Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СГ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
77.34 Кб
Скачать

9 Еңбек және еңбекақының есебі

Атқарушы орган еңбек келісім-шарттарының негізінде жұмысшыларды жалдауды жүзеге асыруға құқылы.

Әрбір жұмысшының еңбек табыстары бойынша көп мөлшерлермен шектелмейді және белгіленген ережелермен сәйкес салықтар салынады.

Еңбек төлемі есебі шығарылған өнім, бітпеген өндіріс және басқа көрсеткіштер туралы уақытылы және дәл мәлімет беруге арналған.

Жеке еңбек келісім – шарты жұмыскер мен ұйым арасы шарты жұмыскер мен ұйым арасыдағы келісімді білдіреді, яғни жұмыс ұсынушы мен жұмыскердің негізгі құқықтары мен міндеттемерлері, соның ішінде жұмыскерді өз қалауына, еңбек міндеттемесінің орындалуы, сонымен қатар еңбек дисциплинасының сақталуы, ал ұйым ҚР нормативтік құқықтық актісіне сәйкес жұмыскерді қанағаттандыратындай етіп еңбекақымен қамтамасыз етілуі көрсетілуі тиіс.

Тарифтік жүйе – бұлнормативі әртүрлі топтардың еңбекақысын реттеу және еңбектің қиындығына байланысты жұмыскерлер категориясы, еңбек шарты (ауыртпалық, зиян, климаттық шарт), еңбек мәні мен сипатының жиынтығы. Аталған жүйе тарифтік – кваливикациялық анықтама, класс бойынша тарифтік сетка, категория және т.б.қойылым сызбасы және оклад, аудандық коэффицент, еңбек шартына сәйкес зиян және күрделі жұмыс тізімінен тұрады.

Мерзімді еңбекақы – бұл жұмыскердің еңбекақысы құрылған тарифтік сеткаға немесе окладқа байланысты есептен шығару формасы. Ол былай жіктеледі: жай мерзімді және еңбекақының мерзімді сыйақы жүйесі болып бөлінеді.

Тікелей келісімдік жүйе – келісімдік баға бойынша әр тауардың бірлігінің төлемін орнықтырады. Мысалы. Сатушының айлық табысы 7200 теңге, орташа айлық тауар айналымы бір жұмыскерге есептегенде 99000теңге тауар айналымының 100 теңге жеке бағасының көлемі 13 теңге (7200*100/99000)

«Мерцана-Астана» ЖШС персонал санының есебі бойынша алғашқы құжаттар болып, жұмысқа қабылдау жөніндегі бұйрық (Ф.№Т – 1), басқа жұмысқа ауысу жөніндегі бұйрық (Ф. №Т – 5), демалыс беру жөніндегі хат (Ф.№Т – 6), еңбек келісім шартының тоқтатылуы жөніндегі бұйрық (Ф.№Т – 8). Демек, жеке кітапша, еңбек кітапшасы, жұмыс уақытын қолданудағы табель есебі және еңбек заңдылығына сәйкес келетін басқада құжаттар.

Есеп айырысу төлемінің ведомость формасы төменде көсетілген. Солай болғандықтан қызметкерлерге еңбекақы есептеу (төраға және басқарма мүшесі, баұылау кеңесінің мүшесі және тексеру комиссиясы), мамандар және бөлшек және көтерме сауда кәсіпорынының жұмысшылары (қойма меңгерушісі,дүкендер, сатушылар,қоймалар және басқа), бухгалтерлік есептің әр-түрлі шоттарында есептеледі (шот 3350 «Қызметкерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысу» және 3351 «Міндет атқарушы тұлғалардың алашағы») және сауда ұйымының шығын есебіне байланысты әр-түрлі шоттарға қатысты (7210 шотына байланысты «Әкімшілік шығындар» және 7110 «Дайын өнімді сату бойынша шығындар»(тауар, жұмыс,қызмет), бухгалтерлік жазуды жеңілдету мақсатына есепайырысу-төлемінің ведомостін бөлек ,сауда кәсіпорынының жұмысшыларына әкімшілік басқару шотымен жүргізу керек.

