- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қ.Жұбанов атындағы ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
- •Пәннің жұмыс оқу бағдарламасы
- •Дәрістер
- •Бақылаушы-өлшемдік материалдар
- •Келісім парағы пәннің жұмыс оқу бағдарламасы
- •Модуль бойынша пәннің тақырыптық жоспары:
- •Лекция тақырыптары
- •Практикалық сабақ тақырыптары
- •Мөж тапсырмалары
- •1.Сұрақтарға жауап беріңіз:
- •2.Клоуздарды толтырыңыз.
- •1.Сұрақтарға жауап беріңіз:
- •2.Клоуздарды толтырыңыз.
- •2.Клозударды толтырыңыз.
- •1. Сұрақтарға жауап беріңіз:
- •2.Клоуздарды толтырыңыз:
- •1.Сұрақтарға жауап беріңіз:
- •2.«Конфликтілі жағдайдағы білім беру проблемалар» тақырыбында хабарлама дайындаңыз.
- •1.Сұрақтарға жауап беріңіз:
- •2.«Жоғары білімді маманды дайындаудың мақсаты, мазмұны мен әдістері, құралдары» тақырыбында хабарлама дайындаңыз.
- •1.Сұрақтарға жауап беріңіз:
- •1.Сұрақтарға жауап беріңіз:
- •1.Сұрақтарға жауап беріңіз:
- •2.Психологиялық зерттеу объектісі-
- •3.Психика -
- •4.Психиканың басты функциясы:
- •3. Мына тақырыптардың біреуіне хабарлама дайындаңыз:
- •2.Психологиялық зерттеу объектісі-
- •3.Психика -
- •4.Психиканың басты функциясы:
- •Курсты бағалау критериі
- •Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы
- •Дәрістік кешен
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ.Жұбанов атындағы ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
- •Пәнді оқытудағы әдістемелік ұсынымдар
- •Пәнді оқытуда әдістемелік ұсынымды рәсімдеу үлгісі
- •Пәнді игеру барысында қажетті негізгі әдебиеттер
- •Пәннің тақырыптарын оқыту ұсынымдары:
- •Қорытынды
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ.Жұбанов атындағы ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
- •Әдістемелік нұсқаулық
- •Келісім парағы
- •Мамандандырылған аудиториялар (кабинеттер) лабораториялардың тізімі
Қорытынды
Пәнді оқып үйренгеннен кейін келесідей тұжырым және қорытынды шығаруға болады.
Мынадай білімдерді игерді:
ҚР білім беру жүйесі туралы мәліметтерді;
психологияның қазіргі теориялық мәселелері мен практикалық маңызы, даму болашағы, психологияның өзге пәндер мен ғылымдар арасындағы орны, ерекшеліктері туралы білімді
болашақ мамандықтарына сай жұмыстар жүргізудің практикалық қырын;
психологиялық кеңес беру жұмыстарын кәсіби деңгейде жүргізуді.
Біліктілігі бар:
психологиялық зерттеу әдістерінінің мәні мен құрылымын анықтай білу;
кәсіби тұрғыдан өз бетімен білім алу мен өз бетінше дамуын жүзеге асырып, өзінің білім алу бағдарын және кәсіби өсуін жобалай алу.
Дағдысы пайда болды:
ғылыми психологиялық әдебиеттерге талдау жасау;
педагогикалық теорияны практикалық іс-тәжірибемен байланыстыру;
тақырыпты, оның өзектілігін анықтау.
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ.Жұбанов атындағы ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Педагогика институты
«Білім беру педагогикасы және
психологиясы» кафедрасы
Магистратураның барлық мамандықтары үшін
1-курс магистранттарына арналған
Psi 5204 «Психология»
пәні бойынша
практикалық сабақтарға
Әдістемелік нұсқаулық
Ақтөбе
2016-2017 ж.
Орындаушы(лар)
Білім беру педагогикасы және психологиясы
кафедрасының п.ғ.д., доцент__________ Курманова Б.Ж.
“___”____________20___ ж.
Білім беру педагогикасы және психологиясы
кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.к. __________ Кусаметова Г.К.
“___”____________20___ ж.
КАФЕДРА ОТЫРЫСЫНДА ТАЛҚЫЛАНДЫ
Хаттама № “” 20___ ж.
Кафедра меңгерушісі
Білім беру педагогикасы және психологиясы
кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., доцент __________ Жукенова Г.Б.
“___”____________20___ж.
Алғы сөз
Қазақстандық білім беру жүйесіндегі саясат жалпы адамзаттық құндылықтарға, адам құқына, білім берудің гуманистік сипатына негізделіп, оның ғылыми, экологиялық бағдарларына, білім беру жүйесін басқаруының демократияландырылуын талап етуде. Қазірде білім берудің маңызы артып, адамдар үшін жоғары өрелік деңгейге жету мен әлеуметтік иерархияда сәйкес орын алуға мүмкіндіктер туып отыр. Білім саласын демократияландыру жалпы адамзаттық құндылықтарға негізделіп, білім беру жүйесі басқару демократиялық сипат алуда. «Психология» пәні магистранттардың осы пәнді оқып үйренуіне дейінгі бакалавриатта оқылған «Педагогика», «Психология» пәндерінің негізінде оқытылады.
№1 Практикалық сабақ
Тақырып: «Жоғары мектеп психологиясы» пәні
Мақсаты: жоғары мектеп психологиясы пәнінің міндеттерін, әдіснамасы мен әдістерінің мәнін ашу.
Блиц-тест
1.Психология пәні – А)субъектінің құрылымы және оның әлеммен қарым-қатынасының үдерісі. В)психологиялық әдістер мен тәсілдердің жиынтығы. С)эксперименталды материалдардың мазмұны. Д)психика және оның пайда болу заңдылықтары, қалыптасуы, қызмет етуі мен көрінуі. Е)адам және түрлі әлеуметтік топтардың өмірі. |
2.Психологиялық зерттеу объектісі-
А)Субъектінің құрылымы және оның әлеммен қарым-қатынасы.
В)Психологиялық әдістер мен тәсілдердің жиынтығы.
С)Эксперименталды материалдардың мазмұны.
Д)Психика және оның пайда болу заңдылықтары, қалыптасуы, қызмет етуі мен көрінуі.
Е)Адам және түрлі әлеуметтік топтардың өмірі.
3.Психика -
А)жоғары деңгейде ұйымдастырылған материяның (мидың) тірі организмнің мінез-құлқы мен қызметінің мақсатталығын қамтамасыз ететін шынайы болмысты санаға тәуелсіз және объективті күйде субъективті көріністерін беретін қасиеті.
В)Индивид өміріндегі мәдениетті қабылдауындағы маңызды күй.
С)Мидың толыққанды жұмыс істеу үдерісі.
Д)Адамның өмірі бойы алдыңғылардың тәжірибесін игеруі үдерісі.
