- •Қ.Жұбанов атындағы ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті Бейнелеу өнері және кәсіптік білім кафедрасы
- •5В012000 - Кәсіптік білім мамандығының
- •Мазмұны
- •1 Лекция.
- •Педагогикалық зерттеу əдістемесі мен əдістер жүйесі
- •2 Лекция.
- •1Сұрақ. Кәсіптік білім берудің мемлекеттік стандарты Білім мазмұны сипаттамасы.
- •2Сұрақ. Кәсіпке баулу бағдарламаларын түзудің ғылыми теориялық негіздері.
- •3Сұрақ. Кәсіпке баулу мазмұнын іріктеудегі жалпы тәсілдер
- •3 Лекция.
- •2 Сұрақ. Кәсіптік оқытудың мақсаты мен мазмұнына байланысты оқыту формаларын таңдау
- •4 Лекция.
- •5 Лекция.
- •Ақпараттық технология түсінігі
- •Ақпараттық технологиялардың мақсаты
- •Ақпараттық технологиялар құралдары
- •6 Лекция.
- •7 Лекция.
- •8 Лекция
- •2 Сұрақ. Еңбекке және кәсіпке баулу бойынша әдістемелік жұмыстар жүйесі
- •Практикалық (семинарлық) сабақтың тақырыптары
- •Әдістемелік нұсқаулық
- •Әдістемелік нұсқаулық
- •Әдістемелік нұсқаулық
- •Әдістемелік нұсқаулық
- •Әдістемелік нұсқаулық
- •Әдістемелік нұсқаулық
- •Әдістемелік нұсқаулық
- •Өзіндік жұмысты орындауға арналған ұсынымдар:
- •Әдістемелік нұсқаулық
- •Кәсіптік мектептегі тәрбиеленушілер сипатты
- •Кәсіптік білім беру жүйесіндегі тәрбие жұмысының ерекшелігі.
- •Жаңа білімді меңгеру (материалды жан – жақты талдау, мұғалімнің ауызша баяндауының жоспарын, конспектісін жасау, т.Б. Тәсілдерге үйрену).
- •Жаңа білімді бекіту (түрлі жаттығулар, есеп шығару, т.Б.).
- •Әдістемелік нұсқаулық
- •Әдістемелік нұсқаулық
- •Әдістемелік нұсқаулық
- •Әдістемелік нұсқаулық
- •Әдістемелік нұсқаулық
- •Әдістемелік нұсқаулық
- •Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау және бақылау материалдары
- •«Кәсіптік педагогика» пәні бойынша тест
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •Негізгі ұғымдар сөздігі:
Әдістемелік нұсқаулық
Оқудың дəстүрлі (қайта жасау- репродуктивті) технологиясы білім, ептілік жəне дағдыларды ұсынуға бағытталған. Ол өтіліп жатқан материалдың игерілуін, қайта жасау деңгейіндегі білім сапасының бағалануын қамтамасыз етеді. Бұл технологияның ежелгі түрі. Ол бүгінгі таңда да кең таралған (əсіресе орта мектепте). Оның мəні: жаңаны игерту–бекіту–қадағалау–бағалау сұлбасы (схема) бойынша оқу процесін жүргізу. Технология негізіне табысты өмір тіршілігін қамтамасыз ететіндей білім ауқымын анықтауға мүмкіндік беретін жəне оны оқушыға жеткізу жолын көрсететін білімдік бағыт-бағдарлама (парадигма) алынады. Осыған орай оқу- оқытудың басты əдістері ретінде 1) көрнекілік жəне онымен бірге жүретін түсіндіру, 2) оқушының жетекші іс-əрекеттері түрлеріне – тыңдау мен есте қалдыру, 3) басты талап жəне тиімділіктің негізгі көрсеткішіне – игерілгенді қалтқысыз қайталап жаңғырту ептілігі алынады. Мұғалім қызметтері – түсіндіру, əрекеттерді көрсету, оқушылар орындағандарды бағалау жəне реттеу, түзету.
Оқу технологиясы бірқатар маңызды да ұнамды тараптарымен еленген. Олар – үнемділігі , күрделі материалды түсінуді жеңілдетуі, білім-тəрбие процесін тиімді басқаруды қамтамасыз етуі, білім ұсынудың жаңа əдіс –тəсілдерін пайдалануға икемді келуі. Сонымен бірге дəстүрлі технология біршама кемшіліктерге де жол береді – оқу процесін дараландыру мен жіктеуге қолайсыз, оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға мүмкіншілігі кем.
Дамытушы оқу технологиясы мектеп тəжірибесіне енген оқу іс-əрекеттері арасындағы аса танымалы (Л.С.Выготский, Л.В. Занков, Д.Б.Эльконин жəне т.б.). Ғалымдар дəлелдегендей, педагогика бала дамуының өткеніне емес, болашағына бағытталуы тиіс. Сонда ғана ол оқу процесінде осы нақты уақыт шеңберіндегі жақын даму процестерін жүзеге асыра алады. «Жақын даму аймағының» мəні: бала өз дамуының белгілі кезеңінде оқу міндеттерін ересектер басшылығында не ақылдылау дос –жарандарымен араласа жүріп шешуі мүмкін. Келтірілген пікір жария болғанға дейін бала дамуы, əсіресе оның ақыл-ойының өрістеуі оқу жəне тəрбие ізімен жүретіні мойындалған болатын. ерттеулер нəтижесінде (Л.В. Занков) оқу тиімділігін көтеру есебінен оқушы дамуын жеделдетуге болатыны дəлелденді. Бұл үшін оқуды жоғары деңгейлі қиыншылықта жүргізу принципін ұстану – басты талап. Егер алдынан рухани, сезімдік күш-қуаттың іске қосылуын қажет ететін кедергілер (ойын, оқу, тұрмыс) шығып тұрмаса, əрі оларды жеңуге талпынбаса, бала дамуы бəсеңдейді. Жоғары қиыншылық деңгейіндегі оқу принципіне орай білім мазмұны жəне оны құрастыру реті анықталады. Оқу материалының мазмұн қарқыны ұлғаяды, əрі тереңдейді, жетекші рол теориялық білімдерге беріледі, дегенмен, оқушылардың практикалық ептіліктері мен дағдыларының маңызы жойылмайды.
