Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СГ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
77.34 Кб
Скачать

10 Кірістер мен шығыстардың есебі

Кіріс – белгілі бір уақыт аралығы ішінде кәсіпорынның тауарлар жасау мен қызмет көрсетуінің динамикалық процесі. Кірістер ұйымның өмір сүру көзі болып саналады. Кіріссіз пайда жоқ, пайдасыз кәсіпорын да жоқ. Сондықтан да әрбір кәсіпорынның шаруашылық процесіндегі негізгі мақсаты – табыс табу болып табылды. Табыс – төтенше таралған, кең түрде қабылданатын, сонымен қатар түрліше маңызды қолданылатын көп мағыналы ұғым. Сөздің кең мағынасында ақшалай құнына ие болуды кез келген ақша қаражаттарының түсімі немесе материалдық құндылықты алуды көрсетеді. Яғни, кірістер – есептік кезең ішінде экономикалық пайданың көбеюі немесе активтердің ұлғаюы, міндеттемелердің азаюы. Алайда құрылтайшылардың салымдары кәсіпорынға табыс болып саналмайды. Кәсіпорын табысының негізгі функциялары:

1.Ол мемлекеттік бюджеттің табыстарының көзі болып табылады;

2.Ол кәсіпорынның өндірістік және әлеуметтік дамуының көзі;

Табысқа тез қол жеткізу үшін кәсіпорын өз әрекетінің өрісінде төменгі қағидаларды басшылыққа алу қажет:

1.Бір өнімге, не қызметке монополиясының болуы;

2.Экономикалық циклдың кезеңдеріне бизнестің өсуі тәуелсіз болуы қажет, яғни өндірістің құлдырау уақытында фирманың айналымы өсуін тоқтатпайды;

3.Кәсіпорын өз кірісін өнімді өткізуден алса, коммерциялық табысқа жету үшін сатылатын тауардан алынатын пайданың үлесі жоғары болады;

4.Кәсіпорынның пайда мөлшері және тапсырманың өсу қарқыны әрқашан жоғары болып, өнімге қайталап берілетін тапсырма мол болу қажет;

5.Кәсіпорын баяндамалар мен биржаның оперативтік есептерінде аз жазылатын бизнес өрісінде қызмет істеуі қажет;

6.Кәсіпорын өз шаруашылық әрекетіне, менеджерлердің қабілетіне тәуелді өрісті таңдауы қажет;

Өнімдер сату және орындалған жұмыстардан және көрсетілген қызметтерден түскен түсім кез-келген ұйым қаражаты айналымының аяқталған бөлігін білдіреді. Негізгі қызметтен алған кірістер есебі 6010 «Өнімдерді сатудан және қызметтер көрсетуден алған кіріс » пассив шотында жүргізіледі.Оған аналитикалық шоттар ашылуы мүмкін, оның атауы қызмет салалары бойынша кірістердің көздері мен түрлеріне қатысты болады және нақты кәсіпорын шоттарының бекітілген жұмыс жоспарында бекиді. есепті кезең ішінде 6010 шотының кредитіне, тиісті шоттарда: «Қорларды өткізуден алған кіріс », «тауарларды өткізуден алған кіріс», «Жүктермен жолаушылар тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуден алған кірісі», «Жалгерліктен алған кіріс» және т.б көздерінен алынған кіріс сомалары тиісті шоттарда жинақталады.

Есепті кезең соңында 6010 кредиті бойынша алынған кірістер сомасы 5410 «есепті жылдың пайдасы (залал) » шотына көшіріледі. осы шоттың ақпараты 2 «кірістер мен шығыстар туралы есеп » үлгісін толтыру үшін негіз болып табылады.

Қазақстан Республикасында есептеу әдісін енгізгенге дейін ұйымдардың басым көпшілігі кірісті анықтау кезінде кассалық әдісті қолданып келді. Жұмыстарды орындаушылар мен қызмте көрсетушілердің есебіне ақша қаражаттарының келіп түскен кезі, өткізу кезін есепке алу үшән белгі беру болып саналады.

Шығыс есепті кезең аралығындағы экономикалық табыстың активтердің кері ағынынемесе пайдаланылуы түріндегі азаюына әкелетін қарыздардың пайда болуы, бұлар меншікті капитал үлесінің иелері арасында бөлетіндерінен ерекше болады.

