Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Философия. Окулык. Дуйсебаев.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.29 Mб
Скачать

Ф-ОБ-007/017

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

“Сырдария” университеті

“Гуманитарлық білім” факультеті

“Отан және шетел тарихы ” кафедрасы

Философия пәні бойынша

факультетаралық мамандықтар студенттері үшін

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

(с и л л а б у с)

Оқу-әдістемелік кешенді дайындаған: ғылым магистрі Дуйсебаев М.Т.

Мазмұны

  1. Алғы сөз ..…….…………………………………………....................

  2. Жалпы мәліметтер...............................................................................

  3. Курстың мақсаты мен міндеті…….........……...................................

  4. Курстың пререквизиттері, постреквизиттері...................................

  5. Жұмыс оқу жоспарынан көшірме………………..............................

  6. Оқу сабақтарының құрылымы .........................……….....................

  7. Студентке арналған ережелер……………………………................

  8. Оқу сағаттарының кредитке сәйкес тақырып бойынша

бөліну кестесі..........................………………………….....................

  1. Лекция сабақтарының мазмұны.....……………………….........................

  2. Семинар сабақтарының жоспары.......................................................

  3. CӨЖ-жоспары................................................

  4. Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі....................................................

  5. Студенттердің білімін бақылау түрлері (тест, бақылау түрлері)....

  6. Студенттердің академиялық білімін рейтингтік бақылау жүйесі....

  1. Алғы сөз

Оқу әдістемелік кешен “Философия” пәні бойынша факультетаралық мамандық студенттеріне осы курс бойынша оқытушының жұмыстан негұрылым тиімді ұйымдастыруға арналған барлық қажетті оқу-әлістемелік материалдарды құрайды. Білім беруде кредиттік технологияны пайдаланып, барлық құжаттарды бір кешенге біріктіре отырып, пәнді меңгеру процесінде студенттің білімін, машықтануын және біліктілігін жоғарғы деңгейге көтеру мақсаты көзделініп отыр.

Жұмыстық бағдарламада оқу жұмысының түрлері бойынша сағаттар көрсетілген; ПС-практикалық сабақтар.

ОБСӨЖ – оқытушының басшылығымен студенттің өзіндік жұмысы, СӨЖ- студенттердің өзіндік жұмысы.

Оқыту бағдарламасы (Syllabus), семестрдің басында әрбір студентке беріліп, студенттің білімін тереңдетуге, пәнге деген ықыласының артуына, шығармашылық және зертеушілік қабітеттері ашылып, одан әрі дамуына себебін тигізеді деп күтілуде.

Дәрістің қысқаша жазбасы студентке қайсы бір тақырыпты қарастыруда неге назар аудару керектігіне бағыт береді, санасына негізгі ұғымдар мен терминдерді енгізеді. Пәнді толықтай меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттің барлығымен дерлік жұмыс өткізіп және өзіндік жұмысынын барлық көлемін орындауы қажет.

Тапсырмалар мен жағдайлардың жиынтығы студенттерге аудиториялардан тыс өзіндік жұмысты, үй тапсырмасын орындауға арналған.

Тесттік тапсырмалар студентке кредиттерді тапсыруда пән бойынша өз білімдерін тексеруге және рейтингтік бақылауды тапсыруға, сынақ/емтиханды алуға арналған.

  1. Пәннің мақсаттары мен міндеттері, оның оқу процесіндегі рөлі.

«Философия» пәні бойынша философиялық емес мамандықтардың студенттеріне арналған жұмыс бағдарламасы мемлекеттік жалпы білім беру стандарты мен типтік оқу бағдарламасына сәйкес құрастырылды.

Пәнді оқытудың мақсаттары: Оқу пәні ретінде философияны оқытудың басты мақсаты- болашақ мамандардың қазіргі күрделі әрі динамикалық дүние жағдайындағы дұрыс дүниетанымдық бағдарларын қалыптастыруға жәрдемдесу.