Дамытушы технология талаптарының жəне бірі – оқу ілгерілі жəне жедел қарқында жүреді. Өткендерді жиі əрі бір беткей қайталаулар оқу процесінің кедергісіне айналып, оқуды жоғары қиыншылық деңгейінде өтуге мүмкіндік бермейді.
Дамытушы технологияны іске асыру сонымен бірге оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты жүйелі- іс-əрекеттік оқу бағытын ұстануды қажет етеді (Д.Б.Эльконин). Дамытушы технология идеяларының қатарына сондай-ақ оқу қызметінің əрқилы жағдайларында оқушылардың қажет болғанды өзінше танып, содан өздігінен жауап əрекет орындауға (рефлексия) ынталандыру идеясы да кіреді. Жауап əрекетке (рефлексия) келу дегеніміз баланың өз əрекеттерін сезінуі мен түсінуі, оқу іс-əрекеттерінің тəсіл, əдістерін өзінше байқап, тануы. Рефлексиялық əрекет-қимылдар əрқашан өзіндік қадағалау жəне бағалаумен тығыз байланысты болатындықтан дамытушы технология шарттарына орай оларға да көп мəн беріледі.
Дамыта оқыту идеясы бұл күнде еліміздің мұғалімдері арасында кең қолданымда. Алайда, бұл технологияның кейбір тұжырымдары пікір таласты болып жүр. Себебі, оқушылардың бəрі бірдей қиыншылықты деңгей оқуын көтере алмайды. Солар ішінде тума жайсаң қозғалысты тұлғалардың мұндай оқуда əбден күйзеліске түседі. Сондықтан барша шəкірттерді теңдей шапшаң жəне жоғары күрделілік деңгейінде оқытып, тəрбиелеуге болмайды. Бағдарламаластырылған оқу технологиясының (БОТ) негізгі мақсаты оқу процесінің басқару жүйесін жақсарту (П.Я.Гальперин, Л.Н. Ланда, А.М. Матюшкин жəне т.б.). БОТ бастауын берген американдық психологтар мен дидакттар (Н.Краудер, Б.Скиннер, С.Пресси).
БОТ – бұл арнайы жабдықтар, бағдарламаластырылған оқулық, ерекше оқу-машинасы, ЭВМ жəне т.б. көмегімен күні ілгері дайындалған бағдарлама бойынша орындалатын өзіндік жеке-дара оқу технологиясы. Бұл технология əрбір оқушыға өзіндік сапа-қасиеттеріне орай (оқу қарқыны, сауаттылық деңгейі жəне т.б.) оқуына мүмкіндік береді. БОТ-ның өзіне тəн сипат белгілері: - оқу материалының кіші көлемді жеңіл игерілетін бөлшектерге жіктелуі; - əр бөлшекті игеруге арналған нақты əрекеттерді орындау нұсқаулары жүйесінің берілуі;
-əр бөлшек игерілуінің тексерілуі;
- қадағалау тапсырмаларының дұрыс орындалуымен оқушы материалдың ендігі жаңа бөлшегін алып, келесі оқу қадамын іске асыруға өтуі;
- дұрыс жауап бере алмаған жағдайда оқушының қосымша көмек түсініктемелерін алуы;
- қадағалау тапсырмаларының нəтижесі хатталып, оқушының өзіне де (ішкі кері байланыс), педагогқа да (сырттай кері байланыс) белгілі болуы. Проблемді оқу технологиясы мұғалім басшылығында өтетін оқушылардың оқу міндеттерін шешуге орайластырылған өзіндік ізденіс іс-əрекеттерін ұйымдастыруға негізделеді. Оқу ізденістері барысында оқушыларда жаңа білім, ептілік жəне дағдылар қалыптасып, қабілеттері, танымдық белсенділігі, қызығуы, ой-өрісі, шығармашыл ойы жəне басқа да тұлғалық маңызды сапалары дамиды (Т.В.Кудрявцев, А.М.Матюшкин, М.И.Махмудов жəне т.б.). Жалпы түрінде проблемді технология сипаты келесідей: оқытушы білімді дайын күйінде ұсынбай, оқушылар алдына міндет (проблема) қояды, оған қызықтырады жəне оның шешу əдіс-тəсілдерін табуға ынталандырады. Ал оқушылар мұғалімнің тікелей басшылығында не өз бетінше олардың шешімін табудың жолдары мен əдістерін зерттейді, яғни болжам түзеді, оның шынайылығын тексеру тəсілдерін белгілейді əрі талқылайды, дəйектейді, нəтижелерін талдайды, пікір жүргізеді, дəлелдейді. Проблемді оқу басқа да технологиялар сияқты өзінің ұнамды да болымсыз тараптарына ие. Оның тиімділігі: оқушыларға тек қажетті білім, ептілік жəне дағдылар жүйесін меңгеруге жəрдемдесіп қоймастан, олардың ақыл-ой дамуына жол ашады, өз шығармашылық қуатымен берік білім қалыптастыруға көмектеседі, өз оқу еңбегіне қызығу ұмтылысын дамытады, оқу нəтижесінің бекінуін қамтамасыз етеді. Кемшілігі : жоспарланған нəтижеге жету көп уақытты талап етеді, сонымен бірге, оқушылардың танымдық іс-əрекеттерін жүйелі басқару қиын. Модульді оқу технологиясы АҚШ пен Батыс Еуропада 1960 жылдары дəстүрлі оқуға балама ретінде ұсынылған білім игеру жүйесі. Бұл технологияның мəні - оқушы модульмен жұмыс орындау барысындағы нақты мақсатқа өз бетінше (не белгілі шамада мұғалім жəрдемімен) жетеді (П.Юцявичене, Т.И.Шамова).
