Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СГ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
77.34 Кб
Скачать

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ....................................................................................................3

  1. Кәсіпорынның шаруашылық қызметімен танысу............................4

  2. Бухгалтерлік есептің құрылу негіздері..............................................5

  3. Кәсіпорынның меншікті капиталының есебі....................................6

  4. Негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің есебі.............7

  5. Қорлардың есебі...................................................................................8

  6. Ақша қаражаттарының есебі...............................................................9

  7. Дебиторлық берешектің есебі............................................................11

  8. Міндеттемелердің есебі......................................................................15

  9. Еңбек және еңбекақы есебі.................................................................19

  10. Кірістер мен шығыстардың есебі.....................................................22

  11. Қаржылық есептілік: құру әдістемесі..............................................26

ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................27 ҚОСЫМШАЛАР

КІРІСПЕ

Тәжірибе - адамдардың материалдық, мақсат қоюшы іс-әрекеті, объективті болмысты игеруі және түрлендіруі, адам қоғамы мен танымын дамытудың жалпыға бірдей негізі.Жинаған мәліметтерді нақты бекіту үшін қолданылатын бірден бір жол бұл-тәжірибе.Біз тәжірибеден өтіп болашаққа өзімізге қажетті көптеген мәліметтерді жинай аламыз.

Мен, оқу тәжірибемді 2017 жылдың мамыр айының 29-ші жұлдызынан 2017 – жылдың 30-ші маусымына дейінгі аралықта Астана қаласы, Күйші Дина көшесі 31,в/п7 орналасқан «Мерцана-Астана» ЖШC өттім. Тәжірибе өту барысында оқу бағдарламасы бойынша жұмыстарды жасауға тиісті дәрежеде көңіл бөлінді. Осы уақытта мекеме режиміне сәйкес талаптарды орындап отыруға мән берілді.

Тәжірибені өту бағдарламасына сәйкес мына құжаттармен танысып, жұмыс жасадым: баланс, ақша құралдары айналымы есебі, кіріс және шығыс есептері, меншікті капитал өзгерістері жайлы есеп, қаржылық есепке түсіндірмелік жазба, жарғы тағы басқа. Мекеме еңбеккерлерінің еңбек жалақысын есептеуге және оны банктен өткізіп, жеке карточкаларына аударым жасау жұмысына қатыстым. Сонымен бірге бухгалтерлік құжаттарды толтыру мен өңдеу, түгелдеу және тексеру жүргізу жұмыстарына да қатыстым.

Ішкі шаруашылық аудитіне қатысты анықтамалармен де танысу жұмысын орындадық. Негізгі құралдары бойынша есеп жасау жұмыстарына да ерекше көңіл бөлініп отырды. Тікелей кейбір еңбек құралдарын есептен шығару операциясына қатысты. Бұл жұмыстар бухгалтерлік есепті жүргізу, шаруашылық қызметін экономикалық талдау және қаржылық есеп аудиті, салық салуды ұйымдастыру мен техникасы жөнінде қажетті тәжірибе жинақтау мүмкіндігімен қатар теориялық сабақтарда алған білімдерді тереңдету және бекіту мақсатын жүзеге асыруды қамтамасыз етті.

Жұмыстың басты мақсаты – кәсіпорынның жұмысы, оның жарғысы, өндірістік процесс пен технологиялары, басқару жүйесі және ішкі бөлім қызметтері, бәсекелестік стратегиясы туралы ақпаратты көрсету; қаржы көздері мен ақша ағымдары туралы есеп арқылы кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және де кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымын, кәсіпорынның қызметтерінің артықшылықтарын бейнелеу болып табылады.

Кәсіптік біліктілікті дамытуды жетілдіргенмен қоса, ең алдымен мен этикалық нормаларды сақтай отырып рұқсат етілген нормада компитенциялы жұмыскерге қойылатын талаптарды игеруге тырыстым.

1 Кәсіпорынның шаруашылық қызметімен танысу

«Мерцана-Астана» ЖШС шағын кәсіпкерліктің субъектісі ретінде құрылды, серіктестіктің орташа жылдық жұмысшылар саны 70 адамнан аспайтын және активтердің жалпы құны жылына орта есеппен 60 мыңдық айлық есептік көрсеткіштен аспайтын шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылады.Бұл заңды тұлғада өзінің дербес балансы, өз атауы жазылған шеңбер мөрі, банктегі жеке шоттары және басқа да реквизиттері бар.

