- •Е.А. Юркова, н.М. Пермякова Дене шынықтыру Әдістемелік нұсқау
- •Isbn 978-601-01-3064-7
- •Курстың негізгі тұжырымдық идеясы, оның ерекшеліктері және қазіргі тәрбие мен білім берудің мақсаты мен міндеттеріне сәйкес келуі
- •Пәннің ғылыми-әдістемелік мақсаты
- •І. «Дене шынықтыру» ұйымдастырылған оқу қызметінің (ұоқ) ұзақмерзімді жоспары
- •3 Тарау. Менің айналамда кімдер бар?
- •Аустралия
- •Іі. «Дене шынықтыру» пәні бойынша таза ауада өткізілетін ұоқ-лардың ұзақмерзімді жоспары
- •Дене дайындығының деңгейі (нормативтер)
- •1 Кешен
- •2 Кешен
- •3 Кешен
- •4 Кешен
- •Гимнастикалық таяқпен орындалатын жаттығулар
- •1 Кешен
- •2 Кешен
- •3 Кешен
- •4 Кешен
- •5 Кешен
- •6 Кешен
- •7 Кешен
- •8 Кешен
- •Шағын доппен орындалатын жаттығулар кешені
- •1 Кешен
- •2 Кешен
- •3 Кешен
- •4 Кешен
- •5 Кешен
- •6 Кешен
- •Диаметрі үлкен доппен орындалатын жаттығулар
- •1 Кешен
- •2 Кешен
- •3 Кешен
- •Құралсыз орындалатын жаттығулар
- •Таспамен орындалатын жаттығулар
- •Секіртпемен орындалатын жаттығулар
- •«Басты қозғалту»
- •Гантельмен орындалатын жаттығулар
- •Аэробика элементтерімен орындалатын жаттығулар
- •Қимылы аз ойындар
- •Пайдаланылған әдебиет
- •Рефераттар
- •Құрметті мектепалды даярлық сыныбының педагогтері!
- •Кітаптарды «Кітап-пошта» бөлімдері арқылы алуға да болады:
- •010000, Астана қаласы, тел. (7172) 53 70 84, е-mail: Nasihat@almatуkitap.Kz
- •050035, Алматы қаласы, тел.: (727) 303 72 33, 374 98 59, e-mail: Jalyn@almatуkitap.Kz
- •050009, Алматы қаласы, тел. (727) 374 34 42, е-mail: Arman@almatуkitap.Kz
Е.А. Юркова, н.М. Пермякова Дене шынықтыру Әдістемелік нұсқау
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрлігі ұсынған
Алматыкiтап баспасы
2017
ОӘЖ 372.2
КБЖ 74.102
75
Юркова Е.А. және т.б.
75 Дене шынықтыру. Әдістемелік нұсқау. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған / Е.А. Юркова, Н.М. Пермякова. – Алматы: Алматыкітап баспасы, 2017. – 232 б., суретті.
ISBN 978-601-01-3064-7
ОӘЖ 372.2
КБЖ 74.102
Isbn 978-601-01-3064-7
Юркова Е.А., Пермякова Н.М., 2017
«Алматыкітап баспасы» ЖШС, 2017
Кіріспе
Жаңа буынның төмендегі нормативтік құжаттарға сәйкес дайындалған «Дене шынықтыру» әдістемелік нұсқауы төмендегі құжаттардың негізінде жазылды:
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
(Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 ж. 15 мамырдағы № 292 қаулысымен бекіген).
Аталған стандарт Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі және мектепалды даярлық білім берудің жаңа методологиялық негізін анықтайды;
1 жастан 6 (7) жастағы балаларға арналған Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2016 ж. 22 маусымдағы № 391 бұйрығымен бекіген);
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2016 ж. 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекіген).
Сонымен қатар әдістемелік нұсқауды жазуда бағдарламада көрсетілген 5 негізгі саланың бірі – «Денсаулық» білім беру саласының нұсқаулары есепке алынды.