Қорытынды мәліметтер есеп айырысу төлемінің ведомості жыл сайын журнал ордер №10 ведомостіне және №5 жазылуы керек. Айдың аяқталуына байланысты бүкіл графадағы мәліметтер №10 және №5 ведомостінде есептелгенде және қорытынды көрсеткіштер бас кітапқа көшіріледі.

Кесте – 1. Еңбек ақы есебі бойынша шоттар корреспонденциясы.

Р/с

Операция мазмұны

Дебет

Кредит

1

Еңбекақы ортақ соммаға берілген және әлеуметтік жәрдемақы шығыс касса ордерімен жасалынады және келесі жазудың негізі бойынша бухгалтерлік есеп шотында өндіріледі.

3350 Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу

3351 Міндет атқарушы тұлғалардың алашағы

Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақша 1010

2

Еңбекақы және әлеуметтік жәрдемақы уақытша жұмыссыздықтың депоненттелген соммасы келесі бухгалтерлік жазулардан жасалады:

3350«Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу» 3351«Міндет атқарушы тұлғалардың алашағы»

3230 «Өзге» бөлімдер

3

Еңбекақыдан ұсталатын ақшалар

-

-

А) орындалатын құжаттар бойынша

3350

3390

Б) есеп беретін тұлғаның қолданылмаған сомасы үшін

3350

1250

3

Еңбекақыны төлеу

3350

1010

Ескерту – «Мерцана-Астана» ЖШС-нің қаржылық есептілігі негізінде есептелінген

«Мерцана-Астана» ЖШС-гінде жеке еңбек шарты бекітілгеннен кейін кәсіпорын басшысы жұмысқа қабылдау туралы бұйрық шығарады. Бұйрық проектісі кадрлар бөлімі немесе жұмысқа қабылдауға жауапты тұлғамен қарастырылып, ары қарай еңбек шарттарымен таныму үшін бағыт болып саналады. Аталмыш бұйрықтың проектісі осы кәсіпорында жұмысшының вакансиялық лауазымын растау үшін қажет. Басшының қолы қойылған бұйрық негізінде кадрлар бөлімі жұмысшының жеке карточкасын толтырып, еңбек кітапшасына жұмысқа қабылданғандығы жөнінде белгі қояды.

«Еңбек туралы» заң мен құқықтық актілер мен келісімшарт шарттарына сәйкес жұмысшыларға берілетін жыл сайынғы немесе өзге де демалыстарды тағайындау үшін демелыс беру туралы бұйрық шығарады. Бұл бұйрық екі данада толтырылады. Біріншісін кадрлар бөліміне, ал екіншісін бухгалтерияға тапсырады. Бұйрыққа «Мерцана-Астана» ЖШС-гінің басшысы қол қояды. Осы бұйрықты негізге ала отырып кадрлар бөлімінде жұмысшының жеке еңбек табеліне белгі қойып, бухгалтерияда демалыс кезінде берілетінорташа жалақысын есептеу жұмыстарын жүргізеді.

Жұмысшының жұмыстан шығуына байланысты кадрлар бөлімінің маманы жеке екі данада еңбек шартын бұзу туралы бұйрық дайындайды. Оның біреуін кадрлар бөлімінде қалдырып, екіншісін бухгалтерияға тапсырады. Бұйрыққа «Мерцана-Астана» ЖШС-гінің басшысы қол қояды. Осы бұйрықты негізге ала отырып бухгалтерияда демалыс үшін тиесілі жалақысын есептейді.

Сыйақы ретінде жұмысшыларға жеткен жетістіктері үшін және ары қарай қызығушылықтары мен ұмтылыстарын арттыру мақсатында берілетін қосымша ынталандыру ақысын қарастыруға болады. Сыйақы мөлшері мен шарттарын жеке еңбек шартында қарастырады.

Сыйақыдан басқа ынталандыру жүйесінде үстеме ақы төлеуді енгізу де орын алуы мүмкін. Үстеме ақы бұл еңбек шартында қарастырылмаған жұмыстың ауыр талаптары мен қосымша жұмыс істегені үшін төленетін қосымша ақы.