Модуль – мақсатқа орайластырылған оқу мазмұны мен оны меңгеру жолдарын (технологиясын) біріктірген түйін, топ (узел). Модуль құрамы: əрекеттің мақсаттық жоспары, ақпарат қоры, дидактикалық мақсатқа жетудің əдістемелік көрсетпелері. Бұл технологияға орай оқу мазмұны өз алдына белгілі жинақы құрамға келтірілген ақпараттық топ (блок) күйінде беріледі. Ол ақпарат оқу мазмұнының көлемін ғана емес, əдістері мен олардың игерілу деңгейін де көрсететін дидактикалық мақсатқа сəйкес меңгеріледі. Модульдік оқуда өзіндік жұмыстарға аса көп уақыт бөлінеді. Бұл оқушыға оқу əрекеттеріне кірісумен өз мүмкіндіктерін сезінуге, білім игеру деңгейін өзі анықтауына, өз білімдері мен ептіліктеріндегі кемшіліктерді байқауына жəрдемдеседі.
Модульдік оқу дəстүрлі білім игеру жүйесімен байланыста пайдаланылуы мүмкін. Модульдер оқу жүйесінің қалаған ұйымдастырылу формасында орын тауып, оның сапасын жақсартуға жəне тиімділігін арттыруға қолданылуы ықтимал. Шоғырластырылған (концентрлі) оқу технологиясы педагогикада ежелден танымал пəнге шомдыру əдісіне негізделген (П.Блонский, В.Ф.Шаталов, М.П.Щетинин жəне т.б.). Бұл технология жақтастарының пікірі: оқудың дəстүрлі сынып-сабақтық жүйесінде бағдарламалар мен оқулықтарға сəйкес берілетін оқу мазмұны бөлім, тақырып, параграфтарға бөлшектеніп, өз алдына шартты дербестенген ауқымда ұсынылады. Осыдан оқушылардың жеке пəндерден алатын білім, ептілік, дағдылары жай қалыптасады. Оқу проблемасының ұзаққа созылып өтілуінен, оқушылардың сабаққа болған қызығушылығы кемиді. Бір дəрістің екіншісінен алшақты болуынан бір сабақта қабылданған ақпарат келесіге дейін көбіне ұмытылады. Пəндердің тұрақты ауысып баруынан оқушы олардың бірде-біріне тереңдеп ене алмайды. Бір пəннен екіншісіне өтуде бала қиыншылық көреді, көп уақыт сарп етеді, ендігі сабақ өткендегіні көлеңкелейді, сонымен əр өткен сабақ өз құндылықтарын жойып барады. Əр дəріс оқушы үшін – жаңа жүктеме, мұғалімдердің жаңа талаптары, жаңа мазмұнды материал, жаңа көңіл-күй ықпалдары, т.с.с. осылардың баршасына сəйкес бала икемделіп, оқу іс-əрекеттерін орындауы шарт. Ал бұл енді қалыптасып жатқан жас буынға оңай шаруа емес. Шомдыру оқуында сабақтар топқа (блокқа) келтіріледі, бір күнге не аптаға межеленіп, қатар өтілетін пəндер саны кемітіледі. Мұндай технология оқу- оқыту процесін адам қабылдауының табиғи психологиялық ерекшеліктеріне жақындастыра түседі. Сабақта игерілген материалды ұмытудың алдын алу үшін оны бекіту жұмыстары сол күні жүргізілуі тиіс, яғни қандай да уақыт аралығында оқушы басқаларына алаңдамай, тек сол пəнмен ғана шұғылданып, толық шомуы қажет.
Қашықтан оқу технологиясы – бұл осы заманғы телебайланыс, электронды почта, теледидар жəне интернет жəрдемімен оқу мекемесіне қатыспай-ақ білімдену қызметтерін пайдалану. Қашықтан оқу қандай да себептермен білім иеленуге қол жеткізе алмай жүргендердің бəріне бірдей үйде отырып оқу мүмкіндіктерін ашады (əсіресе мүгедектерге, зағиптар мен есітуден қалғандарға, т.с.с.). Оқу технологияларының басқа да түрлері баршылық: əр деңгейлі оқу, толық меңгеру, ұжымдық ықпалдаса оқу, икемдесе оқу, жобалап оқу, авторлық оқу технологиясы (мысалы, В.Ф.Шаталов технологиясы) жəне т.б.
№ 7. Практикалық сабақ:
Тақырып атауы 11-12. Кәсіби мектептерде оқу тәрбие үрдісін ұйымдастырудың инновациялық тәсілдері
Сабақ мақсаты: Кәсіби мектептерде оқу тәрбие үрдісін ұйымдастырудың инновациялық тәсілдерін меңгеру
Жоспары:
Окыту технологиясын ұйымдастырудағы инновациялық тәсілдер.
Оқытудағы қазіргі ақпараттық және коммуникативтік технологиялар.
Оқыту процесін компьютермен қамтамасыз ету.
Әдістемелік нұсқаулық
Қазір республика оқу орындары ұсынып отырған көп нұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез-келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын, оқу мазмұны әрбір білім алушының жас және жеке дара психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор. Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде іс жүзінде анықталып табылған оқыту үрдісінің нәтижесін көретін әдіс-тәсілдері, түрлері көбіне жаңашыл, инновациялық болып табылады.Инновациялық процестерді ендіру үш өзара байланысты күштер анықталады: енгізілген технологияның ерекшеліктерімен; жаңашылдардың инновациялық әлеуетімен; жаңалықты енгізу жолдарымен.Жаңа инновациялық оқыту технологиясы кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылады. Инновациялық оқыту технологиясын меңгеру үшін педагогикалық аса зор тәжірибені жұмылдыру қажет. Бұл өз қызметіне шығармашылықпен қарайтын, жеке басының белгілі іскерлік қасиеті бар адамды қажет ететін жұмыс. Шындығында да әрбір педагог жаңа инновациялық технологияны меңгеру барысында өзін-өзі дамытады және өзін-өзі қалыптастырады. XXI ғасырда болашақ мамандарды даярлау, олардың кәсіби бейімделуін қалыптастыру мәселелері – кезек күттірмейтін өзекті қоғам талабы. Сондықтай біз болашақ педагог-психологтардың жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды қолдануға даярлығын қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделін жасадық. Болашақ мамандардың жаңа инновациялық педагогикалық технологияларды қолдануға даярлықты қалыптастыру мына көрсеткіштерді қамтиды:Мотивациялық өлшемдеріне танымдық қызығуды қалыптастыру бейнесі жатады. Оған болашақ мамандарды қалыптастыру, құндылық қарым-қатынас, болашақ маманның өзінің кәсіби шеберлігін дамытуға талпынуы, болашақ мамандығын ерекше жақсы көруі, ұрпақ тәрбиесінде ұстаздың жетекші орнын сезінуі, кәсіби жеке біліктілік деңгейін көтеруге бағыттылығы, инновациялық іс-әрекетке ұмтылу әрекеттері кіреді.Мазмұндық өлшемдеріне болашақ маманның жалпы мәдениеттілік дайындығы мен мәндік әдіснамалық дайындығының деңгейі, мамандығы бойынша білімі, педагогикалық біртұтас білім жүйесі, біртұтас педагогикалық үрдістің заңдылықтары, мен қозғаушы күштерінің жалпы теориялық білім негіздерімен қарулануы кіреді. Оған біртұтас педагогикалық үрдістің теориялық негіздерін және жеке тұлға теориясының ғылыми негіздерін меңгеруі, педагогикалық іс-әрекет теориясының негіздерін білуі, білім алушылардың барлық мүмкіндіктерін пайдаланғанда инновациялық іс-әрекеттің көбіне нәтижелі болатындығын сезіне алуы жатады.Бейімділік өлшемдерін болашақ маманның барлық жағдайға бейімделе алу қабілеті атады: бейімділік жағдаятына бағдарлана алуы, микроорта өзгерістеріне сай қолайлы инновациялық педагогикалық технологияларды таңдай алуы. Бейімділік өлшемдері болашақ маманның білімгер мәртебесінен оқытушы, ұстаз мәртебесіне ауысуының ерекшелігін сезіне білуімен бейімділік іс-әрекетті жүзеге асырудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалана алуларымен ерекшеленеді.Танымдық өлшемдері болашақ маманның әлеуметтік кәсіби қоршаған ортаны жедел тани алуымен, өзін кәсіби жүзеге асырудың нәтижелі әдіс-тәсілдерін пайдалануымен, инновациялық педагогикалық технологияларға қызығу танытумен ерекшеленеді. Оған болашақ маманның әлеуметтік кәсіби қоршаған ортаны біліп тануы, кәсіптік білімін өз тәжірибесінде қолдана білуі, инновациялық педагогикалық технологияларды оқып меңгеруі, үйренуі жатады.Іс-әрекеттік өлшемдері болашақ маманның өзінің кәсіби іс-әрекетінің мақсаты мен міндеттерін анықтай алуы және педагогикалық қарым-қатынастық үрдісті тиімді жүзеге асыра алуымен өлшенеді. Оған болашақ маманның өз пәнін жете меңгеруі, біртұтас оқу-тәрбие үрдісінің психологиялық, педагогикалық негіздерін білуі, педагогикалық үрдісті жоспарлап, жүзеге асыра алуымен өлшенеді. Технологияның өлшемдері оқытудың әдістемелік мақсаттары, оқыту үрдісі, оның міндетттерін анықтай алуы, оқытудың нәтижесін болжай алуы және психологиялық -педагогикалық білімдерді меңгерумен анықталады. Оған болашақ маманның біртұтас оқу- тәрбие үрдісінде сабақты тиімді ұйымдастыра білуі, оқушылармен ынтымақтастық қарым- қатынасты жүзеге асыра алуы, біртұтас педагогикалық үрдісті диагностикалай алуы және сабақтың нәтижесі жоғары болатындай ең тиімді педагогикалық технологияны таңдай алуы қажет. Шығармашылық өлшемдеріне шығармашылық ептілікті, шығармашылық белсенділікті болашақ маманның шығармашылық ізденушілік дамыту кіреді. Оған болашақ маманның ғылыми – зерттеу жұмыстарына өзіндік талдау жасай алуы, өз білімін көтеруге, жетілдіруге талпыныстың болуы мен инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдануға өзіндік жаңалықтар, өзгерістер енгізумен және жаңалықты шығармашылықпен қолдана алуымен сипатталады. Осы аталған көрсеткіштердің әсерінен білім, кәсіп, іскерлік, іс-әрекет, игеру, нәтиже құралады. Білім жалпы, кәсіби, техникалық, арнайы білім болып бөлініп кәсіппен ұштасады. Ал кәсіп – мамандық таңдау, мамандықты меңгеру. Білім алып кәсіп иесі болу үшін іскерлік қажет. Іскерлік – оқу, білім, кәсіп, тәжірибе, ізденушілік, өзіндік жұмыс, іс-шаралар, дағдыдан туындайды. Іскер болу үшін іс-әрекетті меңгеру қажет. Іс-әрекет әрекеттен, операция, қимыл-қозғалыстан тұрады. Барлық үрдіс байланыса орындалғаннан соң нәтиже көрсеткіші пайда болады. Әрбір педагогтің инновациялық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары: инновация туралы білімі; инновацияны жан-жақты меңгеру; инновациялық іс-әрекет диагностикасын меңгеру; инновацияны тәжірибеге ендіру жұмыстары; инновацияны практикада дұрыс қолдану. Әрбір білім беру ордаларында бүгінгі таңда белең алып отырған кемшіліктері баршылық, атап айтатын болсақ:
білім сапасының төмендігі;
білім саласына мемлекет тарапынан реформалар жүргізілгенімен оқудың нәтижесінің болмауы;
құжаттар көптеп шығарылғанымен мардымсыздығы;
білім алушылардың өздігінен білім алу дағдысының болмауы;
білім алушылар мен оқытушылардың бірлескен шығармашылық еңбектерінің болмауы.
