Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД ТМВР 2015 послед вариант (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
10.73 Mб
Скачать

Тақырыбы: Оқушылар ұжымын қалыптастырудағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері.

Жоспары:

1. Сынып жетекшісінің оқушылар ұжымын тәрбиелеу.

2. Сынып жетекшісінің оқушыларды танып білу жолдары.

3. Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдары және оны ұйымдастыру.

Лекция мақсаты: сынып жетекшісінің оқушылар ұжымын тәрбиелеу, танып білу жолдары мен оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдары және оны ұйымдастыру жолдары туралы мәлімет беру, талдау жұмысын жүргізу.

Лекция мәтіні (қысқаша):

1. Оқушылар ұжымы деп  - ортақ әлеуметтік маңызы бар мақсатқа біріккен, соған сай белсенді әрекет ететін  және ортақ сайланбалы ұйымы бар , барлық мүшелерінің құқақтары мен міндеттері бірдей және өзара жауапкершілікке  негізделген оқушылар тобын атаймыз. Жеке тұлғаның дамуы үшін ұжымда қолайлы жағдайдың болуы қажет. Тұлға жан-жақты даму мүмкіншілігін ұжымнан алатын болғандықтан ұжымда тұлғаның бостандығы болуы басты шарт болып табылады. Балалар ұжымын ұйымдастыру қажетті қоғамның біртұтас ұжым ретінде өмір сүретіндігінен туындайды. Оқушылар ұжымы – баланың өмірін, оқуын, еңбегңн, жасампаздығын, күш-қуат мәдениетін ойын ұйымдастырудың ең тиімді құралы.

2. Оқушылар ұжымы деген атау – ұжым, оқушы, бала, оқушы балалар ұйымы, мектеп, тәрбие атауларымен тығыз байланысты отырып, педагогикалық зерттеулерде жиі қолданылады. Оқушылар ұжымының дамуының бірнеше кезеңдері бар:

Бірінші кезеңде оқушылар ұжымы жеткліксіз ұйымдастырылған топ. Сондықтан да мұғалім сынып өмірін ұйымдастыратын өмірді талап қоюдан бастау керек. Бұл кезеңде мұғалімнің негізгі қызметі – оқушылардың ұжымдық іс-әрекетін ұйымдастыру, оларды әр түрлі іс-әрекеттеріне қатыстыру, ұжымды балаға педагогикалық ықпал жасайтын құралға айналдыру.

Екінші кезеңде ұжым өзін-өзі басқаруға, сынып жетекшісінің ұйымдастырушылық қызметі тұрақты ұжым органдарына көшеді. Бұл кезеңде белсенді топпен жұмыс істеудің маңызы зор.

Үшінші кезең – белсенді топтың және ұжым іс-әрекетінің дамуымен сипатталады, қоғамдық өмірдегі деректерді, құбылыстарды бағалауда қоғамдық пікір пайдаланады. Бұл саты ұжымның өрлеу кезеңі. Оқушылар ұжымын нығайту мен қалыптастыруда аса маңызды мәселелердің бірі - ұжым алдындағы мақсатты - перспективаны таңдау.

Ұжымдық шаралар неғұрлым көп ұйымдастырылса, ұжымның беріктігі соншалықты болады. Әрбір шара бір-біріне, қоршаған ортаға, достарына қамқор болуға үйретеді. Ұжымдық шығармашылық іс-әрекетте оқушылар алдарына қойған мақсаттарды орындауда бірігіп ізденеді, жоспарлайды, ұйымдастырады. Шығармашылық іс тек көз алдау үшін жасалмайды, онда балалардың күш-жігері жаңа мүмкіндіктері, ұшқыр ойлары көрініс береді.

«Ұжым» термині латынның «коллективус» - жиын, топ деген сөзінен шыққан. Осыдан ұжым - адамдар тобы екені шығады. Алайда кез-келген адамдар тобы ұжым бола ма? Ұжым ұғымына анықтама беру үшін ұжымның белгілерін анықтау керек.

Педагогикада қолданылатын «ұжым» ұғымының бірнеше белгілері бар:

   Ортақ әлеуметтік мақсаты бар. Жалпы алғанда, мақсат кез келген топта болады. Мысалы, автобустағы жүргіншілерде де, ұрылар тобында да. Бұл жерде қандай мақсат және ол неге байларысты айтылғаны маңызды. Ұжымның мақсаты қоғамның мақсатына сәйкес келуі керек. Мемлекеттің Конституциясы мен заңдарына қайшы келмеуі керек.