Табыстар мен шығыстардың әрбір түрі банктің қызмет етуінің тиімділік деңгейін бағалау үшін жеке ашылады. Банктің қаржы-шауашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп құру үшін табыстар мен шығыстар маңызына қарай сәйкестілік қағидаларына сай топталады.

Табыстар және шығыстар баптарын бөлек ашып қарастыруға алып келген жағдайлар мыналарды қамтиды:

• тауарлы-материалдық қорлар құнының өткізудің таза құнына дейін, ғимараттар мен құрал-жабдықтар құнының – қалпына келтіру құнына дейін төмендеуі, сонымен қатар осындай төмендеуді қайта реверсиялау;

• банк қызметі құрылымының өзгеруі және құрылымының өзгеруі бойынша шығындарға арналған кез келген резервтерді жою;

• жылжымайтын мүлік және құрал-жабдық баптарының істен шығуы;

• ұзақ мерзімді инвестициялардың істен шығуы;

• үзілген операциялар;

• сот үрдістерін реттеу;

• резервтердің күшін жоюдың басқа да жағдайлары.

Жалпы көлемде елеусіз үлеске және бір реттік ие табыстар мен шығыстардың жеке түрлері жеке аналитикалық жайғасымға бөлінбей, банктің басқа да табыстары мен шығыстары құрамында есептеледі. Осылардың әрбір түрі клиенттерге ұлттық және шетел валютасында қызмет көрсетуге пайдаланылады.

Банктің табыстары мен шығыстары есептіліктің,сақтық және сәйкестіліктің негізгі халықаралық принциптерін негізге ала отырып танылады. Әдетте есепті кезең аралығында танылған табыстар мен шығыстардыңбарлық баптары таза пайданы немесе шығынды анықтауда қолданылады. Осылармен бірге таза пайданы анықтауға төтенше баптар және есепті бағалардағы өзгерістер нәтижелері қолданылады. Іс жүзінде есепті кезеңдегі таза табысты немесе шығынды анықтауда қолданылатын барлық кірі және шығыс баптары банктің күнделікті қызметі барысында пайда болады. Сондықтан тек кейбір жағдайларда ғана шаруашылық қызмет немесе операция төтенше баптың пайда болуына әкеледі.

Экономикалық қызметке тән белгісіздік салдарынан қаржылық есептің бірнеше баптары нақты өлшене алмайды. Бұл жағдайда соңғы мәліметтерді қоса есептегендегі пікірталастарды енгізетін бағалау үрдісі жүргізіледі. Әр түрлі кезеңдерде қаржылық есептердің сәйкестілігін қамтамасыз ету мақсатында,есептік бағалардағы өзгерістерден бұрын кәсіпкерліктен түскен табыс немесе шығындар есебіне қосылған бағаларға әсері таза пайда немесе шығын құрамына енгізіледі.

Қаржылық есептерді толтыру кезінде қате математикалық дұрыс есептмеулер нәтижесінде, есеп саясатын қолдануда, фактілерді, дұрыс талқыламау,жалған мәліметтер алу немесе абайсыздық нәтижесінде туындауы мүмкін.Түзетулер, соның ішінде кезекті кезеңдегі әдетте ағымдағы жылдағы таза табыс немесе шығынды анықтауға негізделеді.

Табыстар,пайдалар,шығыстар және шығындар шоттарының ерекшеліктері – олардың қаржылық шаруашылық қызметтің нәтижелері жайында есеп беру шоттары болып табылатындығында. Оларды уақытша шоттар деп атайды, себеі мәліметтерді тек ағымдағы кезең үшін ғана жинақтауда қолданылады. Әдетте бір жыл болып келетін әр есепті кезеңнің соңында олардың қалдықтары келесі кезеңге ауыстырылады немесе жабылады. Бөлінбеген табыс туралы есеп берудегі бұл кезең аралық көшіру жабылатын өткізбелер көмегімен жүзеге асады; олар әдетте екі мақсатта қызмет етеді: таза табысты немесе шығынды бөлінбеген пайдаға аудару, келесі есепті кезеңді бастау үшін әр уақытша шоттардан нөлдік мөлшерлеме тағайындау. Осылайша, бұл шоттар келесі жылға мәліметтерді уақытша жинақтау қызметтерін атқаруға дайын болады.