Пәнді оқып-үйретудің міндеттері:

  • философиялық ой кешудің тарихи типтерін мәдениет контексінде талдау;

  • болашақ мамандардың философиялық - дүниетанымдық және методологиялық мәдениетін қалыптастыру;

  • пән мазмұнын студенттердің оған деген қызығуын тойтаратын бұрынғы идеологиялық жүктемеден, догматикалық штамптар мен клишелерден азат ету;

Негізгі құзырлар:

бакалаврдың курстан білетіні:

  • философияның предметі, мақсаты мен міндеттері;

  • философия мәселелерінің негізгі шеңбері;

  • философиялық дүниетанымның мәдениет контекстіндегі ерекшеліктері және оның адам өмірлік таңдауының стратегиясына әсері;

бакалаврдың істей алатыны:

  • нақтылы мәдениет контекстіндегі дүниетанымдық ахуалдарды анықтай білу;

  • адамзат тарихындағы дүниетанымдық мәселелерді қою мен шешудің альтернативтік тәсілдерін анықтай білу.

Пәнді оқып- үйрену процесінде бакалаврдың білуі тиіс:

  • философияның негізгі терминдері мен мәселелерін;

  • негізгі философиялық тұғырнамаларды;

  • мәдениет контекстіндегі дүниетанымдық сауалдарды шешудің негізгі философиялық тәсілдерін.

6.Оқу сабақтарының құрылымы

Лекция – студентке тақырыпты игеруде неге назар аударуына бағыт береді

Пәнді толық меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттердің барлығымен

жұмыс істеуі қажет

Семинар сабақтарында – студент талдау, салыстыру, тұжырымдау, проблемаларды анықтай білу, шешу жолдарын белсенді ой әрекет талап ететін әдіс – тәсілдерді меңгеруі керек

СӨЖ – студенттің өзіндік жұмысы. Студент үйге берілген тапсырмаларды орындайды, өз

бетімен меңгереді,белгіленген мерзімде оқытушыға өткізеді

7. Студентке арналған ережелер

  1. Сабаққа кешікпеу керек.

  2. Сабақ кезінде әңгімелеспеу, газет оқымау, сағыз шайнамау, ұялы телефонды өшіріп қою керек.

  3. Сабаққа іскер киіммен келу керек.

  4. Сабақтан қалмау, науқастыққа байланысты сабақтан қалған жағдайда деканатқа анықтама әкелу керек.

  5. Жіберілген сабақтар күнделікті оқытушының кестесіне сәйкес өтелінеді.

  6. Тапсырмаларды орындамаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.

8. Оқу түріне байланысты оқу сағаттарының бөлінуі.

-№

Лекцияның тақырыбы

Сағат саны

Лек

Семинар

СӨЖ

Пәннің мазмұны.

1

Кіріспе. Философия ғылым ретінде.

1

3

Негізгі бөлім.

2

Философия мәдениет феномені хақысында

1

3

3

Мәдени- тарихи контекстегі философия.

1

3

1 тарау . Мәдениет контекстіндегі философиялық ой кешудің тарихи типтері.

4

Шығыс мәдениетіндегі философия феномені.

1

4

5

Антикалық мәдениеттегі философия. Натурфилософия. Сократ философиясы

1

1

3

6

Антикалық мәдениеттегі философия. Классикалық кезең.

1

3

2 тарау. Ортағасырлық мәдениеттегі философия феномені.

7

Батыс Европадағы орта ғасырлық философия.

1

3

8

Исламдық ортағасырлық мәдениет контекстіндегі арабтық = мұсылмандық философия.

1

1

3

9

Қайта Өрлеу Дәуірінің философиясы.

1

1

3

10

Жаңа Уақыт мәдениетіндегі

батысеуропалық философия

1

3

11

18 ғ. екінші жартысы мен 19 ғ. бірінші жартысындағы неміс философиясы

1

5

12

ХІХ ғ. Мәдениетіндегі батысеуропалық философия

1

3

13

ХІХ ғ. Мәдениетіндегі батысеуропалық философия

3

14

ХІХ ғ. ХХғ. Басындағы ресейлік мәдениет контекстіндегі орыс философиясы.

1

3

15

Қазақ мәдениетіндегі философия феномені.

1

3

16

Қазақ мәдениетіндегі философия феномені.

1

1

5

17

20ғ.-21ғ. мәдениеті контекстіндегі батыстық философия

1

3

18

20ғ.-21ғ. мәдениеті контекстіндегі батыстық философия

1

3

3 тарау. Философияның негізгі мәселелері.

