Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СГ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
77.34 Кб
Скачать

7 Дебиторлық берешектің есебі

Кәсіпорынның шаруашылық, өндірістік қызметі барысында сатып өткізілген өнімдері үшін, алынған вексельдер бойынша сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борыштары және есеп беруге тиісті тұлғалардың өтелмеген борыштары дебиторлық борыштар болып табылады.

Дебиторлық борыштардың құрамында кәсіпорынның төмендегі қарыздары есепке алынады:

• Алынуға тиісті борыштар;

• Алынған вексельдер;

• Кәсіпорынның активтерді сатып алу үшін төленген аванстық төлемдері;

• Ағымдағы активтерді сатып алу үшін төленген аванстық төлемдер;

• Негізгі шаруашылық серіктестік және оның еншілес серіктестіктері және оның еншілес серіктестіктері арасындағы операциялар нәтижесінде пайда болған дебиторлық борыштар;

• Басқадай дебиторлық борыштар.

Алынуға тиісті шоттар- кәсіпорынның сатып өткізілген өнімдері үшін сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден қайтарылып алынуға тиісті борыштар. Бухгалтерлік баланста көрсетілген « Алынуға тиісті борыштар» бабы шот – фактуралармен, ал « Алынған вексельдер» бабы ресми қарыздық міндеттемелермен расталады. Сауда дебиторлық борышы – бұл негізгі қызмет нәтижесінде сатып алынған тауарлар, қабылданған қызметтер және жұмыстар үшін сатып алушылардың сатып өткізуші кәсіпорын алдындағы міндеттемесі. Ал басқадай барлық дебиторлық борыштар саудалық емес дебиторлық борыш болып табылады.

Әдетте, төлеу мерзімі ретінде 30 күннен 60 күнге дейінгі уақыт аралығын есептеу қабылданған. Егер борыштың қайтарылуы осы мерзімнен асып кетсе, онда мұндай дебиторлық борыш төлеу мерзімінен кешіктірілген болып саналады.

Шаруашылық қызметі барысында кейбір қайтарылынып алынуға тиісті шоттардың кредиттік сальдосы (алдын ала төлем немесе артық төлем жасалған жағдайда) болуы мүмкін, ондай шоттар қайта жіктелінеді және есеп беру кезінде олар міндеттеме ретінде қарастырылуға тиісті. Бұл кредиттік сальдолар дебиторлық борыштар баптарына енгізілмейді.

Қаржы қызметкерлері дебиторлық борыштарды инкассациялауға шешім қабылдау үшін қарыздардың өтелуге тиісті орташа күнін анықтап алуды көздейді. Есептеу принципіне сәкес кәсіпорынның табысы пайда болған сәттен бастап, дебиторлық борыш та таңылады. Дебиторлық борыш, бастапқы пайда болған борыштан күмәнді борыштарға жүргізілген түзету сомасын, бағаны кемітулерді және қайтарылған тауарларды шегеріп тастағаннан кейін бағаланады. Нәтитжесінде қайтарылып алынуға тиісті борыштардың нақты құны анықталады. Сатып-өткізу мен төлем жасау мерзімнің арасындағы әдеттегі мерзім қысқа болғандықтан проценттер есепке алынбайды.

Жұмысшылар мен басқа жауапты адамдардың дебиторлық қарызы жайлы ақпаратты көрсету үшін 1250 «Жұмысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық қарызы» шоты арналған. 1250 шотының дебеті бойынша есепке берілген, жұмысшыларға берілген қарыздар, сонымен қатар материалдық зияндарды өтеу бойынша соммалар көрсетіледі. Жұмысшылар қарызын өтеу сәйкес шоттарды корреспонденциясымен 1250 шотының кредиті бойынша көрсетіледі.

Жұмысшылар мен басқа адамдардардың қарызының есебі бойынша шоттар корреспонденциясы

Операциялар мазмұны

Дт

Кт

1

Кассадан ақша есепке берілген

1250

1010

2

Есеп соммаларына алынған материалдар

1310

1250

3

Есеп соммаларына алынған материалдар жазылған

7210

1250

4

Есеп соммаларына машиналар мен құралдар алынды

2413

1250

5

Материалдық зиянды өтеу үшін жауапты шотына шығынғы жазу

1250

1280

6

6Еңбек ақысынан есеп соммалары немесе зиян соммалары алып қалынды

3350

1250

Бақылау жүйесі қаншалықты ыңғайлы және эффективті, сатып алушылар мен тапсырушылардың қаншалықты төлеуге қабілетті болғанымен кәсіпорында ылғида кредитке алғандарына төлей алмайтын сатып алушылар табылады, осындай қарыз алуға сенімсіз болуы мүмкін. Егер сенімсіз қарыз мүмкін болса, онда оны өтеуге болатын резерв болу керек. Күдік туғызатын қарыздарды бағалау бойынша екі әдіс бар:

- кредиттің таза құнынан пайыз әдісі;

- төлеу мерзімі бойынша дебиторлық қарыз есебінің әдісі.

Сенімсіз қарыздар бойынша резервтер сенімсіз дебиторлық қарызды шығынға жазған кезде болатын кемшіліктерді өтеу үшін жасалады. Күдік туғызатын қарыз болып уақытында өтелмеген дебиторлық қарыз, сонымен қатар кепілдікті қамтамасыз ететін қарыз есептеледі. Резерв есебін 1290 «Күмәнді талаптар бойынша резерв» шотына жүргізеді. Резервтерді жасау 1290 «Күмәнді талаптар бойынша резерв» шотының кредиті мен 7440 «Резервтерді жасау мен сенісіз талаптарды шығынға жазу бойынша шығындар» шотының дебеті бойынша көрсетіледі. Дебиторлық қарызды балансты шығынға жазған кезде 1290 шоты дебеттеледі де келесі шоттар кредиттеледі: 1210 «Сатып алушылар мен тапсырушылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі», 1280 «Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешек». Қолданылмаған резерв соммасына сторналық жазба жасайды:

Д-т 7440, К-т 1290.