- •1. Силлабус
- •2. Оқытушы (оқытушылар) туралы мәліметтер:
- •Жұмыс орны: ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
- •3.2 Дәрісханалық сабақтардың өтілу уақыты мен орны
- •5. Пәннің сипаттамасы:
- •5.1. Пәнді оқыту мақсаты:
- •6. Сабақ жоспары
- •6.1. Дәрісханалық сабақтардың оқу-тақырыптық жоспары
- •Соөж оқу-тақырыптық жоспары
- •7. Студенттердің өздік жұмыстары бойынша сабақ жоспары
- •8.Баға бойынша ақпарат
- •9.Бағаны қою саясаты
- •10. Оқу пәнінің саясаты және академиялық этика
- •Дәріс мәтіндері
- •Тақырыбы: Оқушылар ұжымын қалыптастырудағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері.
- •Жеке оқушыға педагогикалық-психологиялық мінездеме жазу схемасы
- •Оқушылар ұжымына педагогикалық-психологиялық мінездеме жазу үлгісі
- •2. Жастар қозғалысы: балалардың қазіргі ұйымдары мен бірлестіктері.
- •2. «Мың бала» патриоттық қозғалысының бағдарламасы.
- •Оқушының бос уақытын ұйымдастырудың мақсаты мен міндеттері.
- •3.2. Тәжірибені зерттеу мен жинақтаудың алгоритмі
- •3.3. Тәжірибені талдау және жинақтау
- •3.4.Озат педагогикалық тәжірибені зерттеу мен жинақтау бойынша ұсынымдар
- •Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі пәнінен жүргізілетін практикалық сабақтардың негізгі міндеттері:
- •Практикалық сабақ материалдары
- •3. Р.Г.Амосов бойынша озат педагогикалық тәжірибелерді зерттеу мен жинақтаудағы негізгі жұмыс сатылары.
- •4. Тәрбие жұмыстарында озық педагогикалық тәжірибені зерттеу және қолдану
- •Кеңес беру функциясы:
- •Бақылау функциясы:
- •1. «Егер мен сынып жетекшісі болсам» эссе жазу.
- •Әдебиеттер
- •Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі пәнінен жүргізілетін сөж негізгі міндеттері:
- •Сөж дайындалғанда әр студент:
- •Студенттердің өзіндік жұмыстары қамтиды:
- •Реферат тақырыптары
- •5В01000 Білім бағытындағы педагогикалық мамандықтар
- •2,3,4 Курс, 3,5,7 семестр
- •І аралық бақылау материалдары
- •5В01000 Білім бағытындағы педагогикалық мамандықтар
- •2,3,4 Курс, 3,5,7 семестр
- •Іі аралық бақылау материалдары
- •5В01000 Білім бағытындағы педагогикалық мамандықтар
- •2,3,4 Курс, 3,5,7 семестр
- •Қорытынды бақылау Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі пәнінен емтихан сұрақтарының тізбесі
- •5В01000 Білім бағытындағы педагогикалық мамандықтар
- •2,3,4 Курс, 3,5,7 семестр
- •Тест сұрақтары
- •Қосымша Глоссарий
- •Типтік оқу бағдарламасының сканерленген көшірмесі
- •Пайланылған әдебиеттер
- •Мазмұны
Қосымша Глоссарий
Акселерация - баланың дене және психикалық дамуының тездеуі.
Анкета - алдын-ала дайындалған сұрақтарға жазбаша жауап беру.
Адам - өзіне тән биологиялық құрылысы бар тіршілік иесі.
Ақыл-ой тәрбиесі – балалардың ақыл-ой күштері мен қабілеттерін дамыту
Адамгершілік тәрбиесі – балалардың бойында моральдық нормаларды, құндылықтарды қалыптастыру.
Азаматтық тәрбие – отансүйгіштік, басқа азаматтар мен мемлекетке деген сыйластық сезімді тәрбиелеу.
Әлеуметтік орта - жеке адамның мінез-құлқының дамуына ықпал жасайтын қоғамдағы әлеуметтік қатынас, адамдар, олардың көп қырлы іс-әрекеттері.
Әлеуметтену – адамның әлеуметтік қарым-қатынастар жүйесіне енуі
Әңгіме - балалардың санасын қалыптастыратын тәрбие әдісі.
Әңгіме – сұрақ қою арқылы оқушыны зерттеу әдісі.
Белсенділік - адамның іс-әрекет үстіндегі жағдайы.
Бақылау - кең көлемде бір нәрсені тексеру.
Генетика - тұқым қуалаушылық жайлы ғылым.
Дағды - әрекеттің саналы түрде автоматтануы.