Жалақы – бұл еңбек өлшемі мен тұтыну өлшеміне бақылау жасауды жүзеге асыруға көмектестін маңыздық экономикалық құрал. Шаруашылық субъектісінің түріне қарамастан әрбір қызметкердің кірісі субъект жұмысының түпкілікті нәтижелерін ескергенде, оның жеке үлесімен анықталады және салықтармен реттелінеді. Жалақы тұтынушы кіріснің үлкен бөлігін құрайды, сондықтан да сұраныстың мөшеріне, тауардың тұтасына және олардың бағасына елеулі әсер етеді. Жалақының номаиналды және шынай түрлері болады.

Номиналды жалақы дегеніміз -жалдамалы еңбектің қызметкері өзінің күндік, апталық, айлық еңбегі үшін алатын ақша сомасы. Номиналды жалақының мөлшеріне қарап табысының деңгейі жайында айтуға болады, бірақ тұтынудың деңгейі мен адамның әл – ауқаты жайлы айту мүмкін емес. Шынайы жалақы – алған ақшаға сатып алуға болатын өмірлік игіліктер мен қызметтердің жиыны. Ол номиналды жалақыға тікелей қатынаста және тұтыну заттары мен ақылы қызметтердің бағасы деңгейімен кері қатынаста болады.

Жалақы өнімінің өзіндік құнының негізгі элеметтерінің бірі болып табылады, сондықтан да жалақы есебінің дұрыс ұйымдастырылуы еңбек өнімділігінің артуына, өнімнің өзіндік құнының кемуіне және еңбеккерлердің өмір деңгейінің жақсаруына себепші болады.

Қызметкерлермен есеп айырысу есебінің негізгі міндеттері:

  1. Еңбектің саны мен сапасы, шығарылм нормасының орындалуына, жұмыс уақыты мен жалақы қорының пайдалануына бақылау жасау;

  2. Субъектінің әрбір қызметкеріне жалақыны дер кезінде және уақытылы есептеу;

  3. Жалақыдан дер кезінде және дұрыс ұстап қалу;

  4. Белгіленген мерзімдерде қызметкерлермен еңдекақы бойынша есеп айырысуды жүргізу;

  5. Есептелген жалақыны өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнына дер кезінде және дұрыс енгізу;

  6. Өндірістік процеске басшылық жасау операцияларына қажетті еңбек пен жалақы туралы деректерді алу;

  7. Еңбек және жалақы бойынша статистикалық есептемені жасау;

Жалақының түрлері, еңбекақы төлеудің нысандары мен жүйелері

Жалақы екіге бөлінеді:

  • негізгі;

  • қосымша;

Негізгі — бұл қызметкерлерге нақты жұмыспен өтеген уақыты үшін, орындаған жұмыстары мен өнеркәсіптік өнімдерінің саны мен сапасы үшін белгіленген бағалар мен қызметақы бойынша есептелетін жалақы. Негізгі жалақының құрамына мыналар кіреді:

  • жұмыс істеген уақытына тарифтік ставкалар, қызметақы, кесімді бағалар немесе орташа табыстар бойынша есептелген жалақы;

  • қызметпен өткерген жылдары үшін үстеме;

  • жұмыс жағдайының өзгеруіне байланысты кесімді ақы алушыларға қосымша қызмет (материалдардың сәйксесіздігі, өңдеудің күрделілігі, құрал

  • сайман мен жабдықтың икемсіздігі);

  • кесімді ақы алушыларға үстемелі бағалар бойынша қосымша ақы;

  • ақшалай және натуралды сыйақылар және сыйақы берудің бекітілген тәртібіне сәйкес төленген сыйақылар, қосымшалар;

  • мерзімінен тыс уақыттағы жұмыс үшін қосымша ақы;

  • түндегі жұмыс үшін қосымша ақы;

  • жұмысшының кінәсі жоқ тұрып қалуға төлемдер;

Қосымша – бұл қызметкердің кәсіпорында жұмыс жасамаған уақытына

ҚР заңдарына сәйкес есептелген жалақы. Қосымша жалақының құрамына кіретіндер:

  • балаларын тамақтандырушы аналарын жұмысындағы үзіліс уақытына төлем ақы;

  • жасөспірімдердің жеңлдік сағаттарына төлем;

  • мемлекеттік және қоғамдық міндеттемелерді орындауға жұмсалған жұмыс уақытына төлем;

  • негізгі және қосымша демалыстар уақытына төлем;

  • пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы;