Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция_КП.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
409.25 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ.Жұбанов атындағы ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті Бейнелеу өнері және кәсіптік білім кафедрасы

Педагогикалық институт

Кафедра «Бейнелеу өнері және

кәсіптік білім»

М.А. Сутеева., А.З.Умбетова., Г.Ж.Кудасова

5В012000 - Кәсіптік білім мамандығының

«Кәсіптік педагогика» пәні бойынша лекциялық және практикалық сабақтарға

әдістемелік нұсқаулық

Ақтөбе 2015 ж.

5В012000 - Кәсіптік білім мамандығының «Кәсіптік педагогика» пәні бойынша лекциялық және практикалық сабақтарға әдістемелік нұсқаулық

Әдістемелік нұсқауды құрастырған:

Сутеева Майра Ақботақызы – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент.

Умбетова Ақбота Зейнешқызы – аға оқытушы

Кудасова Гулмира Жеңісқызы – аға оқытушы

Пікір берушілер: 

Мустояпова А.С. - С.Байішев атындағы Ақтөбе университеті

«Педагогика, психология және пәндік

технологиялар» кафедра меңгерушісі п.ғ.к., доцент

Танирбергенова С.К. - Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік

университеті «Бейнелеу өнері және кәсіптік білім»

кафедрасының оқытушысы педагогика

ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы

Бейнелеу өнері және кәсіптік білім кафедрасының мәжілісінде талқыланды

« » 09 2015 ж. № хаттама

Кафедра меңгерушісі М.М. Шаштыгарин

Педагогика институтының оқу әдістемелік кеңесінде мақұлданды.

« » 09 2015 ж. хаттама

Педагогика институтының директоры Төребаева К.Ж.

Мазмұны

КІРІСПЕ...................................................................................................................3

Сабақ 1.Талшықтар туралы жалпы мағлұмат......................................................5

Сабақ 2. Жіп иіру жайлы мәліметтер..................................................................17

Сабақ 3. Тоқыма станогының құрылысы............................................................23

Сабақ 4.Тоқыма айқаспаларының түрлері.........................................................24

Сабақ 5.Мата қасиеттері......................................................................................31

Сабақ 6. Мақта маталарының ассортименті.......................................................36

Сабақ 7. Жүн маталарының ассортименті..........................................................43

Сабақ 8.Жібек және зығыр маталарының түрлері............................................53

Сабақ 9. Беймата полотналардың ассортименті.................................................56

Сабақ 10. Жылытқыш материалдар мен төсемдік және сәндік

материалдардың түрлері.......................................................................................58

Сабақ 11.Былғары және жасанды былғарыны өңдеу......................................63

Сабақ 12. Үлпектік материалдар..........................................................................66

«Салалық материалтану мен конструкциялы материалдар

технологиясы» пәнінен тест сұрақтары............................................................67

Пайдаланған әдебиеттер.......................................................................................85

Кіріспе

"Кәсіби педагогика" интегративті курс ретінде жастарды кәсіби еңбекке оқыту мен тәрбиелеудің теориялық негіздерін, кәсіптік бағдар беру, қоғамға пайдалы, өнімді еңбектің, техникалық шығармашылық және ауыл шаруашылық тәжірибе жұмыстарын, сондай-ақ ғылым негіздерін зерделеуде оқушыларға политехникалык білім беру мазмұндарын біріктіреді.

Лекция және практикалық сабактар барысында психология мен педагогика ғылымдарының заңдылықтары туралы тұжырымдық қағидаларын Қазақстан Республикасы үкіметтің, Білім және ғылым министрлігінің нүскаулары және нормативтік құжаттары басшылыққа алынуы тиіс. Кәсіби еңбек технологиясына баулу мен тәрбиелеу, кәсіпке дайындау мәселелері бойынша жекелеген мұғалімдердің (оқытушылардың) озық кызмет тәжірибелері талдап қорытындыланған материалдар пайдаланылады. Лекцияны оқу, практикалық жұмыстарды және ойын әрекеттерін жүргізу дидактикалық құралдарды кешенді пайдаланумен алып барылады.

Пәннің мақсаты

Курсты оқыту мақсаты - студенттерді болашақ педагогикалық кызметке дайындаудың әдістемелік негізін қалау, жалпы білім беретін мектептерде оқушы жастармен бастауыш кәсіптік білім мен еңбек технологиясының типтік оқу бағдарламаларының тарауларына сәйкес жемісті жұмыстар жүргізуіне, мектеп оқушыларын Республикадағы жаңаша әлеуметтік және экономикалық жағдайларда еңбекке дайындауға кажетті білім, іскерлік және дағдысын калыптастыру. 

Пәннің міндеттері:

  • кәсіпке оқыту мазмұнынының әр кезеңіндегі білім беру мазмұны жөнінде студенттерге нақты түсінік беру;

  • педагогтың сабақты ұйымдастыруы мен материалдық жабдықтауы, оларды жоспарлау жұмыстарының мазмұнымен таныстыру, сабақтан тыс, сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастыру мен басқаруға болашақ мұғалімдерді дайындау; 

  • жан-жақты дамыған, шығармашылық қабілеті жоғары, кәсіби бейім тұлғаны тәрбиелу және жетілдіруге жағдай жасау;

  • болашақ кәсіби қызметінде өзін өзі айқындау мен өз мүмкіндігін жүзеге асыруға дайындау;

  • студенттерді педагогикалық еңбекті тиімді ұйымдастыруға, оқушы жастарға білім берудің тиімді әдістері мен формаларын, оқу құралдарын таңдауға, әдістемелік, анықтамалық және арнайы әдебиеттермен жұмыс жасауға үйрету; 

Пәнді оқу барысында студенттердің меңгеруі:

  • қоғамның казіргі даму кезеңіне сай кәсіпке окыту мақсаттары мен міндеттерін оқушы жастарға насихаттай білу;

  • бағдарлама мазмұнындағы оқу материалдарына байланысты оқытудың аса тиімді формаларын, әдістері мен кұралдарын іріктеу;

  • арнайы, аныктамалық және әдістемелік әдебиеттерді пайдалану; 

  • күнтізбелік-тақырыптык және күнделікті сабак жоспарларын әзірлеу және оларды әдістемелік жабдықтау;

  • жалпытехникалық және арнайы пәндер бойынша сыныптан тыс және мектептен тыс сабақтарды ұйымдастыру мен өткізу;

Тақырып 1-2. Кәсіби педагогиканың ғылыми теориялық негіздері