№ 8. Практикалық сабақ:
Тақырып атауы 13. Жастарға кәсіптік білім беру аймағындағы педагогикалық менеджмент
Сабақ мақсаты: Кәсіптік білім беру аймағындағы педагогикалық менеджмент таныстыру
Жоспары:
Кәсіптік білім беру аймағындағы педагогикалық менеджменттің негізгі мақсаты және міндеттері.
Білім беру аймағындағы менеджер қызметінің қағидалары мен әдістері.
Сабақ мақсаты: Жастарға кәсіптік білім беру аймағындағы педагогикалық менеджментпен танысу
Әдістемелік нұсқаулық
Менеджмент (ағылшынша мanage – басқару, меңгеру, ұйымдастыру) – ұйымда немесе кәсіпорында жұмыс істейтін адамдардың еңбегін басқара отырып, алға қойған мақсатқа жетуді ұйымдастыра білу, әлеуметтік, оның ішінде білім беру үрдістерін басқару принциптері, әдістері, құралдары мен нысандарының жиынтығы. “Менеджмент” ұғымының мәні мен мазмұны “басқару” түсінігіне ұқсас.
Сонымен қатар менеджмент жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестіру, бақылау, ынталандыр усияқты қызметтерді атқарады. Ғылыми менеджменттің негізін салушы белгілі ағылшын ғалымы Фредрик Уинстоу Тэйлор (1856 – 1915). Оның еңбекті ұйымдастыру және өндірісті басқару жүйесі алғаш рет АҚШ-та 19 ғасыр мен 20 ғасыр тоғысында кең пайдаланыла бастады. Қазіргі замандағы менеджмент, негізінен, барлық экономикалық мектептердің тәжірибелері мен бағыттарының жетістіктерін қорытындылау арқылы дамуда. Менеджмент мақсат қоюға, жоспарлауға және саясатты қалыптастыруға міндетті. Ол үшін болжам жасайды. Менеджмент бойынша дәлелденген және жоспарланған операциялары бар ұйымдық құрылым жасау, адамдар арасында міндеттерді бөлу және жауапкершілік деңгейді белгілеу, нұсқау шығару мақсатында әр түрлі шешімдер қабылданады. Қазақстанда менеджмент қағидаттары, тәсілдері, амалдары нарықтық экономиканың өркендеуіне сай кеңінен таралған. Нарықтық экономикада менеджмент фирманы басқарудың негізгі формасы болады. Менеджмент шешімдер қабылдап, оларды орындауға бағытталған жүйе. Материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын пайдалану варианттарының мүмкіндігінше ең жақсы оптималдығын жүзеге асыру кезделеді.Менеджменттің пайда болуы корпоративтік кәсіпкерліктің дамуымен байланысты. Осы болмыста, фирманың мүліктерін басқару қызметі меншік иесінің өкіліне — менеджерлерге көшеді. Менеджер деп акционерлердің пайда алуын мақсат ететін, ақы алып фирма қызметкерін ұйымдастыратын жалдама жұмысшылар аталады. Өндірістің тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік тудырған еңбекті рационалдау мен оньің қарқындылғын арттыру шарттарын ашқан Тейлор болды. Бұның пікірі бойынша, осы мақсатқа жету үшін басқару саласында төрт қызмет орындалуы керек: мақсатты таңдап белгілеу, мақсатқа жету құралдарды тандау, құралдарды дайындау, нәтижелерді бақылау. А.Файоль бойынша, менеджердің міндеті: болжау, ұйымдастыру, жарлық ету (жүргізу), келістіру, бақылау.Осы заманда менеджменттің төрт қызметі аталады: жоспарлау,ұйымдастыру, мотивациялау, бақылау:Жоспарлау фирманың іс-әрекеттерінің мақсаттарын, оларға жетудің басты бағыттары мен құралдарын анықтауды (белгілеуді) тілейді. Бизнес-жоспар — жоспарлаудың негізгі элементі. Есеп беру құжаты және инвестициялардың басты дәлелі болатын осы бизнес-жоспар, фирма дамуының кешендік жоспарын жасаудың мақсаты — басқарушыларға фирманың жағдайы туралы толық мәлімдеме беру болады. Бизнес-жоспарды жан - жақты дәлелдеп жасау инвесторлар жағынан олардың инвестицияларының тұрақты болатындығына және компанияның басқарушыларына сенімділік тудыруды көздейді. Бизнес-жоспар 3—5 жылға жасалады. Ол мына бөлімдерден тұрады:
нарыққа талдау жүргізу және маркетингтік стратегия;
өнімдік стратегия;
өндірістік стратегия;
фирманы басқару жүйесінің және меншіктің дамуы;
қаржылық (экономикалық) стратегия.