Е)Адамдардың бір бірімен қарым-қатынас құру мінез-құлқы.
4.Психиканың басты функциясы:
А)сыртқы болмыстың көрініс табуы негізінде және оның адам қажеттілігімен сәйкес келетін жеке мінез-құлқының реттелуі.
В)жоғары деңгейде ұйымдастырылған материяның (мидың) тірі организмнің мінез-құлқы мен қызметінің мақсатталығын қамтамасыз ететін шынайы болмысты санаға тәуелсіз және объективті күйде субъективті көріністерін беретін қасиеті.
С)Индивид өміріндегі мәдениетті қабылдауындағы маңызды күй.
Д)Мидың толыққанды жұмыс істеу үдерісі.
Е)Психика және оның пайда болу заңдылықтары, қалыптасуы, қызмет етуі мен көрінуі.
5.Іс-әрекеттегі психикалық функционалды жүйе –
А)психикалық үдеріс;
В)психикалық күй;
С)психикалық қызмет;
Д)психикалық мінез;
Е)психикалық қызмет.
Бақылау сұрақтары:
1.Психология пәні не болып табылады?
2. «Әдіснама» мен «әдіс» ұғымдарындың айырмашылығын айтыңыз
3.Бақылау әдісіне қандай талаптар қойылады?
4.Эксперименттік әдістің кезеңдері?
5.Психологияның салалары қандай?
Глоссарий
Психология-психикалық құбылыстардың пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Психика-жоғары ұйымдастырылған материяның, мидың қасиеті.
Психикалық кейіп-адамның түрлі көңіл-күйінің тұрақты компоненттері (шабыт, зерігу, абыржу, сергектік, белсенділік т.б.).
Психикалық қасиеттер-бір адамды екінші адамнан ажыратуға негіз болатын ең маңызды, ең тұрлаулы ерекшеліктері (темперамент, мінез, қабілет).
Психикалық процестер-сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы түрлі бейнелері.
Еңбек психологиясы-адамның еңбек ету әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін, еңбектің ғылыми тұрғыдан ұйымдастырудың психологиялық аспектілерін зерттейтін сала.
Педагогикалық психология-адамға білім және тәрбие берудің
психологиялық заңдылықтарын зерттейді.
Медициналық психология-дәрігердің іс-әрекетінің және науқастың мінез-құлқының аспектілерін зерттейді.
Заң психологиясы-құқыққа қатысты мәселелерді реттеу және оларды тәжірибе жүзінде қолданудың психологиялық мәселелерін зерттейді.
Даму психологиясы-әр адамның жасына байланысты психикалық заңдылықтарын, ерекшеліктерін, тұлғаның психологиялық қасиеттерін және әр түрлі психикалық процестердің онтогенезін зерттейді.
Арнайы психология-адам дамуының бірқалыпты даму жолынан ауытқуын, ми ауруына шалдыққандардың психикалық күйзелістері мен осы саладағы әр қилы аурулардың себептерін қарастырады.
Салыстырмалы психология-психиканың филогенетикалық түрлерін қарастырады. Мұнда адам мен хайуанаттар психикасын салыстыра отырып зерттейді.
Әлеуметтік психология-адам мен қоғам арасындағы қатынас мәселелерімен айналысады.
Байқау-белгілі жоспар бойынша жүйелі түрде біраз уақыт бойына зерттелуші адамның психикалық ерекшеліктерін қадағалау.
Эксперимент-тәжірибе жасауда зерттеуші өзіне қажетті жан қуаттарының көлденеңнен кез болуын күтіп тұрмай, сол процестің тууына өзі жағдай жасайды.
Әңгімелесу-психолог белгілі жоспар бойынша зерттеленуші адамның жас және дара ерекшеліктеріне, білім көлеміне қарай күні бұрын әзірленген сұрақтар қояды.
Тест-балалардың білімі мен икемділігі, бейімділігі, жалпы ақыл-ойының даму дәрежесі, не жекелеген жан қуаттарының дамып, қалыптасуы жөнінен мағлұмат алуға көмекетеседі.
Лонгитюдті зерттеу-тұлғаның түрлі өмірлік кезеңдерін ұзақ уақыт бойы және жүйелі түрде зерттеу.
Социометрия-топ ішіндегі адамдар арасындағы қарым-қатынасты зерттейтін эксперименталды әдіс.
Әдебиеттер:
1. Столяренко Л.Д. Основы психологии / Л.Д. Столяренко. - 2-е изд. - Ростов н/Д: Феникс, 1997. - 736 с.
2. Стефаненко Т.Г. Этнопсихология / Т.Г. Стефаненко. – М.: Академический проект, 1999. – 320 с.
3. Яковленко Л.Н. Адаптация первокурсников // Аспирант и соискатель. – 2003. – С. 116-120.
4. Воронский В.А. Исследования студентов к условием в вузы / В.А. Воронский // Соционика. – 2001. - №6. – С. 29-33.
5. Любимова Г.Ю. От первокурсника до выпускника / Г.Ю. Любимова// Вестник Московского Университета. Сер 14. Психология. –2001.-№1. 48-52 с.
6. Свиридова Н.А Адаптационные процессы в среде молодежи /Н.А Свиридова // соц. ис. № 1. 2002.
7. Дудник Е.А. Адаптация учащихся младщих классов к условиям обучения в среднем звене. Дипломная работа. - У-Ка, 2000.
№2 Практикалық сабақ
Тақырып: Біліктілік пен кәсіби қалыптасудағы жоғары білім берудің ролі
Мақсаты: біліктілік және қазіргі кездегі жоғары білім берудің маңыздылығы туралы түсінік қалыптастыру.
Блиц-тест
1.Бүгінгі таңда педагогика, психология ғылымдарының өзекті мәселелерінің бірі...
а) жеке тұлғаны жетілдіруде, жан - жақты дамытуда, білім беруде, ғылымның соңғы жетістіктерін қолданып, шығармашылық жұмыстарды жасауға қабілетті, дүние көзқарасы кең, рухани бай азамат дайындау;
б) арнайы пәндер мен психологиялық-педагогикалық пәндердің арасындағы байланыстың нашарлауы;
в) жаңа педагогикалық технологияларды тәжірибеге енгізудің жеткіліксіздігі;
г) педагогикалық білім беру жүйесіндегі ақпараттық орта мен мәдениеттің нашар дамуы;
д) білім беру мекемелерін басқару жүйесі және оның құрылымындағы олқылықтар.
2. Қоғамның мәдени, әлеуметтік, экономикалық, саяси дамуының маңызды компоненті...
а)білім беруді қаржыландыру;
б) күрделі мәселелерді шешу;
в) кәсіптік білім берудің сапасы;
г) оқу пәндері бойынша оқу құралдары мен оқулықтар жасау;
д) жаңа педагогикалық технологияларды тәжірибеге енгізу.
