Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Психология каз УМКД.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
290.45 Кб
Скачать

Келісім парағы пәннің жұмыс оқу бағдарламасы

Мамандық: барлық мамандықтарға арналған

Пән: Psi 5204 Психология

Білім деңгейі: ЖОО кейінгі білім(магистратура)

Оқу формасы: күндізгі

Оқу жылы: 2016-2017

Оқу және оқу-әдістемелік жөніндегі проректор

п.ғ.д., профессор ________________ Туребаева К.Ж.

«___»____________ 20__ ж.

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Педагогика институты

«Білім беру педагогикасы және психологиясы» кафедрасы

СИЛЛАБУС

Пән: Psi 5203 Психология( 2 кредит )

Мамандық: магистратураның барлық мамандықтарына арналған

Курс: 1

Оқытушы: п.ғ.к. Кусаметова Г.К.

2016 -2017 оқу жылы

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Syllabus

Пән: Психология (2 кредит )

Сабақ өткізу уақыты мен орыны

ОСӨЖ-ның өткізу уақыты мен орыны

Оқытушының аты-жөні

Байланыс, тел,

email

Кесте бойынша

Кесте бойынша

Кусаметова Гульсум Кубжасаровна

87053784209

Kusametova_gulsum@mail.ru

ОҚУ ПӘНІНІҢ СИПАТЫ: Оқытылатын курс бойынша магистранттарға «Психология» пәні магистранттарға психологияның қазіргі теориялық мәселелері мен практикалық маңызы, даму болашағы, психологияның өзге пәндер мен ғылымдар арасындағы орны, ерекшеліктері туралы білім қалыптастыруды көздейді. Сондай-ақ қазіргі пәнді оқыту барысында білім беру психологиясының ерекшеліктері, адам және машина ортасындағы қарым-қатынас, эргономика туралы мәліметтер беріліп, практикалық психологияның мәндік және мазмұндық ерекшеліктері туралы білім ақпараты игертіліп, оларды практикалық тұрғыдан меңгерілуіне аса мән беріледі.

ОҚУ ПӘНІНІҢ МАҚСАТ-МІНДЕТТЕРІ: ұсынылыпотырған курста қазіргі кездегі психология бағыттары, проблемалары, болашағы туралы білім беруді, алған білімдерін тәжірибеде қолдана білу дағдысы мен білігін қалыптастыру көзделеді; магистранттардың бойында психологияның қазіргі теориялық мәселелері мен практикалық маңызы, даму болашағы, психологияның өзге де әлеуметтік пәндер арасындағы орны, психологиялық бағыттардың мәні мен мазмұны, жоғары мектептегі психологияның мәндік және мазмұндық ерекшеліктері туралы білім қалыптастыру; магистранттардың болашақ мамандықтары бойынша педагогикалық жұмыс жүргізуде психологиялық білімдерін қолдана білу мен іскерлік дағдыларын меңгерту; магистранттардың бойында тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру және студенттерге, оқытушыларға және өзге де мамандарға психологиялық кеңес беру жұмыстарын кәсіби деңгейде жүргізуге үйрету.

ОҚУ ПӘНІНІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ:

Берілген курсты сәтті аяқтағанннан кейін магистранткелесідей қабілеттерді меңгереді:

Білуге тиіс: психологияның қазіргі теориялық мәселелері мен практикалық маңызы, даму болашағы, психологияның өзге пәндер мен ғылымдар арасындағы орны, ерекшеліктерін.

Істей білу: психологиялық кеңес беру жұмыстарын кәсіби деңгейде жүргізуді.

Дағдысының болуы: болашақ мамандықтарына сай жұмыстар жүргізудің практикалық қырын игере білу.

КУРС ПРЕРЕКВИЗИТІ: «Ғылым мен философия тарихы», «Педагогика»

КУРС ПОСТРЕКВИЗИТІ: «Білім беру психологиясы», «Виртуалды шындық», «Білім беру мен психологиядағы мәдени-тарихи тұғыр».

БІЛІМДІ БАҒАЛАУ:

Ағымдағы бағалау: осы курстың барысында бағалау стратегиясы ретінде бағалаудың келесі әдістері пайдаланылады: жазбаша бақылау жұмыстары, үй тапсырмалары (математикалық көрсеткіштері, анализдері, алынған салыстырмалы мәліметтер бар, жазбаша тапсырмалар және т.с.с.), ауызша сұрау, тесттік тапсырмалар, зерттеу жұмыстары (жоба, курстық, презентациялар), мәнжазба, эссе және т.с.с.

Аралық бақылау (бақылау жұмысы): бақылау жұмысы курста өткен бөлімдер бойынша теориялық және практикалық, лабораториялық (есептеу, графикалық-есеп және шығармашылық) тапсырмаларды қамтиды.

Жеке өзіндік жұмыс: курс тақырыптары бойынша семинар сабақтарында тапсырмалар, үй тапсырмаларын, шығармашылық тапсырмаларды, мәнжазбаларды жеке орындау, ғылыми деректерді, ситуацияларды талдауды, газеттік ақпаратты пайдалану ескеріледі.

Үй тапсырмасы: үй тапсырмаларын магистранттар міндетті түрде дайындайды және ОМӨЖ сабақтарында барлық топтар кесте бойынша тапсырады. Белгіленген уақыт мерзімінен кейін тапсырылған үй тапсырмаларына баға төмендетіледі.

Коллоквиум: өткен материал бойынша семестрде екі рет магистранттан ауызша немесе жазбаша жауап алу түрінде жүргізіледі.

Курстық жұмыс, мәнжазба, эссе, презентация, графикалық-есеп жұмысы: нақты тақырып бойынша тапсырылады, кішігірім шығармашылық жұмыс болып табылады. Бағалау кезінде тақырыптың мазмұнының ашылуы, ғылыми деректердің пайдаланылуы, баяндалу стилі, көрнекіліктің пайдаланылуы ескеріледі. Жұмыстар бекітілген мерзімнен кейін қабылданбайды және бағаланбайды.

Аралық бақылау тесттері: өткен материалдар бойынша 10 және одан жоғары тапсырмаларды қамтитын тесттер. Тестілеу семестрде екі рет 7 және 15 апталарда кесте бойынша өткізіледі.

Қорытынды емтихан: қорытынды емтихан семестр соңында өткізіледі. Емтихан қабылданатын күн магистратура бөлімінің емтихан кестесінде көрсетіледі. Тестілер курс бағдарламасының барлық бөлімдері бойынша тапсырмаларды қамтиды. Емтихан кезінде дәріс конспектілерін, кітаптарды, әртүрлі жазбаларды пайдалануға тыйым салынады. Төмен баға алған жағдайда, оны көтеру үшін, қосымша басқа тапсырмалар берілмейді. Емтиханды өткізу саясатын сақтамаған магистрант, емтиханды тапсырудан босатылып, емтиханды тапсырмаған болып есептелінеді.

Қорытынды баға: магистранттар семестр соңында пәндер бойынша 100 (40%) балмен бағаланатын емтихан тапсырады.