Өздерінің даму дәрежесіне байланысты, әрбір жеке фирмалар жоспардың жекеленген бөлімдеріне бірдей маңыз бермейді. Жұмысқа жаңадан кіріскен фирмалар қаржылық стратегияға назарын кебірек аударады. Дамыған, қалыптасқан фирмалар көбінесе өнімдік және өндірістік стратегияның қамын ойлайды. Көпшілік үшін бизнес-жоспар қысқаша рефератпен толықтырылады. Ұйымдастыруга фирманың құрылымын құру және көзделген мақсаттарға жету үшін оның бөлімдерінің озара өсері мен үйлесімдігін қамтамасыз ету жатады. Ұйымдастыруға фирманың құрылымын құру және көзделген мақсаттарға жету үшін оның бөлімдерінің өзара өсері мен үйлесімдігін қамтамасыз ету жатады. Мотивацияға жұмыскерлердің еңбекке деген ішкі ынтасын оятып жандандыру жатады. Осы бөлімде экономикалық қана емес, психлогиялық аспект орын алады. Бақылауға жоспарланған нәтижелер мен нақты қол жеткен нәтижелердің сәйкестігін анықтау және фирма қызметеріне түзету енгізу жатады.
Менеджмент құрылымы үш бөлімнен түрады:
өндірістік менеджмент;
қаржы менджменті;
нарықтық (өткізу) менеджмент, немесе, маркетинг.
Өндірістік менеджмент белгілі көлемде, белгіленген сапада, келісімді мерзімде және шығындарды барынша төмен жүмсап, тауарлар өндірумен айналасатын басқарушы қосалқы жүйе болып табылады. Қаржы менеджменті фирманың қаржы құралдарының қалыптасуын табыстардың барынша мол болуын жөне шығындардың барынша аз болуын қамтамасыз ететін қосалқы жүйе. Нарықтық менеджмент — маркетинг — бұл нарыққа бағытталған фирманың коммерциялық қызметтерін басқару болады. Маркетинг (ағылшынша «market» — нарық) нарықтарды тандау үшін, нарыққа кірудің уақытты мен әдістері үшін, жаңа өнім жасалуы үшін, тауардың нарықтағы жылжуы үшін, баға саясаты үшін жауапты болады.
Менеджменттің жалпы сапасы - ұйымдардағы стратегияның, үрдістің және мәдениеттің өзгертілуі арқылы толассыз жетілуді басқару техникасы.
Педагогикалық менеджмент оқу-тәрбие,оқу-таным үрдісінің және білім берудің бүкіл жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған, оларды басқарудың принциптері,әдістері, ұйымдастыру нысандары мен технологиялық тәсілдерінің кешені. Талдаумен маман-аудиторлар айналысады. Кейде фирманың өз құрамында аудиторлар болады, бірақ көбінесе олар сырттан шақырылады. Олардың кызметі — фирманың нарықтық позицияларының мықтылығы (сенімділігі, тұрақтылығы) туралы ресми қорытынды жасау.
№ 9. Практикалық сабақ:
Тақырып атауы 14. Кәсіби мектептерде тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын инновациялық талаптар
Сабақ мақсаты: Кәсіби мектептерде тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын инновациялық талаптарды меңгерту
Жоспары:
Адамгершілік (гуманистік) тәрбиенің кағидалары мен әдістері.
Жеке тұлғалық бағдарлы тәрбие.
Еңбек, жеке тұлғаның негізгі сапаларын қалыптастыру кұралы ретінде.
Кәсіптік оку орындарында тәрбие процестерін ұйымдастырудың ерекшеліктері
Әдістемелік нұсқаулық
Адамгершілік тәрбиесінің принциптері:
Идеялық пен мақсат көздеушілік принципі.
Оқушыларды ұжымда тәрбиелеу принципі.
Педагог балаға талап қоюды оның жеке басын құрметтеумен ұштастыра отырып жасау принципі.
Сезімге, санаға, мінез – құлыққа ықпал жасау бірлігі принципі.
Мектепте және отбасында балаға қойылатын талаптардың жүйелілігі, бірізділігі және бірлігі принципі.
Жеке - дара тәсіл принципі.
Оқушылардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Еліміздің әлеуметтік – экономикалық дамуының жаңа құрылысын жүргізіп отырған шақта адамдардың құлықтық саналығын тәрбиелеу қоғам дамуының ең бір басты айқындаушы міндеті болып табылады. Осы міндетті жүзеге асыру жолдарын жаңаша қарастыру үшін ең алдымен адамның негізі немен аяқталатынын зерттеу керек.Ғылыми, философиялық, психологиялық әдебиеттердегі құлықтық тәрбие жалпы тәрбиенің аса маңызды құрамды бөлігі екендігі айқындалған.Шәкірттердің саналы тәртібі, пайымды мінезі туралы түсінігін қалыптастыру, оған сәйкес сезімін және сенімін тәрбиелеу тәрбиешінің мақсатқа бағыталған іс-әректіне құлық тәрбиесіне байланысты. Құлық-қоғамдық дамудың жемісі ол қоғам өміріндегі өзгерістерге байланысты дамиды. Бірде-бір адамзат қоғамы құлық тәрбиесінің тәжірибесін пайдаланбай өмір сүрген емес.Құлықтық тәрбие туралы ой-пікірлер VI ғасырдағы Орхон-Енисей жазуларынан басталып, Орта ғасыр ғұламалары мен (Әл-Фараби, Ж.Баласағұн , М.Қашғари, А.Иугенки т.б.) алтын орда дәуірі оқымыстылары (С.Сари, Қ.Жалаири, т.б.). XIV-XV ғасырда өмір сүрген ақын - жазушылар (Асанқайғы, Шалкиіз, Бұхар, Махамбет, Әсет т.б.) еңбектерінен көрініс табады. XIX ғасырдың II жартысында (Шоқан , Ыбырай, Абай) одан бертін келе ортамызға қайта оралған қазақтың ұлы зиялылары А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, С.Сейфулин т.б. бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді. Әбу-Насыр Әл-Фарабидің (850-950) “ Математикалық трактаттары” “Философиялық трактаттары”, “Логикалық трактаттары”, “Этикалық трактаттары” және т.б. шығармаларында адамзаттық игілікке, бақытқа, шаттық өмірге жету жолындағы ең негізгі компоненттер деп экономиканы, саясатты, мемлекеттік құрылысты, жанұяны және тәрбиені атаған . Жалпы, Фарабидің гуманистік идеялары әлемге кең тараған. Ол ақыл-ой мен білімнің биік мәнін , жоғары маңызын , халықтар арасындағы туысқандық пен достықты жырлайды. Оның “Бақытқа жету жолында барлық халық бір-біріне көмектесетін болса, жер беті түгелімен берекеге толады” деген қағидасы да тап бүгін өте өзекті мәселе. ілім – ғылымының барлық салаларының негізін қамтитын орасан мол мұра қалдырды. Аристотельден кейінгі “Екінші ұстаз” атанды. Әлемнің негізгі тұрақтысы –адам. Адамның ақыл – ой парасаты ойдағыдай дамып жетілсе, дұрыс өсіп-өркендей алады. Қажетті дағдылар мен жақсы мінез-құлық адамды бақытқа кенелтеді. Жаман мінез – құлық бұл рухани дерт, жақсы мінез-құлық пен ақыл-ой басты қадір-қасиеттері қалыпты іс-әрекет үстінде ғана қалыптасады.Қандай болсын әдіс, тәсіл (мақтау, бетіне басып ұялту, көзін жеткізу, көндіру )тәрбиешіден асқан имандылық, ізетті талап етеді, осылай ғана ол шәкірттерден шындықты, адамгершілікті, сыпайылықты, әділдікті талап ете алады. Сондықтан мұндай қасиеттерге ұстаздың өзі де ие болуға тиіс.Жақсы мінез –құлық пен ақыл күші болып, екеуі біріккенде-бұлар адамгершілік қасиеттер болып табылады. Біз қасиеттер дегенде әрбір нәрсенің игілікті жағын айтамыз. Адам бойындағы мінез-құлық сапаларының абзалы да, оңбағаны да жүре-тұра пайда болады. Құлықтық тәрбие дегеніміз- адамның моральдық қасиеттерін белгілі бір мақсатқа бағыттап қалыптастыру мораль барлық қоғамдық өмірдің саласында – еңбекте, тұрмыста, саясатта, ғылымда, жанұяда және халықаралық қатынаста адамның мінезін және санасын реттейді. Құлық-тәрбиесі – адамгершілікті тәрбиелеудің құрамды бөлігі. Мұның міндеті моральдық межелер мен талаптарды қоғамның әрбір мүшесінің игілігі ету, оларды терең құлықтық сенімдеріне жоғары құлықтық қылықтарына және шын мінез - құлқына айналдыру. Құлық тәрбиесінің шеңберінде тұлғаның құлықтық санасы, оның қоғамдық борышқа, тәрбие әсемдікке көзқарас қалыптастыруда әлеуметтік тәрбие институттарының тәжірибелік жұмыстарын қамтиды. Құлық тәрбиесінде тәрбиешінің беделінің үлкен мәні бар. Тәрбиешінің өзінің тәрбиелі болуы – құлық тәрбиесіндегі өзекті мәселе. Құлықтық сана – адамдардың көзқарастарында және елестетулерінде шындықты, қоғамдық болмысты бейнелейтін қоғамдық сананың бір түрі: өзінде құлықтық іс- әрекетті, құлықтық қатынастарды бейнелейді және белгілейді. Ал бұлар құралудан бұрын адамдар санасынан өтеді. Құлықтық сана құрамына: мұраттар, моральдық межелер, құлықтық құндылықтар, моральдық сылтаулықтар, бағалаулар енеді.Адам басшылыққа алатын моральдық межелер мен принциптер жиыны тұлғаның құндылық бағдарында көрініп, оның моральдық санасын сипаттайды. Құлықтық сананың өзіндік мінез – құлық шеңберіне қатысты, қылықтарды таңдап алу мүмкіндігі болғандықтан адамдар қылығын бағытауға ғана қабілетті болады.Құлықтық сезім – тұлғаның рухани құлықтық өмірінің көңіл - күйде сезіну жағы адам іс- әрекетінде маңызды орын алды. Құлықтық сезімдерге намыс, ар, ұят, абырой, мақтаныш, махаббат, өшпенділік, жек көру, қызғаныш, менмендік, өзімшілдік, атақ құмарлық т.