Даму - организмнің өсіп жетілуі (дене мүшелерінің, жоғары нерв қызметінің, психикасының дамуы).
Дүниетаным - жеке адамның табиғи және әлеуметтік құбылыстарды түсіндіру туралы пайымдауы, ой тұжырымы.
Девиантты мінез-құлықты балалар, немесе «қиын балалар» - бұлар еңбекке, оқуға, қоғамдық өмірге ықыласы жоқ балалар. Олар дөрекі, әдепсіз, барлық жағымсыз әдеттерге еліктеуге бейім келеді.
Дене тәрбиесі – денсаулықты нығайту, сақтау, дененің дұрыс дамуын қалыптастыру.
Еңбек тәрбиесі – еңбекке деген дұрыс көзқарасты, еңбексүйгіштікті, еңбек тәртібі мен еңбек міәдениетін қалыптастыру
Жазалау - оқушының жағымсыз, теріс қылығын тежеу, болдырмау әдісі.
Жоспар - негізгі тұжырымдарды, ойларды ретімен жазу;
Жаттықтыру - әр түрлі ситуацияларда оқушылардың моральдық тапсырмаларды орындауы.
Жарыс - балалардың ұжымдық іс-әрекетін, белсенділігін қалыптастыратын әдіс.
Жеке тұлға - әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субьектісі.
Жеке жұмыс - әр оқушының өздігінен тапсырманы орындауы
Заңдылық - жүйе ішіндегі бірліктердің байланысы.
Заң - қалыптасқан обьективті шындық,
Интервью (сұқбат) - алдын-ала дайындалатын сұрақ-жауап арқылы бір адамды зерттеу.
Индивид (лат, жекелік) – адамзатттың еш қасиеттері ескерілмеген өкілі.
Категория - ғылымның негізгі ұғымдары.
Кәсіптік диагностика - кәсіптік бағдар беру мақсатымен әрбір оқушыны зерттеу.
Кәсіптік іріктеу - жастардың белгілі бір мамандыққа жарамды не жарамсыздығын анықтау, профессиограмма жасау.
Кәсіптік консультация - оқушының мамандыққа бейімділігін, мүмкіншіліктерін анықтау, сол мамандыққа жарамдылығы туралы шешім шығару.
Кәсіптік адаптация - әр түрлі жоғары оқу орындарында оқитын және кәсіпорындарда жұмыс істейтін жастардың кәсіби еңбек ету жағдайына бейімделуі.
Қайта тәрбиелеу - оқушының тәртібі мен мінез-құлқындағы кемшіліктерді жоюға бағытталған тәрбиелік ықпалдар жүйесі.
Қалыптасу - даму мен тәрбие процесінде адамның жетілуі, яғни ақыл-ойының, мінез-құлқының жетілуі.
Қоғамдық пікір - ұжым мүшелерінің баға беруі.
Қарама қайшылық – педагогикалық процестің қозғаушы күші.
Құқықтық тәрбие – қоғамдағы нормалар мен заңдарды құрметту дағдыларын қалыптастыру.
Мақсат - субьект санасында оның қоршаған ортамен өзара ықпал байланысынан туындайтын әрекеттің нәтижесі.
Мадақтау - оқушының жақсы іс-әрекетін ынталандыру әдісі.
Міндет - мақсатқа жету жолдары.
Мұрат - адам баласының жоғары мақсаты, өмірге ұмтылушылығы, талаптанушылығы.
Микрофактор – жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін отбасы, туыстары, ауласы, көшесі.
Мезофактор– жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін адамдардың үлкен тобы: қала, ел, мемлекет, қоғам.
Макрофактор – жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін бүкіл әлем, космос
Модус - адамның қажеттіліктері, мақсат-мүдделері, наным-сенімдері, ынта-ықыластары
Неотомизм - жеке адамның дамуы мен қалыптасуын құдайдың жаратуымен байланыстыратын бағыт.
Нысана (обьект) – ғылымның зерттеуге алатын саласы
Өзін-өзі тәрбиелеу - өзінің тұлғалық сапаларын өзі жетілдіру және кемшіліктерін жою мақсатындағы оқушының іс-әрекеті.
Пенитенциарлық мекеме – түзету орындары (түрме).
«Принцип» латын сөзі, қазақша мағынасы ереже, талап дегенді білдіреді.
Процесс (лат. «processus») - алға қозғалу дегенді білдіреді.
Преформизм - жеке адамның дамуы мен қалыптасуында тұқым қуалаушылықтың ролін айрықша бағалайтын бағыт. Баланың қабілеттері, мінез-құлқы анасының құрсағында жатқанда қалыптасады деп түсіндіреді.