Әдістемелік нұсқаудың негізгі мақсаты – аталған нормативтік құжаттарда көрсетілген мектепалды даярлық пен бастауыш мектеп арасындағы оқытудың бірізділігін сақтау.
Бағдарламада «Дене шынықтыру» ұйымдастырылған оқу қызметінде (ҰОҚ) оқыту және тәрбиелеудің келесі мақсаттары мен міндеттері айқындалған:
Мақсаты: қимыл-қозғалыс дағдылары мен ептілігінің дамуы, қимыл-қозғалыс мәдениетін меңгеру.
Міндеттері:
– балалар денсаулығын нығайту, организмді шынықтыру;
– балалардың денелік сапа көрсеткіштерін дамыту;
– күнделікті қимыл іс-әрекетіне деген қажеттілікті қалыптастыра отырып, дербес қимыл белсенділігін дамыту;
– балалардың қимыл-қозғалыс дағдылары арқылы шығармашылық қабілеттері мен сыни ойлауын дамытуға мүмкіндік беру.
«Дене шынықтыру» ҰОҚ-ның мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған. Оқу бөлімдері әрі қарай жинақталған білім, түсінік және дағдыларды қалыптастыру мақсаттарын көздейтін бөлімшелерден тұрады. Әрбір бөлімше ішінде реттілікпен құрылған оқу мақсаттары педагогке жұмысын жоспарлауға, балалардың жетістіктерін бағалауға және оларға оқудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.
№ |
Бөлім |
Қосымша бөлім |
1 |
Денсаулық және дене бітімі |
1.1. Денсаулықты нығайту |
|
|
1.2. Дене бітімін жетілдіру |
2 |
Қозғала білу және сенімділік |
2.1. Қозғалыс |
|
|
2.2. Дене күшінің сапасы |
3 |
Ынтымақтастық және басқару |
3.1. Топпен жұмыс |
|
|
3.2. Дене шынықтырудағы техника мен тактика |
4 |
Шығармашылық қабілет |
4.1. Ойындағы шығармашылық қабілет |
Дене шынықтыру баланың физикалық дамуына, сондай-ақ әлеуметтік, тұлғалық қасиеттері мен рухани дамуына ықпал етеді.
Педагог баланың психофизиологиялық даму ерекшеліктерін ескере отырып, оның мүмкіндіктеріне сүйене отырып, қимыл әрекеттерді үйрету барысында оның алдына біртіндеп жаңа қимыл тапсырмалар қояды.
Жаңаны меңгеру балалардан белгілі бір физикалық және психикалық күш-жігерді, қиындықты жеңе білуді, жинақылықты, мұқияттылықты, ой нақтылығы мен белсенділігін, зейінді дамытуды талап етеді: эмоционалдық, егер оқыту үрдісі қызығушылық туғызса және
3
балалардың көңіл күйіне оң әсер беретін болса; бейнелі – қимыл-қозғалыстың көрнекі үлгісін қабылдау және жаттығу орындау кезінде; сөз-логикалық – тапсырманы ұғыну және жаттығудың барлық элементтерінің орындалу ретін, қимыл ойында мазмұны мен әрекетті есте сақтау және оларды өздігінен орындау кезінде; қимыл-қозғалыс – жаттығуды Балалардың өзінің практикалық орындауына байланысты; ерікті, онсыз жаттығуды түйсіне, өздігінен орындау мүмкін емес. Физикалық әлеуетті дамыту әлеуметтік құзыреттіліктің дамуымен, баланың адамгершілік сана-сезімінің қалыптасуымен, оның толеранттылық, кеңпейілділік және өзара көмек көрсету, мақсатқа ұмтылу, адалдық секілді адамгершілік қасиеттерінің дамуымен тығыз байланысты.
Қозғалысты үйрету барысында баланың ойлау қабілеті, адамгершілік және талғамдық сезімі дамиды, өз әрекетіне саналы қарым-қатынас және осыған байланысты мақсатқа ұмтылу, жинақылық қалыптасады.
