жаттығулар
- •Аэробика элементтерімен орындалатын жаттығулар
- •Қимылы аз ойындар
- •Пайдаланылған әдебиет
- •Рефераттар
- •Құрметті мектепалды даярлық сыныбының педагогтері!
- •Кітаптарды «Кітап-пошта» бөлімдері арқылы алуға да болады:
- •010000, Астана қаласы, тел. (7172) 53 70 84, е-mail: Nasihat@almatуkitap.Kz
- •050035, Алматы қаласы, тел.: (727) 303 72 33, 374 98 59, e-mail: Jalyn@almatуkitap.Kz
- •050009, Алматы қаласы, тел. (727) 374 34 42, е-mail: Arman@almatуkitap.Kz
6 Кешен
«Бәріне таяқ көрсетеміз». Б.қ. – н.т. – таяқ төменде. 1–3 – таяқты жоғары көтеру; 4 – б.қ. 8 рет.
«Таяқпен қолды жаттықтырамыз». Б.қ. – н.т. – таяқ иықта, аяқты түзу ұстау. 1 – таяқты жоғары көтеру, оған қарау; 2 – б.қ. 8 рет.
«Көмекші таяқша». Б.қ. – жерде отырып, аяқты тік ұстау, таяқ кеуде тұста. 1 – таяқты жоғары көтеру, алға еңкею, таяқты аяқтың ұшына жеткізу, тізені бүкпеу; 2 – б.қ. 8 рет.
«Иілу». Б.қ. – н.т., таяқты жоғары көтеріп ұстау; 1 – еңкею, таяқты аяқтың жанында қалдыру; 2 – б.қ.; 3 – еңкею, таяқты алу; 4 – б.қ. 7 рет.
«Жауынгер таяқ». Б.қ. – н.т.: қолды созып, таяқты екі жағынан ұстау. 1 – таяқтың оң ұшын жоғары көтеріп, сол жағын төмен түсіру (таяқ тігінен); 2 – керісінше. 8 рет қайталау.
«Аяқты жаттықтырамыз». Б.қ. – тұру, таяқ үстіне өкшені біріктіріп, аяқ ұшын алшақтатып қою, гимнастикалық таяқпен жүру – 9 рет.
«Жүзгіш таяқ». Б.қ. – етпетінен жату, аяқ бірге, таяқ қолда. Аяқ пен қолды бірге жоғары көтеру («қайық»). 9 рет.
«Көңілді таяқша». Б.қ. – қайталау. Таяқтан секіру. Алға-артқа. 10 рет.
7 Кешен
(Жұптасып бір таяқпен орындалады)
«Біз зілтеміршілерміз». Б.қ.: бір-біріне бір адым аралықта арқасымен қарап тұру, таяқ төменде қолда, екінші бала қолын төмен түсіреді. 1-2 – қолды жоғары көтеру, таяқты беру – демді ішке тарту; 3-4 – қол төменде – демді сыртқа шығару. 8 рет қайталау.
«Ескекшілер». Б.қ.: отыру, аяқты алшақтату, табанмен тірей отырып таяқтан ұстау. Еңкею, таяқты тарта отырып, артқа шалқаю. 8–10 рет қайталау.
«Таяқты тарту». Б.қ.: қайталанады, бір-біріне бетпе-бет отыру, арттан қолмен тіреу, таяқ ортада жатады. Таяқты башпайлармен қысып өзіне қарай тарту. 4–6 рет қайталау.
«Таяқты бірге көтереміз». Б.қ.: бір-біріне етпетінен қарап жату, таяқты қолды бүгіп ұстау. 1-2 – таяқты жоғары көтеру; 3-4 б.қ. 4–6 рет қайталау.
«Тұруға көмектес». Б.қ.: бір-біріне қолсозым жерде бетпе-бет қарап отыру, аяқ бүгулі, таяқ жерде ортада жатады. Бір-біріне оң қолды созу, білектен ұстап, бір мезетте тұру және отыру. Сол қолмен де осылай орындау. 5 рет қайталау.
Б.қ.: бір-біріне арқамен жақынырақ тұрады, қол белде. 1-2 – бір жаққа (екінші) жаққа иілу; 3-4 – б.қ. Аяқты қозғамау, бүкпеу, әріптесінің жотасын сезіну. 5-6 рет қайталау.
«Қарғу». Б.қ.: таяқ жерде, таяқтың екі жағында бір қырымен тұру, қол белде, таяқ бойымен 4 рет қарғу, тізені биік көтеріп 4 рет адымдау. 5-6 рет қайталау.
8 Кешен
Б.қ.: н.т. 1-2 таяқты бірқалыпты жоғары көтеру, оң (сол) аяқты артқа ұшымен қою, өкшені өзіне қарай тарту, керілу – демді ішке тарту; 3-4 – б.қ., 4–6 рет қайталау.
«Алға қара». Б.қ.: аяқты алшақ қою, таяқ жауырында. 1-2 – алға еңкею, басты тік ұстау; 3-4 – б.қ. Аяқты бүкпеу. 5–8 рет қайталау.
204
«Жанына». Б.қ.: отыру, аяқты айқастыру, таяқты иық артына қолдың бүгілген жеріне салу. 1-2 – оңға (солға) иілу, таяқты еденге жеткізу; 3-4 – б.қ. 6 рет қайталау.
Б.қ.: шалқасынан жату. 1 – таяқты жоғары көтеру; 2 – екі аяқты сермеу, аяқты созып, ұшын таяққа тигізу; 3-4 – б.қ. 6–8 рет қайталау.
Б.қ.: н.т., қолды түсіріп, таяқты артта ұстау, 1-2 – таяқты жоғары көтеріп, отыру. Арқаны тік ұстау, тізені алшақ қойып, өкшені көтеру. 8–10 рет қайталау.
«Айналу». Б.қ.: аяқ иық деңгейінде, таяқ жауырын үстінде. 1-2 – оңға бұрылып, «ш-ш-ш» деу; 3-4 – басқа жаққа бұрылу. Үш-төрт қозғалыстан кейін тынығу. Аяқты қозғамау. 5 реттен қайталау.
«Таяқ тізеде». Б.қ.: н.т.: таяқ төменде. 1 – таяқты жоғары көтеру; 2 – бүгілген оң аяқты көтеру, таяқты тізеге қарай апару, арқаны түзу ұстау; 3 – таяқты жоғары көтеру, аяқты төмен түсіру; 4 – б.қ. Тұрақты қалыпты сақтау, аяқтың ұшын созу. 5 рет қайталау.
«Қарғу». Б.қ.: н.т. Секіріп, аяқты екі жаққа қойғанда, таяқты алдыға ұстау, аяқты біріктіру, таяқты төмен түсіру. Жүгірумен алмастыра отырып, 20 рет секіруді 4 рет қайталау.