   Мақсатқа жету үшін ұйымдасқан іс-әрекет жасау. Адамдар ұжымға белгілі бір мақсатқа жету үшін бірігеді. Ол үшін ұжымның әрбір мүшесі белсенді іс-әрекет жасайды. Ұжымның мүшелері іс-әрекеттің нәтижесі үшін жауапкершілік сезімімен сипатталады..

   Ұжым мүшелері бір-бірінің қуанышы мен ренішіне ортақтасады.

   Ортақ басқару органын сайлайды. Ұжымда демократиялық қарым-қатынас орнайды.

Оқушылар ұжымын қалай ұйымдастыруға болады?

Сынып жетекшісі оқушылар ұжымын құруда, олардың сапалы білім алуы мен саналы тәртібін қамтамасыз етудің маңызы ерекше. Саналы тәртіп болмаған жерде сапалы білім де болмайды.

Оқушылардың оқу-тәрбие процесіндегі әрекеттерін жандандыруда сынып жетекшісі белсенділер тобына арқа сүйейді.

Сынып жетекшісі қоғамдық пікірді ескеруі тиіс.

Сынып ұжымын ұйымдастыруда ұжымдық шығармашылық істерді ұйымдастырады. Тәрбие істері ұжымдық және шығармашылық сипатта болғандықтан, ұжымдық тәрбие істері (ҰТІ) немесе ұжымдық шығармашылық істер (ҰШІ) деп аталады.

Кез келген ҰШІ мынадай кезеңдерден тұрады:

1)      мақсат анықтау;

2)      жоспарлау;

3)      дайындық және ұйымдастыру;

4)      жұмысты жүзеге асыру;

5)      нәтижені талдау;

Әрбір кезеңді оқушылар бірлесіп іздену арқылы жүзеге асырады.

4.Оқушылар ұжымын әлеуметтік маңызды іс-әрекет негізіндегі оқушылар бірлестігін ұйымдастыру формаларын түсінуге болады.

Оқушылардың іс-әрекеті оқу және оқудан тыс уақыттағы іс-әрекет. Балалар ұжымының үлкендер ұжымына қарағанда ерекшелігі:

  • Қоғамдық құндылық пен жеке тұлғаның маңызды мақсатына бағытталған бірлескен іс-әрекеті;

  • Ұжым мүшелерінің еркін қарым-қатынас жасауы;

  • Ұжым мүшелерінің бір-бірімен өзара жауапкершілігі және тәуелділігі;

  • Өзін-өзі сайлау органдарының болуы.

5. Ұжымдық әрекеттерді ұйымдастыру мекемелері:

  1. Мектептен тыс мекемелер орталығы;

  2. Балалардың шығармашылық үйі;

  3. Балалар мен оқушылар сарайы;

  4. Балалар мен жастардың спорт мектептері;

  5. Эстетикалық тәрбие орталығы;

  6. Балалардың мәдениет сарайлары;

  7. Музыка өнер мектептері;

  8. Балалардың кітапаналары;

  9. Әр түрлі клубтар;

  10. Балалардың сурет голлереялары;

  11. Балалар лагерлері, қоғамдық ұйымдар т.б.

Бұл мекемелердің ұстаздарын үйірме мекемелерін мысалы: геолог, альпинисть ботаник етіп тәрбиелеуді мақсат етеді. Әрбір бала өз туған әсерін сүйе біліп, оны қорғай білсе болғаны.

6. Оқушылар ұжымында өзін-өзі басқарудың жоғарғы органы сынып жиналысы. Оның негізгі міндеті – ұжым өмірін ұйымдастыру барысында оған қатысты негізгі мәселелерді талқылау. Соған орай оған негізгі қызметі ұйымдастырушылық және ынталандырудың оның жұмысының нәтижелі болуы ұсынылды. Оң өзгерістерге бағыттайтын шешім қабылдау.

Сынып жетекшісі оқушыларды жан-жақты білуі қажет. Сыныпты қабылдап алғаннан кейін, сынып жетекшісі зерттеуді оқушылардың құжаттарымен танысудан бастайды. Оқушылардың мінездемелері, жылдық баға қорытындылары, сынып жиналысының хаттамалары, денсаулығына қатысты анықтамалармен танысады. Оқушылардың оқуға деген ынтасын білу үшін сабақтарға қатысады. Оқушылардың ата-аналарымен әңгімелесу арқылы олардың үйдегі өмірін, еңбек жағдайын, отбасы туыстарымен қарым-қатынасын, бос уақытын қалай өткізетінін, үй тапсырмаларын орындаудағы белсенділігі мен жауапкершілігін анықтап біледі.

Зерттеудің нәтижесінде әр оқушыға жеке-дара және жалпы сыныпқа  психологиялық мінездеме жазады.