- •1 Кәсіпорынның шаруашылық қызметімен танысу
- •2 Бухгалтерлік есептің құрылу негіздері
- •3 Кәсіпорынның меншікті капиталының есебі
- •4 Негізгі құралдар мен материалды емес активтердің есебі
- •5 Қорлардың есебі
- •6 Ақша қаражаттарының есебі
- •7 Дебиторлық берешектің есебі
- •7 Міндеттемелердің есебі
- •8 Еңбек және еңбекақының есебі
- •9 Еңбек және еңбекақының есебі
- •10 Кірістер мен шығыстардың есебі
- •11 Қаржылық есептілік: құру әдістемесі
5 Қорлардың есебі
Кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі барысында өздерінің өндірген дайын бұйымдары, сату үшін сатып алған тауарлары, сатып алған бірақ әзір ұйымға келіп түспеген тауарлары, аяқталмаған өндіріс, басқаларға көрсеткен қызметтері, сондай-ақ жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету барысында пайдалануға арналған қосалқы бөлшектері, отындары, ыдыс және ыдыстық материалдары, жартылай фабрикаттар және басқа да материалдары сол ұйымның тауарлы-материалдық қоры түріндегі ағымдағы активі болып табылады.
2010ж қазан айындағы қорлардың қолда бар бары мен қозғалысы
Көрсеткіштер |
Саны, дана |
Бағасы |
Сомасы |
1.10.10ж қалдық |
1200 |
100,00 |
120000 |
Қазан айында келіп түскені: 31.10.10ж (1-топтама) 09.10.10ж (2-топтама) 21.10.10ж (3-топтама) 28.10.09ж (4-топтама)
|
300400 700250 |
110130 140120 |
33000 52000 98000 30000 |
Кірістің жиыны |
1650 |
|
213000 |
Қалдықпен бірге жиыны |
2850 |
|
333000 |
Ай ішіндегі шығындар |
2150 |
|
|
1.11.10ж қалдық |
700 |
|
|
6 Ақша қаражаттарының есебі
№7 «Ақша қаражат қозғалысы туралы есеп» Халықаралық Қаржылық Есеп Беру Стандартына сәйкес, ал №4 «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп» Бухгалтерлік Есеп Стандартына сәйкес жүргізіледі.
Ақша қаражаты деп – бұл субъектінің кассадағы және банктегі барлық ақшасын айтамыз.
Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өз ақша қаражаттарын банкі мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің нормативтік құжаттарымен белгіленген шегінде нақты ақшамен есептесуді жүзеге асырады. Егер де заңды тұлғалардың арасындағы төлем сомасы 9752 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) асып түссе, онда олар тек ақшасыз тәртіпте айырысуларды жүзеге асырады. Бұл келтірілген мәлімет заңды тұлғалардың арасындағы әрбір мәміле (контракт, келісім – шарт) бойынша шартты түрде пайдаланылады. Егер де контракт сомасы көрсетілген лимиттен асатын болса, онда төлем ақшасыз тәртіпте орындалуы керек, тіптен олар жартылай орындалса да әрбір төлемнің сомасы 9752 АЕК-тен аспауы керек.
Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады.
Банк шоттары – бұл банк пен клиенттер арасындағы келісім – шарттың қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол ағымдық, жинақтық және бухгалтерлік есеп шоттары болып бөлінеді.
Бухгалтерлік есеп шоттары – банк шоттары банктер мен ұйымдардың кейбір операция түрлерін жүзеге асырады;
Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары – бұл да банктік шоттар, бірақ олар жеке және заңды тұлғалар үшін, сондай-ақ заңды тұлғаның оқшауланған бөлімшелері үшін де ашылады.
Ағымдағы немесе бухгалтерлік есеп шоттарын ашқан кезде банк клиенттің пайдасына түскен ақшаны қабылдауға, клиенттің клиентке немесе үшінші тұлғаларға тиісті ақша сомасын аудару (беру) туралы ұйғарымын орындауға және банктік шот шартында қарастырылған (ҚР АК 747 бап) басқа да қызметтерді көрсетуге міндеттенеді.
Банктік шотты ашу үшін клиент банкке мынадай құжаттар ұсынады:
Қазақстан Республикасының Заңды тұлғалары – резиденттер мен олардың жекелеген бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері):
• Қаражат бөлушілердің қойған қолдарының үлгілері бар құжат және нотариалды куәландырыған, екі дана мөр бедерлемесі;
• Клиенттің салықтық есепке қойылған фактісін растайтын салық қызметі органы берген құжаттың түп нұсқасы;
• Мемлекеттік тіркеуден өту фактісін растайтын (мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, статистикалық карточка), уәкілетті орган берген, белгіленген формадағы құжаттың көшірмесі;
• Фирмалар мен өкілдіктер үшін – Қазақстан Республикасы заңды тұлға резиденті филиал немесе өкілдік басшысына берген сенімхаттың көшірмесі;
• Жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесі, не болмаса клиенттің үлгі жарғы негізіндегі қызмет фактісін растайтын құжат;
• Банк белгілеген үлгідегі өтініш.
Шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есептеу үшін субъектіге арнап ағымдағы шоттар ашылуы мүмкін. Ол сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыратын және өнімін валютаға сататын субъект үшін ашады. Аккредивтер, чек (аванс) кітапшаларының шоттарын және басқаларын субъектілер ақша қаражаттарын оқшаулап сақтау және тиісті операцияларын жүргізу үшін ашады.
Субъект шоттарындағы қаражат олардың иелерінің әмірі бойынша есептен шығарылады. Субъектінің рұқсатынсыз шоттағы қаражатты есептен шығаруға соттың, мемлекеттік салық қызметінің рұқсатымен және қолданылып жүрген заңдарды көзделген басқа жағдайларда ғана жол берілуі мүмкін.
Субъектілердің шоттарын төлем жасау, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, субъектінің басшысы белгіленген кезектілікпен жүзеге асады.
Қазақстан Республикасының аймағында ақшаны төлеу мен аударуды жүзеге асыруда келесі әдістері:
• қолма-қол ақшаны аударуды;
• төлем тапсырманы ұсынуда;
• чектерді беруді;
• вексельдерді немесе олардың индоссаменттері арқылы беруді;
• төлем карточкасын пайдалануды;
• тікелей дебеттік банкі шоттарына аударуды;
• тапсырма-талап төлемдерін ұсынуды;
• инкассалық жарлығын ұсынуды пайдаланады.
Кассадағы ақшалар есебі бойынша шоттар корреспонденциясы
Операциялар мазмұны Шоттар корреспонденциясы |
Дебет |
Кредит
|
Өнімдерді (қызметті, жұмысты) сатудан табыс алынды |
1010 |
6010 |
Басқадай активтерді сатудан табыс алынды
|
1010 |
6210 |
Ағымдағы банктік шоттан ақша кассаға алынды
|
1010 |
1030 |
Алдағы кезең табыстары алынды |
1010 |
3520 |
Есеп беруге тиісті тұлғадан алынды |
1010 |
1250 |
Аванстар алынды |
1010 |
3510 |
Кассадан банктік шотқа ақша тапсырылды
|
1030 |
1010 |
Басқадай кредиторлық қарыздар төленді
|
3390 |
1010 |