3. Қай психолог жоғары педагогикалық оқу орнындарында психологиялық даярлық жұмыстары жүргізудегі мәселелерді қарастырған?
а)Х.Т.Шерьязданова;
б) Р.С.Немов;
в)Л.С.Выготский;
г)Д.Б.Эльконин;
д)А.В. Запорожец.
4.Бірізді оқыту жүйесі дегеніміз...
а) оқытудың логикасына сәйкес білім алушы кәсіптік білім бағдарламасындағы пәндерді жүйелі түрде берілген сағаттық көлем негізінде белгілі уақытта оқыту;
б) әр студенттің және оқытушының кредит бойынша еңбек шығынын есептеуге негізделген білім беру жүйесі;
в) тындаушының, оқытушының оқу жұмысы көлемінің өлшем бірлігі;
с) аудиторияда және аудиториядан тыс жүргізетін оқыту;
д) оқушылардың оқу жұмысының өлшеу көлемінің бірлігін бірыңғайлау.
Бақылау сұрақтары:
Біліктілік дегеніміз не?
Қазіргі заманғы қоғамдағы білім беру туралы айтыңыз.
Қазақстандағы білім беруді бейнелеңіз.
Білім берудің гносеологиялық және онтологиялық мәселелерін салыстырыңыз.
Глоссарий
Гносеология — адамның танымдық iзденiстерiнiн табиғатың, бiлiмнiң шындыққа қатынасың, оның мәдениет және қатынастар-байланыстар жүйесiнде алатың орының, даму шарттарың, ақиқат өлшемiн және сонымен қатар, шынайы бiлiмдерге жету заңдылықтарың мен әдiс-тәсiлдерiн қарастырады.
Таным дегеніміз — нағыздықтың адам санасында мақсатты және белсенді түрде бейнелену үдерісі болып табылады.
Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.
Әдебиеттер:
Абрамова Г.С. Введение в практическуюпсихологию. М., 1995.
Еникеев М.И. Основы общей и юридической психологии.-М., 1997.
Климов Е.А. Введение в психологию труда. М., 1988.
Сегизбаев О.С. История казахской философии.-Алматы, 1999.
Немов Р.С. Психология.-М., 1995.
Общая психология / Под.ред. А.В. Петровского.-М., 1986.
Психологический словарь / Под.ред. В.В. Давыдова и др.-М., 1993.
№3 Практикалық сабақ
Тақырып: Оқытудың кредиттік жүйесі жағдайындағы жоғары білім берудің ерекшеліктері
Мақсаты: білім берудегі кредиттік жүйе, оның ерекшеліктері туралы теориялық білімдерін толықтыру
Бақылау сұрақтары:
1.Кредиттік жүйе дегеніміз не?
2.Кредиттік жүйеде білім беру үдерісі субъектілерінің өзара қарым –қатынасының негізгі сипаты қандай?
3. Кредиттік жүйе мен дәстүрлі білім беру жүйесі арасында қандай айырмашылықтар бар?
Глоссарий
Кредит (Сrеdit, Сrеdit-hоur) – білім алушының/оқытушының оқу жұмысы көлемін өлшейтін біріздендірілген бірлік;
Тіркеу бөлімі – білім алушылардың оқудағы жетістіктерінің барлық тарихын тіркеумен айналысатын және білімін бақылаудың барлық түрлерін және оның академиялық рейтингісіне есеп жасауды ұйымдастыруды қамтамасыз ететін қызмет;
Силлабус – оқитын пәннің сипаттамасын, мақсаттары мен міндеттерін, оның қысқаша мазмұнын, әрбір сабақтың тақырыбы мен ұзақтығын, өзіндік жұмыс тапсырмаларын, әдебиеттер тізімін, кеңес беру уақытын, коллоквиум кестесін, оқытушы талаптарын, бағалау өлшемдері мен ережелерін қамтитын оқу бағдарламасы.
Әдебиеттер:
1. Талызина Н.Ф. Педагогическая психология. М., 1998. Гл. 6.
2..Якунин В.А. Психология деятельности студентов. М., 1994.
3.Зимняя И.А. Педагогическая психология. – Москва, 2000.
4.Общая психология. Под общ.ред.М.В.Гамезо. – Москва, 2006.
№4 Практикалық сабақ
Тақырып: Танымдық процестерді жүйелеу мәселесі (қабылдау, ес, ойлау) оқытудың инновациялық технологиясының негізі ретінде.
Мақсаты: оқыту үдерісіндегі танымдық қызмет туралы түсінікті толықтыру.
Блиц-тест
1.Ойлау мен елестету арқылы қайта пайда болатын бейнелер мене түйсіктер түріндегі болмыстың түрлі қырлары көрінетін психикалық үдеріс -
А) Танымдық үдеріс
В) Оқу үдерісі
С) Үйрету
Д) Рефлексия
Е) Танымдық қызмет
2.Адамның тері түйсігінің сезгіштігін зерттейтін аспап:
A) Тахистаскоп
B) Пнеймограф
C) Аудиометр
D) Хроноскоп
E) Эстезиометр
3.Психикалық бейнелеудің жоғары формасы:
A) Сана
B) Қажеттілік
C) Инстинкт
D) Темперамент
E) Түйсік
4.Сана деген не?
A) Адамның өмір процесінде өзін-өзі саналы түрде түсінуі
B) Іс-әрекет пен нәтиженің бірлігі
C) Ішкі және сыртқы іс-әрекеттің нәтижесі
D) Бірлескен психика түрі, адамның еңбек әрекетінде қалыптасуының тарихи қоғамдық жағдайларының нәтижесі
E) Күрделі, көбінесе ішкі қарама-қайшы келетін, бірақ біріккен процесс
5.Адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылыс
А) Зейін
В) Түйсік
С) Қабылдау
Д) Ойлау
Бақылау сұрақтары:
1. Оқыту үдерісіндегі танымдық қызметтерге нелер жатады?
2. Оқу қызметінің құрылымдық кезеңдері қандай?
3. Танымдық процестерге анықтама беріңіз.
Глоссарий
Оқыту процесі - бұл оқытушылар мен студенттердің белгілі бір мақсатқа бағытталған өзара әрекеттестігінің барысында окушыларға білім беру міндеттерін шешу.
Түйсіну – объективті дүние заттар қасиеттерінің рецепторға әсер еткенде пайда болатын қасиеттері. Организмнің ортамен психикалық байланысы орнығатын бастапқы форма болып табылады. Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерінің сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болатын мидағы бейнелеулерді түйсік деп атайды
Ес - сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында сақталып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, ұмытылуын бейнелейтін процесс.
Еске түсіру - ұзақ мерзімдік жадтан қажет ақпаратты іздеумен, қалпына келтірумен және алумен байланысты ақыл-ой ерекеті. Еске түсіру еске алудың ырықты нысаны ретінде көрінеді.
