Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6-сынып поурочний.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.87 Mб
Скачать

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларға ұзындыққа секірудің әдіс-тәсілдерін үйрету, жеңіл атлетика туралы

мәліметтер беру. 2.Секіру жаттығулары арқылы төзімділігін, икемділігін және аяқ күштерін дамыту. 3.Қайсарлыққа, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: көрсету, үйрету, жаттығу, жекелеп, топпен.

Өтетін орны: спортзал.

Құрал-жабдықтар: секундомер, ысқырық, уақыт өлшеуіш және өлшегіш. т.б.

Сабақтың мазмұны

Уақыт мөлшері

Әдістемелік

нұсқаулар

I

Дайындық бөлімі:

Оқушыларды сапқа тұрғызу.Сәлемдесу. Кезекшінің баяндамасы. Оқушыларды түгендеу. Жаңа сабақты түсіндіру.Тақырыптың мақсатымен таныстырып өту. Үйге берілген тапсырманы сұрау. Қауіпсіздік ережесін сақтау. Жүру бағытында орындалатын жаттығулар. Жүгіру бағытында орындалатын жаттығулар.

Жалпы дамыту жаттығулар:

Б.қ: қол белде,басымызды оңға және солға айландыру.

Б.қ:қолымызды иық үстіне қойып алдыға және артқа айландыру.

Б.қ: қолдар алдында отырамыз,қолдар белде тұрамыз.

Б.қ: секіру жаттығулары.

мин-10

5-8 рет

5-8 рет

5-8 рет

Оқушылардың спорттық киімдерін тексеру.

Зейін қойып тыңдауларын бақылау.

Жеңіл жүгіріспен жүгіру.

Жаттығуларды дұрыстап орындау.

II

Негізгі бөлімі:Оқушыларды сапқа тұрғызып сабақтың міндеттерімен таныстыру. Қауіпсіздік ережелерін сақтау. Ұзындыққа секіру мынандай жаттығу жиынтығынан тұрады. Олар: Секіру сызығынан серпіле көтерілу (қалықтау), қалықтаудан жерге түсу.

Серпілген кезде жоғары сілтеген екі қолдың қанат қаққан сияқты қозғалысы секіруге көмегін тигізеді. Серпіле көтерілген кезде тізе жазылып, қол сермелген аяқпен бірге жоғары және алға қарай созылады.

Дұрыс секіруді меңгеру үшін, алға сермейтін аяқтың тізесін кеуде тұсына жеткізе көтеріп, сонан соң жерге екі аяқпен түсу керек.

Екі аяқпен жерге еркін секіріп түсу.

Екі аяқты итере отырып, ұзындыққа секіру.

Жартылай отырып ұзындыққа секіру.

Қолды және аяқты дұрыс ұстап секіру.

Жерге дұрыс секіріп түсу.

Жартылай отырып ұзындыққа секіру, қол артта.

Оқушыларды ұзындыққа секірту.

мин-25

Қауіпсіздік ережелерін

сақтау.

Секіру кезінде қауіпсіздік

ережелерін

қатаң сақтау.

Жаттығулар дың дұрыс орындалуын қадағалау.

III

Қорытынды бөлімі:

Оқушыларды сапқа тұрғызу.

Денені бір қалыпқа келтіру.

Оқушыларды бағалау.

Жіберген қателерін айту.

Үйге тапсырма беру.

Секіру жаттығулары.

мин-5

Оқушылардың жіберген қателерін дұрыстау.

Сабақты аяқтау,

сау болыңдар!

Дене тәрбиесі: 6 сынып Сабақ №9\1 күн реті: __________мин:45

Тақырыбы:Кіші допты нысанаға лақтыру.