Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СГ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
77 Кб
Скачать

3 Кәсіпорынның меншікті капиталының есебі

Серіктестіктің жарғылық капиталы 103 000 (жүз үш мың теңге)теңгені құрайды.

Серіктестіктің жарғылық капиталына салым ретінде ақша,бағалы қағаздар,заттар,мүліктік құқықтар,соның ішінде жер пайдалану құқығы және зияткерлік қызмет нәтижелеріне құқықтар және өзге мүлік болуы мүмкін.Жеке мүліктік емес құқықтар өзге материалдық емес игіліктер түріндегі салымдар салуға жол берілмейді.

Қатысушының шешімі бойынша Серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшері өзгертілуі мүмкін.

Серіктестіктің жарғылық капиталын ұлғайту келесі жолмен жүзеге асырылады:

1.Серіктестік Қатысушыларының қосымша салымдарымен;

2.Серіктестіктің жеке капиталының есебінен жарғылық капитал мөлшерін ұлғайтумен,соның ішінде резевтік капиталдың есебінен;

3. Серіктестіктің құрамына жаңа қатысушыларды қабылдау.

Серіктестік мемлекеттік тіркеуден өткен сәтте Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген ең төменгі мөлшерден төмен

Серіктестіктің жарғылық капиталын азайтуға жол берілмейді.

Серіктестіктің мүлкі Қатысушының жарғылық капиталға салған салымдарының,қосымша жарналардың,шаруашылық және кәсіпкерлік қызметтен алынған табыстарының есебінен,сонымен қатар қарызға алынған қаражаттардың және белгіленген тәртіпте Серіктестікпен сатып алынған немесе алынған өзге мүліктің есебінен құрылады.

Серіктестіктің жеке капиталының мөлшерінен жиырма бес және одан көп пайызын құрайтын мөлшерде Серіктестікпен заем алу.Сонын нәтижесінде Серіктестіктің жеке капиталының мөлшерінен жиырма бес және одан көп пайызын құрайтын сомада мүлік сатып алынатын немесе иеліктен шығарылатын Серіктестікпен ірі мәміле немесе жиынтығында өзара байланысқан мәмілелердің жасалуы.

4 Негізгі құралдар мен материалды емес активтердің есебі

Негізгі құралдар дегеніміз – ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) материалды өндіріс саласында да, өндірістік емес салада да еңбек құралы ретінде іс-әрекет ететін материалдық активтер ұлттық комиссиясы. Негізгі құралдар есебі Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі 1996 ж. 13 қарашадағы Қаулысымен бекітілген қаржы-шаруашылық қызметтің бухгалтерлік есебі шоттарының Бас жоспарына сәйкес негізгі құралдар мынандай топтар бойынша мақсатты белгілеу мен орындалатын іс-қызмет аясына байланысты жіктеледі.

  1. жер;

  2. үйлер;

  3. ғимараттар;

  4. машиналар мен жабдықтар

  5. табыстау қондырғылары;

  6. көлік құралдары;

  7. басқа да негізгі құралдар;

  8. бітпеген құрылыс.

«Қазақстанға арналған 1С: Бухгалтерия 8» конфигурациясында  негізгі құралдар мен материалды емес активтерді бухгалтерлік және салықтық есепке алуды жүргізу орындалады. Сатып алу, бастапқы бағаны құру, есепке алу, амортизация түсімдері, ішкі қозғалыс, амортизация түсімінің параметрлерінің өзгеруі, сату, сызып тастау және т.б. секілді обьъектілерді есепке алу бойынша барлық негізгі операциялар көрініс табады.

Негізгі құралдарды және материалды емес активтерді есепке алудың ішкі жүейесі осындай объектілер туралы ақпаратты басқару үшін арналған. НҚ есепке алу деп түсінеміз:

  • негізгі құралдар мен материалды емес активтер туралы нормативті-анықтамалық ақпараттарды сақтау;

  • объектілердің жай-күйінің өзгерістерін тіркеу (жай-күйінің өзгерісі, қозғалыстар, сату, есептен шығару жіне т.б.);

  • объектілердің бағасын және оның өзгеріс фактілерін есепке алу (амортизация түсімдері, модернизация, қайта бағалау);

  • ақпаратты бастапқы құжаттардың баспа формалары түрінде шығару (инвентарлы карточкалар, актілер және т.б.);

  • объектілер бойынша құрама аналитикалық ақпараттарды алу.

«Негізгі құралдар» анықтамалығында («НҚ және МЕА» - «(НҚ) қозғалмайтын мүлік, ғимараттар және жабдықтар» мәзірі) уақыт өте өзгермейтін және нақты ұйымның ерекшелігіне оны есепке алу кезінде тәуелді емес негізгі құралдар туралы мәліметтер сақталады. Негізінен, мұндай параметрлерге жатады:

  • объектінің толық атауы;

  • паспорт номері;

  • зауыдтық номер;

  • шығарылым датасы;

  • негізгі құралдар тобы және т.б

Негізгі құралдардың объектілері туралы бұл ақпаратты анықтамаға оны есепке алудан бұрын енгізу керек.Есепке алудың қандай да бір түрінде қолданылатын немесе уақыт бойынша өзгеретін негізгі құралдардың объектілері туралы ерекше ақпарат мәліметтердің сәйкес регистрлерінде сақталады. Анықтамада ол сәйкес қосымшаларының ақпараттық өрістерінде көрсетіледі:

  • объект тиесілі ұйым;

  • пайдалы қолдану уақтысы;

  • амортизация түсімдер тәсілі;

  • негізгі құралдың құрамы;

  • негізгі құралдың жай-күйі;

  • амортизация бойынша шығындарды көрсету тәсілдері.

Материалдық емес активтер есебі.

Материалдық емес активтердің жіктелінуі мен бағалануы және есептелінуі. Материалдық емес активтері деп – белгілі бір нақтылы табиғи пішіні жоқ, ақша немесе зат түріндегі активтер қатарына жатпайтын, бірақ қандай да бір бағаға, құнға бағаланатын болғандықтан кәсіпорынға өнім өндіруде, тауарларды сатуда, қызмет көрсетуде, негізгі құралдарды жалға беруде немесе әкімшілік қызмет барысында үнемі, яғни ұзақ уақыт бойы (бір жылдан артық уақыт) қосымша табыс (пайда) әкеліп тұратын активтерді айтамыз.Кәсіпорындарда материалдық емес активтердің қатарына лицензиялық келісімдерді, бағдарламамен қамтамасыз ету, патенттерді , ұйымдастыру шығындарын, гудвильді, франчайзингті, сауда маркаларын, авторлық құқықты жатқызуға болады.Оларға анықтама беріп көрейік: Лицензиялық келісімдер – кәсіпорынға үкіметтік органдар немесе муниципалитет беретін және қоғамдық меншікті монополиялық пайдалануға беретін құқықтар;