Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
66f2f16e-865d-11e3-9ea3-f6d299da70eeУММ по СПО.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
454.66 Кб
Скачать

1. Логикалық мәліметтер.

2. Логикалық командалар.

3. Шегу командалары.

1. Логикалық дегеніміз формальды логика негізінде мәліметтерді түрлендіруді айтамыз.

Формальды логика ақиқат және жалған деген тұжырымдама негізінде жұмыс жасайды. Микропроцессор үшін ол сәйкесінше 1 және 0.

Мәліметтерді логикалық түрде өңдеудің теориялық базасы формальды логикаға жатады. Логиканың бірнеше жүйелері бар. Ең танымалы – ол сөйлемдерді есептеу. Сөйлем – бұл ақиқат не жалған туралы айтатын кез келген тұжырымдама.

Логикалық шылаулар математикалық логикада күрделі пайымдауларды сипаттайтын логикалық амалдар болып табылады. Математикалық логикадағы ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ, ЕМЕС логикалық амалдары ақиқаттық кестесімен анықталады.

«ЖӘНЕ»

Коньюнкция (көбейту)

А және В

«НЕМЕСЕ»

Дизьюнкция(қосу)

А немесе В

«ЕМЕС»

Теріске шығару

А емес

Логикалық көбейту

Және шылауының көмегімен бір құрамдасқа екі қарапайым А және В пайымдауларының бірігуі логикалық көбейту немесе коньюнкция деп аталады, ол амалдың нәтежесі – логикалық көбейтінді.

ЖӘНЕ (коньюнкция) логикалық амалы үшін ақиқаттық кесте мынандай:

А

В

А және В

Иә

Иә

Иә

Иә

Жоқ

Жоқ

Жоқ

Иә

Жоқ

Жоқ

Жоқ

Жоқ

Мұндағы А және В – иә немесе жоқ мәнін қабылдай алатын екі пайым.

Мысалы, деректері қарапайым айтылымдар болсын: А – «Астана – Қазақстанның астанасы», В – «Астанада 300 мыңнан астам адам тұрады».

Онда осы айтылғандардың логикалық көбейтіндісі, немесе коньюнкциясы, құрамды пайымдау болады: «Астана Қазақстанның астанасы және Астанада 300 мыңнан астам адам тұрады» пайымдаулардың ақиқат мәніне байланысты иә немесе жоқ мәнін қабылдағанда «А мен В» құрамды пайымдауы да иә мәнін қабылдайтынны кестеден көреміз.

Ақиқат кестесінен:

Пікірдің екеуі де ақиқат болғанда, А және В коньюнкциясы ақиқат; А немесе В пікірлерінің біреуі немесе екеуі де жалған болғанда, А және В коньюнкциясы жалған болатындығын көреміз.

Логикалық қосу

Біріктіруші мағыналда қолданылатын НЕМЕСЕ шылауының көмегімен бір құрамдасқа екі қарапайым А және В айтылымдарының бірігуі логикалық қосу немесе дизьюнкция деп аталады, ал амалдың нәтежесі – логикалық қосынды.

НЕМЕСЕ логикалық амалы үшін ақиқаттық кесте мынадай түрде болады:

А

В

А және В

Иә

Иә

Иә

Иә

Жоқ

Жоқ

Жоқ

Иә

Жоқ

Жоқ

Жоқ

Жоқ

Мысалы, «Күзде ағаштардың жапырақтары жасыл және сары» құрамды пікірі үш жағдайда иә логикалық мағынасын қабылдайды: «Күзде ағаштардың жапырақтары жасыл» не Күзде ағаштардың жапырақтары сары » не«Күзде ағаштардың жапырақтары жасыл және сары» болғанда. Бұл амалдың ақиқаттық кестесінен, егер А да, В да иә мәніне ие болса; не тек қана А, не тек қана В иә мәніне ие болса, онда

«А немесе В» айтылымы иә мәніне ие болатындығы көрінеді. Және керісінше, егер А да, В да жоқ мәніне болса, онда «А немесе В» айтылымы жоқ мәніне ие болады.

Егер А немесе В пікірлерінің тек біреуі ғана ақиқат болса, А және В дизьюнкциясы ақиқат.

А және В пікірлерінің екеуі де жалған болғанда, А және В дизьюнкциясы жалған.

Логикалық теріске шығару

Қарапайым А айтылымына ЕМЕС шылауын қосу логикалық теріске шығару амалы деп аталады, амалджы орындағаннан кейінгі нәтеже жаңа айтылымды береді.

ЕМЕС (теріске шағару) логикалық амалы үшін ақиқаттық кесте мынадай:

А

А емес

Иә

Жоқ

Жоқ

Иә

Мұндағы А кейбір еркін айтылымдар.

Мысалы, «Бүгін күн ыстық» айтылымы теріке шығру болады.Кей жағайларда барлық айтылымдарға «...жалған» сөзін қолдануға болады. Сонда «Сен жақсы баға алдың» айтылымын «Сенің жақсы баға алғаның жалған» айтылымы теріске шығару болады. Бұл амалдың ақиқаттық кестесінен, егер бастапқы А айтылымы жалған болса, онда А емес (А емес, ақиқат) теріске шығаруы жоқ мәніне ие болады.

2. Микропроцессор командалар жүйесінде логикалық мәліметтермен жұмыс жасайтын командалар жинағы бар:

and операнд_1, операнд_2 – логикалық көбейту амалы.

Команда операнд_1 және операнд_2 операндалар биттерімен И (ЖӘНЕ) амалын (конъюнкция) орындайды. Нәтижесі операнд_1 орнына жазылады.

or операнд_1, операнд_2 — логикалық қосу амалы.

хог операнд_1, операнд_2 — логикалық қосуды болдырмайтын амал.

test операнд_1, операнд_2 — «тексеру» амалы.

not операнд — логикалық «емес» амалы.

3. Бұл топтың командалары операндалар биттерімен жұмыс жасауды қамтамасыз етеді. Барлық шегу командалары не солға, не оңға қарай шегиді, амалдар кодына байланысты. Шегудің барлық командалары бірдей құрылымнан тұрады:

коп операнд, шегу_санауышы

Әдебиеті:

1 В. Юров, С. Хорошенко "Ассемблер". - С-П: "ПитерКом", 1999.

2 К. Г. Финогенов "Самоучитель по системным функциям MS-DOS".- М.:

"Радио и связь", 1995.

Бақылау сұрақтары:

1 Формальды логика туралы айтыңыз.

2 Логикалық командаларды атаңыз.

3 Шегу командалары дегеніміз не?

Тақырыбы 10 Арифметикалық командалар.

Мақсаты: Ассемблер тілінде арифметикалық командаларымен

таныстыру. Әр түрлі есептерді шығарғанда арифметикалық

командаларды қолдануды үйрету.

Дәріс сұрақтары:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]