Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
9-сынып поурочний.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
7.46 Mб
Скачать

Сабақтың мақсаты:

1.Шаңғымен «сатылай» көтерілу әдіс-тәсілдерін үйрету.

2.Аяқты кезек көтере адымдап, бұрылу және сырғанай адымдауды қайталау;

төзімділік қасиетін дамыту.

3.Дене сымбатын, денсаулықты күтуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: көрсету, үйрету, жаттығу, жекелеп, топпен.

Өтетін орны:шаңғы жолы.

Құрал-жабдықтар: секундомер, ысқырық,уақыт өлшеуіш және шаңғы. т.б.

Сабақтың мазмұны

Уақыт мөлшері

Әдістемелік нұсқаулар

I

Дайындық бөлімі:

Оқушыларды сапқа тұрғызу. Сәлемдесу. Кезекшінің баяндамасы. Оқушыларды түгендеу. Жаңа сабақты түсіндіру.Тақырыптың мақсатымен таныстырып өту. Үйге берілген тапсырманы сұрау. Қауіпсіздік ережесін сақтау. Жүру бағытында орындалатын жаттығулар. Жүгіру бағытында орындалатын жаттығулар.

Жалпы дамыту жаттығулар:

Б.қ: қол белде,басымызды оңға және солға айландыру.

Б.қ:қолымызды иық үстіне қойып алдыға және артқа айландыру.

Б.қ: қолдар алдында отырамыз,қолдар белде тұрамыз.

Б.қ: секіру жаттығулары.

мин-10

5-8 рет

5-8 рет

5-8 рет

Оқушылардың спорттық киімдерін тексеру.

Зейін қойып тыңдауларын бақылау.

Жеңіл жүгіріспен жүгіру.

Жаттығуларды дұрыстап орындау.

II

Негізгі бөлімі: Оқушыларды сапқа тұрғызып сабақтың міндеттерімен таныстыру. Шаңғыны тежеудің «тіреу тежеу», «сатылай» деген әдістері бар. «Тіре тежеу»-сынап келе жатып, бір жақ қапталына қарай шаңғыны қырымен бұрылу тоқтату. Шаңғы қырымен бұрылғанда, ол қарды күреп барып, тіреліп тоқтап қалады.Егер аса жылдамдықпен сырғанап келе жатып бұрылу қажет болса, бұрылатын жаққа қарай шаңғының қырына салмақты көбірек түсіре аздап иілу қажет. «Сатылай» көтерілу әдісімен сырғанау. Биікке көтерілудің түрлері. Сатылап көтерілу. Шырша жасау арқылы көтерілу. Жартылай шырша жасау арқылы көтерілу. Қиғаш (жанама) көтерілу. Осы жүрістерді оқушыларға түсіндіре отырып, биіктен түсу әдісін түсіндіре көрсету. Толықтырып түсіндіріп өту. Шаңғы, шаңғы таяғын және шаңғы аяқ киімін оқушыларға көрсетіп таныстыру, кию әдісін түсіндіріп көрсету.

мин-25

Қауіпсіздік ережелерін

сақтау.

III

Қорытынды бөлімі:

Оқушыларды сапқа тұрғызу.

Денені бір қалыпқа келтіру.

Оқушыларды бағалау.

Жіберген қателерін айту.

мин-5

Оқушылардың жіберген қателерін дұрыстау.

Сабақты аяқтау,

сау болыңдар!

Дене тәрбиесі: 9 сынып Сабақ №67 \3 күн реті: ________________мин:45

Тақырыбы:Шаңғымен сырғанау әдісі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]