Есте сақтау, есте қалдыру - материалдың жадта сақталуын қамтамасыз ететін процестердің жалпылама атауы. Есте сақтаудың нетижелілігі, ең алдымен, жаңа материалды ұғынылған байланыстар жүйесіне кіріктіру мүмкіндігіне қарай анықталады. Есте сақтау процестерінің іс-әрекет құрылымындағы орнына байланысты ерікті және еріксіз есте сақтау болып бөлінеді.
Зейін - адамның санасының айналадағы объектілердің, болып жатқан құбылыстар мен процестердің ішінен керектісін бөліп алып, назарын тұрақтатуы.
Қабылдау - сезім органдарының рецепторлық беттеріне физикалық тітіркендіргіштердің тікелей әсері кезінде пайда болатын заттардың, жағдаяттар мен оқиғалардың тұтас бейнесі.
Сана - әлеуметтік тіршілік иесі ретіндегі адамның рухани белсенділігінің ең жоғары деңгейі
Әдебиеттер:
1.Общая психология: Учебное пособие /Под ред. А.В.Петровского. М., 1977
2.Общая психология: Курс лекций /Сост. И.Рогов.- М.,1983
3.Немов Р.С. Психология: Учебник: В 1 кн.- М.,1998
4.Сәбет Бап-Баба. Жалпы психология. ЖШС «Заң әдебиеті» баспаханасы. –
Алматы, 2005
№5 Практикалық сабақ
Тақырып: Жоғары оқу орнында белсенді оқыту әдістерін қолдану.
Мақсаты: студенттерде оқытудағы белсенді оқыту әдістері туралы жалпы түсінік пен білімдер жүйесін қалыптастыру.
Тест сұрақтары:
1.Баяндау әдісіндегі әңгіме түрлері:
А) Әңгімелей отырып баяндау
В) Баяндап оқып беру
С) Әңгімелеп мазмұндау
Д) Әңгімелеп отырып беру
Е) Әңгімелеп жеткізу
2. Оқыту әдістерін қарастырған ғалымдар: А) М.Н. Скаткин.
В) А.И.Пономарев.
С) М.Л. Кочеткова.
Д) М.Д.Анищенко.
Е) К.С. Щитова.
3.Оқушылардың танымдық әрекетінің белсенділігіне зор үлес қосқан
әдіскерлермен психологтар:
А) Н.В. Петрова.
В) Б.Г. Есипов
С) Д.С. Кондратенко.
Д) М.Н. Сергеева.
Е) В.И. Малиновский.
4.Іс-әрекетті ұйымдастыру мен мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру әдістеріне жатады
А)Тапсырма беру
В)Мадақтау
С)Дәріс
Д)Жазалау
Е)Этикалық әңгіме
5.Оқу дәрістерін өткізу әдіс-тәсілдеріне байланысты дәрісбаян түрлері
А)Көрнекілік дәрісбаян
В)Болжамдық дәрісбаян
С)Жаппай дәрісбаян
Д)Мазмұндық дәрісбаян
Е)Әдістемелік дәрісбаян
Бақылау сұрақтары:
1)Белсенді оқыту әдістері дегеніміз не?
2)ЖОО-дағы студенттерге тиімді болып келетін қандай белсенді оқыту әдістерін атай аласыз?
3)Коучинг дегеніміз не?
Әдебиеттер:
1. Смирнов С.Д. Психология и педагогика высшей школы М.: Издательский центр "Академия", 2001. - 304 с.
2. Буланова-Топоркова М.В.Психология и педагогика высшей школы. - Ростов н/Д:Феникс, 2002. - 544 с.
3.Ги Лефрансуа Прикладная педагогическая психология СПб 2003
4. Давыдов В.В. Проблемы развивающего обучения – М.2004.
5. Джакупов С.М. психологическая структура процесса обучения А. 2002 г.
6. Джакупов С.М.Управление познавательной деятельностью студентов в процессе обучения Алматы
7. Дьяченко М.И. Кандыбович Психология высшей школы.- Минск, 2006
№6 Практикалық сабақ
Тақырып: Студенттік ұжым және оның қалыптасуы
Мақсаты: студенттер, оқытушылар мен болашақ кәсіби қызметінің бейіндік сипатын ескере отырып болашақ мамандарға кеңес беруді үйрену.
Блиц-тест
1.Ұжымның даму кезеңдері бөлінеді?
А)2
В)3
С)4
2.Студенттер тобы жатады?
А)контактылы ұжым
В)негізгі ұжым
С)жалпы ұжым
3.“Тұлғаның дамуы мен қалыптасу ортасы ұжым” - деп атап айтқан кім?
А)Крупская
В)Сухомилинский
С)Лунчарский
4. Ұжым өзін-өзі басқаруға көшеді?
А)2 кезеңде
В)1 кезеңде
С)3 кезеңде
Бақылау сұрақтары:
1.Кәсіби кеңес беру дегеніміз не?
2.Кәсіби бағдардың (профориентация) қандай түрлері бар?
3.Қолданбалы психология әдістерін атаңыз.
4. Кәсіби бейімделудің неше кезеңі бар?
Глоссарий
Ұжым - бір мақсатқа бағытталған мекемелерде жұмыс істейтін адамдардың немесе білім беру орындарында оқитын студенттердің, оқушылардың және т.б. тобы.
Топ — әлеуметтік тұтастықтан белгілі бір нышандары негізінде бөлінетін адамдардың шектеулі шамадағы қауымдастығы; бұл нышандар атқаратын қызметтерінің сипаты, әлеуметтік не таптық қатыстылығы, даму деңгейі және т.б. болуы мүмкін
Әдебиеттер:
1. Андреева, Г.М. Социальная психология: Учеб. Пособие/ Г.М. Андреева.- 5-е изд. испр. и доп.- М.: Аспект Пресс, 2003.-344с.
2. Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. – 384б.
3. Макаренко, А.С. Коллектив и воспитание личности/ [Сост. и автор вступ. ст., В.В. Кумарин].- Челябинск: Юж.-Урал. кн. изд-во, 1988-261с.
4. А.В. Петровский, М.Г. Ярошевский. Психология. –М.: Академия, 2002.- 512 с.
№7 Практикалық сабақ
Тақырып: Жоғары мектептегі тәрбие психологиясының негізі
Мақсаты: студенттерде тәрбие, жоғары мектептегі тәрбие үдерісінің психологиялық негізі, оның әдістері мен формалары туралы түсінік қалыптастыру.
Блиц-тест
1)Тәрбиенің қоғамдық бағыттылық принципін жүзеге асырудың ережелері қандай?
А) мінез-құлық пен әңгімелесудің бағалы тәжірибесін жинақтау
В) қоғамдық пайдалы нақты істермен нығайту;
С) тәрбиеленушілермен нақты ынталандырылған өзара әрекетке қол жеткізу;
2.Тәрбиеде жеке тұлғаға жол табудың принципін жүзеге асыру ережелері қандай?