б. жатады. Құлықтық сезім адамның түрлі жағдайларға өзіндік тұрғыда жауап беруі. Өзінің әлеутеттік мазмұны жағынан олар қоғамдық болмысқа, өмірдің түрлі жағына субъективтік қатынас болып табылады. Мысалы, басқа адамға, өзінің - өзіне, жеке қоғамдық өмір құбылыстарына, толық алғанда қоғамға тағы с.с. қатынасы. Құлықтық сезімнің әлеуметтік сипаты болады, олардың көбі адамның моральдық бейнесін сипаттайтын, оның сапаларына сәйкес келетін құлықтық санаман бағаланады. Моральдық сезімдер түйсіктер, қабылдау, елестетулер, ойлар сияқты танымдық іс - әрекеттерден туындайды және адамның түрлі іс-әрекетімен тығыз байланысты. Құлықтық сезімдер адамның бүкіл өмірінің іс- әрекеттерінің барлық түрлеріне ықпал жасайды, оның әлеуметтік, тынымдық және басқа белсенділіктерін қуаттандырады, тұлға оянуын күшейтеді. Құлықтық құндылықтар – әлеуметтік құбылыстарды, адам әрекеттері мен мінез- құлықтарын, олардың моральдық жағынан қарағандағы жақсылық пен зұлымдық жөніндегі түсініктеріне бағалауға мүмкіндік беретін адамның мінез-құлқындағы бағдарлары. Құлықтық қатынастар шеңберінде адамдар қылығының моральдық маңызы болатын себептері олар қоғамдық өмірге, қоғамдық құлықтың негізіне оң не теріс әсер етеді. Моральдық санада құлықтық құндылықтар адам башылыққа ала отырып лайықты әрекет жасайтын моральдық мұраттар, принциптер, межелер ретінде көрініс береді. Қайрымдылық пен зұлымдылық жөніндегі құлықтық талаптар мен түсініктерге сәйкес келетіндігі ретінде бұл әрекеттерге қоғам баға бареді. Бұл жағдайда адам қоғам алдында өзінің моральдық қалауы үшін жауап береді. Әдеп сақтау – адмгершіліктің белгісі. Әдеп сақтау (этикалық қалып) – қазақ халқының тарихи қалыптсқан қоғамдық санасының практикалық көрінісі, әлеуметтік тәртіптің, борыш пен міндеттің заңды айғағы. Халық өмірлік практикада ешбір тиым салусыз – ақ өз қалауынан адамгершілік мақсат – мүддеге сәйкес әдептілкті, әдеп сақтау жүйесін қалыптастырған. Әдеп сақтаудың әлеуметтік (қоғамдық) мәні зор. Әдептілікті бұзған адамға кез – келген қоғам мүшесі (жасына, нәсіліне қарамай) өз пікірін айтуға, тиым салуға ерікті, өйткені әдеп сақтау - әлеуметтік дәстүр. Әдеп сақтау – этикет, яғни мінез – құлық пен қарым – қатынастың қалыптасқан, халықтық ережесі. Ол ереже бұзылса, халықтық дәстүр де бұзылады, ұлттық намысқа нұқсан келеді. Әдеп сақтау ұлттық рәсімге, тәртіпке, ережеге амалсыз бағыну емес, сол заңдылықтарды құрметтеу, қастерлеу, атап айтқанда, адамгершілік борышты өтеу болып табылады. “Әдептілік - әдемілік” дейді халық. Әдептілік – имандылық, кішіпейілділік, көпшілік деген сөз. Мектепте әдеп сақтау дәстүрі оқушылар ережесімен, балалар ұйымдарының тәрбиелік жұмыстарымен байланыстырылады. Сынып жетекшісі “әдеп дегенді қалай түсінеміз”, “әдептілік деген не?”, “әдеп сақтау - адамгершілік”, т.б. тақырыптарда сынып сағатын өткізеді. Әдеп сақтау жөнінде мектеп қабырғасында әсем безендірілген жарнамалар бала тәрбиесіне ерекше әсер етеді. Әдептілік жөнінде мектепте арнайы апталық ұйымдастырып, оның соңын жалпы мектептік кешпен ұштастыру қызықты өтеді. Әдеп сақтау кешіне ата – аналар, ұстаздар, өнер адамдары, ақын – жазушылар қатыстырылады. Адамгершілік – қоғамдық өмірдің тарихи - әлеуметтік заңдылықтарына сәйкес, адамдар арасындағы адамдық қарым – қатынастар жүйесін реттеп отыруға негіз болып табылатын, қауымдық, әулеттік, халықтық игі іс - әрекеттер, мінез – құлықтағы имандылық пен инабаттылықты, әдептілік қалыптарын көрсететін терең мәнді ұғым. Үлкенді сыйлау – адамгершіліктің бір негізі. Қазақ халқының әлеуметтік өмірінде үлкенді сыйлау ұлттық дәстүрге айналған. Қазақ халқының ұлттық әдеп - салтында адамгершілік жоғары бағаланады. Адамдық қалыпты, әдепті сақтай алмаған адам “адагершіліктен” шыққан болып есептелінеді. Ертеде адамгершілік қалыпты сақтай алмаған адамдарды қадірлі адамдар, билер жөнге салып, жазасын тартқызып, тәрбиелеп отырған. Қазақтың ұлттық дәстүрі бойынша, үлкенді сыйлау, құрметтеу, оның кісілігін үйрену әрбір жастың парызы болып табылады. Ғылыми педагогикалық – психологиялық әдебиеттерде құлықтық сенім негізінен, дүниеге, өмірге көзқарас тұрғысынан анықталады. Егер оқушыға осы пікірмен қарағанда, сенімі күшті болса, онда оның ісіне сенім билейді.
№ 10. Практикалық сабақ:
Тақырып атауы 15. Теория мен практиканың байланысы негізінде оқушы жастардың танымдық және шығармашылық белсенділігін арттыру
Сабақ мақсаты: Теория мен практиканың байланысы негізінде оқушы жастардың танымдық және шығармашылық белсенділігін арттыру
Жоспары:
1.Теория мен практиканың байланысы негізінде оқушы жастардың танымдық белсенділігін арттыру.
2.Теория мен практиканың байланысы негізінде оқушы жастардың шығармашылык белсенділігін арттыру.