19

Болмыс философиясы.

1

1

3

20

Болмыс философиясы.

1

3

21

Философиялық антропология.

1

1

3

22

Философиялық антропология.

1

3

23

Диалектика теориясының мәселелері.

1

3

24

Гносеология: жалпы мәселелер

1

1

3

25

Гносеология: жалпы мәселелер

1

3

26

Әлеуметтік философия

1

3

27

Әлеуметтік философия

1

3

28

Мәдениет,саясат, құқық философиясы.

1

5

29

Аксиология

1

1

3

30

Глобальдық мәселелер философиясы.

1

3

Барлығы:

30

8

97

9. ЛЕКЦИЯНЫҢ САБАҚТАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ

ЛЕКЦИЯ №1.

Тақырыбы:

Кіріспе. Философия ғылым ретінде

Жоспары:

  1. Дүниетаным ұғымы және оның типтері. Философиялық дүниетанымның өзіндік ерекшелігі.

  2. Философияның пәні және проблематикасы.

  3. Философияның негізгі функциялары

Лекцияның мақсаты: дүниетаным ұғымымен және дүниеге көзқарастың түрлерімен танысу. Философияның негізгі функцияларын түсіндіру

1. Әрбір адамда өзіндік таным деңгейіне қарай, дүние туралы түсінік қалыптасады. Адамда эмоциялық-сезімдік салаға қатысты дүниенің бар екенін сезіну мен оны қабылдау, сонымен бірге зерделік-ұғымдық салаға қатысты дүниені ұғынып, зерделеу қасиеттері болады.

Сонымен, дүниетаным дегеніміз – адамның дүниеге қатынасын айқындайтын көзқарастар мен сенімдердің, бағалар мен нормалардың, идеалдар мен ұстанымдардың жиынтығы. Мұның бәрі күнделікті өмірде бағыт сілтеуші болып, реттеуші функцияны атқарады.

Дүниетанымның құрылымын мына сызба бойынша елестетуге болады.

Дүниетаным

Білім

Бағалар мен нормалар

Сенімдер мен нанымдар

Іс-тәжірибелік әрекет

Теориялық деңгей

( Ғылым мен философия)

Өмірлік – іс-тәжірибелік деңгей

(Әдет-ғұрыптар, іс-тәжірибе)

Бұл жерде мынаны ескере кеткен жөн, кейбір философтар іс-тәжірибе әрекетін дүниетанымның құрылымына қоспайды. Ал біздің пайымдауымызша, өмірлік – іс-тәжірибелік деңгейде дүниетаным тікелей адамның сезімдік тәжірибесінен оның дүниені сезініп, оны қабылдауынан келіп туындайды .

Миф (аңыз) – бұл қоғамдық сананың ең көне түрі. Ол дүниенің жаратылысы мен оның құрылымы, табиғат құбылыстарының пайда болу себептері адамдар мен жануарлардың шығу тегі жайлы мәселерінің төңірігіндегі сұрақтарға жауап ретінде пайда болды.

Сонымен, миф дегеніміз – адамның бастапқы санасында шынайы өмірдің фантастикалық көрініске ие болуы және қоғамда қалыптасып отырған қарым-қатынастардың, ұстанымдар мен нанымдардың, мінез - құлық көріністерінің осыған негізделуі. Мифте қоршаған табиғатқа адами қасиет беріледі, ал кеңістік пен уақыт, субъективтілік пен объективтілік бөлінбейтін, тұтас ретінде қарастырылады.

Мифтің ең басты қызметі – дүниенің орналасу тәртібін түсіндіру және қалыптасқан қоғамдық қатынастарды реттеу.

Мифпен және мифологиямен дін тығыз байланысты. Қоғамның бастапқы даму кезеңінде олардың мазмұны біріне-бірі сәйкес келеді. Алайда діннің өзіне тән ерекшелігі болады. Дін догма, аян беру сезімі, рәсімдік әрекеттер жүйесін және адамдардың сенімдегі, үміттегі, махаббаттағы қажеттіліктерін қанағ

аттандыруға қызмет ететін шіркеу мекемелерін қамтиды.