А) тұлғаның тәрбиеленуге бағытталғандығы;
В) тәрбиеде қалыптасқан тұжырымдар ;
С) тұлғаның жеке дара қасиеттеріне сүйену;
3.Тәрбиенің принциптері дегеніміз неде?
А) Тәрбие процесінің спецификасын көрсетеді
В) Тәрбие процесінің мазмұнына, ұйымдастырылу әдістеріне қойылатын негізгі талаптар
С) Педагогтардың тәрбие міндеттерін шешудегі басшылығы
4.Тәрбиешінің принциптеріне қойылатын талаптар қандай?
А) Тәрбие процесі тиімділігінің талаптарын дөрекі әрі ұдайы бұзу, елемеу
В) Міндеттілік, кешенділік, жүйелілік
С) бірінен кейін бірі пайдаланылмаған бірденнен барлығы бірге және фронталды қолданылатын принциптер
5.Қазіргі тәрбие жүйесі тәрбиенің қандай принциптерді басшылыққа алады?
А) тәрбиенің көрнекілік, ғылыми, жүйелік принциптері
В) Жеке тұғаға бағытталған көзқарас, тәрбиенің өмірмен байланысы, тәрбиенің мақсаттылығы
С)Тәрбие әсерінің біртұтастылығы
Бақылау сұрақтары:
1)ЖОО-дағы тәрбие процесінің ерекшеліктерін атаңыз.
2)Тәрбие әдістері қалай жіктеледі?
3)Тәрбие түрлерінің маңыздылығы неде?
Әдебиеттер:
1 Абылкасымова А.Е., Рахимбек Х.М. О стратегии развития вясшего образования в РК. //Вестник высшей школы Казахстана. – 1998. - №5. – с. 18 – 27.
2 Көшербаев Қ.Е., Ахметов Ә.І. , Әбілхасымова А.Е., Рахымбеков Х.М. Қазақстан Республикасындағы жоғары білімді дамыту стратегиясы. – Алматы: «Білім» баспасы, 1998.
3 Педагогика и психология высшей школы: Учебное пособие. – Ростов: Феникс, 2002. – 554с.
4 Абдулина О.А. Личность студента в процессе профессиональной подготовки // Выс. обр в Россий. 1993. № 3.
5 Ананьев Б.Г. Извранные психологические труды: В 2 т. / под ред Ананьева Б.Г. Мос. 2004 г.
№8 Практикалық сабақ
Тақырып:Өзін-өзі жүзеге асыру және өзін-өзі реттеу мәселелері.
Мақсаты: студенттердің өзін-өзі жүзеге асыру және өзін-өзі реттеу мәселелері туралы теориялық білімдерін толықтыру.
Блиц-тест
1. Жоғары оқу орнының психологиялық қызметі...
А) Бұл салыстырмалы түрде жаңа құбылыс;
В)Бұл әлеуметтік құбылыс;
С)Бұл тұлғаны, ақыл-ой әрекеттерін және операцияларын қалыптастыру;
Д)Бұл психологияның адамдардың даралық психологиялық ерекшеліктерін сандық анықтау сипаттау және талқылау;
Е)Бұл студенттердің оқу іс-әрекетін белсендіруге бағытталған оқыту мен тәрбиелеудің жаңа әдістері мен құралдарын пайдалану.
2.Қай ғалымның еңбектерінде ЖОО психологиялық қызметті жүзеге асырудың үш аспектісі қарастырылады?
А) Н.М.Пейсахов
В) Е.А.Климова
С) Л.Ф.Бурлачук
Д) М.Р.Битянова
Е) Б.Г.Ананьев
3. Адамдарға мамандандырылған деңгейде психологиялық көмек көрсету үшін мекемелер мен ұйымдарда құрылған арнайы қызмет жүйесі не боп табылады?
А)Психодиагностика
В)Психологиялық қызмет
С)Әлуметтік қызмет
Д)Дәрігерлік қызмет
Е)Психокоррекция
4. Жұмыскер қызмет субъектісі ретінде неше жақты қаралады:
А)3
В)2
С)6
Д)5
Е)4
Бақылау сұрақтары:
1)Өзін-өзі реттеу дегенді қалай түсінесіз?
2)ЖОО-да өзін-өзі студент қалай жетілдіре алады?
Әдебиеттер:
1.Пряжников Н.С. Психологический смысл труда. М.,1997. / 2, с. 53./http://www.enu.kz
2. Зеер Э.Ф. Психология профессии: Учеб. пособие для студ. высш. учеб.заведений. – М.: Академический Проект; Фонд "Мир", 2005. – /3, с.336/ .
3.Дружинина В.Н. Психология. Для технических вузов. -СтПтб., 2000
№9 Практикалық сабақ
Тақырып: Тұлғалық және кәсіби кемелдену
Мақсаты: Студенттік жас кезеңіндегі кәсіби даму мен кемелдену туралы білімдер жүйесін қалыптастыру
Блиц-тест
1.Әрбір адамның балалық шағынан бастап тұлғалық кезеңге дейінгі алған білімі мен тәрбиесінің негізінде, жалпы қоғам мойындаған қағидалар мен заңдылықтарға сай қалыптасуы
А) Тұлғаның кәсіби қалыптасуы.
В) Тұлғаның бейімдік (адаптивті) моделі
С)Адамның дамуы
Д) Оптация
Е) Тұлғаның қалыптасуы
2. Психологтардың мәліметтеріне сүйенсек, тұлғаның кәсіби қалыптасуы қай кезеңнен бастау алады?
А) Жасөспірімдік кезең
В)Жеткіншектік кезең
С) Балалық шақ
Д)Ересек кезең
Е)Сәбилік кезең
3. Л.М. Митина кәсіби іс-әрекет қалыптасуының неше моделін бөліп көрсетті?
А)2
В)3
С)4
Д)5
Е)6
4.Е.А. Климов бойынша кәсіби бағдарланған кезеңдер
А) Оптация кезеңі, кәсіби дайындық кезеңі, кәсіпқойдың даму кезеңі
В) Кәсіби ниет кезеңі, кәсіби білім беру кезеңі,мамандыққа кірісу кезеңі
С) Кәсіби білім беру кезеңі,мамандыққа кірісу кезеңі, кәсіпқойдың даму кезеңі
Д) Кәсіби дайындық кезеңі, кәсіпқойдың даму кезеңі, жоғары кәсіпқойлық кезеңі
Е) Кәсіпқойлыққа дейінгі кезең, кәсіпқойлық кезең, жоғары кәсіпқойлық кезең
5. Кәсіпқойдың қалыптасуын 5 деңгейге бөліп көрсеткен ғалым:
А) А.К. Маркова.
В) Т.В. Кудрявцев.
С) Е.А. Климов.
Д) Дж.Сьюпер.
Е) Л.М. Митина.
Бақылау сұрақтары:
1.Тұлғаның кәсіптену кезеңдері қандай?