Педология – «балалар туралы ғылым», жеке тұлғаның дамуында тұқым қуалаушылық пен ортаны жоғары бағалап, тәрбиенің ролін жоққа шығарады.
Прагматизм - жеке адамның дамуы мен қалыптасуында әлеуметтік ортаның ролін жоққа шығаратын.
Пікірталас - жоғары сынып оқушыларынның баға беруін, өз көзқарасын, ойын дәлелдеп айтуға үйрететін әдіс.
Перспектива - ұжым алдындағы мақсат. Перспектива жақын, орта, қашық болып бөлінеді.
Профессиограмма - бұл белгілі бір мамандықтың ерекшеліктерін жеткілікті бейнелеу.
Персонификация (лат. жеке тұлға) – ішкі және сыртқы факторлардың әсерінен жеке тұлғаның дамып қалыптасуы.
Сенім - терең, тиянақты ойланып айтылатын идеялардың жиынтығы.
Сұрау әдісі - ауызша сұрақ қою арқылы бір немесе бірнеше адамды зерттеу әдісі.
Социометрия - ұжымдағы қарым-қатынасты зерттеу әдісі.
Талап - мінез-құлық нормасының көрінісі, балаларды әлеуметтік тәжірибеге қатыстыру.
Тест - белгілі бір мақсатпен, зерттелушілердің бәріне ортақ., қатаң бақылауда өтетін тексеру.
«Тест» сөзі ағылшын тілінен аударғанда «тексеру» деген мағынаны білдіреді.
Тәрбие - тар мағынада - мұғалімнің, тәрбиешінің ата-аналармен бірігіп, мақсатты түрде жүргізетін тәрбие жұмыстары. Кең мағынада, тәрбие деп табиғат және әлеуметтік ортаның, мектеп пен ата-аналардың, бүкіл бұқараның тұлғаның дамуы мен қалыптасуына ететін ықпалын айтады.
Тәрбие формасы - тәрбие процесінің сыртқы көрінісі.
Тәрбие процесі - тәрбиенің мақсатын жүзеге асыратын процесс.
Тәрбие процесінің ерекщеліктері - көпфакторлы, ұзақ, комплексті, екіжақты.
Тәрбие әдісі - тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланыс іс-әрекеттерінде оқушылардың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына бағытталған педагогикалық жұмыс тәсілдері.
Тәрбие заңдылықтары - орындалуы жеке адам дамуы мен қалыптасуында тиімді нәтижелерге жеткізетін тәрбиелік процестегі орнықты, қайталап отыратын қажетті байланыстар.
Тәрбие прициптері - тәрбие процесіне қойылатын талаптар.
Тәсіл - әдістің құрамдас бөлігі
Түсіндіру - тәрбиеленушіге сөзбен әсер ету әдісі.
Технология - «техно» -өнер, шеберлік, «логос» - ғылым деген сөздерден құралған.
Тұқым қуалаушылық - ұрпақтың ата-анамен биологиялық ұқсастығы: шашы мен көзінің түсі, бет әлпетінің, жүріс-тұрысының ұқсастығы.
Темперамент - жеке адамның қылығы мен түрлі іс-әрекеттерінен көрінетін меншікті дара ерекшелігі. Темпераменттің холерик, сангвинник, флегматик, меланхолик деген типтері бар.
Фактор - әсер ететін күштер
Ұжым – (лат. «коллективус» - топ, жиын) көзделген мақсатқа жету жолында ұйымшылдық пен мақсаттылық іс-әрекетімен сипатталатын адамдардың тұрақты тобы.
Ұғым (категория) - обьективтік құбылыстарды, қасиеттерді және қатынастарды бейнелейтін ойлау формасы.
Үйрету - мінез-құлық нормасына сәйкес оқушыларды қажетті дағдыға, әдетке төселдіру.
Үздіксіз бақылау - оқу-тәрбие процесінде үзіліссіз жүргізіледі.
Іскерлік - алған білім негізінде оқушылардың практикалық әрекетті орындай алу бейімділігі.
Эмпирика (гр. Empeiria) – тәжірибе деген мағынаны білдіреді.
Этикалық әңгіме - адамгершілік мазмұны бар нақты деректер мен оқиғалардың эмоционалды, айқын көрінісі.
Экзистенциализм - жеке адамның дамуы мен қалыптасуын балада туа пайда болатын инстинктпен байланыстыратын бағыт.
Экологиялық тәрбие – бала санасында табиғатты қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Эстетикалық тәрбие – сұлулық сезімдерін қалыптастыру
Экономикалық тәрбие – нарықтық экономика нормаларына сай сана-сезімдерін, дағдыларын, іскерліктерін қалыптастыру