Құдіретті жаратылыс иесіне Құдайға, адам ұғымының сыртында жатқан қандай да бір “қасиетті” бастамаға сену діни дүниетанымның негізі болып табылады.

Рухани – практикалық сипат миф пен діннің ең басты ерекшелігі:

Миф пен дін адамның қоршаған дүниені игеру деңгейімен адамның табиғат пен әлеуметтік тұрмыс жағдайына тәуелділігімен тығыз байланысты.

Философия қоғамдық сананың ерекше формасы болып табылады. Сонымен қатар, мынадай маңызды ерекшеліктерімен сипатталады:

  1. Философияның ең бастапқы негізі адам, оның дүниедегі орны және сол дүниеге қатынасы болып табылады.

  2. Философия әлеуметтік – табиғи болмыстың жалпы негізін, тұтастық ретіндегі дүниенің дамуының жалпылама заңдылықтарын зерттейді.

  3. Танымның басты құралы адамдық сана (логос) болып табылады.

  4. Жекелеген ғылымдардың жиынтығы мен қоғамдық-тарихи практика – Эмпирикалық танымның базасы.

  5. Философия шындықты зерттеу процесінде, теориялық-танымдық көзқарас пен құндылықтық көзқарасты ұштастырады ( алынған білім іс-тәжірибедегі қолданысын қалай және қай жерде жүзеге асырады, осы білімнің адам мен адамзат үшін маңыздылығы мен құндылығы қандай).

Филосоофия - әлеуметтік және табиғи болмыстың мәнін, тұтастай дүниені,

осы дүниедегі адамның орнын, адамның дүниеге қатынасын және адам өмірінің мәнін ұғынумен байланысты қоғамдық сананың формасы.

2. Философия – бұл дүниетанымның теориялық негізі. Сондықтан ең басты мәселе ретінде бұл жерде сана мен объективті дүниенің қарым-қатынасы қарастырылады, дәлірек айтқанда сана мен материяның өзара қарым-қатынасы қарастырылады. Бұл мәселені екі аспектісі бар. Бірінші аспект мына сұраққа жауап іздеуге айқындалады:

Барлық жаратылыстың түпкі себебі не – материя ма әлде сана ма? Былайша айтқанда осының қайсысы алғашқы болып табылады? Екінші аспект дүниені тануға бола ма? Деген сұраққа жауап іздеумен байланысты. Бірінші аспекттінің мәселесінің шешіміне байланысты философтарды идеалистерге (субъективтік және объективтік) және материалистерге (метафизикалық, диалектикалық) жіктеуге болады.

Алайда мұндай жіктеу философияның екі бағыты – материализм мен идеализм арасында абсолюттік қайшылықтар қалыптасқан деген көзқарасты тудырмауы тиіс. Керісінше материализм мен идеализм, философиялық білімнің дамуының біртұтас процесінің өзара байланысқан екі жағы болып табылады.

Дүниені танып білу мәселесіне келер болсақ, мұнда да ортақ пікір қалыптаспаған. Философтардың көпшілігі, дүниені танып білуге болады дейді. Слайда кейбір философтардың көзқарасы бойынша адам таным қабілетініің шектеулігіне байланысты (мысалы, Д.Юм) немесе заттардың өз қалпында объективті түрде танылмайтындығына байланысты. (Мысалы, Кант) Өзін қоршаған дүниені танып білуге дәрменсіз.

Философияның түбегейлі мәселесінің шешімінің табылуына маңызы жағынан кем түспейтін, оның өзге де бөлімдері - этиканың, эстетиканың антропологияның, әлеуметтік философияның және т.б. да байланысы бар және әлеуметтік философия үшін дүниенің бір жүйесі ретіндегі монизмнің дамуы ең басты мәселе болып табылады. Этика үшін мұндай мәселе моральдың пайда болуы мен оның табиғаты, мейірімділік пен зұлымдық дегеніміз не және т.с.с. Антропология үшін мұндай мәселе – Адам және оның қоршаған дүниедегі орны.

Басқаша айтқанда, философияның әрбір бөлімінде өзінің өзекті мәселесі бар..

Бақылау сұрақтары:

1. Дүниетаным және оның тарихи түрлері

2. Философия пәні және оның зерттеу объектісі

3. Философияның негізгі фунциялары және әдістері