2.Қабілетті кәсіптендіру тетіктері қандай?
3.Кәсіптік деформациялану дегенімзі не?
4. Тұлғаның кәсіби бейімделуі қаншалықты маңызды?
Глоссарий
Тұлға-қандай да болмасын бір іспен айналысатын, азды-көпті өмір тәжірибесі, білімі мен дағдысы, икемі, дүниетанымы, сенімі мен талғам-мұраты, бағыт-бағдары бар адам.
Кәсіп /профессия/ - адамның білімі туралы тиісті құжаттармен расталған кәсібінің, еңбек қызметінің негізгі түрі.
Кәсіптік білім - белгілі бір кәсіп иесі үшін қажетті арнаулы дағды, іскерліктерді меңгертеді. К.Б. алған адамдар белгілі мамандық алып шығады.
Кәсіптік бағдар беру - кең өрісті жалпы, политехникалық және еңбекке дайындау негізінде оқушылардың жеке бейімділігін, қабілеттерін және қоғамдық қажеттіліктерді есепке ала отырып, дер кезінде еңбектік іс-әрекеттің түрлерімен таныстыруға бағытталған мектептің оқу-тәрбие процесінің құрамды бөлігі.
Кәсіптік білім беру - әр түрлі мамандықтар және сол мамандықтардың адамға қоятын талаптары жөнінде шешім кабылдауға көмектесетін кәсіптік бағдардың формасы.
Кәсіптік кеңес-оқушыға мамандық талаптарына сәйкес өзінің дербес бейімділігін, психофизиологиялық мүмкіндіктерін анықтайтын, сол мамандыққа жарамдылығы жөнінде шешім қабылдауға көмектесетін кәсіптік бағдардың формасы.
Кәсіптік іріктеу - еңбек экспертизасының формасы, жастардың белгілі бір мамандыққа жарамдылығын немесе жарамсыздығын қабілетіне, тәжірибесіне, моральдық белгілеріне қарай анықтау. К. I. міндетіне қарай психологиялық, медициналық, физиологиялық және педагогикалық деп ажыратады.
Кәсіптік бейімделу /адаптация/ - әр түрлі оқу орындарында оқитын және кәсіпорындарда жүмыс істейтін жастардың кәсіби еңбек ету жағдайына бейімделу жүйесі.
Әдебиеттер:
1.Пиняева С.Е., Андреев И.В. Личностное и профессиональное развитие в период зрелости // Вопросы психологии, № 2, 1998,/1, с. 3-10./
2. Пряжников Н.С. Психологический смысл труда. М.,1997. / 2, с. 53./http://www.enu.kz
3. Зеер Э.Ф. Психология профессии: Учеб. пособие для студ. высш. учеб.заведений. – М.: Академический Проект; Фонд "Мир", 2005. – /3, с.336/
№10 Практикалық сабақ
Тақырып: Жоғары мектеп педагогының коммуникативтік біліктілігі.
Мақсаты: Педагогикалық және тұлғааралық қарым-қатынастың түрлері мен мәні туралы түсініктерін қалыптастыру.
Блиц-тест
1.Өзіндік адамгершілік әлеуметтік, психологиялық қырларын ашылған саналы іс-әрекет иесі....деп аталады.
А) Тұлға
В)Индивид
С)Даралық
Д)Адам
Е)Басшы
2. Қай ғылым саласы тұлғаны өзінің өмір жолын белгілей алатын, қайталанбас даралық ерекшелігін сезінетін субъект ретінде қарастырған?
А)Психология
В)Философия
С)Социология
Д)Педагогика
Е)Биология
3. Мақсатына қарай қарым-қатынас психологиясы тұлғааралық ортақтасудың неше түрін ажыратады:
А)3
В)2
С)5
Д)4
Е)7
4. Қай ғалымның пікірі бойынша, ортақтасу-адамдарды біріктіру және дамыту тәсілі.
А) Г. М. Андреева
В) Э. Шостром
С) Дейл Карнеги
Д) А. Макаренко
Е) С.Л.Рубинштейн
5. Тұлғааралық қақтығыс дегеніміз...
А) Табиғи бетпе-бет, сөздік және бейсөздік (ым, қимыл) құралдар көмегімен жасалынатын толық психологиялық контакт
В) Қатысушылардың кері байланыс уақытын ұзартатын, не кешіктіретін жазу және техника құралдары арқылы жасалынатын толықсыз психологиялық контакт.
С) Екі не құрамы өзгермейтін топ ішіндегі таныс адамдардың тікелей контактлары.
Д) Ортақ іс-әрекет үрдісінде жеке қасиеттерін айқындайтын белгілі тұлғалардың психологиялық контакттары
Е) Белгілі әлеуметтік рөлдерді орындаушылардың психологиялық контакттары
Бақылау сұрақтары:
1.Тұлға психологиясы туралы түсінік беріңіз.
2.Тұлғаның психологиялық ұйымдасуы туралы не айтасыз?
3.Тұлғааралық қатынаcтар туралы айтып беріңіз.
4.Тұлға психологиясы дегеніміз не?
Глоссарий
Тұлға - жеке адамның өзіндік адамгершілік әлеуметтік, психологиялық қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым.
Тұлғааралық қатынас — этнопсихологияда әрбір тайпаның, халықтың ұлттық дәстүрлерге байланысты әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері және т.б.
Тұлғалық белгілер - адамның даралық ерекшеліктерін көрсететін, психологиялық және физиологиялық элементтерін және оның ойлауы мен қылығын сипаттайтын өмір бойы қалыптасатын психофизиологиялық жүйе.
Тұлғаның бағыттылығы - тұлғаның іс-әрекетін бағдарлайтын және нақты бар жағдаяттан біршама тәуелсіз, орнықты түрткі-ниеттер жиынтығы.
Тұлғаның имплицитті теориясы - белгілі бір адамның даралық өмір тәжірибесіндегі тұрақты қалыптасқан, типтік жағдайлардағы сыртқы белгілердің негізінде бір-бірімен адамдардың психологиясы мен қылығының үйлесімділігі ретінде түсінігін белгілейтін ғылыми, әлеуметтік-психологиялық ұғым.
Тұлғаның өзін-өзі анықтауы - адамның өз өмір жолын, мақсаттарын, құндылықтарын, әдептілік нормаларын, болашақ мамандығы мен өмір жағдайларын өзінше таңдауы.
Тұлғааралық қақтығыс - екі не құрамы өзгермейтін топ ішіндегі таныс адамдардың тікелей контактлары.
Әдебиеттер:
1.Дружинина В.Н. Психология. Для гуманитарных вузов. -СтПтб., 2000 |
2.Дружинина В.Н. Психология. Для технических вузов. -СтПтб., 2000 |
3.Лобанов А.А. Основы проф.-пед.общения. –Москва, 2002. |
4.Духновский С.В. Диагностика межличностных отношений. – Санкт -Птб., 2010 |
5.Бреслав Г.М. Основы психологического исследования. – Москва, 2010. |
№11 Практикалық сабақ
Тақырып: Студенттердің ақпараттармен және эмпирикалық материалдармен өзіндік жұмыс жасаудың негізгі түрлері, әдістері және формалары.