«Мерцана-Астана» ЖШС-тің жылдық және қаржылық есеп берушілігінің дұрыстығын тексеру және дәлелдеу, сонымен қатар ағымдағы қызметін тексеру үшін серіктестік оның мүліктік мүдделерімен байланысты емес кәсіби аудитоды тартуға құқылы. Серіктестіктің мүмкін шығындары резервтік қор есебінен өтеледі. Резервтік қор қаражаттарының жетіспеушілігі кезінде шығындады өтеу үшін олады өтеу жөніндегі қайнар көздер туралы жалпы жиналыста шешім қабылданады.

«Мерцана-Астана» ЖШС тұрақты түрде дамып келе жатқан шағын кәсіпорындардың бірі. Кәсіпорын иесі,құрылтайшысы Семенова.Л.Г. Кәсіпорын басшысы қоғамдық жұмысқа атсалысып, қала аумағында өткізілетін шараларға белсенді көмек көрсетеді.«Мерцана-Астана» ЖШС жұмыс тәртібі. Серіктестіктің жұмыс тәртібі Қазақстан Республикасының Еңбек туралы заңына сәйкес жасалынады.

« Мерцана-Астана » ЖШС басқару органдары болып мыналар табылады: Жоғарғы орган –Қатысушы, Атқару органы – Директор, Бақылаушы орган – Тексеруші. Серіктестіктің мүлкін құрайтындар: негізгі қорлар және айналымдағы қорлар, сонымен қатар серіктестіктің қаржылық есебінде көрсетілген өзге де мүліктер болып табылады.Серіктестіктің өз алдына бухгалтериясы бар, оны бас бухгалтер басқарады. Мұнда бухгалтерлік есеп қабылданған тәртіппен және қаржылық есеп беру формасына сәйкес жасалады және де Атқару органына тапсырылып отырады.Серіктестіктегі есеп бөлімінің ұйымдастырылу құрылымында: Бас бухгалтер және оған бағынатын еңбек ақы төлеу бухгалтері мен материалдық ресурстар, өндірістік шығындар, және дайын өнімдер мен оны сату есебін ұйымдастыратын бухгалтер бар. Серіктестіктің ішкі өндірістік қаржылық есебі кәсіпорынның жинақтық бухгалтерлік есебі құрамына кіреді.

2 Бухгалтерлік есептің құрылу негіздері

Бухгалтерлік есеп — кәсіпорынның қызметі туралы расталған деректер алу мақсатымен оның қаржы-шаруашылық қызметін бақылау, қорытындылау және бейнелеу әдістемесі мен жүйесі; кәсіпорынның ресурстарын және қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелерін есептеу жүйесі. Ол қабылданған ережелер бойынша құжаттардың белгіленген нысандарын пайдалана отырып жүргізіледі. Бухгалтерлік есеп-қисаптың зерттеу объектілері — ақшалай нысанда тұлғаланған шаруашылық құрал-жабдығы, олардың өндіріс, орналасу, айналыс барысындағы қозғалысы, сондай-ақ олардың құралу және пайдаланылу көздері.

Бухгалтерлік есеп заңды тұлғалардың қорлары мен қор көздерін және қаржы айналысын, шаруашылық операцияларының мазмұнын нақты құжаттар негізінде үздіксіз және өзара байланысын сақтай отырып, арнайы өлшеу бірлігімен тіркеп отыру. Бухгалтерлік есеп жүргізу құжаттау мен түгелдеу, есеп-шоттар мен екіжақты жазу, бағалау мен өзіндік құнын шығару, баланс пен қорытынды есеп әдістеріне негізделген.

1997 жылдан бастап Қазақстанда Бухгалтерлік есеп халықаралық стандарт жүйесіне көшірілді. Бухгалтерлік стандарт — есеп көрсеткіштерін арнайы ережелерге сай бағалау, өлшеу және шаруашылық операцияларының маңызын анықтау мен ажырату тәртібі. Халықаралық стандартқа сай, бухгалтерлік есеп қаржы және басқарушы есеп салаларынан тұрады. Қаржы есебі қаржы салымшылары мен несие берушілер, заңды тұлғалардың дамуына үлес қосушылар, шетелдік инвесторлар т.б. үшін жүргізіледі. Басқарушы есеп заңды тұлғалардың өз ішінде басқару жүйесін жетілдіру, ішкі резерв қорларын табу, оны іске қосу мақсатында жүргізіледі. Қазақстандағы заңды тұлғалар жыл сайын аталмыш есеп салаларына қосымша өз кәсіпорнының есеп саясатын, оны жүргізудің принциптерін, қолданылатын есепшоттар жүйесінің тізімін жасап, бекітіп, арнайы орындарға тапсырып отырады.