Мақсаты: студенттердің ақпараттармен және эмпирикалық материалдармен өзіндік жұмыс жасаудың теориялық негіздерінің мәнін ашу.
Тест:
Эмпирикалық деңгейдегі әдістер:
А) Бақылау, сауалнама, эксперимент, педагогикалық тәжірибені оқып-үйрену
В) Теориялық анализ және синтез
С) Индукция және дедукция
Д) Абстрактлау
Е) Жалпылау
Теориялық деңгейдегі әдістер:
А) Эксперимент, бақылау
В) Анализ және синтез, индукция және дедукция
С) Әңгімелесу
Д) Сауалнама
Е) Оқушылардың іс-әрекет нәтижелерін оқып-үйрену
3.Эксперимент ерекшеленеді:
А) Табиғи
В) Жасанды
С) Лабораториялы
D) Табиғи, жасанды, лабораториялы
Е) Жағдаятты
4. Адамның еңбектің белгілі бір түріне жарамдылығын көрсететін психологиялық, физиологиялық ерекшеліктерінің, оған қажетті тиісті білім, дағды, икемділіктердің жиынтығы.
А) Кәсіби кеңес беру
В) Кәсіби жарамдылық
С) Кәсіби бейімделу
Д) Кәсіби іріктеу
Е) Кәсіби қызмет
5. Кәсіби бейімделудің неше кезеңі бар?
А)2
В)3
С)4
Д)5
Е)6
Бақылау сұрақтары:
1)Студенттердің ақпараттармен жұмыс жасауының қандай түрлері бар?
2)Эмпирикалық материалдар дегеніміз не?
3)Өзіндік жұмыс формаларын атаңыз.
Глоссарий
Эмпирикалық – зерттеу әдістерінің бір тобы
Эксперимент-тәжірибе жасауда зерттеуші өзіне қажетті жан қуаттарының көлденеңнен кез болуын күтіп тұрмай, сол процестің тууына өзі жағдай жасайды.
Сауалнама – арнайы дайындалған жауаптар және зерттеудің негізгі міндетіне сәйкес сұрақтар негізінде ақпарат алудың эмпирикалық әлеуметтік-психологиялық әдісі.
Әдебиеттер:
1.Дружинина В.Н. Психология. Для гуманитарных вузов. -СтПтб., 2000 |
2.Дружинина В.Н. Психология. Для технических вузов. -СтПтб., 2000 |
3.Лобанов А.А. Основы проф.-пед.общения. –Москва, 2002. |
4.Духновский С.В. Диагностика межличностных отношений. – Санкт -Птб., 2010 |
5.Бреслав Г.М. Основы психологического исследования. – Москва, 2010. |
№12 Практикалық сабақ
Тақырып: Студенттік жас кезеңіндегі жетекші іс-әрекет түрі және дамудың әлеуметтік жағдайлары.
Мақсаты: іс-әрекет мәнін, дамудың әлеуметтік жағдайларын түсіндіру, теориялық білімдерін толықтыру.
Бақылау сұрақтары:
1.Студенттік кезеңдегі жетекші іс-әрекет түрлері нелер?
2.Әлеуметтік даму дегенді қалай түсінесіз?
3.Студенттік жас кезеңіндегі даму ерекшеліктері қандай?
Глоссарий
Іс-әрекет - әлемді және өз-өзін саналы түрде өзгертетін процесте адамның немесе топтың әлеммен жасайтын өзара әрекеті
Студент (лат. studens — бір нәрсеге ұмтылушы, бір нәрсеге қызығушы) — жоғары оқу орнында (институт, университет т.б.) оқып білім алушы.
Әлеуметтік даму - қоғамның ұзақ уақыт бойына біртіндеп, баяу, жүйелі сандық және сапалық әзгеруінің негізгі түрілерінің бірі.
Әдебиеттер:
1. Рабочая книга практического психолога / Под ред. А.А. Бодалева и др. – М.: Институт Психотерапии, 2003. – 640 с.
2. Пономаренко В.А. Страна Авиация. - М.: Наука, 1995.
3. Бабанский Ю.К. и др. Педагогика высшей школы – Алма-Ата: Мектеп, 1989. – 176 с.
4. Основы педагогики и психология высшей школы / Под ред. Акад. АПН СССР А.В. Петровского. - М., 1986.– 303 с.
5. Брушлинский А.В. Деятельностный подход и психологическая наука // Вопросы философии. - №2. - 2001. - С. 89-95.
6. Сергиенко Е.А. Становление субъекта: неоконченная дискуссия// Психол. Журн. - №2. - 2003. - С. 114-120.
№13 Практикалық сабақ
Тақырып: Педагогикалық іс-әрекеттегі трансактілі қарым-қатынастың өнімді және өнімсіз тұстары.
Мақсаты: магистранттардың педагогтың іс-әрекеттегі трансактілі қарым-қатынастарының өнімді және өнімсіз тұстары туралы түсініктерін толықтыру.
Тест:
1.Ұжымда немесе топта өзара қарым-қатынасты зерттеуге мүмкіндік беретін психологияның әдісі
А)социометрия
В)тест
С)анкета
Е)әңгіме
2.Ым-ишара, пантомимик, мимика арқылы сөз жүзіндегі емес қарым-қатынас жасау а)қоғамдықпікір в)вербальдықарым-қатынас с)вербальдыемесқарым-қатынас д) дипломатия
3. Мектептерде тәрбиеші-тәрбиеленуші, оқушы-оқытушы арасындағы қарым-қатынас жүйесі: A) педагогикалық бағыттар. B) тәсілдер. C) педагогикалық шарттар. D) педагогикалық жүйелер. E) әдістер
Бақылау сұрақтары:
1.Трансактілі қарым-қатынас дегеніміз не?
2.Оның қандай өнімді және өнімсіз жақтары бар?
Глоссарий
Трансакция– адамдардың әрқайсысының белгілі бір позицияны ұсынып, өзара әрекеттесу бірлігі.
қарым-қатынастың трансактілі анализі негізгі 3 позицияны бөліп көрсетеді: бала, ата-ана және ересек адам. Олар күніне бірнеше рет бірін-бірі ауыстырып отырады. Адамның жүріс-тұрысында үш позицияның біреуі басым болуы мүмкін.
Ұйымдастыру- жалпының бөлшектері арасында өзара байланыстардың пайда болуына жəне жетілдірілуіне əкелетін үдерістердің немесе əрекеттердің жиынтығы.
Өктемдік стиль – бұл өкімдікке құмар, шексіз билеуге құрғақ беделге ие болу, басшысының ролін көтеру, ұжымыныњ мүмкіншіліктерін бағаламау.