Тиісті заң актілері мен нормативтік материалдардың және есеп стандарттарының талабына сай, Бухгалтерлік есеп объектілерінде қолданылатын бірнеше әдістер ішінен заңды тұлғалардың өзіне ыңғайлы жолын таңдап алуы есеп саясатын көрсетсе, кең көлемде қолданылатын Бухгалтерлік есепке тән ережелер жүйесі (екіжақтылық, консервативтік, автономиялық, сәйкестікке келтіру, сату, т.б.) есеп принципіне жатады.

Бухгалтерлік есеп жүргізудегі басты құрал — есепшоттар жүйесі. Онда заңды тұлғалардың әрбір есепшоты нөмірленген. Бухгалтерлік есеп көрсеткіштері (мәліметтері) бухгалтерлік баланс жасау арқылы қорытындыланады.

Бухгалтерлік есеп–есеп теориясы, қаржы мен өндірістік есеп, салықтық есеп болып бөлінеді. Бухгалтерлік есеп теориясы–бұл бухгалтерлік есеп жүйесін ұйымдастырудың теориялық, әдістемелік және практикалық негіздері. Қаржылық есеп–бұл шаруашылық операцияларын бухгалтерлік жағынан ретке келтіріп, тіркеуді қамтамасыз ететін есептік ақпаратты жинастыру жүйесі. Қаржылық есеп шаруашылық жүргізуші субъектінің мүлкі мен міндеттемелері туралы ақпаратты топтастырады (материалдық және материалдық емес активтер, жалға алынған мүліктер, қаржылай және заттай салынған жарна, ағымдағы активтер (ТМЗ)), субъектінің міндеттері несие, дебиторлық және кредиторлық берешектер, ақша қаражаты, меншікті капитал, бөлінбеген табыс (шығын) және т.б. Қаржылық есептің деректерін шаруашылық жүргізуші субъект ішінде әртүрлі деңгейдегі басшылар мен сыртқы пайдаланушылар пайдаланады (қазіргі және болашақтағы инвесторлар, кредиторлар, банктер, салық және қаржы ұйымдары). Өндірістік есептің міндеті-өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құны туралы деректер жинастырып, өңдеу. Бұл ақпарат субъектінің коммерциялық құпиясы болып табылады, сондықтан ол тиісті басшы адамдардың өз іштерінде пайдалануына бағытталған. Өндіріске және өнімді (жұмысты, қызметті) өткізуге шығарылған шығындар туралы неғұрлым тиімді де жедел ақпарат жинастыру үшін субъект өзінің дербес бухгалтерлік есеп жүйесін құрады, ал ол аталмыш субъектінің ерекшеліктеріне неғұрлым жақындау келеді. Салықтық есеп-салық салуға қажетті ақпаратты зеріттеп, тіркейді. Салықтық есепте пайдаланылатын ақпарат бухгалтерлік және жедел есептерден алынады. Бухгалтерлік есептің өндірістік, қаржылық, салықтық болып бөлінуі нарықтық экономикалық жағдайындағы есептің маңызды бір ерекшелігі болып табылады. Алайда ол субъектінің міндетті түрде өндірістік, әрі жеке қаржылық бухгалтерия құруы керек дегенді білдірмейді. Алайда ең маңыздысы–ақпараттың қандай мақсатқа, кім үшін жиналатынында. Шаруашылық есеп жүйесінің құрамдас үшінші-статистикалық есеп деп аталатын бөлігі–есеп жұмыстарының жиынтығы. Ол жалпылама сипаты бар, өзінің мәні жағынан біркелкі келетін экономикалық фактілердің саны туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді. Статистикалық есеп құбылыстардың қарапайым есебін (орташа) анықтау үшін, олардың қайталану жиілігін, оқиғалардың уақыт бойынша даму серпінділігін анықтау үшін, әртүрлі үлгідегі фактілердің пайда болу аралығындағы байланысты анықтау, осы байланыстардың тығыздығы мен мүмкіндік дәрежесін өлшеу үшін, оның сипатын үлгіге түсіріп, сол негізде бақылаудағы объектінің сапалық бағасын жасап, оның даму тенденциясын белгілеу үшін қажет.