Демократиялық стиль – бұл стильмен өз жұмысын басқаратын мектеп директоры басқару міндеттерін өзара орынбасарларымен бөліседі, ұжым мүшелерінің кәсіби өсуіне жағдай жасайды.
Ымырашылдық стиль бойынша іс-әрекетін басқаратын мектеп директоры оқу-тєрбие процесінің мәніне жете түсіне бермейді, сондықтан басқару ісінде білмеушілік байқалады.
Әдебиеттер:
|
|
№14 Практикалық сабақ
Тақырып: Жоғары мектептегі педагогтың тұлғасы және іс-әрекеті.
Мақсаты: педагог тұлғасы және оның кәсібінің профессиограммасы мен психограммасы туралы түсінік қалыптастыру.
Блиц-тест
1. Еңбек әрекеті мен еңбек жағдайын суреттеу мен талдаудың жалпы әдісі болып табылады.
А) Профессиограмма
В)Психограмма
С) Психологиялық профессиограмма
Д) Конструктивті профессиограмма
Е) Әдістік профессиограмма
2. Профессиограмманың неше сипаттамасы бар?
А)1
В)2
С)3
Д)4
Е)5
3. Кәсіби кеңес беру мен кәсіби бағдарлану кезінде қолданылатын кесте профессиограмманың қай формасында қолданылады?
А) Ақпараттық профессиограмма
В) Диагностикалық профессиограмма
С) Конструктивті профессиограмма
Д) Әдістік профессиограмма
Е) Бағдарламалы профессиограмма
4. Адамның енбек әрекетін өнімді және сапалы орындауға қажетті субъективті сапаларының жүйесі.
А) Профессиограмма
В)Психограмма
С) Психологиялық профессиограмма
Д) Конструктивті профессиограмма
Е) Әдістік профессиограмма
Бақылау сұрақтары:
1.Профессиограмма дегеніміз не?
2.Психограмма мазмұны мен құрылымы қандай?
3.Педагог мамандығына қойылатын негізгі талаптарды қандай?
4.Жоғары білімді маманның тұлғасына қойылатын негізгі талаптарды атап көрсетіңіз.
5.Оқыту үдерісінде болашақ аммандардың шығармашылық ойлауын дамытудлың қандай тиімді жолдары бар деп ойлайсыз?
Глоссарий
Профессиограмма белгiлi бiр мамандықтың ерекше мiндеттерiн жеткiлiктi бейнелеу, суреттеу /жазу/.
Психограмма дегеніміз адамның енбек әрекетін өнімді және сапалы орындауға қажетті субъективті сапаларының жүйесі.
Психологиялық профессиограмма дегеніміз белгілі бір еңбек түрін қомақты, жүйелі және қысқартылған түрде суреттеу болып табылады.
Әдебиеттер:
1.Дружинина В.Н. Психология. Для гуманитарных вузов. -СтПтб., 2000 |
2.Зеер Э.Ф. Психология профессионального развития. –Москва, 2006 |
3.Дьяченко М.И. и др. Психология высшей школы. – Минск, 2006. |
4.Лобанов А.А. Основы проф.-пед.общения. –Москва, 2002. |
№15 Практикалық сабақ
Тақырып: Білім берудегі басқару психологиясының негіздері. Адамдарды басқару құралдары мен тәсілдері, қазіргі стилдері
Мақсаты: білім беру жүйесіндегі басқару, оқытушы мен білім алушы арасындағы қарым-қатынас және конфликтілік жағдайлар туралы түсінік қалыптастыру.
Блиц-тест
1. ЖОО оқытушыларын шартты түрде неше топқа бөлуге болады?
А)2
В)3
С)4
Д)5
Е)6
2. Біркелкі өнімді әрекет (БӨӘ) концепциясын ұсынған профессор
А) Л Фестингер
В) Н.В.Гришин
С)К.Томас
Д)В.Я.Ляудис
Е) М.Таллен
3. М.Талленнің пікірі бойынша ЖОО оқытушыларының қарым-қатынасына қарай қандай типті атауға болады?
А) «Менеджер»
В) «Психолог»
С) «Педагог»
Д) «Жоғары»
Е) «Төмен»
4. Конфликтердің пайда болып, дамып, аяқталу заңдылықтары, сондай-ақ принциптері, әдістері және тәсілдерін конструктивті реттеу заңдылықтары туралы ғылым қалай аталады?
А)Психология
В) Конфликтология
С)Философия
Д)Жас ерекшелік психологиясы
Е)Қарым-қатынас психологиясы
5. К.Томас шиеленісті реттеудің қандай моделді қолдануды ұсынады.
А)Төрт өлшемді
В)Үш өлшемді
С)Екі өлшемді
Д)Бір өлшемді
Е)Алты өлшемді
Бақылау сұрақтары:
1. Конфликтілі жағдайдағы оқыту үдерісін қалай басқаруға болады?
2. Конфликтілі ситуациялардың қандай жіктемесі бар?
3.Психологиялық-педагогикалық ситуацияларды болдырмау және алдын-алу үшін не қажет?
Глоссарий
«Шебер-мастер»- өмірдің барлық жағдайында үлгі тұтар тұлға.
«Генерал»- өзін тыңдауды, талаптан ауытқымай, бұйрықты дұрыс орындауды талап етеді.
«Менеджер» топты мадақтап, белсенділіктерін қолдау арқылы тиімді іс-әрекетке бағыттайды.
Конфликтология- конфликтердің пайда болып, дамып, аяқталу заңдылықтары, сондай-ақ принциптері, әдістері және тәсілдерін конструктивті реттеу заңдылықтары туралы ғылым.
Гностикалық компонент – бұл мұғалімнің кәсіби әрекетінің негізін құрайтын, сонымен қатар оның нәтижелілігіне әсер ететін танымдық әрекетінің нақты құрамдарын анықтайтын қабілет және білім жүйесі.
Ұйымдастырушылық іс-әрекет -білімалушыларды іс-әрекеттің түрлеріне енгізуге және ұжымды тудыруға, біріккен іс-әрекетті ұйымдастыруға бағытталған іс-әрекеттердің жүйесін орындау.
Коммуникативтік іс-әрекет-педагогтың тәрбиеленушілермен, мектеп педагогтарымен, қоғам өкілдерімен, ата-аналармен педагогикалық қарым-қатынас орнатуға бағытталған.
Әдебиеттер:
1. Хасан Б.И. Констурктивная психология конфликта. –Москва, 2003.
2.БаранщиковА.В. Проблемы педагогической культуры преподавателей вузов. М., 1981.
3.Анцупов А.Я.,Баклановский С.В. Конфликтология в схемах и коментариях.-СПб.:Питер,2006.-288 с.: ил.- (Серия «Учебное пособие»).
4. Есарева З.Ф. Особенности деятельности преподавателя высшей школы. Л., 1976.
